Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Өздік жұмысы
Тақырыбы: Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы.
Орындаған : Шарыпова М. Қ - 213
Тексерген : Құрмамбаева Қ. С.
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар:
- Драмадағы тарихи тұлға;
- Қазіргі қазақ комедиясы;
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Қазақтың ұлттық тарихындағы дербес мемлекеттік құрылыммен қалыптасуымызға, халық болып танылып, сақталуымызға қайраткерлікпен-көсемдікпен өмірін арнап, еңбек еткен хандарымыздың (Керей, Жәнібек, Абылай, Кенесары), би-шешендеріміздің (Төле, Қазыбек, Әйтеке, т. б. ), ақын-жырауларымыздың (Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет, т. б. ), батырларымыздың (Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сырым, Исатай, Жанқожа, т. б. ), ғұлама-ағартушыларымыздың, қоғам қайраткерлерінің (Әбунасыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов), т. б. ондаған тарихи тұлғаларымыздың сөз өнері туындыларындағы көркем бейнеленуі жаңаша серпінмен өркендеді. Әсіресе, XX ғасырдың 80-жылдарының ортасынан басталған ұлт тарихының бұрын әдейі назарға алынбай келген тұстары асқақ рухты романтизм мен сыншыл реализм көркемдік әдістері тұрғысынан мол қамтыла жазыла бастады. Әдеби тек түрлері (эпос, лирика, драма) жанрларының барлық салаларында елеулі туындылар жазылып, оқырмандарға ұсынылды.
Бүгінде халық ықыласпен қабылдаған тың туындылар жазылып, республика театрларында сахналанып келеді.
Сәкен Жүнісовтің
"Кемеңгерлер мен көлеңкелер"
(Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов бейнелеріне арналған), Әбіш Кекілбаевтың
"Абылай хан"
, М. Байсеркеұлының
"Абылайханның ақырғы күндері", "Кек қылышы Кенесары"
, Жолтай Әлмашұлының
"Сана дерті", "Абақты-ғұмыр", "Фрустракция"
(Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Сәкен Сейфуллин туралы) пьесалары - қазақ тарихының ақтандақ беттерін көркем шындықпен өрнектеген туындылар.
Жолтай Әлмашұлының пьесаларындағы қазақ тарихының қайраткер тұлғаларының бейнеленуі - әдебиетіміздің өзекті тақырыпты игерудегі жаңашылдық. XX ғасырдың басындағы қазақ сөз өнеріндегі шығармашылықты мемлекеттік жауапты қызметтерімен сабақтастыра еңбек еткен қайраткерлердің саяси қуғын-сүргін жазалауларына ұшыраған - Ұлттық трагедиямыз. Табиғи қабілеттерін туған халқына, ұлтына қызмет етуге арнаған дарынды тұлғалардың жазықсыз жазаланғаны - қазақ ұлтын әлсіретуге, тарих сахнасынан біржолата жоюға арналған зұлым саясаттың жендеттік ұстанымының нәтижелері.
Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналған соң бұрын айтуға, жазып жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттың мақтанышы болған ұлы қайраткерлер өмірі мен қызметі драма шығармалар арқауына айнала бастады. Ысқақовтың
"Жан қимақ"
, Оразбаевтың
"Шыңғыс хан"
,
"Естайдың қорланы"
, С. Сматаевтың
"Той үстінде топалаң"
, Б. Әбілдаұлының
"Төле би"
, О. Дастановтың
"Әзірет Сұлтан"
, А. Бекбосыновтың
"Соңғы сезім",
Таразидің
"Алатау сынды алабым"
, Шахимарденнің
"Томирис"
пьесаларында халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. Ал Сүлейменов пен Мұқаевтың
"Заманақыр"
, Р. Мұқанованың
"Мәңгілік бала бейне"
пьесалары экология тақырыбын, әлемге әйгілі болған Семей полигонының қазақ халқына әкелген трагедиясын суреттейді. Қазіргі қазақ драматургиясы туралы филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегеновтың мақаласында нақтырақ талдау жасалған.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің драматургия саласы бойынша мына шығармаларды атап өтуге болады: Ә. Кекілбаевтың
"Абылай хан"
, Ә. Таразидің
"Ақын, Періште. Махаббат"
, С. Жүнісовтің
"Кемеңгерлер мен көлеңкелер"
, М. Байсеркеновтің
"Абылай ханның ақырғы күндері"
, Р. Отарбаевтың
"Бейбарыс сұлтан"
, Шахмардан Құсайыновтың
"Томирис"
, И. Оразбаевтың
"Шыңғыс хан"
, Т. Нұрмағамбетовтің
"Бес бойдаққа бір той"
, Қ. Ысқақовтың
"Қыл көпір", "Жан қимақ"
, Қ. Ысқақ пен Ә. Таразидің
"Алатау сынды алыбым"
, И. Сапарбайдың
"Сыған серенадасы"
, С. Балғабаевтың
"Тойдан қайтқан қазақтар"
,
"Ғашықсыз ғасыр", "Ең әдемі келіншек"
, Ә. Ақпанбетұлының
"Дүние-думан"
, Д. Амантайдың
"Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң"
, С. Сматаев пен Т. Теменовтің
"Көгілдір такси"
, А. Жағанованың
"Жан алқым"
, Н. Әбутәлиевтің
"Өттің, дүние"
, А. Бекбосыновтың
"Соңғы сезім",
Д. Исабековтың
"Актриса", "Тор", "Ескерткіш"
, Иран-Ғайыптың
"Естайдың Қорланы"
, Б. Мұқайдың
"Сергелдең болған серілер", "Өмірзая"
т. б. Аталған драмалық шығармалар - тәуелсіздік жылдарында қазақ әдебиеті қорына қосылған рухани қазына деп танылады.
Драмалық шығарма - театрмен тығыз байланысты бола отырып, сол күші арқылы оқырманын, көрерменін ерекше әсерге бөлейтін жанр. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының даму қарқыны мен жай-күйі туралы жоғарыда айтылып кетті. Бұл ретте Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Н. Оразалиннің: "Театр өнері арқылы Республикамызды бүкіл әлем таныған ел дәрежесіне көтеріп, бүгінгі заманға сай өркендеуімізге толық мүмкіндік бар. Бұл іргелі міндеттің жүзеге асуына қаламгер-драматургтеріміз де өз үлестерін қосып келеді. Болашақта да қоса бермек. Қосуға тиіс. Өйткені, театр өнерінің қайнар көзі мен арқауы - ұлттық драматургия", - деген пікірін келтіру орынды болмақ. Қазақ қыздарының өр әрі еркін бейнесі - тек ауыз әдебиеті мен поэзия, прозаның ғана емес, драматургияның да өзекті тақырыбы. Қазақтың батыр қыздары дегенде, әрққайсымыздың көз алдымызға бірден Әлия мен Мәншүк келетіні белгілі. Негізінде, қазақ қыздарының батырлық жолы Томирис - Тұмар анамыздан бастау алатыны белгілі. Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды - Шахмардан Құсайыновтың
"Томирис"
драмасы. Бұл пьеса - Томирис анамыздың өмір сүрген б. э. д 503 жылдардағы ата- бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. Томиристің осындай ерлігі қазіргі қазақ қызының әрқайсысының бойынан табылатыны сөзсіз.
Комедия (гр. котосііа - сауық-сайран, әуезді ән ) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм. шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т. б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б. з. б. 445 - 385) . Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады. Характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші катарға шығады. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлер тартысының үстінде жеке бастың мақсаты мен құлқынның қайы үшін ұнамсыз кейіпкерлер өзара кикілжіңге барады, күлкіге ұшырайды. Комедияның ерекшелігі тартыспен, сюжетпен, қызықты оқиғамен қатар тіл өрнегіне де қатысты. Дараланған, өзгелерге ұқсамайты нәр кейіпкердің тілі күлкі шақырса, сахналық туындының ажары кете бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) сияқты көркемдік құралдары кеңінен пайдаланылады. Комедияда көбінесе жамандық жеңілт, жақсылық үстем болып аяқталады. Жағымсыз кейіпкерлер бармақ шайнап, қателігін мойындады, жеңіліп тізе бүгеді, адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құрады. Әлем әдебиетінде комедияның көптеген классик, үлгілері жасалды. Англияда -У. Шекспир, Испанияда-Лопе де Вега, Францияда - Ж. Б. Мольер, П. Бомарше, Италияда- К. Гольдони тамаша комедиялық шығармалар жазды. Орыс әдебиетінде Д. И. Фон-визиннің "Тоғышары" А. С. Гри-боедовтің "Ақылдың азабы", Н. В. Гогольдің "Ревизоры" шебер жазылған туындылар қатарына жатады. Қазақ әдебиетінде алғашқы комедиялық шығарма Б. Майлиннің қаламынан тулы ("Шаншар молда", "Некеқияр", "Талтаңбайдың тәртібі", т б. ) . М. Әуезов ("Айман-Шолпан"), Ж. Шанин ("Торсықбай", "Айдарбек"), Ә. Тәжібаев ("Той боларда"), ҚМұхамеджанов ("Бөлтірік бөрік астында"), Қ. Байсейітов пен Қ Шаңғытбаев ("Беу, қыздар-ай"), ҚАманжолов ("Досымның үйленуі"), С. Балғабаев "Тойлан қайтқан қазақтар", Т. Нұрмағанбетов ("Қырманбайдың тойы"), т. б. көптеген комедиялар жазды. Бүгінде қазақ комедиясы белгілі жанрлық жүйесі бар арналы салаға айналды.
«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» немесе біздің қазақ қалай қалжыңдап жүр? Қазіргі қазақ сатирасының жағдайы қай деңгейде? Қазір «не көп, КТК командалары көп. Әзіл-сықақ отаулары да баршылық. Сандары бар да сапасы жоқ» деген сыни пікірлер ел арасында жиі айтылып жүр. Шынында да бүгінде сахна төрінде топырлаған топтар түрлі әзілдерін халық назарына ұсынып, езулеріне күлкі үйіріп жүр. Алайда олардың сатиралық деңгейі қандай, әзілдерінің салмағы бар ма?
Сатира - бір қарағанда оңай, жеңіл-желпі сөздермен езуге күлкі сыйлайтын жанр көрінгенмен, олай емес, керісінше, салмағы да, сөзі де ауыр сала. Өтірік, өсек айтып, оның барлығын әзіл деп айтуға болмайды. Алдар Көсенің кесімді қалжыңдары арқылы біздің ата-бабамыз өсіп-өнсе, бүгінгі ұрпақ та осындай татымды қалжыңдарға қанық болуы керек. Себебі, юмор - өмір. Өмірдің өзі - әжуа, өмірдің өзі күлкіге толы. Осыған сәйкес қазіргі қалжыңдар да қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмірге құрылған. Барлығы да шындық құбылысты, өмірдегі болып жатқан жайттарды астарлап, жапсарлап жеткізеді. Бұл ретте халықтың көңілінен шығып жүрген әзіл-сықақ театрлары мен жекелеген қалжыңқойлар да жоқ емес. Мәселен, «Базар жоқ» театрының әр қойылымын ел-жұрт күтіп отырып көреді. Таласып жүріп билет сатып алады. Демек, бұл - ұжымның әзілдері халықтық сипатқа ие болған деген сөз. Одан бөлек ондағы көңілді тапқыр әзілқой жігіттердің де ойы ұшқыр, қиялы қым-қиғаш, қарапайым өмірден алынған, бірақ адамның ойына түспейтін тың тақырыптарды қозғауы да көңілден шығып жүр. Сол құрамдағы жекелеген қалжыңбас әртістеріне де елдің ықыласы ыстық. Керісінше, тек қана өздерінің айтқанына өздері күлетін, өзгені күлдіре алмайтын командалар да жоқ емес. Оларды әрине сахнаны «құрғақ» қалжыңмен толтырып жүр деп айтуға болады. Бұл бүгінгі қазақ сатирасына түсіп тұрған көлеңкелі тұс болып есептеледі. Кезінде қазақ сатирасында жарқын бейнесімен, қазыналы қалжыңымен есте қалған Тоқсын, Уәйіс, Құдайберген сынды сатириктердің орны ерекше еді. Дегенмен, тай тұяғын басып келе жатқан жас сықақшылар да жетерлік. Жас болса да әзіл-әжуаны, қалжың-қағытпаны айнытпай дөп басатын, көрермендері мен оқырмандарының көңілін тауып, қошеметіне бөленіп жүргендері қуанышты жайт. Сонымен бүгінгі сықақшылардың барлығын бірдей жақсы немесе жаман деп айтуға болмайды. Қазіргі қалжыңқойлардың сатира жазудағы басты нысанасы - өмір, күнделікті тұрмыстағы жайттар мен елдегі болып жатқан сыни оқиғалар. Сатира арқылы айта алмаған шындығын астарлап, көргенін бүркемелеп жазу арқылы өз ішіндегі өкпе-назын, жасалып жатқан әр қадамның дұрыс-бұрыстығын сынап отырады. Кез келген нысанды көздеп тұрып, оны әзілге айналдыру сықақшылардың шеберлігіне байланысты. Демек, бүгінде де қазақы қалжыңның хал-ахуалын «қайыршы» күйге түсіріп отырған жоқпыз.
Сатирик Т. Әлімбек қазақ сатирасының жағдайы туралы республикалық «Заң» газетіне былай деп пікір білдіріпті.
- Қазіргі қазақ сатирасының халін нашар деп айта алмаймын. Тақырыптың сан алуандығы, ойларының орамдылығы, тілдерінің тапқырлығы жағынан өте жақсы. Күнделікті бақылап, қазақ сатирасын жібермей оқып жүрген адам болса, мұны жақсы біледі. Мен қазір көпшілік арасынан «Қазіргі қазақ сатирасының хал-ахуалы өте мүшкіл. Тақырыптары жұтаң, тілдері жалаң, күнделікті күйбең тіршіліктен аса алмайды. Айтатындары әйел мен күйеудің тұрмыстық жанжалынан әріге бармайды» деген секілді пікірлерді жиі естіп жатамын. Бірақ, бұл сын ескертпелермен мүлдем келіспеймін. Бұлай дейтіндер қазақ сатирасынан хабары жоқ адамдар деп білемін. Және мұндай пікірдің қайдан шығатынынан да хабардармыз. Қазақ сатираның салмағын ақша табудың қамымен жүрген әртүрлі әзілқой театрлардың сахнаға шығарып жүрген әзілдеріне қарап бағалайды. Әуесқойлардың, актерлардың болмашы күлкі үшін айта беретін сөздері сатира емес. Көзіқарақты оқырман осыны шатастырмауға тиіс. Нағыз сатира газет-журналдарда, кітаптарда. Бір өкініштісі, мұның қарапайым халыққа жетпей жатқаны. Газеттер айына бір рет жылтың еткізіп сатира бетін беріп қояды. Сол кезде нағыз сатиралар басылып шықса шығады, шықпаса, сол шаң басып сатириктердің тартпаларында жатады. Мен нағыз сатираға қамқорлық жоқ деп айтар едім. Әйтпесе, баяғыдағы сатира - сол сатира. Өзгерген түгі жоқ. Тек оқырманға жетпейді. Сатира бүгінгі таңда өгей баланың күйін кешіп жүр. Баяғыдай сатираны дәріптеп сабақтар өткізіп, ол жанрдың кемшілік-жетістігін жазатын Темірбек Қожекеевтей адамдар жоқ арамызда қазір. Жарнамасы мүлдем жасалмайды. «Керек» деп тапқандар қазір сирек те болса, іздеп жүріп оқиды. Ал, бірақ, қазір сатира жанры көпшілікке керек те болмай барады. Олар сатираны жеңіл әзіл, көше қылжақтарына ауыстырып жіберді. Әртістердің қылжалаңдап, сахнада орындап шығатын интермедиялары ешқашан да сауатты сатираны құрамайды. Соны ұмытпағанымыз жөн», - деп сатираның сынға малынып тұрған тұсын да, оның мәні ешқашан өзгермегенін және өзгермейтінін де жеткізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz