Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 1 Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және сапалық қасиеттері
3:
Кіріспе: 1. 1 Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Бағалы қағаздарды шығару және жекеменшіктендырі түсінігі
3: 16
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 2 ҚР-ның Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның нарықтық экономикадағы атқаратын рөлі
3:
Кіріспе: 2. 1 Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы
3: 17
Кіріспе: 2. 2 Корпоративті бағалы қағаздар нарығы
3: 23
Кіріспе: 2. 3 Бағалы қағаздардың экономикадағы рөлі
3: 25
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 3 Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметін жетілдіру жолдары
3: 32
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 36
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
3: 37

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі - бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банк үрдісінің салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді. Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізеді.

Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығы Қазақстан Республикасының экономикасына шағын инвесторлардың қаражаттарын тарту керек. Бағалы қағаздар арқылы қаражаттарды тарту инфляциялық емес әдіс болып есептеледі.

Бағалы қағаздар - мүліктік құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы. Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Бағалы қағаздар нарығында шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді. 90 - шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы қазіргі кезде қалыптасып даму шағында. Бағалы қағаздар нарығы кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекетің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын зерттеу.

Курстық жұмыстың басты міндеті:

  1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын
  2. Бағалы қағаздар нарығының дамуына әлемдік дамудың әсерін анықтау;
  3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.

Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, қорытындыдан, 3 бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлімде, бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйелері туралы жалпы қарастырылған.

2-бөлімінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибені және Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздары туралы жазылған.

3-бөлімде, бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және жетілдіру жолдары қарастырылды.

Жаһандану, әлемдік экономиканың интернациялануы, өршіп тұрған халықаралық бәсекелестік жағдайында өз орныңды табу өте маңызды. Көптеген елдердің, соның ішінде дамушы елдердің тәжірибесі табанды күш жігер болса, әлемдік нарықта өз орныңды табуға болатынын көрсетеді.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар - бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

  1. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және сапалық қасиеттері

1. 1 Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі

Бағалы қағаздар нарығы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай оларды бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарығы бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құны - бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады.

Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы - мәмілелер сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым нарығының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдас­тырылмаған рынокта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша : акциялар, облигациялар, жөне т. б. рыногы; эмитенттер бойынша : кәсіпорыңдардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; аумақтық критерийі бойынша : ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша : қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша : кассалық, форвардтық және т. с. с; салалық критерийі бойынша. [9. 441]

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

Қазақстанда қор нарығының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі шаруашылық кешенді заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішіңде банктердің үлесі 80 %-ды құрады.

Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерлік және қор биржаларының ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995 жыдан басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан "таза" қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде "Бағалы қағаздар және қор биржасы" туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын құқықтық ретеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырдың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар» әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды ретейтін үш заң қабылдады, олар: «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозиттарийі» Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді. [9. 441]

Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр.

Бастапқы нарық:

Мемлекетгік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) нарығы:

  • бастапқы орналастыру секторы;
  • сатып алу-сату секторы.
  • корпорациялық облигациялар нарығы;

Акциялар нарығы:

  • МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:
  • МБҚ-ны сатып алу-сату секторы;
  • МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы
  • Қайталама рынок Қор биржасы
  • Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы.
  • Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай - ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады. Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, онын өзінің оған тен онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы
болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар-бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда баға­лы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді. [9. 443-444]

Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары) .

Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе бас­қа рыноктарда ақшалай есеп - қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады.
Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп
беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын
растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиет хат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

1930 жылы Женева конвенциясында сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол - кредитік ақшалардың түрі) . Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу - сату процесіне тартылғандықтан вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель - қарызгер несиегерге беретін және несиегерлерге қарызгерлерден белгіленген мерзімде вексельде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай - ақ, бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін векселмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес векселде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит береді дегенді білдіреді. [9. 445]

Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар, варранттар, коносаменттер және басқалары.

Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі және туынды болып бөлінеді.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» занда туынды багалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

Сөйтіп, бағалы қағаздар - бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен сан алуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.

Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі бо­лады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекетгік, корпорациялық және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т. б. ) бағалы қағаздар жүр.

Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

Акция - акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға жене қоғам таратылған жағдайда оның қал­ған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. [9. 445-446]

Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін - анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды. Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді акция­лар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы мүмкін.

Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай акциялар, және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылады.

Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиеселі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25. пайызынан аспауға тиіс.

Акциялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция - оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі занды құқықтарын қуаттайтын акция түрі.

Облигация - ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған ка­питал нысандарының бірі. Облигация өзінің үстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай -ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (несиегерлер) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (борышқорлар) арасындағы қарыз қатынастарын растайды. [9. 447-448]

Облигациялар атаулы, сондай - ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.

Облигациялардың мынандай түрлері болады:

  • агенттік облигация;
  • ипотекалық облигация;
  • қамтамасыз етілген облигация;
  • ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;
  • мемлекеттік емес облигациялар;
  • кәсіпорындардың облигациялары.
  • агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облига­ция.

Ипотекалық облигация - жылжымайтын мүліктермен қамтамасыз-дандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай - ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облгация және тұрақты пайыз өклетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

Қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Бағалы қағаздар қаржы рыногы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz