Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім
2.1. Құс жұмыртқаларын сақтау
2.2. Құс жұмыртқаларын буу
2.3. Құс жұмыртқаларын сорттау
2.4. Құс жұмыртқаларын тасымалдау
III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады.
2004 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 26,3 млн тауық өсірілді, оның 10,3 млн ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 15,6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,3 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді.
Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқалары (тауық, үйрек, қаз, күрке, тауық бөдене )құрамындағы қоректік заттарға бай болғандықтан тағамдық жәнек дәмдік қасиеттері жоғары өнім ретінде саналады.
Құс жұмыртқасы негізгі үш қоспадан тұрады-ақуыз (54 -60%) сарысы (28 -32%) қабығы ( 11- 14%). Құс жұмыртқасының салмағы мен көлемі құс түріне, ұсталу жағдайына және азықтандырылуына байланысты болады. Тауық. Үйрек, қаз, күрке тауық және мысыр тауығы жұмыртқаларының салмағы, тиісінше, 45-76г, 75-100г, 160-200г, 80-100г, 45-46г құрайды
1.С.Т.Дүйсембаев. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау»Алматы. 2013ж

2.Б.С.Сенченко «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения» Ростов на Дону. Издательский центр «МарТ» 2001

3.В.А.Макаров, В.П.Фролов, Н.Ф.Шуклин.«Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства» Москва ВО «Агропромиздат» 1991

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау

Орындаған: Толеуова Д.М.
ТОП: ВС - 203
Тексерген: Серикова А. Т.

Семей- 2015жыл
Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім
2.1. Құс жұмыртқаларын сақтау
2.2. Құс жұмыртқаларын буу
2.3. Құс жұмыртқаларын сорттау
2.4. Құс жұмыртқаларын тасымалдау
III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе

Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады.
2004 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 26,3 млн тауық өсірілді, оның 10,3 млн ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 15,6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,3 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді.
Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқалары (тауық, үйрек, қаз, күрке, тауық бөдене )құрамындағы қоректік заттарға бай болғандықтан тағамдық жәнек дәмдік қасиеттері жоғары өнім ретінде саналады.
Құс жұмыртқасы негізгі үш қоспадан тұрады-ақуыз (54 -60%) сарысы (28 -32%) қабығы ( 11- 14%). Құс жұмыртқасының салмағы мен көлемі құс түріне, ұсталу жағдайына және азықтандырылуына байланысты болады. Тауық. Үйрек, қаз, күрке тауық және мысыр тауығы жұмыртқаларының салмағы, тиісінше, 45-76г, 75-100г, 160-200г, 80-100г, 45-46г құрайды

II.Негізгі бөлім

2.1. Құс жұмыртқаларын сақтау

Құс жұмыртқасының салмағы, көлемі құс түріне, ұсталу жайына, азықтандырылуына байланысты болады. Қабығы ішін кебуден, сыртқы әсерлерден қорғайды.
Балауса жұмырталардың сырты жылтырламайды, өйткені кепкен сұйықпен қапталады, ал кп сақталған жұмытқалардың сырты жылтыр болады.Сырты бұдыр жұмыртқалар сақтауға жарамды болмайды.
Тауық жұмыртқалары 52121-2003 мемлекеттік стандарт бойынша, сақталу мерзімі мен сапасына байланысты диеталық және асханалық болып бөлінеді.
1.Диеталық жұмыртқаларға сақталу мерзімі, жұмыртқалаған күнін есептегенде, 7 тәуліктен аспаған құс жұмыртқалары жатады.
2.Асханалық жұмыртқалардың сақталу мерзімі 25 тәуліктен аспауы керек (жұмыртқалаған күні есептелмейді), ал тоңазытқышта сақталған болса, онда 120 тәуліктен аспауы керек. Тоңазытқышта жұмыртқаны 1-20С-та сақтайды.
Құс жұмыртқаларын сақтау ережелері қатаң сақталуы тиіс. Қоймада температура көтеріліп, не ылғалдылық жоғарылағанда құс жұмыртқасында әртүрлі микроденелер дамып, зең басады. Сатуға не дайындау пунктінен әкелінген жұмыртқалар ветерианриялық-санитариялық сараптаудан өтеді.
Жұмыртқа сату үшін құс ұстайтын орын індетті аурулардан таза болу керек. әрбір топтағы құс жұмыртқаларына ветеринариялық куәлік, ал аудан ішінде ветерианриялық анықтама көрсетеді. Құжат болмаса 100 градус температурада 13минут қайнатып залалсыздандырады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптауда құс жұмыртқасын сыртынан қарап, түсін, тазалағыш, қабық бүтіндігін тексереді және овоскоп арқылы ауа кеңістігінің биіктігін, ақуызы мен сарысының күйін анықтайды. Күмәнді болса, жарып ішкі құрылысына зерттеу жүргізеді.
Құс жұмыртқалары стандарт талаптарға сай болуы қажет. Сатуға қабығы былғанған, тағамдық, техникалық кемістігі бар жұмыртқа жіберілмейді. Овоскоп арқылы өнімдік, санитарлық сапасын анықтайды.

2.2. Құс жұмыртқаларын буу

Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерінің ыдысына, буып-түюге және таңбалауға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.Таңбалауға арналған құралдар өнімнің сапасына әсер етпеуі тиіс. Таңба анық, жеңіл оқылатын болуы тиіс.Жұмыртқаларды мөр соғу, шашып жағу әдісімен немесе таңбалаудың анықтығын қамтамасыз ететін басқа әдістермен таңбалайды. Атауын, санатын және сұрыпталған уақытын білдіретін санның және әріптердің биіктігі 3 миллиметрден кем болмауы тиіс.Диеталық жұмыртқаларда жұмыртқа түрі, санаты, сұрыпталған уақыты (күні және айы), асханалық жұмыртқаларда - тек жұмыртқа түрі және санаты көрсетіледі.Диеталық жұмыртқаларды таңбалау қызыл бояумен, асханалық жұмыртқаларды таңбалау - көк бояумен жүргізіледі. Жұмыртқаны түріне және санатына қарай жеке буып-түйеді.
Әрбір тұтынушы ыдысының буып-түю бірлігіне өнімді сипаттайтын таңбалар қойылады:
+ өндірушінің атауы және орналасқан жері (заңды мекен - жайы);
+ өндірушінің тауарлық белгісі (болған жағдайда);
+ құс түрі көрсетілген жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің атауы;
+ жұмыртқа санаты;
+ орамдағы жұмыртқа саны;
+ жарамдылық мерзімі және сақтау шарты;
+ сақтау мерзіміне қарай жұмыртқа түрі (диеталық, асханалық) және олардың сұрыпталған уақыты (күні және айы).

2.3. Құс жұмыртқаларын сорттау

Құс жұмыртқаларды сорттау жұмыртқалаған соң бір күннің ішінде, ал дайындау орындарынан әкелінген жұмыртқалар жасы күннен аспауы керек, ондай жұмыртқаларды 2 күн ішінде сорттап, диеталық және асханалық жұмыртқалар салмақтарына байланысты 5 санатқа бөледі: ең жоғарғы, таңдамалы, бірінші, екінші және үшінші. Ең жоғарғы санат бойынша бір жұмыртқаның массасы 75 г кем аз болмауы керек, 10 жұмыртқа - 750 г, ал 360 жұмыртқа - 27 кг-нан жоғары, таңдамалы санатқа - бір жұмыртқаның массасы 64-74,9 г кем аз болмауы керек, 10 жұмыртқа - 650-749,9 г, ал 360 жұмыртқа - 23,4-26,999 кг, бірінші санатты жұмыртқа, тиісінше, - 55-64 г., 550-649,9 г. және 23,399 кг; екінші санатты жұмыртқалар - 45 - 54,9 г, 450 - 549,9 г және 19799 кг, ал үшінші санат үшін 35-44,9 г, 350-449,9 г және 12,6-16,199 кг. Құс жұмыртқаларын санаттау кезінде диеталық және асханалық жұмыртқалар мынадай таңбалар соғылады: Ең жоғарғыға Ж, таңдамалы - О, бірінші - 1, екінші - 2, үшінші 3 деп белгіленеді. Диеталық жұмыртқаларға қызыл, асханалыққа - көк түсті дөңгелек немесе сопақ пішінді таңба қойылады. Таңба ретінде қойылатын мекеменің аты, санаты, сорттау уақыты, сан мен әріптердің биіктігі 3мм кем болмауы тиісті.

2.4. Құс жұмыртқаларын тасымалдау

Тасымалдау кезінде температуралық режим жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін тасымалдаудың барлық жолы бойында бақыланып отыруы тиіс.
Еріген немесе қар немесе мұз массасы басқан орамадағы жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін кәсіпорыннан тиеуге тыйым салынады.
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін тасымалдауға арналған тасымалдау ыдыстары және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау туралы ақпарат
Құс етінің классификацисы. жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау,сорттау,жуу,сақтау және тасымалдау
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау,сорттау,буу,сақтау және тасымалдау
Құс еті классификациясы. Жұмыртқаны сорттау,буу,сақтау және тасымалдау
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау жайлы
Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдері
Жұмыртқаларды тоңазытқышта
Құстардың қора микроклиматы
Құс шаруашылығы
Пәндер