Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
Қазақ фразеологиясы - қазақ тіл білімінде өзіндік зерттеу нысаны айқындалған, дербес ғылыми салаға айналған пəн. Фразеологиялық зерттеулер əр жылдары түрлі ғылыми зерттеу тақырыптарының нысаны ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Демек фразеологиялық зерттеулер қай кезде болмасын, мейлі өткен ғасырдағы, мейлі қазіргі ізденістер болсын қандай бағытта, қандай деңгейде екендігін ғылыми сарапқа салудың қажеттігі бар.
Кезінде «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері» туралы зерттеуде (1998) осы тақырыпқа азды-көпті пікір білдірілген. Мəселен, халық рухы қашанда өз ұлтының тілінен көрініс табады. Ал этнотілдік ерекшеліктердің басты көрсеткіші – фразеологизмдер. Себебі мұнда ұлттың тұрмыс тіршілігі, тұтастай өмір сүру мəдениеті сипатталады. Фразеологизмдер сөйлеу жəне жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына əсер ету мүмкіндігіне ие болатын ментальдық бірліктер ретінде танылады деген тұжырым жасалған.
Алғаш рет фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде академик І.Кеңесбаев назар аударған. «Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары» деген мақалаларынан басталған ғылыми зерттеулер қазақ фразеологиясының бастапқы теориялық діңгектері деуге болады. І.Кеңесбаев мақалаларынан кейін жарық көрген басқа да зерттеулер – қазақ фразеологиясының теориялық жəне қолданбалы жақтарына өзіндік үлес қосқан еңбектер. Бұл ретте фразеология саласының көш басында тұрған академик І.Кеңесбаевтан бастап, күні бүгінге дейін фразеологиялық зерттеулерді жеке-жеке сөз етсек, онда хронологиялық тəртіп бойынша анықтама да түзуге болады. Ең бастысы өткен ХХ ғасырдың екінші жартысы қазақ фразеологиясының тақырыптық жəне лексика-семантикалық ерекшеліктерінің сипатталуымен құнды. Бұл қазақ фразеологизмінің корпусын қалыптастыруға негіз болған ізденіс нəтижелері деп бағаланады.
Фразеологизмдерде адамдардың күн көру, мəдени өмір салты ғана емес, халықтың тұтастай ұлттық ерекшеліктерінің көрінетіндігі ешбір күмəн тудырмайды. Сондықтан да фразеологиялық концептілердегі мұндай айырықша сипаттарға зерттеушілер «əлемнің фразеологиялық суреті» немесе «фразеологиядағы əлем суреті» дейтін терминдік тіркесті қолданады. Сонымен фразеологиялық концептілер өз кезегінде əлем бейнесін ерекше сипатты, суретті етіп танытуда əрі иерархиялық, əрі дефинициялық қызмет атқарады. Мысалы, «байлық» концептісінің фразеологиялық суреті: мал біту, көйлегі көк, тамағы тоқ, ішкені алдында, ішпегені артында деген тіркестерден басталып, əрі қарай «байлыққа» қатысты молшылық: ит басына іркіт төгілу, шаш етектен олжаға бату; атағы шығу: ауылды аузына қарату; т.б. дефинициялық концепт өрістер бойынша тарамдала береді.

1. Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері. Алматы, Ғылым, 1998. 195 б.
2. http://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow2/20764/510/359/296/СмагуловаКулдарханНургазиевна/2015/1
3. Сарекенова Қ.Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы: Оқулық. Екінші басылым – Алматы: Эверо, 2014. – 168б.
4. http://dov.kz/til-gylymy-filologiya/frazeologizmderdin-zerttelui.html
5. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. Алматы «Мектеп» баспасы – 1976
6. http://www.rusnauka.com/15_NNM_2012/Philologia/3_110965.doc.htm

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.
Тексерген: Қалиева С.Е.
Орындаған: Мәсәлім Н.И.
Тобы: ФИ-403
Семей 2015
Қазақ фразеологиясы - қазақ тіл білімінде өзіндік зерттеу нысаны айқындалған, дербес ғылыми салаға айналған пəн. Фразеологиялық зерттеулер əр жылдары түрлі ғылыми зерттеу тақырыптарының нысаны ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Демек фразеологиялық зерттеулер қай кезде болмасын, мейлі өткен ғасырдағы, мейлі қазіргі ізденістер болсын қандай бағытта, қандай деңгейде екендігін ғылыми сарапқа салудың қажеттігі бар.
Кезінде Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері туралы зерттеуде (1998) осы тақырыпқа азды-көпті пікір білдірілген. Мəселен, халық рухы қашанда өз ұлтының тілінен көрініс табады. Ал этнотілдік ерекшеліктердің басты көрсеткіші - фразеологизмдер. Себебі мұнда ұлттың тұрмыс тіршілігі, тұтастай өмір сүру мəдениеті сипатталады. Фразеологизмдер сөйлеу жəне жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына əсер ету мүмкіндігіне ие болатын ментальдық бірліктер ретінде танылады деген тұжырым жасалған.
Алғаш рет фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде академик І.Кеңесбаев назар аударған. Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары деген мақалаларынан басталған ғылыми зерттеулер қазақ фразеологиясының бастапқы теориялық діңгектері деуге болады. І.Кеңесбаев мақалаларынан кейін жарық көрген басқа да зерттеулер - қазақ фразеологиясының теориялық жəне қолданбалы жақтарына өзіндік үлес қосқан еңбектер. Бұл ретте фразеология саласының көш басында тұрған академик І.Кеңесбаевтан бастап, күні бүгінге дейін фразеологиялық зерттеулерді жеке-жеке сөз етсек, онда хронологиялық тəртіп бойынша анықтама да түзуге болады. Ең бастысы өткен ХХ ғасырдың екінші жартысы қазақ фразеологиясының тақырыптық жəне лексика-семантикалық ерекшеліктерінің сипатталуымен құнды. Бұл қазақ фразеологизмінің корпусын қалыптастыруға негіз болған ізденіс нəтижелері деп бағаланады.
Фразеологизмдерде адамдардың күн көру, мəдени өмір салты ғана емес, халықтың тұтастай ұлттық ерекшеліктерінің көрінетіндігі ешбір күмəн тудырмайды. Сондықтан да фразеологиялық концептілердегі мұндай айырықша сипаттарға зерттеушілер əлемнің фразеологиялық суреті немесе фразеологиядағы əлем суреті дейтін терминдік тіркесті қолданады. Сонымен фразеологиялық концептілер өз кезегінде əлем бейнесін ерекше сипатты, суретті етіп танытуда əрі иерархиялық, əрі дефинициялық қызмет атқарады. Мысалы, байлық концептісінің фразеологиялық суреті: мал біту, көйлегі көк, тамағы тоқ, ішкені алдында, ішпегені артында деген тіркестерден басталып, əрі қарай байлыққа қатысты молшылық: ит басына іркіт төгілу, шаш етектен олжаға бату; атағы шығу: ауылды аузына қарату; т.б. дефинициялық концепт өрістер бойынша тарамдала береді.
Тіліміздегі сөз байлығымызда тек жеке сөздер ғана емес, құрылысы жағынан күрделі бірліктер де кездеседі. Олар: ала ауыз, тайға таңба басқандай, төбе шашы тік тұру, қой аузынан шөп алмас, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған т.б. Мұндай сөздер қазақ тілінде мындап кездеседі. Оларды фразеология немесе тұрақты тіркестер деп атайды. Ал фразеология сөзі екі мағынада қолданылады:
1. тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жалпы атауы;
2. тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Фразеология деп, кемінде екі сөздің, сонымен қатар бірнеше сөздің тұтас бір меншікті мағынаға ие болып, бір бүтін бірлікке айналуын айтамыз.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:
* ХХ ғасырдың ортасы мен 60жылдар арасы - қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
* 60 - 70 жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
* ХХ ғасырдың соңғы он жылы - фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.
Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертциялық зерттеулер обьектісіне айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зеттеуге алғашқа кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Фразеологизмдердің теориялық - практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық - мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады.
Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болды. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуде мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты үш белгіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан трей отырып, бүкіл қазақ тілі құрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі - фразеологиялық түйдектер, екіншісі - фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес деп тұжырымдады.
С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт - бағдарын көрсетеді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді.
Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударады. Қазіргі қазақ тілі оқулығына (1954 ж) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер құрамында қарастырып, өзінің Тіл біліміне кіріспе атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев Мақал - мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне жататын мақал - мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады.
Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60 - жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, олраға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р.Сәрсенбаевтың қазақ мақал - мәтелдерінің лексика - стелистикалық ерекшеліктері атты кандидаттық диссертциясында, С.Исаевтың қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл аударып, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері, М. Белбаеваның Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркестер мақалалры мен осы жылдары қорғалған Х.Қожахметовтың Ғ.Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар, Е.Бектұрғановтың М.Әуезовтың Абай жолы роман - эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.
Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А.Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап , Ә.Қайдаров пен Р.Жайсақова, А.Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Осы кезеңде қазақ фразеологизмдерінің өзге тілделде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі жайлі тілші ғалымдар назарын аударды. Ө.Айтбаев пен К.Дұйсетаеваның еңбектерін атауға болады.
Академик І.Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фразаны қамтыған қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі шықты.
Үшінші кезең - қазақ фразеологиясын жан - жақты зерттеу кезеңі. 80 - жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Ж.Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д.Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы біргу жолдарына (калькалау жолымен, дәл баламасының берілуіне) назар аударды.
Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М.Копаленко мен З.Д.Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжрибелері жүзеге асты. Р.М.Таев пен Ф.Р.Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда сол әдіс - компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі қолданылған.
Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде Қазақша - Орысша фразеологиялық сөздік жасалды.
Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік - тұрақты тіркестің тарихи қалпын зерттеуге көңіл бөлінді. Р.Сыздықованың Қадырғали Жалайридің Жами-ат-тауарих атты шығармасындағы тұрақты тіркестер еңбегі - диахронды фразеологиялық зерттеу.
Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 - жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан - жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени - танымдық аспектідегі кейінгі он жылдықта академик Ә.Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады.
С.Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығана байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш.Сейітова өсімдікке байланысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама берді, ал Қ.Ғабитханұлы наным - сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б.Қызбаева соматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.
Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле - зерттеу - қазақ фразеологизмдеррін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осындай еңбектердің қатарына С.Сәтенованың Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты, Г.Смағұлованың Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық - мәдени аспектілері докторлық диссертацияларын атауға болады.
Уақытында орыс ғалымдары А.А.Шахматов, Ф.Ф.Фортунатов, А.А.Потебня тұрақты сөз тіркестерін синтаксистік тұрғыдан зерттеп, фразеологияға үлкен үлес қосты. Академик Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі тұрақты тіркестерді, олардың сыңарларын сематикалық және грамматикалық белгілері жағынан зерттеу проблемаларын қойды Академик А.А.Шахматов өзінің Синтакис русского языка атты еңбегінде тілде кездесетін құрамындағы сөздер бір - бірінен ажырамай тұтас күйінде қолданылатын тіркестердің зор маңызы тек лексикология үшін емес, грамматика үшін де аса маңызды деген пікір айтады.
Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І.Кеңесбаев көрсеткен барлық бағытта жүріп жатыр. Олар мынандай бағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрлымы, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автродың қолдануы т.б.
Тілдегі фразаларды құрылысына және құрамындағы сөздердің мағыналарының ұласу дәрежесіне қарай фразалық бірліктер, фразалық тізбектер деп екіге бөлі дұрыс. Бұлай топтастыру В.В.Виноградовтың, І.Кеңесбаевтың классификациясына сәйкес келеді.
Фразалық тізбектер деп мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысып жататын, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған сөз тіркесін айтамыз.
Ал фразалық бірліктер деп мағынасы жағынан ажыратылмай, сөз тіркесінің бүтіндей мағынасы мен лексикалық сыңарлардың мағыналарының бірігіп тұтасуынан туатын тұрақты фразеологиялық тіркестерді айтамыз. Фразалық бірліктегі сөздердің астарлы, образды мән-мағыналары ұғынылатын негізгі түсінігімен байланысты болады. Мысалы, тайға таңба басқандай (анық, ашық), түймедейді түйедей ету (үлкейту), тамырына балта шабу (құрту), тісін қайрау (кіжіну), арқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz