Ақша жүйесі және оның негізгі типтері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім: Ақша жүйесінің теориялық негізі
1. Ақша жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Ақша жүйесі типтері мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3. Ақша жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ бөлім: Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің қызмет ету жолдары
1. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіндегі сипаттама ... ... ...17
2. Қазақстан Республикасындағы ақша аграгаттарын қолдануына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ІІІ бөлім: Ақша жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланыған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Валюталық бақылау орандары болып, Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып, заң бойынша, валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
3. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
4. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.
5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
6. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
7. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,
Алматы –2000
8. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар»,
Алматы – 2000 ж.
9. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001
10. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
11. Сахариев С.С. «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.
12. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,
Алматы -2002
13. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005
14. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.
15. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,
N 9- 2005
17. Худяков А.И. Основы теории финансового права. -Алматы, Жеті Жаргы, 1995. -С.224-225.

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --
------------------3
І бөлім: Ақша жүйесінің теориялық негізі
1. Ақша жүйесінің қалыптасуы------------------------- -------------------
--------5
2. Ақша жүйесі типтері мен қызметтері------------------------- ----------
-------9
3. Ақша жүйелері--------------------------- -----------------------------
------------15
ІІ бөлім: Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің қызмет ету жолдары
1. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіндегі сипаттама-----------17
2. Қазақстан Республикасындағы ақша аграгаттарын қолдануына талдау-----
----------------------------------- ----------------------------------
-----19
ІІІ бөлім: Ақша жүйесін жетілдіру-------------------------- -------------
-----22
Қорытынды ----------------------------------- ---------------------------
-----------27
Пайдаланыған әдебиеттер------------------------- ------------------------
------29
Кіріспе
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет
етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен
орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық
банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей
Жарлықтары шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан
Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік
кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары
және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Валюталық бақылау орандары болып, Ұлттық банк және Қазақстан
Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып, заң бойынша,
валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық
операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық
резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта
қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық
шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы
режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге
халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады:
валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау,
валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
ХВК – ға енетін кез келген ел өз төлемін валюта түрінде еркін
конверциялаған валюта сатып алуға резерві мен төлем балансының тапшылығы
жойылмайынша конверцияланбаған валюта басқа елге сатылмайды.
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу, тәуелсіз
мемлекеттің барлық атрибуттарын (жарақтарын) қалыптастырудың соңғы қадамы
болды. Оның үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Қазіргі дағдарыс
жағдайында ұлттық валютамызды енгізу амалсыз шара болды, оған 1993 жылы 7
тамыздағы және 23 – ші қыркүйектегі жаңа тұрпаттағы сом аймағын құру
туралы Ресей үкіметімен жасалған келісім шарттардың ресейліктердің кіріснен
жүзеге аспай қалуы себеп болды.
Теңгені енгізу байланысты алда тұрған басты міндет – оның
тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта
конверсиялану қабілеті бар валютаға айналдыру. Ол үшін ең алдымен
экономиканы дүниежүзілік нарықты бәсекелестік қабілеті бар экономикаға
айналдыру, ал валюта – қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік
қатынастардың халықаралық стандартына сәйкес қайта құру керек.
Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің
барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге
байланысты алда тұрған басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары сатып
алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта валютаға айналдыру. Қазіргі
таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз
ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып
табылады.
Теңгенің енгізілуі республиканың экономикалық және саяси -
әлеуметтік жағдайына әсер етті. Қазақстанның сол уақытқа дейін сом
зонасынан шықпауы, бұрын қалыптасқан экономикалық кеңістікті және оның
шаруашылықтық байланыстарын сақтау мақсатында болатын.
Қазақстан валютасымен енгізуге дайындық үдерісінде Ұлттық Банк
шетел және ТМД елдерінің тәжірибесін мұқият зерттеді. Әр түрлі варианттар
тыңғылықты қарастырылды.

1. Ақша жүйесінің қалыптасуы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты
еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың болғаны; мұндай
бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынас бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас
құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір
сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті тұрде тұтыну құны ретінде көрінеді.
Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен
табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-
қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және осы
тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде
бір-бірін табады және өзара бір-біріне аусады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой =1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндiрiсiнiң дамуы барысында кездейсок, айырбас жиiлендi.
Жалпы тауар массасының; iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауарды бөлiнiп
шығyымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндiрiсiнiң өcyiнe байланысты неғұрлым жиi айырбасталатын тауар -
барлық басқа тауарлардьң бiр-бiрiмен өзара айырбасталу туралы бола
бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы
құндық формасына жасырын турде ету басталды. Бiрақ, оның рөлi бiр тауарға
нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндык, эквивалент рөлiн белгiлi бiр
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасында айналады.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық
эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын, әр түрлi тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарды шаруашылық, уклад өз эквивалентін алға тартады.
Бiр халықтың, өзiнде әр түрлi уақыттарда және әр түрлі де бiр мезгiлде әр
түрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiншi, ipi еңбек бөлінісінің
нәтижесiнде мал бағyшылардың бөлiнiп шығyымен мал (ipi қара) айырбас
құралына айналды. Олардың белгiлi түрлерi табиғи-климаттық жағдайларға
байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда -
жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт- аудандарда түйе; тундрада - бұғы
жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарады. Малды жалпы эквивалент ретiнде
пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлi қолжазбаларда, қазба
жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда, поэзияларда кездеседi.
Гомердiң көне Троя батырлары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде
пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда
"өгiз" деген атау ойып өрнектелiнiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi "пекуния"
(ақша) "пекус" ("мал") сөзiнен шьққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша
бірлiгiнiң атауы "рупия" негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл
ақшаларға ауысқаннан кейiн де "мал" деген атауға ие болды. - Ярослав Мудрый
1018 ж. былай деген "біздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн,
старостылардан гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі
қазынашы малшы, қазына, қазына жинау орны – мал ұстайтын орын деп
аталынады.
Әлемде әр түрлi "экзотикалық" ақшалар болған. Каролин аралдapы
тобына кipeтiн Яв аралында осы күнге дейiн феи ақша айналысында қызмет
етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын
еске түсiредi. Мұндай "монеталардың" диаметрi бiрнеше метрге, ал массасы
тоннаға дейiн жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушы феяға
бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он eкi қойға теңестiрiлдi.
Өнер мен жер игерушiлердiң бөлiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi
жалғасты. Бөлунішілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар
эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы,
күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т.б.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі
және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында
ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді.
Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің
негізін қалаушы Томас Моор өзінің Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап деген еңбегінде: Алдау, ұрлау, тонау... кісі
өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл
жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай,
олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
аландаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді.
Егер ақша адам өмірімен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен
туған кедейліктің өзі де жойылар еді.
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: Қай жерде болсын барлық
нәрсені ақша өлшемінен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің
табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес.
Осыған байланысты былай деді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық
дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі
сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де
коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті емес.
К. Маркс айтқандай: Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен
берілген. Алтын
жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып
отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие; бөлінуі оңай, әдемі,
бұзылмайды, баспайды, тек қана патша аралығында (23 тұзды және 13 азот
қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша
дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының
өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол
әр түрлі салаларға пайданылады – электроникадан бастап зергелік істерге
дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде
кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын
жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалыңдығы 3 мк.
жуық. 4000 жылдардан бастап б. ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық
өндірілген алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы
өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы – екіншінің дүние жүзілік
соғыстан кейін өндірілген.
Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында
болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі
үлесі 40%-ды құрады. Алтын өндіру
қиын және қамталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м
орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеу қажет. Алтынды
ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің
еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40 °С – ден жоғары
температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР – да
әлемдік өндірісінің 23 өндірілсе, ал қазір 13 ғана өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60- сы жұмыс істеп
тұр. Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге
электронды – есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық
аспаптарды, синтетикалық талшықтарыды жасау үшін де қолданылады.
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді.
Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін
білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден
құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал
ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
2. Ақша жүйесі типтері мен қызметтері
Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне
қатысты бейнелеген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
✓ металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін
атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
✓ несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын
банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі -
биметаллизм және монометаллизмге тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін
заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде
соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
✓ параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы
қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
✓ қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынас мемлекет анықтады;
✓ ақсақ валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып
қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент
табағатына қарама – қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты
белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу
нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар
айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын,
не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет
Ұлыбританияда 1816 ж, Германияда – 1871-1873 жж., АҚШ – та – 1900 ж.
белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852 –
1893 жж. қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын
монометаллизмі үш түрге бөлінді:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның
ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны
бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда
банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда – 1700 фунт стерлинг,
Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймаларына
айырбасталды).
Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда,
Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел
валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір
елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен
туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және
экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.
1. Ақша құн өлшемі және баға масштабы. Құнның өлшем қызметі тауар
өндірісі жағдайындағы туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының
өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал
қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола
алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды
құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады.
Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды
көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды.
Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады,
сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың
бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма – қол ақшаның болуы қажет емес,
себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның
көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып
табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ.
Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес.
Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі
бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент
ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың
бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын,
күміс, мыс) мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады.
Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла
бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы,
фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму
барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
2. Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде
тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл
кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі
бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды
сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа
нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен
кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату – сатып алу процесіне қызмет етеді.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
❖ тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;
❖ оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма - қол) ақшалар орындайды,
❖ ақшаның бұл қызметінде тауарлардыт айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар –
ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын)
байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын
нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі. Егер ақшаның
айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың
құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
3. Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты.
Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы
тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Егер тауар мен ақшаның
қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін
сатып алынған немес керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы
қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшадай
төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
❖ тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
❖ еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
❖ мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
❖ банктік қарыз, мемлекет және тұтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
❖ сақтандыру міндеттемелері;
❖ әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақшалар төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар. Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар
(қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды
ақшалар атқарады.
4. Ақша қорлану және қор жинау құралы. Ақшаның төлем және айналыс
құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т- А- Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т
айрылуымен байланысты.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде
олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып,
олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе
алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында,
яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
❖ кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік
шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
❖ банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары
банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі.
Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта
бөлу процесіне дәнекер болады.
5. Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі,
дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі,
халықаралық төлем және сатып алу ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз
ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін
алтынға балап бекітті.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп
айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттың валюталары қызмет етті. 1913 ж.
халықаралық есеп айырысуларының 80 пайызы ағылшын фунт стерлингінде
бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын
халықаралық есеп айырысуларының қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл
ақшадан несиелік ақшаға өту жолын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz