С. Торайғыровтың лирикасы
1. С. Торайғыровтың өмірбаяны
2. Шығармашылығы:
а) С. Торайғыровтың лирикасы
ә) «Қамар сұлу» романы
б) «Кім жазықты?» романы және онда көтерілген әлеуметтік мәселе
3. Көкпай мен Міржақыптың айтысы
4. Қорытынды

Өмірбаяны Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек. (Сұлтанмахмұт)
Өмірбаяны. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.
Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.

1. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы,1993. 93-154бб.
2. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Алматы, 1992ж.
3. Жүсіпбек. Торайғырұлы Сұлтанмахмұт. Қызылорда, 1933ж.
4. Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966ж.
5. Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Кітапта. Қазақ әдебиетінің тарихы. 11т. 2-кітап
6. Қабдолов З. Сөз өнері – Алматы: Мектеп, 1982 ж. 365 б.
7. Торайғыров С. 2 томдық шығ. жинағы. Алматы, 1993ж.
8. М.Белбаева, А.Әшіреева «С.Торайғыров шығармалары тілінің сөздігі».
9. Сүйінішәлиев Х. Ізденіс іздері.– Алматы: Жазушы, 1975 ж. 220 б.
10. Тәжібаев Ә.Өмір және поэзия. – Алматы: ҚМКӘБ. 1960 ж. 487 б.
Алматы «Ғалым» 1995ж.
11. Жанатайұлы К. Шығармалар: Өлеңдер, айтыс-дастандар. Астана: Фолиант, 2011. – 256 бет.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1.С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). 2.Міржақып пен Көкбайдың айтысы.
Орындаған: Қажыбекова А.
Тексерген: Еспенбетов А.С
Семей 2015
Жоспар:
1. С. Торайғыровтың өмірбаяны
2. Шығармашылығы:
а) С. Торайғыровтың лирикасы
ә) Қамар сұлу романы
б) Кім жазықты? романы және онда көтерілген әлеуметтік мәселе
3. Көкпай мен Міржақыптың айтысы
4. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы,1993. 93-154бб.
2. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Алматы, 1992ж.
3. Жүсіпбек. Торайғырұлы Сұлтанмахмұт. Қызылорда, 1933ж.
4. Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966ж.
5. Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. - Кітапта. Қазақ әдебиетінің тарихы. 11т. 2-кітап
6. Қабдолов З. Сөз өнері - Алматы: Мектеп, 1982 ж. 365 б.
7. Торайғыров С. 2 томдық шығ. жинағы. Алматы, 1993ж.
8. М.Белбаева, А.Әшіреева С.Торайғыров шығармалары тілінің сөздігі.
9. Сүйінішәлиев Х. Ізденіс іздері. - Алматы: Жазушы, 1975 ж. 220 б.
10. Тәжібаев Ә.Өмір және поэзия. - Алматы: ҚМКӘБ. 1960 ж. 487 б.
Алматы Ғалым 1995ж.
11. Жанатайұлы К. Шығармалар: Өлеңдер, айтыс-дастандар. Астана: Фолиант, 2011. - 256 бет.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)
Өмірбаяны Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек. (Сұлтанмахмұт)
Өмірбаяны. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып - соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.
Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет - журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.
Ақын есімі - ел есінде
Кейде Есіл- қайран ерім-ай, еліне берерін түгел бере алмай кетті-ау,- деп өкінетініміз бар. Иә, өкінішсіз өлім жоқ. Әйтсе де! Аз жасаса да, өртеніп өтетін, асыра асыл сыйлап үлгеретін, арманына жететін алыптар болады!
Сөндіріп ай мен күніңді, Тек денімді сау қылшы!- деген тірлікке құштар, өмірді шексіз сүйген ұлы жан- Сұлтанмахмұт Торайғыров аз жасап, көп арманы көкірегінде кетті. Өз дәуірін жанартаудай жарып шығып, қара түнде жарқылдаған найзағайдай жалын атқан ақын, аққан жұлдыздай небәрі 27-жасында дүниеден қыршын кетті.
Әдебиетте не бары он-ақ жыл қалам тебіренткенінің өзінде, өлең-жырлары өз алдына бір шынар болса, Қамар сұлу, Кім жазықты романдары, Кедей, Адасқан өмір поэмалары, Ауырмай есімнен жаңылғаным әңгімесі қазақ әдебиеті әлемінде шыншыл сырларымен, көркемдік сипаттарымен, орындылығымен, оттылығымен келешек ұрпақтан-ұрпақ қадірлеп оқитын классикалық ұлы туындыларға айналды.
Жұрттың бақытты болуына себін тигізген адам ғана бақытты адам,- депті Дени Дидро. Олай болса бар өмірін, күш-қайратын, ой-санасын, ақылын, бүкіл талант дүниесі жалынын ақтық демі сөнгенше ел-жұртының бақытты болу жолына себін тигізуге жұмсаған Сұлтанмахмұт тірлігінде қандай бақытты болған десек, енді бүгінгі күнде де, жарқыраған асыл поэзиясы да бүкіл табиғатымен бақытты. Ақын поэзиясы өте өміршең поэзия. Үлкен талант иелерінің өмірінде өлім жоқ деген осы болса керек. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған деген екен Абай атамыз. Туғанына 122 жыл толып отырған, 27 жасында қыршын кеткен Сұлтанмахмұт творчествасы сан ғасырлар жасап ұрпақтан-ұрпақ жалғаса бермек.
Он екі жасында-ақ тауды тесіп, тасты жарып шыққан қайнардай бұрқ етіп өлең-жыр шумақтаған балдырған Сұлтанмахмұт 17 жасында туған халқының өмір сырына үңіліп, келешегін ойлайды. Шындықтың аулын іздеп жолға шығады.
Сұлтанмахмұт өмір сүрген кезең ХХ-ғасырдың бас кезі- Ресей топырағындағы ең бір дүр сілкіністің, азаттық үшін арпалыстың кезеңі болды. Бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс патшашылдық биліктің тас-талқанын шығарды. Отаршылдық езгінің әлсіреуі ұлттардың оянуын тездетті. Саяси жағдай ұлттық сананың оянуына себепкер болған төменде айтып кеткен үш төңкеріс, ол Ресейдегі 1905-1907 жылдары және қазақ даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалыстар, 17-ші жылғы Ақпан төңкерісі. Ақынның бел шеше жазу ісімен айналысқан кездері де осы бір шытырман жылдар еді. Ол мәдениеті озық елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалық жаршысы бола білді. Сол себептен ақын Бүгіндегі жастарға оқу міндет, бар қиындық тек қана ғылым жеңбек деген үлкен ойдың қажырлы көрінісіндей жыр жолдарын өз оқырмандарына жолдады.
Аса көрнекті қайраткер С.Торайғыровтың әдеби мұрасының зерттелу тарихына тоқталайық.
Сұлтанмахмұт шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихы бар. Ақынның өз басы да, әдеби мұрасы да дау-дамайға көп түскені мәлім. Осындай уақытта ақынның кейбір өлеңдері жоғалды, табылғаны дау туғызды. Қолда барының кейбірі ұлтшылдық қарғыс таңбасы басылып, қайта жабылды. Сондай шығармасының бірі- Айтыс (қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) аталатын дастаны. Бұл-аяулы ақынның кемел ойлап, кең пішкен шығармасы. Аяқталмауы өкініш. Мұнда Сұлтанмахмұт егеменді еліміздің тәуелсіздігі, тіл теңдігі, төл өнеркәсіп, Ұлттық қорғаныс тәрізді аса ірі және көкейкесті мәселелерді сол кезде-ақ - 1919 жылы қозғап, тамаша жырлағанын көреміз. Жиырма жеті жасында дерт меңдеп, тағдыр кермесіне ілінген ақын! Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын, - деп, Айтысты тәмәмдай алмағанын зор өкініш етіпті.
Айтыс С.Торайғыров қайтыс болғаннан кейін, советтік заманда- 1922 жылы Қазан қаласында белгілі ақын Бернияз Күлеев бастырған Адасқан өмір және 1933 жылы Қызылордада шыққан Сұлтанмахмұт Торайғырұлының толық шығармалар жинағы кітаптарында жарияланды.
1933 жылы ақын жинағын Жүсіпбек Аймауытов баспаға дайындады. Сұлтанмахмұт өлген соң (1920ж) оның шығармаларын он жыл бойы жинап - теріп, баспаға әзірлеп, өмір тарихын жазған Ж.Аймауытовтың еңбегі айрықша екенін баса айту керек. Жүсіпбек болмаса Торайғыровтың толық жинағының шығуы, оның толық өмір тарихын білуіміз неғайбыл еді.,-дейді Қайым Мұхамедханов.
Поэманы С.Торайғыровтың 1922 және 1933 жылдары жинақтары бойынша баспаға дайындаған - филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов.
С.Торайғыровтың кейінгі жылдары шыққан екі жинағында да (1950 және 1957) елеулі кемшіліктер кездеседі.
Біріншіден, жазушының қолжазбалары жоғалып кеткенін сылтау етіп, тиянақты ешбір текстологиялық жұмыс жүргізілмей келген. Екіншіден, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың творчестволық өмірбаянын жазуда да ауыз толтырып айтарлықтай ізденулер мен жаңадан тапқан жөнді деректер болмаған.
1926 жылы Сұлтанмахмұт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салыңыздар! деген ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов: ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін! - деп жазды. Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жабының бірі емес, от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен, тұлпар талант еді. Сондықтан Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр - дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың лирикалық шығармалары.
С. Торайғыров -- ұлы өзгерістер мен қозғалыстар дәуірінде тарих сахнасына көтеріліп, 1905 жылғы орыс революциясының тікелей әсерімен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік жол салған, шығармаларына тұтас бір дәуірдің шындығын сыйғызған суреткер. Ол артына өлмес те өшпес мол мұра, қымбатты қазына қалдырған ұлы ақын. Ақынның хаты өлмейді, -- дейді халық нақылы. Осы дана тұжырымды Торайғыровтың өміршең шығармалары дәлелдей түспек.
Торайғыров лирикасының тақырыптық ауқымы мен дәлдігі, мазмұны мен түрі төңірегінде ой өрбітпес бұрын эстетикалық нысанасы, бояуларының саналуандылығы бұрын творчествосының қайнар бұлағы турасында қысқаша түйіндеу жөн сияқты. М.О.Әуезовтың: Тегінде, Абай шығармаларынын, барлық қор нәрі үлкен үш арнадан құралады. Бұның біріншісі, ең молы -- қазақтың халық әдебиетінің мұра тумалары, екіншісі -- шығыс әдебиетінен келген және ең аз сезілетін белгілер. Үшіншісі -- Абайды мәдениеті үлкен аңғарлы зор ақын етіп көрсететін батыс әдебиетінің үлгі-өрнектері, деп ұлы ақынның нәр алған үш бұлағы мен асқаралы поэзиясының бастауларын бөліп айтуы Сұлтанмахмұт мұрасын зерттеушілерге де үлкен ой салады, әрі қаламгер творчествосының табиғатын тануға бағыт сілтейді.
Халықтың бай ауыз әдебиетінен қана сусындамаған бірде-бір калам иесі жоқ шығар, сірә. Қазақ әдебиеті, ең алдымен, ұшан-теңіз бай ауыз әдебиеті негізінде туып, дамыды. Қазактың ауыз әдебиетінің саналуан формасынан, жанрларынан (батырлар жыры, ертегілер, ғашықтық жырлар, халықтық романдар, салт өлеңдер, мақал-мәтелдер т. б.) бастап осы күнге дейін сақталып, дамып отырған ақындар айтысына дейін барлығы да біздің рухани творчествомыздың тамаша байлығы, барлық елдердің ақын-жазушылары мен ғалымдарын қайран қалдырған көркемдік ерекшеліктерін танытады, деп жазған еді Есмағамбет Исмайлов. Халық мақал-мәтелдеріндегі терең философиялық ойлар, поэзиядағы образдылық пен мөлдірлік жас ақын Сұлтанмахмұтқа айрықша әсер еткендігі дау туғызбаса керек. Торайғыров ақын қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жоғары бағалап, қастерлеп, құрмет тұтқан. Ер Тарғын, Қобыландыны окып байқа, немесе Даламның ақындарын айтам сізге, үлгіге сөз патшасын сонан ізде дегенде, халық әдебиетінің үлгілерімен жете таныс екендігін байқатады. Торайғыров шығармаларында Берген перде бұзады, Көш жүре түзелер, Әркімнің өз аузына қолы жуық, Бәрекелді құлды өлтірер секілді мақал-мәтелдер мен нақылдарды қажетті жерінде пайдаланған. Кей ретте ақын халық даналығының рухын негізге алып, өзінше нақыштап кетеді. Өзінің түйедей де мінін көрмей, біреудіқ түймедейін тінтіп табар, Тұтылып шелек жалап та-мам нашар, әлділер құтылысты айран ішкен, Отқа жақ алтын ерің атқа тисе, Өз етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен көрмессің дәнеңені деген жолдардың түп төркіні әркімге-ақ белгілі болар.Сол кезде қазақ арасында кеңінен таралған Зархұм, Салсал, Зипнұн тағы басқа қиссаларды жат-тап, тьңдап өссе, ол да елерлік жәйт.Абай -- өлең өнерінің өлшеміндей, ақындықтың құдіретіндей ерек тұлға.Қазақтық бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ, -- депті Ахмет Байтұрсынов;:Шын хакім, сөзің асыл -- баға жетпес,Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.Қарадан хакім болған сендей жанның, Әлемнің құлағынан әні кетпес!, -- депті Мағжан Жүмабаев;Абай поэзиясы -- қазақ халқының бүкіл адам баласы мәдениетіне қосқан үлесі, депті Айқын Нұрқатов;Күнде емтихан тапсырардай Абайға, Барыңды сал! Абайла, ақын, абайла! -- дейді бүгін Мұзафар Әлімбаев.Сұлтанмахмұттың өзі де:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жат тоқып ал көңілге, --
деп ұлы ақын мұрасына ынтазарлана ден қояды. Іші алтын, сырты күміс асыл сөзді айнытпай танып, ондағы адамгершілікке, имандылыққа үндейтін үрдісті ойға тәнті болады.
Қалың оқырман қауымға таныс емес Таныстыру поэмасында Абайдың қазақ мәдениеті тарихындағы орны, шығармаларындағы реалистік сипат жоғары бағаланған:
Қобыланды. Тарғын жазған кәрі ақындар,
Сөзінде, шындығында не мақұл бар?
Жаратқыш шеберлікке келгенінде
Олардың талантына кім жақындар?
Сөздерінен ақиқат ала алмаймыз,
Сондықтан бәйгі алдында сала алмаймыз.
Олар надан, ойлауда көп адасқан,
Бірақ біз ақындығын тана алмаймыз.
Оларды қоя алмаймыз Абаймен тең,
Себебі оқымаған, ілімі кем.
Туыс, талант Абайдан жиырма есе
Олардың артығы бар дей алам мен.
Арғы-бергі тарихтағы аты белгілі, белгісіз ақындарды көлденең тарта отырып, Абайдың ешбір өнер иесіне ұқсамайтын творчестволық портретін қағаз бетіне түсіреді. Абай мен Сұлтанмахмұт арасындағы творчестволық байланыс жөнінде әңгіме қозғағанда ескеруді керексінетін бір жәй бар. Біраз әдебиетшілер Торайғыров өнернамасын Абайдың ақындық мектебі аясында қарауға бейім тұрса, кейбір еңбектерде ол Абайдың акын шәкірттері қатарында аталады. Филология ғылымдарының докторы М. Мырзахметовтың: Абайдың ақын шәкірттері деген нақтылы ұғымға кейбір әдебиет зерттеушілері ме - же, шек қоймай осы өнерлі жастар тобындағыларды бұл әдеби ортадан тыс, соңғы дәуір ақындары мен бас - қа өнер өкілдерін тоғытып жіберген тұстары да болған, деу -- шындыққа жанасымды. М. Әуезовтың Абайтанудан жарияланбаған материалдар кітабында Ә. Жиреншиннін, Абай Құнанбаев деген кітабы туралы пікір атты шағын мақала -- рецензия бар. Осы мақаласында М. Әуезов: "Сұлтанмахмұт турасында оны Абайдың шәкіртіне қосу орынсыз. Жақсы болсын, жаман болсын, бұл ақын басқа дәуір, басқа тарихтық, әлеуметтік салт-саналық жәй-жағдайлардың өзінше бө - лек, өзінше бір үлкен өкілі. Оны Абайдың шәкіртіне қоссақ, революцияға шейінгі қазақ әдебиетіндегі басқа барлық жазушыларды да Сұлтанмахмұтша Абай шәкіртінің қатарына тізе беруге болады, -- дей келіп, принципті маңызға ие пікір ұсынады: Сұлтанмахмұтты шәкірттерден бөліп алып, Абай әсерін көрген кейбір ақындар деген жік жасап, оны кітаптың соңғы жағына салып, Сұлтанмахмұтқа қоса Сәбит Дөнентаевты беру керек."
Демек, Сұлтанмахмұтты Абайдың ақындық дәстүрін XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде дамытушы, жалғастырушы қаламгер ретінде тану ғылыми ақиқатқа сай келеді.
Абай мен Сұлтанмахмұттың поэзияға қоятын талаптарында ортақ өрілген ой желісі ұшырасады. Ұлы Абайдың поэзия туындысына, ақындық өнерге көзқарасы өлең жолдарында мейлінше бедерлі бейнеленген:
Мақсұтым -- тіл ұстартып, өнер шашпақ.
Наданың көзін қойып, көңілін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер
Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
Немесе:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Өнер болмысын, өлең табиғатын бұдан артық жеріне жеткізіп айту мүмкін емес. Жазушы лабораториясы, суреткер психологиясы сияқты бірегей күрделі ұғымдар калай қапысыз қамтылған.
С. Торайғыровқа келсек, Өлең һәм айтушылар, Қазак тіліндегі өлең кітаптары жайынан, тағы басқа мақалаларын жазу барысында әдебиеттің көкейкесті проблемаларын ғылыми арнада қарастыруды мақсат еткен. Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан сыни мақаласында Абай, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов өлеңдерін талдай келе, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілді, толғанған жүректің сығындысы, шын жылаған жастың тамшысы, рас қайнаған сорпаның сөлі деп бағалайды. Торайғыров жүрегінің терең түкпірінен орын алған аталған ақындар шығармашылығындағы реалистік суреттің күштілігі, көріктеу құралдарының айқындығы екендігі сөзсіз.
Сөз патшасы өлеңге тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы деп талап қойғанда Абай кенеулі ой мен тас бұлақтың суындай сылдыраған келісімнің өміршең поэзияда бірдей қатысуын ескерген. Өлеңді өнер деп ұққан Абай мен көңілді түзейтін машина -- өлең-жыр екендігін түсінген Сұлтанмахмұттың эстетикалық кредоларындағы туыстық мақсат, мүдде бірлігімен ұштасады.
Сұлтанмахмұт Сократтан, Надсоннан, Крыловтан айшықты сөздер мен тіркестерді жазу процесінде үйрене отырып қабылдаған. Алайда оның көбірек ынта қойып, тіл шұрайлылығы мен шығарма көркемдігінде үлгі тұтқан қаламгері -- Абай. Мәселен:
"Дүние бос махаббатсыз мал секілді,
Деген сөзін Абайдың есіңізге ал.
Дос іздедім, қамдандым,
Таба алмадым, алдандым.
Өз қақпанды аштың деп
Кім қылады келеке?
Дүниe-өзeн, ағысын кім тоқтатар?
Ағып кете баратып мен бір салам.
Ол бірде Абай сөзін бүлжытпай қайталаса, бірде ұлы ақынның ізімен кетеді, иә бәсекеге түсіп жақаша жыр жолдарын өрнектейді.
С. Торайғыров Абайдан нені үйренді? Ең алдымен, қоғамдық-әлеуметтік өткірлік, өмірлік сырларды шыншылдықпен түбірлей көтеру, қатыбас заманның күйрек калпын сынау, адал адамгершілікке, енер-ғылымға үндеуді қабылдады. Сондай-ақ ол Абай туындыларын оқу үстінде кертартпа заманда аһ ұрып еткен тағдырлармен ұшырасты, өзінің де жүрегіне ұялаған арманын таныды.
Абай шығармаларындағы биік әлеуметтік пафос жалпы қазақ әдебиетінде көркемдік ойдың өткірленіп, қоғамдық санаға жаңа таңбалардың із салғанын аңғартты. Соқтықпалы, соқпақсыз заманда мыңмен жалғыз алысқан жұмбақ жанның мұра-тумаларында әлеуметтік кенеулі ойдың трагедиялық сипат алып кетуі тегін емес.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде..
Болмаса: .:
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым -- тап шыным!...
Шырқыраған шындық, ащы шындық. Әуезовше айтсақ, сөзбен жазылған емес, қанмен жазылған жолдар. Айналасынан сөзін ұғар адам, ел болар жұрт таба алмай, сандалмамен күн кешкен азамат ақынның зары. Абайдың тұла бойын түгел алып, кеткен осындай өз ортасына наразылық бар. Абай сол заманды сол ортаны соя сынаған адам, депті көрнекті ғалым, ұлттық филологиямыздың тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов.
Байқап қарасаңыз, С. Торайғыровта коршаған ортадағы жарымжандық, әлеуметтік жағдайдағы сәйкессіздік жүйелі қоғамдық-философиялық ұғым дәрежесіне көтерілген. Жаңа заман тудырған осы талаптарға ақын азаматтық позициясын үнемі білдіріп отыруды мақсат тұтқан.
Көп күндер көпті істеді, көпті істемек,
Адамзаттың ақылы күнде үстемек.
Акылдың өскен сайын айтатыны
Жоқ құлдық, жоқ төрелік, жоқ күштемек, --
немесе:
Кесені қолыма алып карай бердім,
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп?!
Саяси өрлеу мен әлеуметтік революциялар майданына айналған XX ғасыр суреткерінің аузына ғана түсетін сөз. Бір-ақ жазық қазақта, ұлы-қызы мазақта еқенін жұдырықтай жүрегімен ұғынып, туған халқын ғылымы өскен, білім жетілген, мәдениеті дамыған елдердің қатарынан көруді Алатаудай асқақ арманына айналдырған ақын келбеті көз алдыңнан кетпейді.
Абай қазақ әдебиетінде сатиралық сарынның өрістеуіне орасан мол еңбек сіңірді. Рас, сатира дәстүрі ауызша, жазба әдебиеттерде бұрыннан келе жатқаны анық. Абай ежелгі сатиралық дәстүрді жаңа мазмұн, соны бояулармен жаңғартты да, қоғамдық-әлеуметтік өткір ойларын ұтырлы тәсілмен өнер әлеміне алып шығып, осы жанрдың артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін жарқырата ашты. Абай өз дәуірінің қатал сыншысы, елдегі сорақылықтардың бітіспес міншісі болды. Ол жалпы әдебиетті ғана емес, оның сатира, юмор са-ласын да жаңа белеске көтерді, дейді проф. Т. Қожакеев.
Сұлтанмахмұт Абай сомдап, шыңдаған қазақ әдебиетіндегі сатиралық дәстүрді өзі ғұмыр кешкен тарихи кезеңдегі індетке айналып кеткен сүреңсіз құбылыстар мен келеңсіз көріністерді әшекерелеуде тапқырлықпен пайдаланды. Анау -- мынау, Шал алған қызға, Бір адамға өлеңдеріндегі сатиралық саз кесек-кесек әлеуметтік қайшылықтарды үңги көтеруге, адамзаттық еткір сананы қалыптастыруға қалтқысыз қызмет жасағандығь! шүбә келтірмес.
Абай қоғамдағы кембағалдықтан, әлеуметтік мешеуліктен, мимырт мәңгүрттіктен арылудың бірден-бір жолы оқу, білімге ұмтылу деп білсе, осы үрдістің Сұлтанмахмұтқа да еш бөтендігі жоқ.
Анау қырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау қырда қазақ тұр,
Қастарында азап тұр
Ақын жабырқау көңілмен жайбарақат хабарлайды десек, қатеге ұрынамыз. Ұлтының, жұртының трагедиялық халі қаламгерді қатты тебірентеді, тығырыққа тіреліп қалмай лирикалык кейіпкерінің жігерін жанып, алау сезімге белейді:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?!
Лирикалық қаһарманның есейгендігін, ақынның өскендігін байқаудың тіпті де қиындығы жоқ. Сұлтанмахмұт шығармаларының лирикалық кейіпкері -- Абайға қарағанда, қоғамдық сорақылықтарды батыл айыптаушы. Ақын өзінен бұрынғы және замандас қаламдастарына қарағанда еңбекші халықпен бетпе-бет жақын келді. Оны халықтың қайғысы мен азабынан, арманы мен мұңынан, бостандық үшін күрес идеясынан бөліп қарау мүмкін емес, деген пікір тек қана қолдауды тілейді.
Сұлтанмахмұт әдебиеттегі Абай дәстүрін жалғастырушы,онан әрі дамытушы дегенде, біз оның қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі, өзгелік тағлымы бар ұлы ақын екенін ұмытпауымыз шарт.
Қамар сұлу романы. Біз сөз еткелі отырған С. Торайғыровтын, Қамар сұлу романы қаламгер өмірінің Троицк кезеңінде, мөлшермен 1913 -- 1914 жылдары жазылған. Тұңғыш рет жазушының 1933 жылғы толық жинағында жарияланды. Романды оқып отырғанда айырықша көңіл бұратын жәй -- тақырып актуальдығы, кермек татыған ауыр тұрмыстың ащы шындығының ашылуы.
Халықты аздырып-тоздырып бара жатқан әдет-ғұрыптың ақсақалдық салт-сананың ойыншығына айналған әйелдер тағдырын жырлады. С.Торайғыров, М.Сералин, С.Көбеев, С.Дөнентаев сияқты ақын-жазушылардың басты шығармаларында қоғамдағы осы әділетсіздік аса бір өткірлікпен айыпталды (4) деген профессор Серік Қирабаевтың пікірін қолдамау, сірә, әділетке қиянат. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқы өмірінде індетке айналып, ушығып кеткен әйел теңсіздігінің ақын-жазушылар творчествосының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz