«Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы).»


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

CЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: « Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары

(А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы) . »

Орындаған: Жакижанова З. Р.

ПД-305 тобы

Тексерген: Секей Ж. С.

Семей - 2015

Жоспар

I. Кіріспе бөлім

II. Негізі бөлім

  1. А. Байтұрсын-ұлы -әдебиеттанушы.
  2. «Әдебиет танытқыш» кітабының зерттелуі.
  3. Сөз өнері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Ахмет Байтұрсынұлы (15. 1. 1872, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы - 8. 12. 1937, Алматы қаласы) - қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды.

Бірден айту керек, «Әдебиет танытқыш» - Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.

Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов - тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.

Ғасырлар тоғысындағы қоғамдық-экономиканың қалыптасуы, жаңа үкіметтің орнығуы, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту шаралары жедел жүзеге асырылған кезең. А. Байтұрсынұлының әдеби-эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы әдебиеттанушы-ғалымдар: «ХХ-шы ғасырдың басын-да әдебиеттану салада нақты іс атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А. Байтұрсынұлы болды» дейді.

Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З. Қабдолов 1988-шіжылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» - тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты. Академик Р. Нұрғали «Күлтегін» баспасынан жарық көрген өзінің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеу-еңбегінде «Әдебиет танытқыштың» қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.

Зейін салған кісі, аңғарса керек, А. Байтұрсынов былай дейді: «ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс. Осылардың біріншісі - әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс тал-данады, ал екіншісі - азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта «Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр, тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А. Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп ескертеді. Ендеше „Әдебиет танытқыш“ оқулық, оның хрестоматиясы - нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны . Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі „Әдебиет танытқыш“ төңірегінде әлі-декөп зерттеулер жүргізу керек» деген толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды .

Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді. Академик Р. Нұрғалиұлы: «„Әдебиет танытқыш“ әдебиеттанудың әлемдік -деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай, қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді.

Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғанық. Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А. Байтұрсынұлы жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр» дейді.

Әдебиетші-ғалым Т. Кәкішұлы «Әр дарынның тарихта өз орны бар» атты мақаласындағы А. Байтұрсынұлының сол жылдары егемендікке ұмтылудың, азаттық алудың бірден-біржолы оқу мен білім алып, ой-сананы дамытуда екендігін жете ұғынып, оны белгілі дәрежеде «ағымға айналдыруға мұрындық" болғандығына баса көңіл бөледі . Қазақ елінің болашағы үшін қаламымен күрескен қайраткердің қоғамдық белсенді қызметі мен публицистикалық еңбектері, ғылыми зерттеулеріндегі пікірлері ғалымның осындай қорытындыға келуіне негіз болды.

«Әдебиет танытқыш» туралы, ондағы атаулар мен терминдердің қазақ әдебиетінің барлық ұғым-түсінігіне сай келетінін айтып, зерттеуші: «Мұндай еңбек бізде бұған дейін-де, бұдан кейін-деқайталанған жоқ. Ол - әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы, ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын „Әдебиет танытқыш“- қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент»деген қорытындыға келеді .

Әдебиеттанушы Т. Кәкішұлы ғалымды қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған зерттеуші ретінде бағалайды. Ол қаламгер еңбектерінен нақты мысалдар келтіре отырып, тарихи деректер негізінде пайымдаулар жасайды. 2000-шы жылы қаламгердің бұрын-соңды ғылыми ортаға таныс емес «Қалам қайраткерлерінің жайынан» деген мақаласын жариялады. Зерттеуші бұл мақаланы көпшілікке таныстырып отырғандағы мақсатын: «…мұндай мұраларды жариялау бізге керек…

Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз ертеңнің кірпіші қаланбайды. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз-де, міне, осы» дейді. Әрі осы мақалының астарынан бәле іздеген өз қандастарымыз, Ахметті партиядан шығарып тынғанынан мағлұмат береді. Десе-де бұл тарихи маңызы зор мақала «Ахаңның азаматтығын айқын танытқан, интернационалистерді үркітіп, айғай-шу шығарған, «ұлтшылдықтың манифесі» деген баға береді әдебиеттанушы ғалым Т. Кәкішұлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары
Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы негізінде)
Ахмет Байтұрсынов әдебиет әлемінде
Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Әдебиет танытқыш кітабы
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz