Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Инфляцияға теориялық сипаттама
1.1. Инфляцияның жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Инфляцияның түрлері және даму механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары ... ... ...9
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын талдау
2.1. Қазақстан республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Қазақстан республикасының инфляциялық жағдайына баға беру...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау ... ... ... ... ... ... 21
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары
3.1. Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу модельдерінің
артықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.2. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

«Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолдарында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру» [14, 4-бет]. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы маусымда өткен Қазақстан халқына Жолдауындағы екінші басысдықтың бірінші бөлімде жазылған.
Қазақстан Республикасы (ҚР) егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға жетелеуде.
Инфляция – экономиканың ажырамас бөлігі бола отырып, мемлекеттің экономикалық әрекеттерінде басты рольдердің біріне ие.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феномені деп қарастыруға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 56 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану аса маңызды жұмыс болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау.

1. Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер, - «Экономика», 2001
2. Грибанов А. «Инфляция, нажми на тормоза!»,- //Вечная Алматы-2014-31 авг.
3. Валентинова Л. «Инфляция-2006: выход – в продолжении структурных реформ»,-/Промышленность Казахстана-2006-№1.
4. Әліпбай Сұңғат. «Жарты жылдық қорытынды жаман емес»,-//Егемен Қаз.-2013-29 шілде.
5. Қаржы қаражат. Астана-2003
6. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы»-ІІ бөлім.- Астана, Дәнекер.-2005.
7. Оралбай Әмір. «Ақша>тауар=инфляция», - //Нұр-Астана-2005-5 мамыр.
8. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде». /Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
9. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория», - «А-Полиграфия», Ақтөбе-2004ж.
10. Жанділдин Жұмабек. «Қазақстанның экономикалық қызуы қандай?» - //Айқын-2006-13 мамыр
11. Жанділдин Жұмабек. //Айқын-2015-19 ақпан.
12. Досжанова Сауле. //Астана хабары-2014-13 мамыр
13. Мүсіреп Ғабит. «Қазақстан экономикасы ойдағыдай дамып келеді»-//Егемен Қазақстан-2014-7 желт.
14. ҚР Презиенті Н.Назабаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қаз. №8(137)-3 наурыз, 2006 жыл.
15. ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2015 жылдар аралығына арналған мерзімдік жоспары. //Үкімет бюллетені-2005-№5
16. Кривко Н. «Об инфляционных процессах в Республике Казахстан». //АльПари-2005-№1.
17. Андрианов В. «Анализы, выводы, предложения. Инфляция: основные виды и методы регулирования». //Экономист-2006-№6.
18. Горегляд В. «Инфляция – форма нарушения рыночного равновесия». //Проблемы теории и практики управления-2006-№7.
19. Буенко Н. «Инфляционное бездействие!». //Мегополист-2006-21 авг.
20. Белинская Я. «Валютные курсы и ограничения инфляции». //Экономист-2006-№4.
21. Кинасова О. «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса». //Банки Казахстана-2005-№9.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Инфляцияға теориялық сипаттама
1.1. Инфляцияның жалпы
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Инфляцияның түрлері және даму
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...6
1.3. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары ... ... ...9
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын
талдау
2.1. Қазақстан республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.2. Қазақстан республикасының инфляциялық жағдайына баға беру...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын
талдау ... ... ... ... ... ... 21
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары
3.1. Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу модельдерінің
артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27
3.2. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 34
Кіріспе
Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен
Үкіметке жүктеледі. Олардың қолдарында сол үшін барлық өкілеттіктер мен
құралдар бар.
Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын
қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен
бір мезгілде экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының
икемділігін сақтап тұру [14, 4-бет]. Бұл Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы маусымда өткен Қазақстан
халқына Жолдауындағы екінші басысдықтың бірінші бөлімде жазылған.
Қазақстан Республикасы (ҚР) егемендігін алғаннан бері экономикасы
нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда
болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар,
экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға
жетелеуде.
Инфляция – экономиканың ажырамас бөлігі бола отырып, мемлекеттің
экономикалық әрекеттерінде басты рольдердің біріне ие.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Экономикалық құбылыс
ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен
бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі
де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феномені деп қарастыруға болмайды.
Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция
әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларының бірі болып есептеледі.
Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын,
маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде
болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып
табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 56 елдің қатарына
қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша
айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану аса
маңызды жұмыс болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және
ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның жалпы түсінігі, түрлері және қызметерін толық атау;
- инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптарын анықтау;
- ҚР инфляциялық процеске әсер ететін факторларды көрсету;
- ҚР инфляциялық жағдайына баға беру;
- ҚР инфляцияға қарсы саясатын талдау;
- шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу модельдерінің
артықшылықтарын көрсету;
- ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдарын табу.
Жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекетіміздің экономикалық жағдайын талдау,
атап айтса, инфляциялық процестерді анықтау, инфляцияның мәнін ашып, оған
қарсы қолданылатын шараларды көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының
бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, жүргізілетін шаралар топтамасы,
инфляциялық процестердің көрсеткіштері алынған.
Жұмыстың ақпараттық негізі. Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары,
шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер,
статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпарат,
нормативті докладтар қолданылды.
Курстық жұмыстың методологиялық негізі. Жұмыс нәтижелерін мектеп
оқушыларына, сонымен бірге жоғары оқу орындарының студенттеріне ақпарат
қоры ретінде қолдануға болады.
І бөлім. Инфляцияға теориялық сипаттама
1. Инфляцияның жалпы түсінігі
Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында инфляция ұзақ уақыт
бойы тарихи негізді қалыптасып дамуда. Жоғарыда айтылып кеткендей, оның
пайда болуын негізінен, ақшаның пайда болуымен, қызметімен байланыстырады.
Инфляция термині латын сөзі – inflatio – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік
Америкады 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы
қағаз долларының (гринбектердің) тым көбейіп кету процесін білдірген [6, 3-
4-бет]. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық
әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қығаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауар мен
қызметтер көрсетугебағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылады.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаркашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңейуі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Сөйтіп, көпфакторлы процесс
ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын
қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге,
тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып
алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар
ауқымының оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.
1.2. Инфляцияның түрлері және іс-әрекеті
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі
деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда
қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші -
Іб пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің
белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің арасындағы
ара-қатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша
анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары
индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлініеді, сонан соң
жүзге көбейтіледі:
Іб1 – Іб2
Инфляция қарқыны = * 100
Іб0
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін
мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:
❖ бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
➢ баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның
номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
➢ өршімелі (орташа) – баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның
затталынуы өседі;
➢ гиперинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен
табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
❖ бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
➢ теңестірілген - әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты
өзгерусіз қалады;
➢ теңестірілмеген - әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне ара
қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;
❖ болжаулық дәрежесіне қарай:
➢ күтілген;
➢ болжалды;
➢ күтілмеген;
❖ шығу немесе пайда болу орнына қарай:
➢ импортталынған;
➢ экспортталынған;
❖ дамудың әркелкілігімен сипатталатын:
➢ сатылы – баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған;
➢ тұқыртылған – тауар тапшылығы күшейген кездегі инфляция [5, 499-
500-бет].
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша
бақылар отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және
шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының
өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің
салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорынның еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша
пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға
бағаның, қызметтер көрсетуге тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың
көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл
түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, бұл инфляциялық
шиыршық аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын
компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың
көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну
жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың
қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.
Сызба 1. Инфляциялық шиыршық
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл
– импортталған және экспортталған инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік
валютаның шамадан тыс түсңмңнен және импорттық бағалардың жоғарылауынан
туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкке
депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері
артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны
кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша
ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталған инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық
бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы елдерде, соның ішінде дамып келе
жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады.
Сызба 2. Инфляцияның сипаттамасы және әрекеті
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемасымен байланыстырып отыру қажет,
өйткені инфляция құбылысы мынындай қаржылық факторларға тәуелді болып
келеді:
▪ Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
▪ Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
▪ Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
▪ Мемлекеттік бюджеттің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді.
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірісітері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір
бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның
көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары.
Сызба 3.Қаржы мен инфляцияның өзара іс- әрекеті
Инфляциялар халықаралық корпорациялардың рыноктердегі үстемдік
жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады.
Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие
капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп, шетедік валютаның қосымша
ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы
ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
1.3. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
коньюктураны жандандырады [6, 10-бет]. Процестің ушығуы барысында инфляция
ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция
тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан
тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны
жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халыөқтың жинағы
құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің
интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық
валюта және несие қатынастарын күрделендіреді.
Инфляцияның әлеметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін
құлдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер басынан өткізеді.
1981-1982 жылдардағы құлдырау – күтпеген жағдай еді. Расында, ұзаққа
созылған тоқырауды ешкім күткен жоқ. Оның инфляцияны тудыруы мүмкін
екендігі де кімнің қалайына жаға қойсын,-бұл біздің еліміздің
президентінің 1985 жылғы экономика туралы баяндамасы.
Қысқа мерзімді инфляцияны төмендетудің мүмкіндігі аз, ал ұзақ мерзімді
инфляция мен жұмыссыздық аралығында үйлесім, ымыраға келушілік болмайды.
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден,
инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет
шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді. Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді.
Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да
қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады.
Инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын
құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен
кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түсінеді, сондықтан
мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік
берешектің проблемалары да шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін
мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен
жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін
тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз
сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз
нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді
инвестийияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың
құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.б [5, 498-499-бет].
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция
жағдайын талдау
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін
факторлар
Қазақстанның экономикалық аспазында ыстық инфляциялық сорпа қайнауда
және қай уақытта болса да қазан ауып кетуі мүмкін - дейді Кешкі Алматы
газетінің редакторы Александр Грибанов өзінің Инфляция, алқымыңды бас
атты мақаласында. Бұны Қазақстанның 2014 жылының І жартысындағы әлеуметтік-
экономикалық дамуын талқылаған басқару аппаратының мүшелері де мойындайды.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, 2014 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 4,8%-ды
(2013 жылғы қаңтар-маусым аралығында - 2,7%) құрады. 2014 жылдың басынан
бастап азық-түлік тауарлары - 5,5%-ға (1,7%-ға), азық-түлікке жатпайтын
тауарлар - 4,7%-ға (1,1%-ға), ақылы қызметтер - 4,0%-ға (5,4%-ға)
қымбаттады. Осылайша, 2014 жылы инфляциялық процестер аздап қарқын алды [2,
11-бет]. Не себепті бұндай жағдай туындап отыр? Қазақстандағы инфляциялық
процеске әсер ететін факторлар қандай? Не себепті ақша құнсызданады?
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның
себептеріне: 30-шы жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну
заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа
кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен
ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі;
баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде
алшақ болуы жатады [1, 50-бет ]. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық
қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне,
инфляцияға жол береді.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-
қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады [5, 504-бет].
Ақша, тауарды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады [6, 3-4-бет]. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға
қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Бағаның көтерілуіне
нақтылы экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуімен ғана емес, басқа
да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.
Инфляция қалыптасуының, оның қатарында ең басты баға өсуінің
инфляциялық себептері мыналар:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит орталық комиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырса, басқаша
айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы
(MV) көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген
жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы
милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Әскери
шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетте тұрақты тапшылық жағдайына және
мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең, бәсеке кезіндегі рынокта көптеген
өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем
ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде оптималдық рынок.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады.Энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине, өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы, мұнай импортын
арзандатуға болады. Бірақ револьвация отандық тауарлардың экспорттық
бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестің
төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Бесіншіден, инфляция өзінен-өзі дем беретін құбылыс ретінде сипат
алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы
факторды ерекше көрсетуде.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты [6, 4-
5-бет].
Бізде инфляцияға негіз боларлық себеп-салдар жеткілікті. Экспортқа
шығарылатын тауар бағасының жоғары болуы, банк жүйесінің сыртқы және ішкі
активтерінің өсуі, сұраныстың артуы мемлекетіміздің инфляцияға ұшырауына
апарады [7, 6-бет].
Қазақстандағы инфляцияның болжамдық деңгейінен асып кетуінің негізі
ретінде сыртқы факторлар саналады. Бұл – қазақстандық экспорттың негізі
болып отырған мұнай мен металға деген дүниежүзілік бағаның жоғары болуы.
Инфляцияға ішкі факторлар да әсерін тигізеді: еңбекақы, зейнетақы,
степендияның жоғарылауына бағытталған бюджеттен алынған әлеуметтік
төлемдер; энергожеткізгіштер, қызметтер мен жеміс-көкөніске деген бағаның
жоғарылауы.
Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы уақытта өнім өндіру мен тұтынудың
арасы алшақтап бара жатқаны байқалады. Өткен жылдың басында нақты еңбекақы
мөлшері 13,9%-ға өссе, қаржылық кіріс мөлшері де 13,2%-ға артқан. Егер ІЖӨ-
нің көлемі 9,4%-ға өскенін ескерсек, арадағы алшақтықтың едәуір екенін
байқау қиын емес[7, 6-бет] . Сарапшылардың ойынша, тұрғын халықтың нақты
қаржылық кірісі тез қарқынмен өсе түсуде, бұған тауарлар мен қызмет
көрсетудің ілесетін түрі көрінбейді. Осыған орай, қазіргі кезде тауар-қаржы
қатынастарының сәйкессіздігі орын алып отыр. Тауар ауқымы қаржыдан аз
болғандықтан да инфляция қысымы күшейе түспек. Тауар-қаржы қатынастарының
сәйкессіздігіне әсер ететін жайттар жеткілікті. Олардың ең бастылары –
тұрғылықты халықтың кірісінің, мұнай бағасының және коммерциялық банктердің
сырттан келетін қаржысының өсуі.
Мұнай бағасының көтерілуін халықаралық деңгейдегі беделді сараптамалық
агенттіктер сан саққа жүгіртеді. Тереңіне бойлай алмайтын сыңайлы. Сондай
агенттіктердің бірі мұнай бағасының жоғары күйде қалуы қара алтын қоры
мол Ресей, Қазақстан және Әзірбайжан сияты елдердің асығы алшысынан тұра
беруіне қолайлы жағдай туғызады деп есептейді.
Мұнайдан түсетін қаржының еселенуі, өз кезегінде, тікелей болмаса да,
қаржының сырттан ағылуына себепші болады. Қолайлы сәтті пайдаланған
банкілердің несиелік әлеуеті өсіп, инвесторлар оларға сеніммен қарап,
қазақ еліне қыруар қаржы салуға тәуекел етеді. Бұл жерде отандық
қаржыгерлердің біліктілік деңгейінің жоғары екеніне назар аударған жөн.
Олар өз тарапынан өркениетті елдерде қалыптасқан жоғары рентабельділікке
қол жеткізіп келеді. Өз кезегінде төлем қабілетінің жоғары деңгейі де
инвесторларды бей-жай қалдырмайды. Қазіргідей халықаралық рынокта қолайлы
баға коньюктурасы қалыптасып отырғанда, олардың мүддесіне де нұқсан
келмейтіндігін аңғару қиын емес.
Елдегі ірі компаниялар да негізгі капиталға инвестиция құюды күрт
арттыра түсті. Бұлардың 13-не шетелдік инвесторлар иелік етіп отырғаны да
экономиканың өрісі кеңеюіне игі септігін тигізуде. Ірі компаниялар сыртқы
рынокқа дербес шығуды үрдіске айналдыра бастады. Бұл ретте
еурооблигацияларды тиімділікпен орнатуға, акцияларды шығаруға ерекше мән
берілуде.
Соңғы кезде тұрғын халықтың қаржысы жылжымайтын мүлікті
инвестициялауға жұмсалып отыр. Көп қаржы құйылып жатқандықтан да
жылжымайтын мүліктің бағасы шығындап барады. Бұл да өз кезегінде банк
жүйесінің жүгін ауырлата түспек. Жылжымайтын мүлік құрылысын жүргізуге және
тұрғын үй сатып алуға жұсалатын несиелер үлесінің артуы мұны одан әрі
шиеленістіре түсті. Банктердегі несиелік портфельдің 37,9%-ң осы
мақсаттарға жұмсалып отырғандығы бағаның өрши түсуіне байланысты екеніне
үкіметтік құрылымдар да түсіністікпен қарайды. Осы тұста 1997 жылы Оңтүстік
Шығыс Азиядағы жағдайдың сабақтарын ескртуге тура келеді. Банктердің
жылжымайтын мүлік нысандарын несиелеуге қатысты атқаратын қызметтің сапалық
деңгейін көтеріп, бұған айрықша мән беру арқылы реттеп отыру жағы
ойластырылмақшы. Бұған біржақты қарауға болмайды. Қаржы секторы
тұрақсыздығына қауіп төндіретін жүйелі жайттармен қатар тұрғын халыққа
тигізетін әсер, ықпалдарын да қарастыру қаперден шығарылмауы қажет.
Бір мәселе, билік тарапынан тұрғын халықтың әл-ауқатын жақсаруға
бағытталып әлеуметтік салаға құйылатын қаржыға тіреліп тұр. Қисапсыз қаржы
инфляцияның өсуіне әкеліп соғады. Қазірдің өзінде, Ұлттық Банктің
бағалауынша, тұрғын халыққа тиесілі әлеуметтік төлемнің артуы бұған дейін
күтілген инфляция деңгейін 0,4%-дан 0,7%-ға көтереді [7, 6-бет].
2.1. Қазақстан Республикасының инфляциялық
жағдайына баға беру
Республикалық бюджеттік комиссия өзінің отырысында Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген Қазақстанның үстіміздегі жылы
әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын мақұлдады. Бұған сәйкес
инфляцияның жылдық орташа деңгейі 5-7% көлемінде күтіледі деп көрсетілген.
Кейбір сарапшылар бұл көрсеткішті бұдан да көтере түсуді қолдайды.
2015 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейін 5-8 % дәлізінде ұстау
көзделуде, делінген ҚР Ұлттық банкі 2014-2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарында.
Ал 2014-2018 жылдар аралығында экономиканың дамуының барлық
сценарийлерін іске асыру кезінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және
жылдық инфляцияны 5-7 пайыз дәлізінде ұстап тұру Ұлттық банктің негізгі
мақсаты болмақ. Ал 2015 жылғы мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және
жүргізу аясында инфляцияны 5-8 пайыз дәлізінде ұстап тұру жоспарлануда.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, 2014 жылғы қаңтар-маусымда инфляция
4,8%-ды (2013 жылғы қаңтар-маусым аралығында - 2,7%) құрады. 2014 жылдың
басынан бастап азық-түлік тауарлары - 5,5%-ға (1,7%-ға), азық-түлікке
жатпайтын тауарлар - 4,7%-ға (1,1%-ға), ақылы қызметтер - 4,0%-ға (5,4%-ға)
қымбаттады. Осылайша, 2014 жылы инфляциялық процестер аздап қарқын алды [8,
18-бет].
1-кесте.
Тұтынушы нарығындағы инфляцияның
негізгі көрсеткіштері, %
Бір жылғаІ ІІ ІІІ ІV
квартал квартал квартал Квартал
Тұтынушы тауарларының
индексі
2013 ж. 6,8 1,7 0,6 0,5 3,8
2014 ж. 6,7 1,5 0,8 1,4 2,8
Базалық инфляция
2013 ж. 5,6 0,9 0,5 0,8 3,3
2014 ж. 6,6 1,4 1,0 1,5 2,6
Автомобиль жанармайы
2013 ж. 20,7 -4,7 -9,8 33,6 5,2
2014 ж. 14,1 -9,5 4,6 17,2 2,9
Жеміс-жидек өнімдері
2013 ж. 22,3 21,1 6,4 -15.9 12,9
2014 ж. 5,9 9,3 -3,0 -7,4 7,9
Тұрғындардың ақылы
қызметтері
2013 ж. 1,3 0,2 0,9 0,0 0,1
2014 ж. 13,3 0,2 0,0 0,4 12,7
Тұрғын-коммуналды
қызметтер
2013 ж. 5,1 0,9 1,0 0,4 2,8
2014 ж. 3,0 0,3 0,8 0,3 1,6
Премьер-министр Карим Масимов инфляциялық процестерді қадағалаудың
эффективтілігін жоғарылату – тез арада шешуді қажет ететін басты тапсырма
деді. Бұл жұмыс жүйелік мінезді болуы тиіс, - деді премьер-министр.
Бүгінгі күні бізді қатты қобалжытатыны инфляциялық процесстердің
құрылымында алдын-ала көрсетулер бойынша 42,2% монетарлық факторлардың
болуы. Ал бұл дереу күрделі экономикалық анализді қажет ететін, күрделі
көрсеткіш [3, 6-бет].
Бүгінгі күні инфляцияны тудырып отырған маңызы бар себептердің бірі –
мерзімдік. 2014 жылғы инфляцияның көрсеткіштері өткен жылы экономикада орын
алған бірқатар факторлармен анықталады.
Бірінші фактор. Қазақстанның 2013 жылғы көрсеткіштер мен сауда балансы
статистикасына қарамастан шетел валютасының құйылуы жоғары болмады.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің резервтік валюта қорлары
қысқарды. Жалпы алғанда, құрамында Ұлттық банк және Ұлттық қордың
резервтері бар экономиканың алтынвалюталық резерві 2013 жылы 2012 жылмен
салыстырғанда өзгерді.
Қазақстанның алтынвалюталы резервтерінің төмендеуі 2013 жылы ақша
массасының төмен өсіміне әкелді. Осылайша, 2014 жылы мемлекет экономикасына
аз инфляциялық қысым түсуде.
Екінші фактор. 2013 жылғы экономика резервтерінің төмендеуі немесе
баяу өсімінен көрінген ақша массасы өсімінің баяулауы болашақта инфляциялық
потенциалды төмендетеді, яғни ақша массасының өсімі мен тауарлар өндірісі
аралығындағы айырмашылық (тұтынушы сұранысымен).
Үшінші фактор. Соңғы үш-бес жыл бойы жалғасып келе жатқан
инвестицияның маңызды өсімі. Өткен жылдың қаңтар-ақпанында бұл көрсеткіш
24%-ды құраған. Инвестицияның түсімдік қозғалысы 2014 жылы тауар-ақша
дисбалансын қысқарта отырып, өндіріс өсімінде потенциалды жағымда көрінуде.
Сонымен қоса бұл жағдай тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруда үлесін
қосады.
Төртінші фактор. Инвестициялардың жоғарылауына қарамастан,
тұтынушылардың сұраныс өсімі жоғары деңгейде сақталмақ. Халықтың нақты
табыстары көбейеді, тауар-ақша дисбалансы бұрынғысынша орын алады. Сол
себепті тұтынушылық сектор инфляцияның қалыптасуына өзінің қысымын
көрсетеді [3, 6-бет].
Әлемдік нарықтағы бағалар. Қазақстанның экономикалық жағдайы тауар
бағасының өзгеруі, валюта курсы және пайыздық ставкалардың әлемдік
көрсеткіштерімен тығыз байланысты.
2013 жылы мұнайға деген баға жоғары болып қала берді. Мұнайдың
қымбаттауы қай кезде болмасын Қазақстан экономикасына маңызды. Алайда баға
көрсеткіші ылғи жағымды бола бермейді. Біздің мемлекетіміздің
экономикасында мұнайға деген бағаның жоғарылауы да, төмендеуі де кері әсер
көрсете алады.
Мұнайға деген дүниежүзілік бағаның экономикаға тигізетін мүмкін
әсерлерін тереңірек талдап өтсек. Мұнайдың бір барреліне әлемдік бағаның
доллардан төмендеуі, транспорттаумен есептегенде рентабельді емес болып
қалмақ. Бұл жағдай мұнай өндіретін кәсіпорындардың бір бөлігінің жабылуына
және табыс көлемінің қысқаруына алып келеді. Және өз кезегінде инфляциялық
процестердің қарқындауы мен мемлекеттік бюджет тапшылығына алып келеді.
Алайда, 2014 жылды қазақстандық мұнайшылар табыспенен өткізді.
Тенгізшевройл компаниясы жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 13,559
миллион мұнай өндірді (жоспардан әлдеқайда көп).
Шығыс және батыс Еуропа нарықтарына, сонымен қатар Оңтүстік және
Солтүстік Америкаға Каспий жерастылық консорциумымен 13,535 миллион мұнай
өткізілген. Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің болжамы
бойынша 2015 жылы мұнай және газ конденсаты табысындағы өсім небары 1%-ға
өсуі ықтимал [3, 6-бет].
Қаңтар айындағы ашық көрініс - әлемдегі мұнай бағасының өсуі өткен
жылғы бір баррельге 70,82 долларлық төлем рекорды ақпанда да қайталады.
Ағымдағы жылдың бір жарым айлық көрсеткіштері бойынша Urals маркасындағы
мұнай бағасы бір баррель үшін 59 доллар, ал Brent маркасы болжамдары
бойынша мұнайға деген баға бір баррель үшін 102,15 долларды құрады. Ал,
америкалық WTI мұнайы 94,43 доллар көлеміне түсті.
Сызба 4.2014 жылғы әлемдік және Қазақстандағы мұнай бағасы
Қазақстан үшін әлемдік нарықта мұнай бағасының орташа күйде болуы
тиімді. Ондай жағдай біздің экономикамыздың ешбір кедергісіз дамуына жағдай
жасар еді. Бірақ бұл аймақтағы болжамдар баға белгілеудегі саяси
шешімдермен қиындатылған. Мұнай мен саясат бір-бірімен тығыз байланысты.
Мұнай компаниялары барлық салық түсімдерінін үлкен бөлігін төлейді.
Экспорттың үлкен бөлігін шығарады және жұмыс орындарын көптеп бөледі.
Ұлттық валютаның бағамы мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
көмірсутекті шикізат экспортерлерінің демімен тікелей байланысты. Әлемдік
және ішкі нарықтағы мұнай мен мұнайөнімдеріне деген бағаның маңызды
артықшылықтарына негізделген экспорт көлемінің артуы мен жанармай
жетіспеушілігіне алып келеді, ал оларға деген баға өсуде. Әлі де өсетін
сияқты. Өкінішке орай, әзірше, эксперттер мұнайға деген бағаның жоғары
болуы сақталып келеді дейді және олардың болжаулары орындалуда.
Қымбаттық металдар нарығы алдағы жылдардағы көрсеткіштермен
салыстырғанда 2014 жылы шамадан тыс асып кетті.
2014 жылдың қорытындылары бойынша алтын - 18%-ға, күміс – 29, платина
– 13, палладий – 35%-ға қымбаттады. Қаңтарда алтын мен платина бағасы соңғы
25 жылда болмаған рекордтық деңгейге жетті: сәйкесінше, бір унция үшін 567
және 1049 доллар [3, 7-бет]. Өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырып
өтсек [16, 9-бет]:
2-кесте.
2014 жылғы Қазақстан Республикасының әлемдік
және ішкі нарықтарындағы бөлек өндіріс
өнімдеріне берілген баға
Бір тоннаға берілген орташа баға, 2014ж
долл. желт.%-бен
2013ж желт.
Қарағанда
қаңтар наурыз маусым қыр-күжел-то
йек қсан
Жез
әлемдік нарықта 2455 3095 2657 2890 3158 143,0
ішкі нарықта 1959 2281 2569 2651 2832 155,9
Қалайы
әлемдік нарықта 773 893 900 905 951 138,6
ішкі нарықта 531 611 653 666 711 147,4
Мырыш
әлемдік нарықта 1016 1133 1005 952 1209 123,6
ішкі нарықта 643 719 810 775 853 139,3
Алтын, кг
әлемдік нарықта 13096 13362 12635 13047 14211 108,4
ішкі нарықта 14188 13352 12385 13128 13864 108,2
Күміс, кг
әлемдік нарықта 201 246 192 201 220 121,5
ішкі нарықта 179 203 215 219 233 138,4
Сызба 5.2014 жылғы әлемдік және Қазақстанның ішкі нарығындағы
жездің бағалық инексі
Мемлекетіміздегі қозғалмайтын мүлікке деген баға да жоғары. Және
эксперттер алдағы 2-3 жылда оның төмендеуіне күмән келтіреді. Алайда,
нарықтық эксперттердің тұжырымдамасы бойынша, кейбір құрылыс мекемелері
меркантильдікті көрсетіп бағаларды өзінің сапасына емес, қалай да болса
жоғары пайда алу мақсатында белгілейді. Бір уақытта Алматы мен Астанадағы
тұрғын үйлердің бағасының жоғары болуы кейбір компаниялардың өркендеуіне
жол ашты.
Бірақ қазіргі кезде нарық ағымында қалу үшін құрылысшылар өздерінің
өнім сапасын жақсартып, сапалы материалдарды қолданулары керек. Егер жоғары
класс жылжымайтын мүлік нарығы толықса (бірақ бұл бірталай),
девелоперлердің бір шаршы шақырым жерге 2000 доллардан 800 долларға дейін
бағаны арзандатуларына тура келеді. Бірақ бұл жағдайда өнімнің сапасы
төмендемеуі керек. Жоғары класс тұрғын үйлерінің ұсынысы бүгінгі күні
жоғары деңгейде, ал бұл фактор құрылысшылар үшін қауіпті фактор бола алады.
Валюталық рокировкалар.2014 жылы теңге бағамының өзгеруіне қатты
ісерін тигізетін фактор евроның долларға қатысты қарқыны болмақ. Бұның
әсері біздің республикамыздың нарығы болып табылатын аймақтық валюалық
нарыққа психологиялық қысым көрсетпек.
Өткен жыл бойынша, теңгенің эффективті бағамы тұрақтады. Бұл отандыық
өндіріс кешенінің бәсекелестік жағдайын төмендетеді. Қаңтар айында өткен
отырыста Қазақстанның премьер-министрі Карим Масимов өндіріс саласындағы
өндіру мөлшерінің төмен екенін атап өтті. 2014 жылы болған
қанағаттандырарлық емес тенденциялар бар.Біріншісі - өндіріс кешені
өсімінің 10,4%-дан 4,6-ға құлауы. Екі еседен де көп өндіріс көлемінің
төмендеуі біріншіден, мұнайгаз салалары, кейін темір рудалары мен
метталургияны табуда көрінді - деді ол. Премьердің бағалауынша, бұл
көрсеткіштер бізді 3 жыл артқа қалдырады.
Аналитиктердің ұсынысына сүйенсек, доллардың теңгеге қатысты әлсіз
девальвациясы (128-129-ға дейін) болады. Экономика мен валюталық нарыққа
экспорттық табыстар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz