Фразеологизмдер



1.Фразеологизмдердің зерттелу тарихы; 2.Фразеологизмдердің тілдік бірлік ретінде танылуы;
3.Фразеологизмдердің семантикалық категориялары;
4.Фразеологизмдердің лексика.семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері.
Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар — Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеум. жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология,философия,тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантик. категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды.Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.
Фразеологизмдерді қолдануда ақын қазақ көркем сөзі тіліне үлкен үлес қосты, ол үлес перифрас-тикалық тіркестерді мол қолданудан, жаңа тіркестер жасаудан және кәнігі фразеологизмдерді тұлғалық құрылымдық түрін өзгертіп жұмсаудан көрінеді. Ф. саласында Абай әкелген өзгеріс, жаңа- лықтардың келесі турі оның өз қаламынан жаңа тіркестер туғызуында. Ф-лық тіркестер - семантик. шоғырлар, яғни, жеке сөздер білдіретін мағыналардың бір-бірімен түйісуінен туған жаңа семантик. единица. Абай образ жасауда, айтпақ ойына экспрессивтік сипат беруде жеке сөздерді бір-бірімен тіркестірудің сарқылмас бұлақ сияқты екенін жақсы түсінген. Сондықтан қызметі мен құрылымы жағынан әр алуан жаңа фразеологизмдерді ұсынады. Олардың үлкен бір тобына семантикасы жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіріп жасағандары жатады. Мыс. , көңілдің жайлауы деген жаңа фразеологизмде көңіл деген дерексіз ұғым жайлау деген нақты зат атауымен қабыспауға тиісті еді, бірақ, ақын көңіл сияқты абстракцияны жайлау тәрізді әрі шалқыған кең, әрі жадыраған «дүние» деп таныту үшін бұл кереғар екі ұғымды бір-біріне жанастырып, жаңа ассоциация туғызады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Такырыбы;   1.Фразеологизмдердің зерттелу тарихы; 2.Фразеологизмдердің
тілдік бірлік ретінде танылуы; 3.Фразеологизмдердің семантикалық
категориялары; 4.Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және
грамматикалық ерекшеліктері.

Орындаған: Кабылкак Акжан

Тобы: Фи-403

Тексерген: Калиева Самал
Ерболкызы

Семей қаласы 2015

1.Фразеологизмдердің зерттелу тарихы

Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым) —

• 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан
тексеретін тіл білімінің саласы;
• 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.

Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар —
Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу
кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық
қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық
қызмет пен жүйе, әлеум. жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету,
т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология
негізінен психология,философия,тари х, этнографиямен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар
Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантик.
категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синон имді, омонимді,
көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды.Фразеология тұрақты
тіркестердің эмоционалды-экспрессив ті ерекшеліктеріне орай, олардың
қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік
қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін
анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық
тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады.
Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық
талдау, фразеологизмдердің семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің
компоненттер құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дәлелденуді
қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре
отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас
жағдайлардан ажырату үшін Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді.
Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық
жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің
бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика
фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс
ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы
фразеологизмге этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен
тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану
ғылымы да зерттейді.

2.Фразеологизмдердің тілдік бірлік ретінде танылуы

Фразеологизмдерді қолдануда ақын қазақ көркем сөзі тіліне үлкен үлес қосты,
ол үлес перифрас-тикалық тіркестерді мол қолданудан, жаңа тіркестер
жасаудан және кәнігі фразеологизмдерді тұлғалық құрылымдық түрін өзгертіп
жұмсаудан көрінеді. Ф. саласында Абай әкелген өзгеріс, жаңа- лықтардың
келесі турі оның өз қаламынан жаңа тіркестер туғызуында. Ф-лық тіркестер -
семантик. шоғырлар, яғни, жеке сөздер білдіретін мағыналардың бір-бірімен
түйісуінен туған жаңа семантик. единица. Абай образ жасауда, айтпақ ойына
экспрессивтік сипат беруде жеке сөздерді бір-бірімен тіркестірудің
сарқылмас бұлақ сияқты екенін жақсы түсінген. Сондықтан қызметі мен
құрылымы жағынан әр алуан жаңа фразеологизмдерді ұсынады. Олардың үлкен бір
тобына семантикасы жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіріп
жасағандары жатады. Мыс. , көңілдің жайлауы деген жаңа фразеологизмде көңіл
деген дерексіз ұғым жайлау деген нақты зат атауымен қабыспауға тиісті еді,
бірақ, ақын көңіл сияқты абстракцияны жайлау тәрізді әрі шалқыған кең, әрі
жадыраған дүние деп таныту үшін бұл кереғар екі ұғымды бір-біріне
жанастырып, жаңа ассоциация туғызады. Көңілге ажым салу деген жаңа
фразеологизм де соны образ әрі оның экспрессивтік бояуы бұрынғы көңілі
қалу, көңілі жабырқау дегендерге қарағанда әлдеқайда қою. Олжалау,
пайдалану (біреудің еңбегін, күшін, ойын т. б.) деген сездер тұрғанда адам
аулау, адам сауу деген фразеологизмдерді ұсынғанда да Абай мағыналары
жуыспайтын ұғым атауларын (ауланатынаң, құс, сауылатын мал)тіркестіріп жаңа
образ жасайды, соңғы тіркестердің әсері алдыңғы етістік сөздерден әлдеқайда
күшті екенін Абай жақсы білген. Оның тіліндегі бойды ұрлау (ұрланатын қолға
ұстайтын зат болу керек қой), жүрегін ұстап сату (сатылатын зат, бұйымдар
болуы керек), иман жүзін тоздыру (тозатын киім, бұйымдар болуы керек еді)
деген фразеологизмдер де осы қатардан табылады. Бұлар, бір жағынан,
метафоралық тіркестер, яғни, мағына ауыстырып айту құралы ретінде көрінеді.
Бұл типтес фразеологизмдер сан жағынан да, сонылығы жағынан да көзге бірден
түсіп, Абайдың қазақ Ф- сына қосқан үлкен үлесі болып танылады. Абай қазақ
тілінің фразеологиялық қазынасына орыс тілінен тікелей аудару (калька
жолымен) арқылы жасалған жаңа тіркестер қосты. Әрине, бұлар сан жағынан көп
емес, бірақ, сол аз фактінің өзі қазақ поэзия тілінде Абайдан басталғанын
көрсетеді. Мыс. , Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар
қатынның тіліне ерсең (1, 200), мүйіз шығу тіркесінің дағдылы мағынасы
мерейі үстем болу, ал Абайдағы мағынасы әйелі кезіне шеп салған еркектің
халі, орысша быть рогатым дегеннің калька жолымен туған қазақшасы. Осы
қатарға Кептерше сүйініскен демалыс бар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫН ЕСІМ МӘНДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер
Соматикалық фразеологизмдер
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРЫ
Пәндер