Шоқан және географиялық детерминизм. Абай және қазіргі заман. Фрейд және Ницше
1. Абай және қазіргі заман
2. Шоқан және географиялық детерминизм
3. З. Фрейд және психоанализ
4. Ф. Ницше және аса күшті адам
2. Шоқан және географиялық детерминизм
3. З. Фрейд және психоанализ
4. Ф. Ницше және аса күшті адам
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген сондай-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды.
Абайдың қара сөздері — көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары — Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр, т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.
Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл — Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 3-том. З. Фрейд және неофрейдистер. Психоанализ / Құраст.:И.Ә. Әбеуова, А.Р. Ерментаева, Х.Т. Шериязданова; ауд. А.Т. Ақажанова.- Алматы: Таймас баспа үйі, 2005;
Кішібеков, Д. Философия: оқулық / Д. Кішібеков; Ұ.Сыдықов.- 9-бас.- Алматы: Қарасай, 2008;
Құлсариева, А. ХХ ғасырдағы Батыс философиясының тарихы: оқу құралы / А. Құлсариева.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001;
Философия тарихы/[Құраст.:Ә.Нысанбаев,Ғ.Құрманғалиева;Ауд.: Д.Раев, А.Ғабитов].-Астана: Аударма, 2006.-(Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20-т. Т.14)( Мәдени мұра).

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Абай және қазіргі заман
2. Шоқан және географиялық детерминизм
3. З. Фрейд және психоанализ
4. Ф. Ницше және аса күшті адам
Орындаған: Төкен А.Б.
Тобы: УА-405
Тексерген: Кенжебулатова А.М.
Семей 2015жыл
1. Абай және казіргі заман
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген сондай-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды.
Абайдың қара сөздері -- көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары -- Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр, т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.
Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл -- Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.
Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне Жетінші, Он тоғызыншы, Отыз бірінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қара сөздерінде тоқталып, ой қорытады. Ол өзінің Қырық үшінші қара сөзінде Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады дейді. Ал Жетінші қара сөзінде: Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі -- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар -- тәннің құмарлығы. Екіншісі -- білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл -- жан құмарлығы....
2. Абайдың Алтыншы, Сегізінші, Он бірінші қара сөздері ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған. Ол бірлік, тірлік деген сөздердің мәнін аша келіп, Алтыншы сөзінде бірлік -- ақылға бірлік, малға бірлік
емес десе, енді бір жерінде ырыс алды -- тірлік дейді
де, Ол қандай тірлік?.. Жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тіршілік итте де бар... Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде
әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады
3. Ар - ұят, адамгершілік, мәселелері Бесінші, Он
бірінші, Он сегізінші сөздерінде әңгіме болады. Отыз
үшінші сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу
туралы өсиет айтады.
4. Абай ғылым, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен, сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді. хикмет те, өнер де, мал да, ғылым да -- бәрі орыста тұр. Залалынан кашык болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек... Әрбір жұрттың тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына (тең болу деген мағынада) енеді... Орыстың ғылымы, өнері -- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (Жиырма бесінші сөз), -- дейді.
Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады.
Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлттық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнұсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы атанады. Отырардан шықкан және Шығыстың екінші ұстазы атанған ғүлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда елеулі рөл аткарған.
Ақынның шұрайлы философиялық ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді. Орыстың қоғамдық-философиялық ақыл-ойы ақынның эстетикикалық көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етті. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін", Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этика, эстетикалық тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этика тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу - адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол - рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі - женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл - адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "... адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, Абай философиясын діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. Советская степь, 1928, 2 тамыз).
Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын анайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі (Казахстанская правда, 1934, 30 көкек).
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.
Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.
Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149 6.)
Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: ...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А. , 1969, т.15 , 141-б.).
Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды.
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.
2. Шоқан және географиялық детерминизм
Шоқан Уалиханов - ұлы ағартушы-демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: ...Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті. Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
1854-1857 жж. Шоқан Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Қырғыстан жеріне саяхат жасайды, осы сапарларда ол көрнекті ғалым-географ П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен бірге жүрді, ол Шоқанның қабілеттілігі мен біліміне ерекше назар аударады, оның ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.
Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс революцияшыл-демократы, ақын С.Ф.Дуровпен және жазушы Ф.М.Достаевскиймен жақын кездеседі. Шоқан мен Ф.М.Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте естен кетпестей болды. Өзінің хаттарының бірінде Достаевский былай деп жазды: ...Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы және Сіздің дағдарыңыз туралы армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды: бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз. Демек, осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді... Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге жан мен жүректі сыйлады.
Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан Ыстықкөл сапарының күнделігі, Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар деген және т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
1857-1859 жж. Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды.Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: Бұл мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек, - деп көрсетілген.
Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды. Сот реформасы туралы жазбаларында Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасы бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгендігін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол бергендігін әшкерелейді.
Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуге ат салысты.
Шоқан өз еңбектерінде барлық ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын қатты сынады.
Ол өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді.
Ш.Уәлихановтың орыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы өшпес еңбегі сол - ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті.
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.
Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда нағыз шынайы білімдер ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді, - деді ол.
Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады.
Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі - Ш.Уәлихановтың пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам діні.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының болашағы мистицизмге де, аскетизмге де емес, тек өркениет пен оқу-ағартудың табыстарына байланысты деп білді. Өзінің бұл талаптарын ол Даладағы мұсылмандық деген мақаласында негіздеді.
Шоқан Уәлиханов орыс ғылымы мен педагогикасындағы халықтық және ұлттық қағиданы негізге ала отырып, қазақ ағартушыларының ішінен бірінші болып, өз елінің табиғатын, тарихын, өмірі мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлес қосты. Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік өзгешелігі - өз елін орыс жұртшылығына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінушілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады.
Бұған - Ш.Уәлихановтың қырғыз халықының әдеби мұрасы Манас жырын зерттеушілердің бірі, белгілі ғалым-академик Ә.Х.Марғұлан өзінің Шоқан және Манас атты монографиясында ол жайлы былай де жазды: Манас - тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан еді1. Бірақ басқа ағартушылар сияқты, Ш.Уәлиханов та қоғамдық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіндіре алмады. Оның ойынша, сахарадағы әлеуметтік прогресс пен демократиялық өзгерістерге жетудің шешуші жолы мен құралы тек ғана ағарту, нағыз шынайы білімдерді тарату, мәдениетті жетілдіру. Ш.Уәлиханов арнайы педагогикалық еңбектер жазбағанмен, бірақ ол Қазақстанның мәдени өмірінен тыс қалған жоқ. Ағартушы-ғалым ретінде Ш.Уәлиханов халықтың арасында ағарту ісін тарату және дамыту үшін күресті. Шоқан Уәлихановқа орыс педагогикасының революциялық-демократиялық бағытының әсерінің салдарынан, ол қазақ балалары үшін мектептер ұйымдастырғанда оқыту мен тәрбиенің халықтық қағидасын басшылыққа алудың қажеттілігін ескертті. Бірақ Шоқан Уәлиханов басқа да ағартушылар сияқты қоғамдық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіндіруге дейін көтеріле алмады. Оның түсіндіруінше, тек ғана ағарту ісін шын мәніндегі білімді тарату, мәдениетті арттыру құралдары арқылы қазақ даласында әлеуметтік прогреске және демократиялық өзгерістерге жетуге болады деді.
Шоқан Уәлихановтың көзқарасының ерекшелігі оның дінге қатысында байқалды. Ол дінді жан-жақты сынай отырып, қоғамдық кемшіліктердің негізгі себебі ислам діні деп түсіндірді, шын мәнінде оның себептері қоғамның экономикалық факторларында, материалдық өмір жағдайларында жатқандығын жақтамады.
3.З. Фрейд және психоанализ
Психоанализ -- Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын.
Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тыңқояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде Фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін Фрейд гипноз амалы арқылы аурудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығаруға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң Фрейд басқа амалдарды қарастырды.
Адамзаттың ісін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады. Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады. Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.
Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).
Психоанализдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz