Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын зерттеу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Банктердің инвестициялық қызметі ұғымы, мәні және мазмұны
1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
1.3 Шетелдегі банктердің инвестициялық операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің инвестициялық операциялары
2.1 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің инвестициялық операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
2.2 «Қазақстан халық банкі» АҚ.на экономикалық сипаттама ... ... ... ... ... ... . 17
2.3 «Қазақстан халық банкі» АҚ.ның инвестициялық операциялары ... ... ... .. 23
3 Банктердің инвестициялық қызметінің даму перспективалары және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ережелері бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табуында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы. Ал тар мағынады, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшаай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп неізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктің инвестициялық қызметін инвсетициялық саясат көмегімен жүзеге асырады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жасау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тқрады. Банктерің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәитжелігін немесе пайдалығын, сондай – ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:
• инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
• баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегі (үлесін) анықтау;
• инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығын;
• инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
• бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің
тиімділігі;
• инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;
• портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
• сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
• пайдалар мен зияндардың есебі;
• компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары;

1.“Ақша, несие, банктер” / Сейітқасымов Ғ.С. - Алматы : Экономика, 2001.
2.“Коммерциялық банктер операциялары”/ Мақыш С.Б. – Алматы : ИздатМаркет, 2004.
3.“Ақша айналысы және несие” / Мақыш С.Б. – Алматы : Қазақ университеті, 2004.
4.“Қазақстанның банк жүйесі” / Ғ.Сейітқасымов, Ж.Бекболатұлы, С.Кәрімжанов. - Алматы , 2009.
5.“Кәсіпорын экономикасы” / Р.Қ. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Байнеева. – Алматы : Экономика, 2008.
6.“Қазақстан Республикасының банк құқығы” / Л. Давыдова, Д. Рахманов. - Алматы : «Жеті жарғы», 2006.
7.“Жалпы экономикалық теория” / Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. – Ақтөбе : «А-Полиграфия» , 2004.
8.“Банк ісі” / Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. – Алматы : «Қазақ униерситеті», 2004.
9.“Қазақстан экономикасын басқару негіздері” / К.Б.Бердалиев. - Aлматы Экономика, 2001.
10.“Банктегі бухгалтерлік есеп ” / С.Т.Міржақыпова. – Алматы : Экономика, 2006.
11.“Қаржы, Ақша айналысы және Несие” / Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева. - Алматы : Экономика, 2008
12.“Банктік құқық” / С.М. Найманбаев – Алматы : «Жеті жарғы» , 2005.
13.“Қазақстан Республикасы кәіпорындарының инвестициялық қызметін дағдарысқa қарcы басқару” // « Қоғам және Дәуір» , № 2 (26), 2010.
14.“Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер” // «Экономика негіздері» , №4-5 (29), 2009.
15.“Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер” // «Экономика негіздері» , №3 (27), 2008.
16.“Инвестициялық процестің экономикалық табиғаты” // «Қазақстанның ғылыми әлемі» , № 2 (24), 2009.
17.“Коммерциялық банктердің қор биржасындағы қызметін жетілдіру” // 18.«Экономика негіздері» , №4-5 (29), 2008.
19.“Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы” // «Экономика негіздері», №4 (22) 2007.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1 Банктердің инвестициялық қызметі ұғымы, мәні және мазмұны
1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық 5
мәні ... ... ... ... ... ...
1.2 Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

1.3 Шетелдегі банктердің инвестициялық 12
операциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің инвестициялық
операциялары
2.1 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің инвестициялық
операциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
... ... ... ... ..
2.2 Қазақстан халық банкі АҚ-на экономикалық 17
сипаттама ... ... ... ... ... ... .
2.3 Қазақстан халық банкі АҚ-ның инвестициялық 23
операциялары ... ... ... ..
3 Банктердің инвестициялық қызметінің даму перспективалары және
жетілдіру 27
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер 36
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Кіріспе
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен
қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты
болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және
тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама
экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып
отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының
бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін
төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің
өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен
бірлесе отырып атқарады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті
операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың
шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк
қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп
айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару,
халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады.
Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті
операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ережелері бар. Кең
мағынада, банктік инвестиция – пайда табуында банктің ресурстарын
орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы. Ал тар
мағынады, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшаай
қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп неізгі капиталға жұмсаған
қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктің инвестициялық қызметін инвсетициялық саясат көмегімен жүзеге
асырады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жасау үшін біршама
тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция
портфельдің құрылымын оңтайландырудан тқрады. Банктерің инвестициялық
саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәитжелігін немесе
пайдалығын, сондай – ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар
портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған
шаралар жиынтығы.
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді
қамтиды:
• инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
• баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың
шегі (үлесін) анықтау;
• инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен
атқарушылардың жауаптылығын;
• инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
• бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің
тиімділігі;
• инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі
талаптар;
• портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
• сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
• пайдалар мен зияндардың есебі;
• компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары;
Коммерциялық банктерде инвестициялық қызметінің төменгі деңгейде
болуының себебі олардың шектеулігі және инвесторлар ( шетелдік және отандық
) мүдделерінің экономиканың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі болып
табылады. Жеке шаруашылық субъектілері бос қаржы қаражатын иеленгенімен,
оны ағымдағы шығындарын өтеуге жұмсайды, ал коммерциялық банктер нақты
өндірісті инвестициялауға әлі құлшыныс таныта қойған жоқ. Үшіншіден,
көптеген мемлекеттердегі инвестициялық белсенділік пен экономикалық өсу
шетел капиталының қатысуымен қолдау тауып отыр. Алайда, тәжірибенің
көрсетуінше, шетел инвесторлары үшін, ең алдымен, дәстүрлі шикізатты
салалар, әсіресе, мұнай газ және металлургия өнеркәсіптерінің игеруші
салалары тартымды. Ал байланыс, көлік, ауыл шаруашылығы, машина құрылысы
кешеніне ТШИ көлемі азырақ келеді.
Зерттеу мақсаты: коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын
зерттеу.
Курстық жұмысты орындаудағы міндеттері келесідей:
• Банктердің инвестициялық қызметі ұғымы, мәні және мазмұнын анықтау;
• Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің инвестициялық
операцияларын талдау;
• Қазақстан халық банкі АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау;
• Банктердің инвестициялық қызметінің даму перспективалары және
жетілдіру жолдарын зерттеу.
• Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар
есебін құрастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Халық банкі АҚ.
Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, қорытындыдан, 3 бөлімнен және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты —
қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және
өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар,
оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну
қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады
(вексельдер, чектер).
Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен
ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе
облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы
қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция,
облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды
білдіреді(купондар, талондар).
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар,
облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды
сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде
мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе
басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор
бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе
клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың,
ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады,
клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған
бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы
нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне
байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға
деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда
банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы
қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген
опрерациялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары
табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың
басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының
бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді.
Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың
есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді
және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат
орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай – ақ клиенттерге қандай
бағалы қағаз түрі, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға
болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Банк жүйесі мен жалпы экономиканың сәтті дамуы банктердің инвестицияық
процессте беделді қызмет атқаруына себеп болады. Бір жағынан коммерциялық
банктердің қызметінің міндетті шартты ретінде экономикалық аяның тұрақты
болуы деп саналады, басқа жағынан алып қарасақ, экономикалық дамудың
тұрақтылығы көбіне банктік жүйенің икемді және тұрақты болуынан, яғни оның
нәтижелі қызмет көрсетуінен. Жеке банктердің қызығушылығы тәуекелдің төмен
дәрежесінде неғұрлым көбірек пайда табу. Экономиканың инвестициялануына
банктер тек қана жағымды, тиімді шарттар болғанда ғана қатысады.[1,72б]
Инвестициялық процессте банктердің жалпы алғанда негізгі бағыттары
мынадай:
• инвестициялық мақсаттағы банк өнімдерінің шоғырлануы;
• инвестициялық мазмұндағы несиелердің берілуі;
• салымдарды бағалы қағаздарға, пайға, үлестік қатысуларға салынуы
(банк есебінен де, клиент тапсырмасынан да).
Бұл бағыттар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Капиталдарды, халықтың
жинақтарын, және тағы басқа да бос ақша құралдарын шоғырландыра отырып,
банктер олардан пайда табу мақсатында өз ресурстарын құрастырады. Ақша
құралдарын жинастыру операцияларының көлемі мен құрлымы – банктің несиелік
және инвестициялық портфельдеріне әсер ететін негізгі факторлар және
олардың инвестициялық қызметке жарамдылығының негізі.
Банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қызмет көрсететін бизнес
ретінде қарастырылады: бағалы қағаздарды бірінші нарыққа шығару және
орналастыру; екінші ретті нарықта сатушы мен сатып алушыларды жолықтыру
брокерлік және диллерлік қызметтер арқылы.
Совет одағы кезінде банктердің инвестициялық қызметі ретінде қарыз
алушыдарға ұзақ мерзімді несиелік капиталды ұсынуды және шоғырландыруды
қарастыратын. Бұл тұрғыдағы мәселелер сол кезгі жағдаймен байланысты болып
келген, ол кезде банктердің инвестициялық қызметі ретінде ұзақ мерзімді
несиелеу болып қарастырылды. Бәріне белгілі себептермен ол кезде бағалы
қағаздар нарығының жұмыс істеуі мүмкін болған жоқ.
Инвестиция ретінде банк ресурстарын барлық бағыттар бойынша
орналастыру, табыс табу мақсатында ақша қаражаттарын белгілі мерзімге
негізделген операциялар жиынтығы деп қарастуруға болады. Бірінші жаірінші
жағдайда банктің активті операцияларының барлығы қарастырылса, ал
екіншісінде операциялардың құрлымы қарастырылады.
Банктік инвестициялардың өз экономикалық құрлымы бар. Банктің
инвестициялық қызметін микроэкономикалық тұрғыда – оны экономикалық субьект
ретінде қарастырса, онда банк инвестор ретінде өз қаржы құралдарын тікелей
және жанама пайда табу мақсатында белгілі мерзімге қаржылық активтерді және
нақты активтерді сатып алу үшін жұмсайды.
Сонымен қатар банктің инвестициялық қызметі қаржылық делдар ретінде
макроэкономикалық қызметті де атқарады. Бұл қасиетте банк шаруашылық
субьектердің инвестициялық сұранысын қанағаттандыру қызметін, нарықтық
экономика жағдайында ақша-несиелік түрде жинақтар мен қорларды инвестицияға
айналдырады. Сондықтан банктің инвестициялық қызметі макроэкономикалық
тұрғыда экономиканың инвестицияға деген сұранысын қанағаттандыру қызметі
деп есептеледі.
Сонымен банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қарастырылады.
Экономикалық субьект (банк) ретінде қарастырса инвестициялық қызмет банк
табысын көбейтуге негізделген. Макроэкономикалық тұрғыда инвестициялық
қызмет қоғам капиталының өсуіне бағытталған.
Экономиканың дамуы позициясынан банктің инвестициялық қызметі тек қана
банктің пайда табуы емес, сонымен қатар қоғам деңгейінде де табысқа қол
жеткізу болып табылады (қоғам табысын қайта бөлу кезінде болатын, банктің
жеке табысын ұлғайтатын ивестициялық қызметтерден басқа). Сонымен
макроэкономиалық тұрғыдан банктің инвестициялық қызметі өндірістік негізде
жүргізілгенде көрініс табады.
Банктің өндіріске инвестициясы өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен
дамуына қажет, шаруашылық субьектердің капиталдық шығындарына банктің
қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бірінші ретті нарықта орналасқан
үлестер, пайлар, акциялар, басқа бағалы қағаздарды сатып алу, инвестициялық
несиелендіру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүргізіледі.
Коммерциялық банктің инвестициялық қызметін екі тұрғыдан қарастыру бір-
бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс негізінде объектерді жекешелендіру
нарығы мен бағалы қағаздар нарығының дамуы жатыр, олардың құралдары тікелей
немесе жанама түрде инвестициялық процесстің қызмет етуін құрайды. .[2,57б]
Коммерциялық банктер инвестициялық қызмет барысында микроэкономикалық
тұрғыда жекешелендірілген өндірістің бағалы қағаздарын орналастыру арқылы
қатысады. Банктер басқару қызметін бірінші ретті нарықта орналасқан
өндірістің бағалы қағаздарын, акцияларын, пайларын сатып алу түрінде
жарғылық капиталға салым салу арқылы жүзеге асырады. Сондықтан
инвестициялық қызмет экономикадағы инвестициялық процесстің негізі ретінде
қарастырылады.
Қазақстан экономикасы жағдайында, бағалы қағаздар нарығының
спекулятивтік салымдарға толы болуы, тұрақсыздығы мен экономикаға
инвестициялаудың мәселерін шешуде ешқандай маңызды ролді ойнамауы, әлі ұзақ
мерзімге дейін несиелік түрде инвестициялық сұранысты қанағаттандыру
маңыздылығы сақталады. Сондықтан банктердің инвестициялық процесске
қатысуын зерттеу кезінде банктің инвестициялық қызметінің екі жақтығын
ескеру керек.
Банктің инвестициялық қызметінің индикаторлары ретінде келесі
көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:
• коммерциялық банктердің инвестициялық ресурстарының көлемі;
• инвестициялық ресурстардың нақты индекстік бағасы;
• банк инвестицияларының көлемі;
• инвестициялық салымдардың жалпы банк активтеріндегі үлесі;
• объектілер бойынша банктік инвестициялардың құрлымдық
көрсеткіштері;
• банктің инвестициялық қызметінің тиімділік көрсеткіштері, соның
ішінде, инвестиция көлеміне есептелген активтердің өсуі, инвестиция
көлеміне есетелген пайданың өсуі;
• табысты қаржылық активтерге салымдармен салыстырғандағы
инвестициялардың өндірістік секторға альтернативті табыстылықғының
көрсеткіштері.
Салымдардың объектісі бойынша нақты экономикалық активтерге салыидар
және қаржылық активтерге салымдар деп қарастыруға болады. Банктік
инвестицияларды дифференциялған түрде объектілер бойынша қарастыруға
болады. Олар: инвестициялық несиелерге, қысқа мерзімді депозиттерге,
пайларға және үлестік қатысуларға, бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке,
қымбат бағалы тастар мен металдарға және тағы басқаларына салымдар деп
бөлуге болады.
Банктік инвестициялар салыну мақсаты бойынша тікелей және портфельді
болуы мүмкін. Тікелей инвестициялар инвестициялау объектісін басқаруға
бағытталады. Ал портфельді инвестициялар инвестициялық объектіні тікелей
басқару емес, пайыздар мен дивидентер арқылы немесе активтердің нарықтық
бағасының көтерілуіне негізделген табыс табу мақсатында жүргізіледі.
Инвестициялардың салыну бағыты бойынша өндіріс пен ұйымның банк
тарапынан шаруашылық қызметіне қатыспай, тек қана құрылуы мен дамуына
бағытталуы мүмкін.
Инвестициялардың құралу көздері бойынша банктің өз инвестициялары және
банк есебінен жүргізу, және клиент тапсырмасы бойынша және клиент есебінен
банк жүргізуі мүмкін.
Инвестициялардың салыну мерзімі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға
дейін), орташа (үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жылдан артық) болуы
мүмкін.
Коммерциялық банктердің инвестициялары тәуекел түрлері бойынша, салыну
аймағы бойынша, салыну саласы және тағы басқа түлері бойынша бөлінуі
мүмкін.
Коммерциялық банктер өндіріс саласында инвестициялық қызметті
атқармайтын болса, нақты инвестицияларды олар нарықта қызмет жасайтын
жылжымайтын мүліктерге, бағалы металдарға, мүліктік және интелектуалдық
құқықтарға немесе өзінің материалды-техникалық жабдықтарын жақсартуға
жұмсауы мүмкін.
Жылжымайтын мүліктерге салым салу олардың нарықтық бағасының өсуі
немесе оларды жалға беру арқылы табыс табуға болады. Бірақ жылжымайтын
мүліктерге салым салу инвестицияны қаржыландыратын ұзақ мерзімді қаржы
көздерінің болуын талап етеді, сондықтан бұл істі көбінесе ірі банктер
жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлік нарығы негізгі үш тараптан тұрады: ғимараттар,
шаруашылық объектілер және жер учаскелері. Бұл бағыттардың қай саласынада
болмасын инвестициялар жасау банк қызметкерлерінің арасында әр саланың
білікті мамандарының болуын қажет етеді. Сонымен қатар бұл салаға салым
салу төмен өтімділікке әкеліп соғады. Сондықтан инвестициялық шешім
қабылдау барысында барлық көрсетілген факторларды және барлық ақпараттарды
талдап, жүйелі шешім қабылдау керек. Жылжымайтын мүлікке салым салу кезінде
объектінің жарамдылығы, орналасқан жері, көлемі, оны сатып алу немесе салу
керектігі, кейін оны ауыстыруға болатындығы талданып сараланады. .[2,83б]
Бағалы металдар мен асыл тастарға салым салу банктің бірнеше мақсатына
сүйенеді. Олардың нарықтық бағасының көтерілуіне, бұл активтердің белгілі
уақытқа дейін өз құндылықтарын жоғалпауына, сақтану резервтері қызметін
атқаратындығына, осы ерекшеліктеріне негізделіп банк салым салуы мүмкін.
Бағалы металдар мен асыл тастарға банк инвестицияларын салу тез арада
пайда табуға негізделмеген. Бұл операцияларды ресурстық базасының
жеткілікті болуы немесе дұрыс бағаланбаған немесе бағасы анықталмаған
активтерге салым салу саясатын жүргізетін банктер жүзеге асырады, бірақ
болашақта олардан үлкен табыс күтеді. Бағалы металдар мен асыл тастарға
салым салу, жылжымайтын мүліктерге салым салудан қарағанда жоғары өтімді
болып келеді, сондықтан күтпеген жағдайлар туғанда оларды тез арада сатып
жіберуге болады.
Нақты инвестициялар жалпы банк инвестициясының көлемінің аз үлесін
құрайды. Қаржы-несиелік иститут ретінде банкке негізінен қаржылық
инвестицияларды жүргізгені абзал.
Банктің қаржылық инвестицияларына бағалы қағаздарға, басқа банктердегі
қысқа мерзімді депозиттерге, несиелік инвестицияларға, пайлар мен үлестік
қатысуларға салым салу жатады. Қор нарығының дамуы салдарынан бағалы
қағаздарға: борыштық міндеттемелерге (вексельдерге, депозиттік
сертификаттарға, мемлекеттік және муниципалды бағалы қағаздарға), үлестік
бағалы қағаздарға (акциялар), туында бағалы қағаздарға (деривативтер) салым
салу тиімді саналуда. Бағалы қағаздарға салымдарды банк өз есебінен (бактің
инвестициялық операциялары) және клиент тапсырмасы мен соның есебінен
(клиенттің инвестициялық операциялары) жүргізуі мүмкін. Банк басқа
банктердегі қысқа маерзімді депозиттерге салым салуы мүмкін.
1.2 Банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және жіктелуі
Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын,
нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз ету
мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске
асыруға бағытталған шаралар жиынтығы .

шегін (үлесін) анықтау;

• инвестициялар портфелінің диверсифиакциялануына қойылатын
негізгі талаптар;
• потрфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;

• компьютерлік қамсызданлыру бағдарламалары.

орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг ), сондай-ақ клиенттерге
қандай бағалы қағаз түрін , қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай
жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды
сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаржаттың келіп түспейтіндігі
туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент
қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.[3,47б]
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздар жасалатын
операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін
бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор ( акция, обликация) және
коммерциялық бағалы қағаздар ( коммерциялық вексель, чек қоймалық ,
кепілдік куәліктер ).
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
• Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға
жеңілдікпен ( номиналдық құнымен төменгі бағамен ) сатылып,
номиналдық құны бойынша өтіледі.
Мысалы, 91 күнге шығарылған , номиналдық құны 100 теңге тұратын
дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай
табыс аласыз:
100 – 75 = 25 теңге немесе
25 теңге : 75 теңге ( бастапқы салынған инвестиция) х 100%=33,3%
Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33,3
% : 91 күн = 0,3659 құрайды. Демек, бір жылдық табыс: 0,3659 % х 364 күн
= 133,19 % тең.
• Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс
әкелетін бағалы қағаздар . Купон мерзіміне қарай жылына 2
не 4 ретке дейін төленеді.
• Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін
бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор – банктің табысы екі
көзден : дисконт түріндегі табыстар құралады.
Бүгінгі таңда ҚР – дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің
бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі , мұндай
бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк
ондағы қаражатты тез арада кқолма – қол ақшаға айналдыра алады ,
екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен
немесе жоқ десе де болады. Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін
өтімді коропоративтік бағалы қағаздарға да орналыстыруда.
Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
• акциялар;
• облигациялар;
• депозиттік және жинақ сертификаттары;
• ипотекалық куәліктер;
• депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операциялар мен облигацияларға
байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде
дами қойған жоқ.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын
куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін , сондай –
ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Дивиденд төлеу тәсінің айырмашылығына байланысты жай және
артықшылықты акцияларға бөледі . Жай акция, оның иесіне акционерлік
қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару
ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ао артықшылықты
акция иесіне қоғамның тбысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық
береді , бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына
қатысуға құқық бермейді. Артышылықты акцияның келесі бір артықшлығы
– қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция
иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.
Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады : құжатты (номиналдық
құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын
бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі
түрге бөлінеді:
• Купондық облигация - инвестор – банкке пайызмөлшерлемесі
формасында , яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс
әкелетін түрі.
• Дисконттық облигация – инвестор – банктің облигацияны
шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып,
оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрнде
банкке табыс әкелетін түрі.
Мысалға, облигацияның ағымдағы бағасы – 100 теңге , купон мөлшерлемесі
– 10 % , онда облигацияның ағымдағы табысын былай есептеуге болады:
Купон баға х 100 = 10 100 = 10 %
Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы
табыс:
10 150 х 100 = 6,66 %

операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекттің бағалы
қағаздарына жұссалып отыиғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы
қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы
қаражатты тез арада қолма – қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден ,
олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе
де болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде
дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары
болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты
банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда.
1.3 Шетелдегі банктердің инвестициялық операциялары
Дүниежүзілік тәжірбиеде бағалы қағаздар нарығындағы банктердің
инвестициялық операцияларын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен
жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу,
сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
• бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң
шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
• осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет орган дарының
қаулылары мен бұйрықтары;
• бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе
ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-
шаралары.
Негізінен бастылары бағалы қағаздар нарығына қатысушы банктерге
лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуынана шек көю
немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және басқа жұмыстар.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің операцияларын мемлекеттік
реттеудің жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
• несие үшін процент мөлшерін өзгерту аркылы айналымдағы
ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
• мемлекеттің салық саясаты;
• банктік депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
• қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы
(қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді
бағалы қағаздар, мемлекеттік органдарың міндеттемелерін
шығару) арқылы мемлекет пен корпор арасында несие үшін тікелей
бәсекенің тууы;
• мемлекеттің сыртқы экономикалык саясаты (шетел валютасы
мен алтын операцияларын, экспорт шарттарын ынталандыру жұмыстарды
реттеу);
• мемлекеттің сыртқы экономикалык іс-шаралары (саяси байланыстарды
ұлғайту немесе шектеу.)
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы
ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі көмиссия), не Қаржы министрлігіне, не
мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ та тиісті заңдарды
шығару, олардын орындалуын тексерумен көнгрессте кұрылған Бағалы
қағаздар және қор биржалары туралы көмиссия шұғылданса,
Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.[4,63б]
АҚШ – та реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға
бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар:
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін
барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы
қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін
барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет,
яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн.
Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар
тіркеуден өткізбеу кұқын алады.
Екіншіден, экөноииканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен
камтамасыз ету. Ол, әдетте, банктердің бағалы қағаздарды шығару
мен оны шығарушылар туралы анықтамалық хабар беретін эмиссия
проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір
адамдар ғана біліп және тек солардын арасында орналастырылатын жеке бағалы
қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралык ақпарат
беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы
өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын
тексеру және ондағы құқық тәртібін сактау қызметімен де айналысады.
Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен
катар нарықтын өзін-өзі реттеу іс-шарларының да маңызы зор. Оның ең бір
дамыған формасы – қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау
жасаумен қатар оған қатысушылардың банктердің іс-әрекеттерін реттейтін
біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады. Халықтың
ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы
қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі
үлесі 50%-дан асады.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің операциялары Ресейде 10-12 жыл
бұрын қалыптаса бастады. РФ БҚН пайда болуы экономикалық емес жағдайлардан
туды, бұл оның батыстық модельде құрылуын әкелді. Бірақта әлемдік бағалы
қағаздар нарығының бір құраушы бөлігі болғандықтан, РФ нарықтық қорының
өзінің ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ресейдің бағалы қағаздар нарығы ұзақ уақыт бойы
спекулятивтік операцияларды жүзеге асырушы механизм болды, сондықтан қазір
сату көлемінің құрылымының мәнді бөлігі таза спекулятивті болып отыр.
Сонымен қатар, ресейлік бағалы қағаздардың өте төмен өтемшілдігін айта
кету керек, яғни оның екінші нарығы мүлдем жоқ. Сонда да, екінші нарықта
акцияларды сату көлемі үнем, қарқынды өсуде. Ресейдің өтемшіл бағалы
қағаздары болып өндірістік сферадағы, экспортқа бағытталған кәсіпорындардың
акциялары табылады. Ұйымдастырылған нарықта 200 ресейлік компаниялардың
акциялары айналымда жүрседе тұрақты келісімдер бірнеше эмитетнт шеңберінде
ғана жүргізіледі[6].
Ресейлік нарықта барлық акцияларды екі топқа бөлуге болады: өтемшіл
акциялар (көк фишкалар) және басқа қалған акциялар. "Көк фишкалылыарды"
саусақпен санарлай - бұл РАО ЕЭС, "Газпром", "Сургутнефтегаз", Сбербанк,
"Ростелекөм" және тағы басқа. Қалған мыңдағаны биржада айналымда және
олармен келсімдер өте аз жүргізіледі. Акцияның өтемшілдігі олар қалай
белсенді сатылатынын көрсетеді.
Акцияның өтемшілдіктің негізгі сипаты оның биржадағы күндізгі
айналымы. Акцияның күндізгі айналымы қаншама көп болса, соншама бағасындағы
айырмашылық төмен болады. ММВБ-дағы күндізгі айналымда МосФинБанктің
акциялары, ал одан кейін Лукойл компаниясы.
Сонымен, бұл бөлімде банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық
мәні, банктердің инвестициялық қызметінің ұйымдастырылуы және жіктелуі,
шетелдегі банктердің инвестициялық операциялары анықталды. Келесі бөлімде
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің инвестициялық
операцияларына талдау жасалынады.

2.1 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің
инвестициялық операциялары
Коммерциялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы
қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың
акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен
корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы
ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта
құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің
барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде
орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің
бағалы қағаздарына дейін орналастырады “Коммерциялық банк” термині
банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы
операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі
клиенттері саудагерлер болған ( міне осыдан “ коммерциялық банк ” деген
атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен
банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да
банктің “ коммерциялық” деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.
Ол банктің “іскер“ деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің
барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына
байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық
операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын, сонымен
қатар банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.Капиталдың бағалы қағаздар
сияқты түрінің пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметтің күрделене
түсуі нәтижесінде несиелік ресурстардың үлкен көлемін тарту қажеттілігінің
дамуымен байланысты. [2,63б]
Қазіргі кезде бір уақытта коммерциялық банктер өзінің бағалы қағаздарын
шығару арқылы эмитенттер де, трэйдерлер де, өз шотынан бағалы қағаздарды
сатып алғанда инвестор рөлінде және бағалы қағаздар операциясын жүргізетін
делдал болып саналатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының бірі болып
қатысады. Олардың көпшілігі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке
тұлғалардың) қаражаттарын біріктіреді және олардың табысты бағалы
қағаздарға орналастыру мүмкіндігін қарастырады. Қазіргі кезде коммерциялық
банктер бағалы қағаздар нарығындағы қызметін өзінің қызметіндегі маңызды
бағыттардың бірі деп санайды. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар
операциясынан және инвестициялық қызметтен түскен табысы пайданың
қалыптасуында басты рөл атқарады, сондай-ақ оның кеңеюі бағалы қағаздар
операциясының жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді
қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 92 лицензия қолданыста:
Кесте 1- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті
жүзеге асыратын ұйымдар саны
2012 жыл2013 жыл2014 жыл
Барлық брокерлер–дилерлер оның ішінде: 62 54 50
Банктер 24 24 25
олардың I –санаттағысы 22 22 22
банктік емес ұйымдар 34 28 24
олардың I –санаттағысы 25 21 21
АӨҚО қатысушылары 4 2 1
Кастодиандар 10 11 11
ЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық 13 11 -
басқарушылар
Инвестициялық портфельді басқарушылар 33 27 27
Трансфер-агенттер 2 2 2
Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушы 1 1 1
БҚН қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша 1 1 1
клирингтік қызмет
Жиынтығы 122 107 92
2014 жылғы төртінші тоқсанда (Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ) бағалы
қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға
1 лицензия және инвестициялық портфельді басқаруға 2 лицензия (МұнайГаз-
Дем АҚ және Астана-Инвест инвестициялық үй АҚ). Сонымен бірге, 4
лицензияның қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға 1 лицензия
(Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ АҚ), зейнетақы активтерін басқару бойынша
қызметті жүзеге асыруға 2 лицензия (МұнайГаз-Дем жинақтаушы зейнетақы
қоры АҚ, Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ Қазақстан Халық Банкінің АҚ ЕҰ)
және инвестициялық портфельді басқаруға 1 лицензия (Jazz Capital
Брокерлік үйі АҚ) берілді. [15]
2014 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда бағалы қағаздар нарығында қызметті
жүзеге асыруға лицензиялардың саны 1-ке дейін азайды.
2014 жылғы төртінші тоқсанда бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың
жиынтықты қаржылық көрсеткіштері өсуі байқалады. Атап айтқанда, 2014 жылғы
қазан-желтоқсанда жиынтықты активтер 27,5 % ұлғайды және 131,7 млрд.
теңгені құрады, міндеттемелер 35,1 % азайды және 18,3 млрд. теңгені құрады,
капитал 51,0%-ға ұлғайды және 113,4 млрд. теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) активтері институционалдық
инвесторлардың бағалы қағаздар нарығында инвестицияланған активтерінің
жалпы сомасы 32,5% немесе 2 037 369 млн. теңге болды. ЕДБ бағалы қағаздар
нарығында инвестицияланған активтерінің жалпы сомасының 50%-дан аса
Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына
инвестициялар құрады, 39%-дан аса инвестициялар Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздар болды, ол 1 035 273 млн. теңге және тиісінше
799 109 млн. теңге болды.
Институционалдық инвесторлардың бағалы қағаздар нарығында инвестицияланған
активтеріндегі жалпы сомасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
үлесі 4,9% болды, ол 308 971 млн. теңгеге барабар. Бұл ретте бағалы
қағаздар нарығында инвестицияланғандардың сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдары активтерінің жалпы сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздары 55%-дан аса, ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес
бағалы қағаздары 27%-дан аса болды, ол 170 118 млн. теңге және тиісінше 83
876 млн. теңгеге барабар.

активтеріндегі жалпы сомасы инвестициялық қорлардың және бағалы қағаздар
нарығының кәсіби қатысушыларының (бұдан әрі – БҚНКҚ) активтері 3,6% және
0,8%, немесе 226 552 млн. теңге және тиісінше 50 786 млн. теңге болды. Бұл
ретте инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар нарығында инвестицияланған
активтерінің үлкен бӛлігі шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы
қағаздарына инвестициялары 84,7% немесе 191 680 млн. теңге болды. бағалы
қағаздар нарығында инвестицияланған БҚНКҚ құрылымында Қазақстан
Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарға
инвестициялары – 55,7%, ол 28 304 млн. теңгеге бар.
2.2 Қазақстан халық банкі АҚ-на экономикалық сипаттама
Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің
құрылу және даму тарихы.Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының
негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында
қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс
жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған
кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру
(коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936
жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды..Ақтөбедегі жинақ
кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай
кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып,
ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды.
1991 жылдың қаңтарында-ақ Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі
туралы деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі
реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз
ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан
Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық
иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес
заңды құрылым - Қазақстан Халық Банкі болып ұйымдастырылды.Ал 1995 жылы
Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру
рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен
ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын
негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша
кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы
жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып
келеді. 1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі
операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы
өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап
қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы
жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің
қатысуы 100 пайызды құрайтын Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акционерлік
қоғамы болып қайта құрылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 Қазақстан
Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен
жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы деген қаулысына сәйкес
акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың
қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне
тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір
акцияны сатты. Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және
құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды
үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары
жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған
ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған сатылас біріктірілген
банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің
басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және
басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік
мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар
жасау процесі. [7,58б]
Мақсатына жету үшін Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу жəне қадағалау жөніндегі агенттігі банктік жəне басқа да
операцияларды жүргізуге берген № 10 лицензиясына сəйкес төмендегідей
негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1. Ұлттық валютамен жəне шетелдік валютамен жасалатын банк операцияларын:
• заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне
жүргізу;
• жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz