Ақша жүүесінің мәні, түрлері және даму тенденциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.Ақшаның даму тарихы, түрлері, қызметтері және олардың қажеттілігі мен міндеттері.
1.1 Ақшаның даму тарихы мен эвлолюциясы ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері, құн өлшемі және айналыс құралы қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Төлем құралының мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Ақшаның дүние жүзілік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің мәні және оның заңы.
2.1 Ақша жүйесі туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Ақша жүйесінің биметализм және монометализм теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Ақша, несие банктер-қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметті қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметтін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Өркендеген елдер мен Қазақстаның ақша және банк жүйелерінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау ақша, несие және банктердің батыстық нарықтың үлгісін қазақстандық дамушы үлгісімен салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтарға көз жеткізуге мүмкіндік береді. Ақша, несие, банктер, бағалы қағаздар нарығы және олардың түрлері мен даму жолдары тарихи сабақтастық принципіне негізделіп зертелді.
Курстық жүмыс «Ақша жүүесінің мәні , түрлері және даму тенденциялары» деген тақырыпқа жазылып отыр. Курстық жүмыстың мақсаты, ақшаның даму тарихы мен эволюциясын, ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категия ретіндегі түсінігін , ақша қызметінің эволюциясын ашып қарастыру, ақша жүйесі және ақша жүйесінің даму тенденцияларын ашып қарастыру болып қарастырады.
1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
3. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
4. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.
5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
6. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
7. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,
Алматы –2000
8. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар»,
Алматы – 2000 ж.
9. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001
10. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
11. Сахариев С.С. «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.
12. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,
Алматы -2002
13. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005
14. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.
15. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,
N 9- 2005
17. Худяков А.И. Основы теории финансового права. -Алматы, Жеті Жаргы, 1995. -С.224-225.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..2
1.Ақшаның даму тарихы, түрлері, қызметтері және олардың қажеттілігі мен
міндеттері.
1.1 Ақшаның даму тарихы мен эвлолюциясы ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері, құн өлшемі және айналыс құралы
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... 10
1.3 Төлем құралының
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Ақшаның дүние жүзілік
қызметі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 19
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің мәні және оның заңы.
2.1 Ақша жүйесі туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Ақша жүйесінің биметализм және монометализм
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24
3.Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..28
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе.
Ақша, несие банктер-қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз
белгілері. Олардың қызметті қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді,
айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске
айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі
тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда-санда банк
қызметтін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын
жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар
арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен
қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз
қалайды.
Өркендеген елдер мен Қазақстаның ақша және банк жүйелерінің
қалыптасуы мен даму кезеңдерін салыстыра талдау ақша, несие және
банктердің батыстық нарықтың үлгісін қазақстандық дамушы үлгісімен
салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтарға көз жеткізуге мүмкіндік
береді. Ақша, несие, банктер, бағалы қағаздар нарығы және олардың
түрлері мен даму жолдары тарихи сабақтастық принципіне негізделіп
зертелді.
Курстық жүмыс Ақша жүүесінің мәні , түрлері және даму
тенденциялары деген тақырыпқа жазылып отыр. Курстық жүмыстың мақсаты,
ақшаның даму тарихы мен эволюциясын, ақшаның жалпы эквивалент және
экономикалық категия ретіндегі түсінігін , ақша қызметінің эволюциясын ашып
қарастыру, ақша жүйесі және ақша жүйесінің даму тенденцияларын ашып
қарастыру болып қарастырады.
Курстық жұмыс, кіріспеден және үлкен үш тараудан түрады. Бірінші
тарау Ақшаның даму тарихы, түрлері, қызметтері және олардың қажеттілігі
мен міндеттері деп , екінші тарау Қазақстан Республикасының ақша
жүйесінің мәні және оның заңы деп, үшінші тарау Қазақстан Республикасының
ақша жүйесінің даму тенденциясы деп аталады . Бұл тараулар ішінде шағын
пункттерге бөлінеді.
Сондай-ақ курстық жұмыс қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен түрады.
1. Ақшаның даму тарихы, түрлері, қызметтері және олардың қажеттілігі мен
міндеттері.
1.1 Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің
дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату
немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарының тудыра отырып, тауар
формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы
объективті алғышарттардан құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.
Егер түтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғамдық тарапынан
мойындалмаса , онда оны дайындауға кеткен уақытының рәсуә болғаны; мұндай
бүйым тауарлық формаға ие емес , өйткені оны қоғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті түтыну құны алу құралы бола отырып ,
өзінің өндірушісінің қатысы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сұреттін тауар , ол ақша.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ
кездескенде босқа бір қауымның өніміне айырбастайды . Сонда адам еңбегінің
нәтижесі - өнім . Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатиынастарын
, яғни өнімді сату -сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар . Тауар
дегеніміз сату- сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі , немесе
тауар- еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен
өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсаттармен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде, яки нарыққа көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің
түтынуы үшін жұмсалады, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен ,
етікші өзі тіккен етігін өзі пайдаланса , онда ол тауар емес түтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі –
түтыну құны өз сатып алушысын таппаса , қоғам оны мойындамағаны , онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да , зат тауар түріне ие
бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат . Тауардың босқа адамдардың
қажетін қанағатандыратын қасиеті тауардың түтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық түтыну құны болып табылады. Түтыну құны тауарда
өндірушінің өз қажетін емес , басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы
басқа адамдардың қажетін өтейді . Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп аталады.
Құн дегеніміз – тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы . Қоғам
дамуының негізгі -еңбек . Сондықтан , тауарға сінген қоғамдық еңбек
тауардың құны болады. Бұл бір жағынан , ал екінші жағынан еңбек шығындары
өздігінен өнімді құн ете алмайды. Өнімнің құны болу үшін белгілі бір
қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар өндірісі , яғни өндірістік
қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт . Ол тек тауар
өндірушілердің ғана қатынастары . Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға тексерулері кезінде , яғни айырбас құны арқылы
көрінеді . Сөйтіп, құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде түтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады
. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып , айырбас процесінде бірін-бірі табады және өзара бір-
біріне ауысады .
Құн –тарихи категория . Құнның негізі – адам еңбегі . Құн –еңбегінің
нәтижесі еңбек жемісі . Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
онвң еңбек теориясын негізін қалаушылары 17 ғасырдағы ағыншыл экономисі
У.Петти, 17 ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит , 19 ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д.Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті 19
ғасыр К.Маркс қосты . Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын ,
яғни белгілі бір түтыну құны жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрнісін жасайтын абстрактылық еңбекті ашып , оны жан жақты талдады.
Тауардың екі жағының- түтыну құны мен құның – қайшылықтың болғанмен , ол
ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барсында , айырбас құнының жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барсында кездейсоқ айырбас жиіенді . Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөліп
шығаруымен құның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жұнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын
тауар – барлық басқа тауарлардың бір-біріменен өзара айырбасталуы құралы
бола бастады. Осыдан келіп , құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан
жалпы құндық формасында жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір
тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эвивалентік ролін
белгілі бір тауарға көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп
аталынады. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналады.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалентік немесе ресімделінбеген ақша фрмасын , әртүрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлық шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады.
Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарға және әртүрлі халықтарға бір
мезгілдегі әртүрлі эквиваленті болады. Сонымен, бірінші,ірі еңбек
бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас
құралына айналады. Олардың белгілі түрлері табиғи - климаттық жағдайларға
байланысты нақты сол айырбас орталығы болады. Шалғынды аудандарда –жылқы,
сиыр және қой; шөл және щөлейт аудандарда- түйе; тундрада –бұғы жалпы
құндық эквивалентік қызметтін атқарады. Малды жалпы эквивалентік ретінде
пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлі қол жазбаларда, қазба
жұмыстарының нәтижесінде табылған заттарды, поэзияларда кездеседі.
Капитал сөзінің шығуын да малмен байланысты , өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басты санның көптіігін білдіре отырып , меншік иесінің
байлығын көрсетеді.
Тауарлардың ішкі қайшылықтарды қандай жағдайда шешіліді деген
сұраққа жауап іздесдестірейік .Қоғамдық еңбек
Яғни басқалар үшін еңбек ету қоғамдық дамуының барлық сатыларында болады.
Алғашқы қауымда да атриархалық отбасында да адамдар өз күш қуатын жұмсай
отырып , өз отбасына қажетті өнім шығарып , бір –біріне еңбек етті. Алайда
мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек
өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге
айырбасталу қасиеті ол өнімді сату- сатып алу кезінде , яғни нарықта оны
түтыну және құн етеді. Өйткені , егер өнім сатылса оның түтыну құны
басқаның қажеті өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден . Екіншіден , оның
құнының бар екені дәлелдегені . Міне дәл сатып алу – сату жағдайында
тауарларды ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі .
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып ,
одан әрі жетіліп , нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-
біріне айырбасталып қоймай , бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше тауар , яғни
тауар-ақша пайда болады. К.Маркстың сөзімен айтқанда : Айырбас құны ,
тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауарлар ретінде
жүретін тауарлар , ол –ақша. Әрбір жеке тауар түтыну құны ретінде
көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарларды ақшаға теңгергенде ғана
анықталады . Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және
біріне-бірі теңгеледі.
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері, құн өлшемі және айырбас құрал қызметтері.

Ақшаның кезкелген тауарларға теңгелуі неліктен ? Ол ақшаның тауар
өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруына . Бұл ақшаның алғашқы
қызметті . Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын
өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы
қызмет атқарады . Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір –біріменен
теңгерілмейді, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі
қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей кезінде тікелей құнның көрінуіне
мүмкіндік бермейді . Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық
етуіменен ғана көрінеді .
Алайда тауарларды бір-біріне теңестірілетін ақша емес , керісінше
толық құнды ақшаны қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жүмсалатын
қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар
құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын қарайтын көп
қоғамдық еңбек жұмсалады . Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола
алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін емес , ос еңбекпенен құралатын құнын
көрсетеді .
Соныменен ақшаның бірінші атқаратын қызметі –ол өндірілген өнімнің
құнын өлшеуші құрал . Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолдау болуының
қажеті жоқ . Ақша құн өлшем қызметін қоддағы ақша емес, қиялдағы, яғни
ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнынын өлшеу оны ақшаларға
айырбастаудан бұрын өтеді , ал құның тауарлары формасын ақшалай формасын
айырбасталу үшін тауарлардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын
белгілеу үшін қолда ақшаның үстап тұруының қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі
ойды бағаланады. Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгелетін ақша емес ,
ақшаны көмегіменен барлық тауарлар өзара теңгермелі . Себебі ақша сияқты
басқа тауарлар – адам еңбегінің өнімі , ол өнімдерді біріне-бірін
теңестіруінің біріңғай негізі – абстрактылы еңбек.
Тауар ақша болып көретін құны- тауар бағасы. Баға деген құнның
ақшалай көретін бейнесі . Енді өндірілген өнімнің құнын ақшаменен анықтау
керек дерелік , яғни оны айырбасқа түсірі үшін бағасын белгілеу керек . Ол
үшін баға маштабын қолдану қажет . Баға маштабы деп ақша өнімі ретінде
мемлекет белгілеген белгілі бір металдың мөлшері мен массасын айтады.
Алғашқы монета соғылған кезде баға маштабы оның салмағына тең келеді . Бұл
ресми баға маштабы еді . Ақша тұрлерінің өзгеруіне байланысты баға маштабы
ашаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға маштабының арасындағы
айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі- ол ақшаның экономикалық қызметі
, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынының анықтайды. Ал баға
маштабы тауардың құнын анықтау үшін емес , оның бағасын белгілеу үшін
мемлекет заңды түрде бекіткен –құқықтық сипаттағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнына атқарылуы салдарынан
металл ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға маштабы өзінің
экономикалық маңызын жойатын айта кеткен жөн . Қазір әр мемлекеттің өзінің
нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға маштабында бар . Оның
негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналсында атқаратын екінші қызметі –айналыс құралы .
басқаша айтқанда , тауарлар бір-біріменен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау ( Т-
Т ) тауар айналсы (Т-А-Т) формасына айналады . Бұдан екі акт бар :
біріншісі Т-А—ол тауарларды сату немесе тауарларды ақшаға айырбастау , ал
екіншісі А-Т ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны
тауарға айырбастауға бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына
сапалық өзгерісер енгізеді . Атап айтқанда:
Біріншіден , Т-А—процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсалған
еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді .
Екішіден , бір нарыққа тауарларды сатып , басқа бір нарыққа керек
тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден , тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып
алуды кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктерді нәтижесінде жекеленген айырбас акттілері араласып ,
түйісіп бір түтас тауар айналысы процесі (Т-А-Т1 А1-Т2-А2) құрайды .
Осы процестер барсында ақша бірінші , екінші , үшінші кісіге және т.с.с .
қолдан қолға ақша айналсын құрайды . Сөйтіп , ақша айналыс құралы сансыз
сатып алу –сату процестеріне қызмет көрсетіп , үнемі айналыста жұреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметтінің ерекшеліктері :
-Тауар мен ақшаның біріне –бірі қарсы қозғалысы;
-Бұл қызметті ойдағы ақша емес қолма –қол ақшаның
орындалуы;
-Бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға
ілесе жүріп , лезде шапшаң орындағандықтан айырбаста
нақты ақша материалы емес, оның орнына қолданған
ақша белгілерінің жүруі .
Демек , ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы тауар –ақша
айналымының шапшаңдылығы толық құнды металл ақшалардың орнына жұретін
кембағалы монеталар , кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызды .
Ол үшін нақты ақша – алтынның символы ретінде кембағалы монеталар мен қағаз
, несие ақшаларының тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік беріп ,
адамадар мойындауы қажет . Соның нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше
белгілерімен куәләндірылмаған ұлтық ақшалары мен майда монеталары дүниеге
келеді.
Ақшаның бұл қызметіне айналысты қажетті ақша мөлшері сатылатын
тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша
неғұрлым тез айналса , соғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет . Егер
де айналыстағы ақша массасы тауар массасынан көп болса , онда айналымдағы
кем бағалы ақша құнсызданады . Оны ғылым тілінде Инфляция деп атайды .

1.3 Төлем құралының мақсаты.

Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақытты оған ақша төлеу
уақытыменен сәкес келе бермейді . Төлемдікешіктіре отырып, сатылған
тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы
тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді . Демек ,
бұл – тауар несиеге сатылды деген ұғым . Тауар несиеге сатылғанда сатушы –
несие беруші , ал сатып алушы борышқор деп аталады . Сатып алушы ақшаның
орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді . Қарыз өтелменде ақша
төлем құралы қызметін атқарады .
Ақшаның төлем құрал қызметі тек тауар айналсын қамтыуменен шектеліп
қоймай , соныменен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет
көрсетеді . Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады :
-Тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу ;
-Еңбекақы , зейнетақы ,шәкіртақы ,жәрдемақы төлеу ;
-Мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу ;
-Банктік , мемлекеттік , түтыну несиелері бойынша қарыз
өтеу;
-Сақтандыру міндеттемелеріне өтеу ;
-Құқықтық – сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құрал қызметтін айналыс құралы қызметтінен өзгешеліктері бұл
қызметтерінде ақша сатып алу – сату процестерін аяқтайды және қолма-қол
ақшамен қатар несие ақшалары жүреді .
Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келсімдерінде ақша көбіне төлем
құралы ретінде қолданылады . Несие қатынастарының дамуы қолма-қол ақшаны
қатыстырмастан қарыз міндеттемелерін өзара есепке алу жолыменен өтуге
мүмкіндік туғызады.
Ақша төлем құралы қызметі орындалуына байланысты айналысқа қажетті
ақша мөлшері , яғни ақша айналысы заң толық мәнге ие болады . Атап айтқанда
, тауар несие сатылғанда айналысқа қолма-қол ақша түспейді . Сондықтан ол
айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтелетін міндеттемелері соммасына
азайады . Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша
уақытында төлем түспесе , онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіріледі .
Сөйтіп , ақшаның төлем құралының қызметі несие қатынастары мен несие
жүйесін дамытты . Ол- алтын ақшаның айналысатын ығыстырудың тағы да бір
айғағы . Ақшаның келесі бір қызметі – қор жинау және байлық құру құралы .
Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті
мөлшерде белгілі бір уақыта ақша қорын жинау керек . Әр түрлі жағдайларға
байланысты тауар айналысы тоқпақ қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша
айналысы да тоқтап , белгілі бір тауарларды сатқаннан сщң ақша жиналып
қалады . Әрине ақша қорын жинау әртүрлі нақты себебтерге байланысты .
Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүру үшін қажетті ақша
мөолшері өзгеріп отырады . Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша
мөлшерін қосып , кейде , керісінше
Ондағы ақшаны шығару қажет болады . Мысалы , ауыл шаруашылығындағы жұмыстар
жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі . Көктемде егін егу үшін алдын ала
қажетті құрал жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткізу , тұқым және
жанар жанармайды әзерлеу және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек .
Бұл экономикалық себебтер . Соныменен қатар пайда күнемдік , әшекей
бұйымдарын жинау , жеке қор жинауға әсер етеді .
Айналым құралдары және түтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие
ақшалары қолданылады . Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтауды және
адамдардың жеке жинақтары түрінде болады . Бұлардың біріншісіне : Кәсіп
орындарын , ұйымдардың банктерді есеп және дипозиттік шоттарындағы ақша
қаражаттарын қалдығы түріндегі жинақтар , ал екіншісіне : халықтың
банктердегі , мемлекеттік облигациялардағы т . б . Салымдағы түріндегі
жинақтар жатады . Несие механизмі арқылы ұйымдармен халықтың жинақ
қаражаттарын банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі . Сөйтіп ,
елдің ішіндегі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша , яғни қолма- қол
ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді .
Ал толық құнды материалдаған құн ретінді жалпы байлықтың
өкілі болып табылады . Мұның мәнісі , ақшаның байлық құру
құралы қызметін тек толық құнды ақша ғана : алтын құймалары ,
одан жасаған әшекей бұйымдары , сонымен қатар қымбат тастар
атқарады . Бұндай қор – елдің байлығын көрінісі . Байлық мемлекеттің
сақтандыру қоры реттінде стихиялы құбылыстар кезінде жұмсаланады
.
Қорыта айтқанда ақшаның қор жинау және байлық құру құрал
қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастыру , бөлу және қайта бөлу
процесінде жүреді .
1.4 Ақшаның дүние ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Бағалы қағаздар нарығы және оған қатысушылар
Несиелік мекемелердің түрлері
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық функциялары
Кәсіпорын бағалау қажеттілігі
Экономиканың дамуындағы банктердің ролі туралы
Бағалаудың теориялық негіздері. Бағалаудың мәні, бағалаудың функциялары
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Пәндер