Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНТСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Адамзат тарихында үлкенді-кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбан-дықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі - Ұлы Отан соғысы болды.

Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқарас та өзгеріп келеді. Жаңа кезеңнің бір қасиеті - баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың соны қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым Ұлы Отан соғысының тарихына да тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын түрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.

Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдыңа елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәлаудың жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мұмкіндік туды.

Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарғы қиын-қыстау түстарда жіберілген бірқатар қателіктерді тікелей мойындау және әділ баға беру бар, өйткені Сталин "үкімет" деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуды әдетке айналдырғаны мәлім.

Әрине, мұның бәрі жөн. Бірақ, Сталин өзінің бұл сөзімен, өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дүрыс та сыни бапта баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғарғы төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беретіндігін, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мұмкін еместігін анық аңғартқанды.

Ұлы Отан соғысына баға беру түгілі, оған қатысып жеңіске жеткен жауынгерлердің көңіл-күйі, психологиясы, траге-диясы мен шынайы махаббаты жайлы шығармалар да қатаң цензура тезінен өтетін болған. Оған төмендегі мысал дәлел бола алады. 1942 жылы Константин Симонов Валентина Се-роваға арнап "С тобой и без тебя" деген кітап жазған-ды. Ол жинаққа сол кездің әйгілі өлеңі - "Жди меня" да кірген еді. Соған қарамай, ұлы көсем Сталиннің өзі кітаптың тиражына қарап - 2000 дана екен: "Жаль, зачем так много? Надо было в двух экземплярах издавать: для нее и для него!" - деген көрінеді.

Бұған таң қалатын ештеңесі де жоқ. Бар замандар мен халықтардың жауыздары (тирандар) бірыңғай ойлаған ғой. Айталық, Наполеон Бонапарт былай деп жазған: "Саяси, әлеуметтік және моральдық ауқымдағы . . . менің өзімдікі болып табылатын қоғамдық істер жайлы, тарих туралы, нақты айтқанда қазіргі заманғы тарих туралы менен басқа ешкім де ойланбайды . . . болашақта . . . бәрі де мен сияқты ойлайтын болады".

Жариялылық, пікір алуандығы, Бұрындары зерттеушілер-дің қолына түспеген мұрағаттардың ашылуы соғыстың барысына және қорытындыларына берілетін бағалардың да сан алуандығын туындатты. Әділдік үшін айтқан жөн - соғысқа, ол жайлы әдебиетке, оның қорытындыларының, тәрбиелік мәніне деген әр қилы көзқарас соғысқа дейін де, оның барысында да орын алды. Сөйтіп, басқа тарихи жағдайда және басқа пошымдарда жалғасып келе жатқан бұл айтыстың түп тамыры тереңде жатыр.

Біз сонда жарақаттарымызды, жолдастарымызды санай бастадық . . . " Иә, Лермонтовтың қаһармандары Бородино түбіндегі шайқастан кейін оқ-дәрі иісімен түншыққан далада сөйте алды, ал Ұлы Отан соғысының жауынгерлері соңғы жылдарға дейін суық жердің қойнында қаншама қарулас-тарының да қалғанын анық білмей келді.

Соғыстан кейін "барша халықтардың әкесі" И. Сталин Ұлы Отан соғысындағы біздің шығындарымыз 7 миллион шамасында деп біржола кесіп айтқан болатын. Кейінірек Н. Хрущев осынау бұлдыр цифрды "20 миллионнан астам" деп түзегендей болды. Қайта құру мен жариялылық М. Горбачевке 27 миллион дейтін цифрды айтқызуға мұмкіндік берді. Бірақ соғыс пен оның қорытындыларына деген әр-алуан көзқарас бұл цифрға да күмәнмен қарауға жол ашты. Айталық, зерттеуші Б. Соколов соғыс барысында 37 мил-лионға жуық кеңес азаматтарының қаза тапқанын тілге тиек етеді. Басқа бір Е. Власьевич дейтін ғалым одан да асып жығылып, біздің құрбандарымыз 46 миллион болды дегенді айтады. Осыдан кейін жекелеген зерттеушілер соғыстың рөлі мен маңызына күмәндана бастады. "Өткен соғыс пәлен-дей отандық болған жоқ, ал ұлы десек, тек шығындары жа-ғынан ғана солай атауға жататын шығар" деп жазады Ю. Поляков. Осыған ұқсас пікірді Жеңістің 50 жылдығына ар-налған салтанаттарға соңғысөз - мақаласында академик Ю. Афанасьев те айтады. Ұлы Отан соғысының мағынасын, қорытындылары мен сабақтарын кемсіту көңіл-күйі қазақ-стандықтардың арасында да орын тепкен. М. Темірғалиұлы-ның "Ұлы жеңіс - республиканың тәуелсіздік алуы", С. Қо-жаназаровтың "Қазақстанның өз соғысы жайлы жазу керек", 3. Темірғалиұлының "Қасіреттер соғысы" деген жарияла-нымдары осыған куәлік еткендей деуге болады.

Бұл туралы не айтқан мәлім. Біздіңше, СССР халықтары құрбандарының орасан зор көптігі соғыстың Ұлы Отан соғысы екендігін және бір дәйектей түсетіндей секілді. Ол жайында оның үзақтығы, майданның батыстан шығысқа қарай жолындағысының бәрін жалмап екі мың шақырымға созылғандығы, кейін сол жолмен қайта "лықсығаны" анық айтып түр. Мұны күрестің сұмдық шиеленісті жүруі де айғақтайды, оның барысында дүшпан екінші дүниежүзілік соғыстың басқа барлық майдандарын қоса алғандағыдан күш пен қаржыны бірнеше есе артық жұмылдыруға мәжБұр бол-ды. Ол әскерінің де, қару-жарағы мен әскери техникасының да төрттен үшін тап осы майданда жоғалтты. Бұл рейх фю-рерлерінің Кеңес Одағын күйретпей, өздерінің әлемді жаулап алу жөніндегі жоспарларының жүзеге аспайтындығын айқын түсінгендіктен осылай болды. Ал бұл 1941-1945 жыл-дардағы соғыс СССР тарапынан Ұлы Отан соғысы бола-тындығы - оның ең парасатты мақсаттар - Жер бетіндегі барлық халықтардың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жүр-гізілгендігін білдіреді, оның үстіне мұндай мақсатқа қолдың жетуі - жеңістің ұлылығын дәйектей түседі.

90-шы жылдардың орта кезінде кеңестік ғалымдар ғана емес, шетелдік демографтардың есептері жарияланды, ал олар екі жақтың да майдандағы шығындары шамалас болғандықтарын дәлелдейді. 1993 жылы "Құпиялылық белгісі алынды . . . " деген ресми құжатжарыққа шықты. Ол бойынша 1941-1945 жылдардағы жалпы 26, 6 миллион құрбан адам-ның ішінде "кеңес армиясының қайтпаған шығындары, яғни қаза тапқандары, өлгендері, хабарсыз кеткендері және түт-қыннан оралмағандары 8. 649. 400 адамды құраған. Гер-мания мен оның одақтастарының соғыстың сол кезеңіндегі қайтпас шығындары 8. 649. 500 (оның ішінде немістер - 6. 923. 700) Адам болған. Ал, Кеңес Одағының азаматтық шы-ғындары (18 миллионға жуық) - әсіресе немістер жаулап алған жердегілері - Германия мен оның одақтастарынікіне қарағанда неге әлденеше есе көп болғанығы - бұл мұлде өзге мәселе . . . "

Біздің тарихымызда, оның ішінде соғыстың тарихында көптеген түнек беттер болғаны мәлім. Бірақ, шығындарды көрсете отыра, сонымен қатар халықтар достығы, патрио-тизм, Отанға деген махаббат, ересек үрпақтың ерлігі мен қаһармандығы сияқты ұлы әлеуметтік жетістіктерді жоққа шығарып, белден сызып тастауға болмайды. Бұгін біздің сол соғыста жеңілгендігіміз, ұрланған Жеңіс жөнінде айтып жүр-гендерге сенуге болмайды.

Қалай кереғар болғанымен, Бұгінде тарих пен, яғни соғыста не болғанын білу мен зерде арасында, яғни алапат күш жүмсап фашизмді жеңген халықтың жаппай зердесінде құ-ралған мифке бергісіз сурет арасында әлі күнге ұланғайыр алшақтық бар екендігі жалған емес.

Өткен соғыстың тарихын одан сайын аша түскеніміз біздің өзіміз үшін абзал. Мәселен, Кеңес үкіметінің екінші дүниежүзілік соғыс басталған 1939 жылғы 1 сентябрьден Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылғы 22 маусымға дейінгі аралықтағы іс-қимылы бұлыңғыр да түсініксіз. Егер Бұған жауап бермек болсақ, осы екі аралықты СССР-дың екінші дүниежүзілік соғысқа тікелей қатысуы деп қарастыруға бола ма? Бұл сауалға жауап беру үшін, мәселен, шын мәнінде болған мына фактілерді бір қатарға қою керек: 1) 1939 жыл-дың күзінде Брест қамалында өткен совет-герман "жеңімпаз-дар" парады; 2) Финляндияға қарсы бағытталған жаулап алу соғысы; 3) 1940 жылы Прибалтиканы, Батыс Украинаны, Батыс Белоруссияны, Бессарабия мен СолтүстікБуковинаны басып алу; 4) 1940 жылдың маусымына дейін Сталиннің Гитлерді Еуропада қол жеткен "жеңістерімен" құттықтап отыруы, Фюрердің құрметіне Кремльде мадақ сөз - топ тардың көтерілуі, ал жалпы алғанда СССР-дың 1941 жылдың ортасына дейін шын мәнінде Германия жағында одақтас-тарға қарсы соғысып келгені.

Соғысқа дейінгі оқиғалар тізбегін соғыстан кейінгімен жалғастыруға болады: 1) Кеңес Одағының Еуропаның жар-тысына жуығын аннексиялауы, өзге де континенттерден бір-неше плацдарм (Калининград, Итуруп, Шикотан, Хабаяма) басып алуы; 2) плацдармды кеңейту әрекетінің төмендегідей түрғыдажалғастабуы: Берлин(1953 ж. ), Будапешт(1956ж. ), Куба (1962 ж. ), Прага (1968 ж. ), Ауғанстан (1979 ж. ), кейі-нірек 3) Алматы (1986 ж. ), Тбилиси, Вильнюс, Баку, Мол-давия (Горбачев кезінде), ал сонсоң 4) Тәжікстан, Абхазия, Грузия және жаңаша, бірақ сол бағытта - Әзірбайжан, Гру-зия (мұның бәрі Ельцин кезінде), одан да кейін - Чешен-стандағы дүрбелең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық шаруашылығы
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Отан соғысы майдандарында
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарына аттануы және олардың жанқиярлық ерліктері
9 мамыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz