Буржуазиялық дәуірдегі психологиялық ілімнің дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Буржуазиялық дәуірдегі психологиялық ілімнің дамуы
Орындаған: Мұратова. М. Н
Топ студенті: ПХ-415
Тексерген: Едигенова А. Ж
Семей 2015 жыл
Буржуазия
- (французша bourgeoіsіe - қала тұрғындары) - елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Оның табыс көзін өндіріс пен саудадағы және қаржы-кредит салаларындағы кәсіпкерлік қызметі құрайды. Буржуазия 16 ғасырдағы революциялар мен реформалар кезінен қалыптаса бастап, өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың дамуына және демократияның орнығуына ықпал етті. Қазіргі дамыған елдерде ірі өнеркәсіп және қаржы Буржуазиясы билікке араласу мүмкіндігіне қол жеткізген. Дамушы елдерде Буржуазияның қалыптасуы қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты болады. Социалдық құрылысқа көшкен елдерде Буржуазия тап ретінде жойылған. Социалдық жүйеден бас тартып, нарықтық экономика мен азаматтық қоғам құруға бағыт алған елдерде ірі меншік иелері мен кәсіпкерлікпен шұғылданушылар тобы қалыптасуда.
1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə. Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Туысқандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. ” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
Буржуазиялық революциялар мен материалистік дүниетанымның өркендеу дәуірінде психологиялық әрекетке принципті тұрғыдан жаңа көзқарас қалыптасты, енді ол детерменизм ұстанымымен ұғыңдырылып, түсіндірілетін болды. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында психологиялық білімдердің дамуына жол ашылып, ХVII ғасырда жантану ғылымы бірқатар ілгері категориялармен толықты. Р. Декарт мінез-құлықтың рефлекстік табиғатын ашты, жан туралы ұғымды субъектінің өз психикалық актілерін тікелей білуі ретіндегі ұғымға айналдырды.
Нақ осы дәуірде өте маңызды бірқатар психологиялық ілімдер жарық көрді. Олар жан құбылыстарының байланысын анықтайтын байланыс ретіндегі ассоциациялар туралы (Р. Декарт, Т. Гоббс), аффектілер туралы (Б. Спиноза), апперцепция туралы (Г. Б. Лейбниц), білімнің сезімдік тәжірибеден туындайтыны туралы (Дж. Локк) ілімдері қалыптасты. Ағылшын дәрігері Д. Гартлидің ассоциация принципі жүз елу жыл бойында психологияның басты түсіндірмелік ұстанымы болды. ХІХ ғасырда физиологияның қойнауында психикалық функцияларды зерттеудің эксперименттік әдістері пайда болып, бұл функцияларды талдауға сандық бағалауды енгізу тұрғысында алғашқы әрекеттер жасалды (Э. Г. Вебер, Г. Т. Фехнер, Г. Гелъмгольц) . Дарвинизм психикалық функцияларды биологиялық жүйелердің нақты факторы ретінде зерттеу қажеттігін көрсетті. ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарында психология білімнің өз алдына бөлек саласына айналды. Психологиялық зерттеулердің басты-басты ғылыми орталықтары, арнаулы эксперименттік лабораториялар пайда болды. Мұндай алғашқы лабораторияны 1879 жылы Лейпцигте В. Вундт ұйымдастырды. Оның үлгісі бойынша осындай мекемелер Англияда, АҚШ-та, Францияда, Ресейде пайда болды. Психологияны объективті әдіс негізінде зерттеудің дәйекті бағдарламасы ұсынылады.
Сана құбылысын тікелей зерттеуге болмайды деп, оның сыртқы ортаны танып-білудегі рөлін жоққа шығарды, адам мен жануар психикасының елеулі айырмашылықтарын мойындамады. Бихевиористер тәжірибе жасауға үлкен мән берді, жануардың мінез-құлқын математикалық жолмен зерттеп, оларды дағдыландыруда елеулі табыстарға жетті. Бірақ психикалық құбылыстар шын мәнін теориялық тұрғыдан дұрыс түсіне алмай, кейіннен ғылым сахнасынан шығып қалды. Осы кезеңде жан қуаттарының құрылымын тұтастай зерттеудің қажеттілігіне ерекше мән берген гештальтпсихология («гештальт» неміс сөзі, қазақша «бейне», «түр»), құрылым деген ұғымдар бағыты пайда болды. Оның негізін салған Макс Вертгеймер (1880-1943), Вольфганг Келлер (1887-1967), Курт Коффка (1886-1940), Курт Леви (1890-1947) т. б. еді. Олар сананың ұсақ элементтерге бөлінуіне қарсы шығып, жан құбылыстарының тұтастығын, олардың өзіндік сапаларының (тұтастық, тұрақтылық, құрылымдық, фигура мен фонның арақатынасы т. б. ) ерекшеліктерін көрсетті. Мәселен, бір күйді жоғары не төмен дыбыстармен тартқанмен, тыңдаушы дыбыстардың неше түрлі болуына қарамастан, бұлардың қай-қайсысын да бір мазмұнда қабылдайды.
Гештальтпсихология жан қуаттарының тұтастығын адамға әсер етуші заттармен байланыссыз, кісіге бастапқы кезден танылған жан құбылысы деп, осы бейнелердің сыртқы ортаның әсерінен туындап отыратынын еске алмады. Аталмыш кезеңде батыс психологиясында пайда болған негізгі бағыттардың бірі - фрейдизм еді. Осы ілімнің негізін қалаған Австрия психиатры Зигмунд Фрейд (1856-1939) жан дүниесіндегі санасыз әрекеттердің табиғатын зерттеді. Ол адам санасын қалыптасу жолын түс көру, гипноз, түрлі ырықсыз құбылыстарды зерттеу арқылы түсіндіруге болады деп адам психикасының дамуында биологиялық негізге - инстинктерге ерекше мән беріп, әлеуметтік фактордың рөлін жоққа шығарды. Фрейд құштарлық пен нәсіпқұмарлықты тіршіліктің арқауы деп ұқты. Жыныстық ләззат (либидо) алу шығармашылық іс-әрекет дамуының қозғаушы күші деп, сананың рөліне жете мән бермеді.
Кейінірек шетел психологиясында необихевиоризм, неофрейдизм, логотерапия, психогенетика, гуманистік психология дейтін бағыттар пайда бола бастады. Бұлар адамның жаны қуаттарының заңдылықтарын түрліше зерттеу әдістері арқылы түсіндіре бастады. Кеңес психологиясында адамның іс-әрекеті, сондай-ақ (С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев т. б. ) бір-бірімен қарым-қатынас жасады (Б. Ф. Ломов, т. б. ), оның бағыт-бағдары (Д. Н. Узнадзе т. б. ) туралы теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде әлемде психологияның 40-тан астам саласы бар. Олардың бастылары: психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, әлеуметтік психология, балалар психологиясы, педагогикалық психология, жас ерекшелігі психологиясы, еңбек психологияcы, шығармашылық психология, медициналық психология, патопсихология, нейропсихология, инженерлік психология, психолингвистика, этнопсихология, практикалық психология, дифферециалды психология, әскери психология, спорт психологиясы, эксперименттік психология, үкімет немесе билік психологиясы және т. б.
Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.
Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы.
ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.
Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.
Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.
Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.
Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz