Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары

КІРІСПЕ
1. Экономикалық өсудің стратегиялық бағыттары
2. Ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің кезеңдері
3. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен өндіріс құрылымының технологиялық деңгейі, мемлекеттік институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.
Ғылым мен технология да елдің экономикалық өсуіне әсер ететін маңызды факторларының бірі болып келеді. Оны қолданыста жүрген ресурстарымыздың басым бағыттарының өзгеруінен, яғни шикізаттық бағытта ғана жүруден бас тартып, интеллектуалдыққа немесе білімге қарай ауысқанымыздан көруге болады. Әлемді шарқыған білімнің бәсекеге қабілеттілігі идеясы елдің даму стратегиясының негізі ретінде қалыптасты.
Қазақстанның дамуының стратегиялық мақсаты - ғылым мен технологияны дамыту, яғни олардың нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы мен коммерциялық пайда әкелуі арқылы, және де, экономикалық өсуді қолдайтын қолайлы инновациялық ортаны құру арқылы «білім экономикасын» қалыптастыру болып табылады. Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және экономиканың барлық секторының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы да, осы аталған мақсатта жетуге жағдай туғызады.

1. Экономикалық өсудің стратегиялық бағыттары

Өз алдында стратегия ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін басымды әрекеттің қабылданған бағыттары мен ресурстарын орналастыруды болжайды. Ұзақ мерзімді мақсатты анықтау - ол стратегиялық мақсаттың логикалық тұрғыда қол жетерліктей бір жүйеге келуін білдіреді. Әрекеттің қабылданған бағыттары - бұл алға қойылған мақсаттың басты бағыттын және жүзеге асыру әдістерін таңдау болып табылады. Ресурстарды тиімді орналастыру стратегияның жүзеге асыру үрдісін қолдаудың басты тетігі болып келеді.
«Білім экономикасында» жоғары білім деңгейі, жаңа білімдерді қолдану көлемі, өндірістің ұйымдастырылуының және технологиясының, инновациясының сапасы, экономиканың барлық салаларының: мемлекеттік басқару, білім, өндіріс, қызмет көрсету және т. б. салаларының ақпараттандырылуы қажет етілетін болады. Ең басты роль елдің жаһандық және аймақтық нарықта ұстанған жолын анықтайтын үкіметтің қолында болып келеді. Сондықтан да, үкіметтің «білім экономикасын» құруда бизнес және мемлекет құрылымдарын қатыстыру шешімі стратегиялық бағытта болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибеде экономикалықөсудің екі түрі қолданылады:
1) тұрақты экономикалық өсу
2) ұзақ мерзімді экономикалық өсу
Ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық өсу қарқынына әлемдік және отандық технологиялық жетістіктерге сәйкес келетін индустриалды-инновациялық даму стратегиясын таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, дамыған елдерде ЖІӨ-нің көп бөлігі қызмет көрсету, жоғары технологиялар, білім, байланыс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласынан құралған.
Тұрақты экономикалық өсім Қазақстан республикасының 2030 стратегиялық бағдарламасына сай жүзеге асырылып, қолданылып келеді.
\»Қазақстан-2030\» стратегиясы экономикамызды реформалаудың мақсаты мен бағытын анықтайтын негізгі құжат болып келеді. Онда кен өндірудің басым бағыттарын белгілеумен қатар, басты міндеттерінің бірі - экономикалық өсуді ЖІӨ-нің құрамындағы шикізат үлесін кемітіп, біртіндеп ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық тауарлардың үлесін арттыру арқылы қамтамасыз ету болып табылды. Қайта құрылудың мұндай қажеттілігі маңызды екенін бүгінгі күнгі тау-кен өндіру өнеркәсібі үлесінің қарқынды өсуінен керісінше өңдеу өнеркәсібінің кемуінен байқауға болады: 2001 жылы 44, 5%-дан 2004 жылы 53, 4 %-ға дейін артқан, сәйкесінше өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46, 9%-дан 39, 7%-ға дейін кеміген. Болжау бойынша 2000-жылмен салыстырғандағы 2010-ға дейін ЖІӨ-нің көлемі екі есеге ұлғаюына экономиканың индустриалды және аграрлық секторын жаңашылдандыру арқылы қол жеткізуге болады.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж. ) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.
Қазақстанның нарықтық экономикасы бар ел ретінде танылуы - экономиканы диверсификациялау мен оның шикізат тәуелділігін азайтуға және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай туғызуға бағытталған ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының құрылуын анықтап берді. Оның басым бағыттары мұнай-химия, отын-энергетикалық кешені, тау-кен өндіру және металлургиялық өнеркәсібі саласындағы, ауылшаруашылық және ғылыми бағыттағы тауарларды өндіру және сақтау салаларындағы инновациялық жобаларды игерумен байланысты болып табылады.
Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет.
Сапалық өзгерістердің көрінісі мынадай: аралық өніммен салыстырғанда түпкілікті өнімнің әлдеқайда алда болуы; өндірілетін өнім сапасының тез өзгеруі мен түрлерінің жаңаруы; ғылыми-техникалық прогресс жылдамдығын анықтайтын өндіріс салаларының өсуі. Сондықтан, экономикалық өсімнің жекелеген факторы заттық факторға қарағанда экономикалық өсудің жаңа сапасына қажетті басты шарты болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адам капиталына жұмсалған инвестиция мен экономикалық өсім сабақтас құбылыстар. Сондықтан, экономикалық өсудің басты құралы адам капиталына жұмсалатын инвестиция.

2. Ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің кезеңдері

Стратегияның институтционалдық-дайындау этапының (2003-2005ж. ) жүзеге асырылуы заңдық актілерге өзгерістер енгізумен басталды. Нәтижесінде жобалардың бастапқы этапында мемлекеттің қатысуы, инновациямен айналысатын компанияларға салықтық жеңілдіктердің берілуі, даму инститтарының құрылуы анықталды. Сонымен қатар білім және ғылым жүйесіндегі реформаларында стандартизациялау және сертификациялау үрдісі жүргізілді. Бірінші этапта инновациялық қызметтің екі деңгейлі инфрақұрылымын құру басталған. Ұлттық және аймақтық деңгейдегі технопарктер жүйесі және венчурлық қаржыландыруы жүйесі бар қаржылық инфрақұрылымдарының құрылуымен толықтырылды.
Екінші этап (2006-2010 ж. ) «индустриалдық жаңашылдандыруда» халықаралық стандарттарға сәйкес өнеркәсіптің инновациялық әлеуетін арттыру үрдісі басталды. Осының нәтижесінде өңдеу және ғылыми сыйымды секторлардың өндірістік қуаты құрылуы тиіс. Кәсіпорындардың инфрақұрылымдық қызметі әлемдік нарыққа шығу үшін IT секторларының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады. 2010-жылға дейін ЖІӨ-нің екі еселенуі туралы стратегиялық мақсатына тек мұнай және тау-кен саласының өсуі арқылы ғана емес, өңдеу өнеркәсібінің өркендеуі мен диверсификациялануы нәтижесі де арқылы қол жеткізуге болады. Стратегияның екінші этапында 2006-2008 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің бағдарламасына сәйкес мұнай-химия кластерін күшейту арқылы индустриалды-технологиялық орталықтар мен парктердің негізінде өңдеу саласының индустриалды зонасын дамыту қолға алынды. Сонымен бірге өңдеу секторы тауарларының экспорты 2009 жылы 1, 7 есе өсуге, ал оның ішінде арнайы экономикалық зоналар құру және өндіріс көлемінің ұлғаюы нәтижесінде 6, 7% өсуге тиіс. Бұл дәрежеге жетуге металлургия, машина жасау, тоқыма өнеркәсібінде және басқа салаларда онға жуық біріккен кәсіпорындар құрылуы ықпалын тигізеді.
Сонымен, үдемелі экономикалық өсу Стратегияның 2011-2015 жылдарға арналған ғылыми сыйымды тауарлардың үлесі жоғары және бәсекеқабілетті тауарлар түрлерінің өндірісіне бағытталған «инновациялық-технологиялық» үшінші этапының құрылымдық қайта құрылуының шараларын тездетіп шешуге мүмкіндік береді. Экономика салаларының құрылымында жоғары үлесті сәйкессіздіктің сақталуына байланысты «Технологиялық алға басу» Стратегиясын қабылдау қажеттілігі туындайды. Бұл стратегия шеңберінде басым бағытты жобаларды игеруге байланысты шараларды жүзеге асыруға және жаңа жобаларды жасап шығаруға мүмкіндік беріледі. Басым бағытты инновациялық жобаларды жасап шығарудың және игерудің негізі жоғары технологиялар саласындағы негізгі және қолданбалы ғылымның нәтижелері болып табылады.
Қазіргі әлемдік технологиялық даму тенденциясы биотехнология, ақпараттық қауіпсіздік технологиясы, бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникация, силандық технологиялар жасау, жоғары сапалы кремний өндірісін ұйымдастыру, жаңа материалдар және нанотехнология сияқты басты бағыттарды дамытуға қолайлы жағдайлар туғызуы қажеттігін көрсетуде. Бұл жағдай ұлттық экономикамыздың жаңа артықшылықтар саласына кіруіне және артуына мүмкіндік береді.
Стратегияның жемісті жүзеге асуы экономиканың, ғылыми-технологиялық прогресстің және өнеркәсіптің стратегиялық басқару әдістерімен анықталады. Сондықтан, осы үрдістерде стратегиялық басқарудың методологиялық мәселелері маңызды болып табылады. Сонымен бірге, стратегиялық менеджменттің теориясы мен практикасына сәйкес корпорация және бизнес бірліктер деңгейіндегі стратегиялық басқаруды жасау және жүзеге асыру мәселелері басым болып отыр. Батыс компанияларында қолданыста жүрген моделдер менеджменттің классикалық әдістеріне сүйенген: мақсаттың қойылуы, стратегиялық сараптама, стратегияны жасау және жүзеге асыру. Ең бірінші сатыда Миссия, Болжау, Мақсаты және Дамудың басым бағыттары құрылады. «Миссия» - терминологияда компанияның стратегиялық басқаруына жататын және оның бағыт бағдарын анықтайтын ұғым ретінде көрсетілген. Ұсынылып отырған моделге сәйкес макро деңгейдегі «Миссия» термині әлемдік нарықта ұлттық өндіріс жүйесін тек шикізат ресурстарын жабдықтаушы ретінде ғана емес, қосылған құны жоғары, ғылыми сыйымды, жоғары технологиялы, «интеллектуальды» тауарларды жабдықтаушы ретінде көрсету миссиясы ұғымын білдіреді. Технология трансформациясында және өндірісті жаңашылдандыруда елдің Үкіметі басты рольде болып табылады. Бұл жерде Үкімет өзінінің елді дамытудың катализаторы және «технологиялық» менеджері ретіндегі миссиясын атқарады.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуын басқару үрдісінде жаңа міндеттерді шешу қажет етілген жағдайда Үкімет миссиясы оны әрбір этапында қайта қаратыруы мүмкін. «Болжау» - бұл ел экономикасының даму деңгейінің және оның жағдайының көрінісін, оның ғылыми-технологиялық әлуетін және әлемдік нарықта алатын орнын анықтайтын ұғым болып табылады. Үкімет елдің болашақтағы жағдайын «Болжауына» байланысты «көшбасшы» немесе «Технологиялық алға басу» Стратегиясын жүзеге асыруы қажет. Сонымен, ары қарай, «Болжау» дамудың басым бағыттарын және стратегиясын жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілетін мақсаттарын анықтайды. Ішкі ресурстарымызды және сыртқы нарықтық ортаны стратегиялық сараптау елдің экономикалық, ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді, яғни мұның барлығы экономиклық өсімнің басты белгілері болып табылады.
Сыртқы орта сараптамасы (макроэкономика, инвестиция нарығы, технологиялар нарығы)
Ішкі орта сараптамасы (ғылыми-технологиялық деңгейінің даму тенденциясы)
Стратегиялық сараптама келесіге негізделеді: елдің экономикалық, ғылыми және инновациялық-технологиялық әлеуетін бағалау
Экономикалық өсу стратегиясы сәйкесінше ҚР-ның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» «ҚР-ның технологиялық алға басу стратегиясы» арқылы қарастырылуы мүмкін.
Стратегияның жетістіктерге жетуі оның жүзеге асуының басым және негізгі бағыттарын дұрыс таңдауына байланысты болып келеді. Ал сол бағыттары көрсеткен нәтижелерімен Қызмет етудің Бағдарламасына ықпалын тигізеді. Мониторинг ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты толықтулар мен түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Өэ кезегінде ішкі және сыртқы ортаның өзгеруі кері байланыстың әсерінен болады.
Даму стратегиясын жүзеге асыру үрдісінде өнеркәсіп кәсіпорындарының, венчурлық бизнестің, мемлекеттік және жеке даму институттарының қатысумен ғылымды, инновацияны және технологияны жүйелі түрде басқаруды жүзеге асыру Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесін қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның «Технологиялық алға басу» Стратегиясына өтуі ғылымның және бизнестің дамуының перспективті бағыттарына қаржылық ресурстардың және ғылыми-технологиялық әлеуеттің жұмылдырылуы, экономиканың «интелектуалдануы» негізінде экономикалық қызметтің жаңа саласына шығуға мүмкіндік береді. Жаңа өндірістерді құру жобалары өз кезегінде отандық ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген био- және нанотехнология, фармацевтика индустриясы саласындағы, жоғары технологиялар трансферті негізінде құралған әртүрлі бағдарламалық тауарлы инновациялар саласындағы отандық ғылыми зерттеулер мен тәжірибе конструкторлық жұмыстар нәтижелерін жүзеге асырумен айналысады. Бізге белгілі, ұлттық экономиканың ғылыми саладағы бәсекелік артықшылығы компанияның инновациялық стратегиясымен анықталады. Сондықтан, Үкіметтің инновациялық саясатында жоғары технологиялар саласындағы корпоративті сектор мен шағын инновациялық бизнестің технологиялық дамуының басым бағыттарына, қазақстандық ғалымдар мен компаниялардың халықаралық жобаларда бірлесіп жұмыс жасауына аса назар аударылуы тиіс. Бұл ел экономикасының тұрақты экономикалық өсіміне маңызды әсерін тигізеді.

3. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі

Ынталандыру жүйесінің дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары экономикалық ынталандыру жүйесінің келешегінде еңбекке ақы төлеуді жетілдірудің қажеттілігін ерекше бөліп атауға болады.
Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9, 4-10, 5%. Сектордың басты міндеті - бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.
Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі қызметінің нәтижелері тек сандық емес, әсіресе сапалық өсімде де көрінеді, бұл өз кезегінде, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына, халықтың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуінің анағұрлым азаюына серпінді ықпалын тигізеді.
Экономикалық өсімді ынталандыру механизмін қалыптастыруда бірінші кезекте ғылымды мемлекеттің есебінен қаржыландыру мәселесі тұр. Мұнымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің дамуында шаруашылық субъектілерінің шығындарын арттыру қажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бюджеттен қаржыландыру 2001-2003 жж. 40% деңгейінде болса, 2004 ж. ол 50, 3%-ға көтерілді. Қаржыландыру көздеріндегі өзіндік қаражаттың үлесі 18, 3% шамасында.
Пайда болған қиындылықтарға қарамастан, тұтастай алғанда, отандық ғылым жоғары әлеуетке ие, бұл орта мерзімді міндеттерді басым бағыттарда шешудің, өндіруші сектормен қатар, экономиканың шикізаттық емес салаларын іс жүзінде үдіретудің кепілі.
Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді, инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен байланыстылығын күшейте түседі.
Экономикалық өсімді ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың маңызды бағыттары - жоғары деңгейдегі инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, қаржылық қызметті реттеу, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру, қысқа және орта мерзімді болжамдар жасау.
Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын қажет етеді:
- экономиканың, жоғары технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу;
- іргелі және қолданбалы зерттеулері мемлекет және жеке меншік тарапынан қолдау;
- ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың тұрақты, заңдық нормативтермен қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін инвестициялауды жетілдіру.
Өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыру механизмінің негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған өнімнің отандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының әсерін күшейту, адам капиталын нәтижелі пайдалану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары. Стратегиялық жоспарлау
Бюджетаралық қатынастар
Шағын бизнес және оның құрылуы
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Бизнес инкубаторларды басқару
Банктік қызметтегі стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
Қаржылық жүйенің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz