Оңтүстік шығыс Азия елі Вьетнам



Аймақтың дамуының жалпы сипаттамасы. Отаршылдық кезеңінен кейін ОША елдерінің дамуы әр түрлі уақытта басталады. Мәселен, Индонезия, Бирма (Мьянма), Филиппин, Солтүстік Вьетнам үшін ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін-ақ, ал Лаос, Оңтүстік Вьетнам және Камбоджа – 1954 ж., Малайзия – 1957 ж., Сингапур – 1965 ж., Бруней үшін 1984 ж. басталды. ОША-ның мұндай бірқалыпты емес дамуы әр елдің ішкі саясаты мен жалпыаймақтық дамуға әсерін тигізді. 1967 ж. құрамына Үндіқытай және басқа мемлекеттер кірген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) құрылды. 90-жылдары қалған мемлекеттер АСЕАН-ға кірді. Осы кезден бастап бұл аймақтың 10 мемлекетінің тағдыры бірдей болды.
Вьетнам
1945-54 жж-ғы Вьетнам. Жапония ОША-дан кеткен кезде Вьетнам тәуелсіздігінің лигасы басшыларының беделі күшейді. Үкімет функциясын атқаратын «Вьетнамды азат ету ұлттық комитетінің» басшысы Хо Ши Мин болды. ОША елдерінде сияқты Вьетнам басшылары «вакуумдық» жағдайды (жапондықтар кетті, ал ескі отаршылдар әлі келмеді) пайдаланып, 1945 ж. 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасын (ВДР) жариялады.
Бірақ 1945 ж. қыркүйектің соңында Франция өз әскерлерін Вьетнамға жібереді. Олар Потсдам конференциясы бойынша ағылшындардың көмегімен Сайгонды, кейіннен елдің оңтүстігін толығымен жаулап алды. 1945 ж.Үндіқытай компартиясы өзін-өзі тарату жөнінде жариялады. Сол уақытта коммунистер Льен-Вьет лигасын құрды, оған вьетнамдықтармен қоса Солтүктегі ұлтшыл көзқарастағы буржуазия өкілдер де кірді. Бұл қозғалыстың басында Хо Ши Мин тұрды. Осылайша, Вьетнамдың бөлінуі басталды.
Солтүстікте 1946 ж. басында Ұлттық жиналысқа және жергілікті өкімет органдарына сайлау өткізілді, ал осы жылдың қарашасында конституция қабылданды. 1946 ж. наурызда ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Франция үкіметі ВДР-ды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады, бірақ ол Франциялық Кеңеске кіруі керек болды. 1946 ж. қыркүйекте Франция елдің Оңтүстігінде құрылған «Кохинхин Республикасын» да мойындады. Бірақ 1946 ж. желтоқсанда Франция ВДР-ге қарсы 8 жылға созылған әскери қимылдарын бастады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Шығыс Азия елдері
Аймақтың дамуының жалпы сипаттамасы. Отаршылдық кезеңінен кейін ОША елдерінің дамуы әр түрлі уақытта басталады. Мәселен, Индонезия, Бирма (Мьянма), Филиппин, Солтүстік Вьетнам үшін ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін-ақ, ал Лаос, Оңтүстік Вьетнам және Камбоджа - 1954 ж., Малайзия - 1957 ж., Сингапур - 1965 ж., Бруней үшін 1984 ж. басталды. ОША-ның мұндай бірқалыпты емес дамуы әр елдің ішкі саясаты мен жалпыаймақтық дамуға әсерін тигізді. 1967 ж. құрамына Үндіқытай және басқа мемлекеттер кірген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) құрылды. 90-жылдары қалған мемлекеттер АСЕАН-ға кірді. Осы кезден бастап бұл аймақтың 10 мемлекетінің тағдыры бірдей болды.
Вьетнам
1945-54 жж-ғы Вьетнам. Жапония ОША-дан кеткен кезде Вьетнам тәуелсіздігінің лигасы басшыларының беделі күшейді. Үкімет функциясын атқаратын Вьетнамды азат ету ұлттық комитетінің басшысы Хо Ши Мин болды. ОША елдерінде сияқты Вьетнам басшылары вакуумдық жағдайды (жапондықтар кетті, ал ескі отаршылдар әлі келмеді) пайдаланып, 1945 ж. 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасын (ВДР) жариялады.
Бірақ 1945 ж. қыркүйектің соңында Франция өз әскерлерін Вьетнамға жібереді. Олар Потсдам конференциясы бойынша ағылшындардың көмегімен Сайгонды, кейіннен елдің оңтүстігін толығымен жаулап алды. 1945 ж.Үндіқытай компартиясы өзін-өзі тарату жөнінде жариялады. Сол уақытта коммунистер Льен-Вьет лигасын құрды, оған вьетнамдықтармен қоса Солтүктегі ұлтшыл көзқарастағы буржуазия өкілдер де кірді. Бұл қозғалыстың басында Хо Ши Мин тұрды. Осылайша, Вьетнамдың бөлінуі басталды.
Солтүстікте 1946 ж. басында Ұлттық жиналысқа және жергілікті өкімет органдарына сайлау өткізілді, ал осы жылдың қарашасында конституция қабылданды. 1946 ж. наурызда ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Франция үкіметі ВДР-ды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады, бірақ ол Франциялық Кеңеске кіруі керек болды. 1946 ж. қыркүйекте Франция елдің Оңтүстігінде құрылған Кохинхин Республикасын да мойындады. Бірақ 1946 ж. желтоқсанда Франция ВДР-ге қарсы 8 жылға созылған әскери қимылдарын бастады.
Алдымен жетістіктер Францияның жағында болды, 1947 ж-ға дейін олар Ханой мен ВДР-дің басым территориясын басып алды. Бірақ Хо Ши Миннің ұзақ партизандық соғыс тактикасын таулы аймақта және джунглиде қолданғаннан кейін бастама коммунистер қолына көшті. Сонда Франция елдің Оңтүстігінде Вьетнам мемлекетін құрады, оның басшысы етіп император Бао Дайды қояды. Оған жауап ретінде 1950 ж. КСРО ВДР-мен дипломатиялық қатынастар орнатады.
1951 ж. ақпанда Үндіқытай Коммунистік партияның (КПИК) II съезі өтеді. Осы кезден батап КПИК-тің вьетнамдық бөлігі өздерін Вьетнам Жұмысшы Партиясы деп атады. 1951 ж. наурызда Үндіқытай халқының біртұтас фронты құрылды, ол ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. Оның құрамына 3 елдің әскери коммунистері кірді.
Франция АҚШ қолдауымен ВДР-ға шешуші шабуыл жасауды ұйғарды. Во Нгуен Зиап басқаруымен солтүстік вьетнамдық әскер Дьенбьенфу ауданында француздарға соққы берді. Женевадағы жасалған бейбіт келісімдер бойынша Вьетнам 17 параллельде бөлінді.
1954-61жж ВДР мен Вьетнам республикасының дамуы. 1956 ж. Вьетнамда сайлау өткізіп, елді біріктіру көзделді. Бірақ АҚШ, КСРО және ҚХР елді екіге бөлінген жағдайында сақтап қалуды қалады. АҚШ-тың СЕАТО әскери-саяси блогын құруы Францияның Вьетнамның Оңтүстік бөлігіндегі иелігенен бас тартуына әкелді және Франция аймақтың басшылығын ауыстуруға келісім беруге мәжбүр болды. 1955 ж. күзде Бао Дай орнына Нго Динь Зьем отырғызылды.
1956 ж. Ұлттық жиналысқа сайлау өткізілді, конституция қабылданды. Оңтүстік Вьетнам республика мәртебесін алды. Солтүстікте коммунистік режим орнатылды. 1955 ж. тамызда Льен-Вьетті Вьетнамның отандық майданына ауыстыру көзделді. Бұл ұйым елді біріктіру үшін күрес жүргізу керек болды.
1956 ж. наурызда Оңтүстік Вьетнамда Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Ол қазанда тұрақты конституцияны қабылдады. Конституция бойынша коммунистік идеяларды насихаттау заңмен қудаланды. Солтүстіквьетнамдық коммунистердің ықпалымен Оңтүстікте өкіметке қарсы оппозиция пайда бола бастады. 1960 ж. коммунистер бастауымен Оңтүстік Вьетнамды азат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикалық жетістіктерге жету жолдары мен міндеттері
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары
Үндіқытай елдері жайында
Таяу Азия халықтары
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Пәндер