«АСЫЛ МҰРА» Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960 ж.) Лекция


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

АҚЫН САРАНЫҢ

МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙІ

«БЕКІТЕМІН»

Ақын Сараның мемориалды

музейінің директоры

А. Т. Алимбаева

«АСЫЛ МҰРА»

Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960 ж. )

Лекция

Дайындаған: Ш. Касенова

Қапал 2013ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. . 4-9

1. 1. Мұқан Төлебаевтың өмір жолы . . . 4-5

1. 2. Мұқан Төлебаевтың шығармашылығы . . . 5-9

ІІ ТАРАУ. МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВТЫҢ «БІРЖАН-САРА» ОПЕРАСЫ . . . 10-17

2. 1. «Біржан-Сара» операсы . . . 10-15

2. 2. «Біржан-Сара» операсындағы айтыс өнері . . . 15-17

ІІІ ТАРАУ. МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР . . . 18-23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

КІРІСПЕ

Қазіргі қазақ музыкасы - қазақ халқының ежелден келе жатқан баға жетпес асыл қазынасы. Қазақ музыкасынан бүкіл халықтың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен мәдениеті көрінеді.

Шығыс халықтарының музыкасы, Орта Азия республикалары мен Қзақстан халқының музыкасында профессионалды музыка жанрлары мен формалары 1930-1940 жылдары қалыптаса бастады. Бұл кезеңде осы аймақтарда композиторлар мен музыка зерттеушілері өз шығармаларын жарыққа шығарды. Олардың шығармалары сол заманда да, қазіргі заманда да жоғарғы деңгейде бағаланады. Музыка әлемінен өзінінің лайықты орнын алған шығармалар әлі күнге дейін берілген бағасын жоғалтқан жоқ. Себебі, ол шығармалар халықтың махаббатына бөленген, қарапайым елдің жүрегінен орын алған. Талантты композиторлар өз халқы үшін жұмыс істеп, халқы үшін талайды тамсандырған туындылар жазған.

Ең алғаш қазақ халқынын шыққан опера композиторы - Мұқан Төлебаев. Оның шығармалары өз алдына көркем дүние. Мұқан Төлебаев шығармашылығының шыңы болған - «Біржан-Сара» операсы. Бұл опера жарты ғасырдан астам уақыт бойы театр сахнасынан түспей қойылып келеді. Композитордың «Біржан-Сара» - операсы бүкіл қазақ елін әлем көгіне көтерген туынды. Бұл шығарма үшін СССР Мемлекеттік сыйлығы берілген. Мұқан Төлебаев көптеген ән-романстардың авторы, Қазақстан композиторлар одағын басқарған, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болған.

Қазақстанның музыкалық мәдениетінде Мұқан Төлебаев ешкімде қайталанбас өзіндік ерекшелігімен, тыңдарман жүрегін бірден жаулап алатын мелодиялы шығармасымен талантты суретші ретінде танымал болды. Ол - Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Хамиди сияқты профессионалды композитор. Мұқан Төлебаевтың музыкалық таланты әлемдік деңгейде бүкіл халықты да, Еуропа мен Азия республикаларын да мойындатты.

І ТАРАУ. МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМЫШЫЛЫҒЫ

Мұқан Төлебаевтың өмір жолы

Төлебаев Мұқан 1913-1960 жылдары аралығында өмір сүрген - қазақтың аса көрнекті композиторы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы гимні авторларының бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі. Туып-өскен жері - Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылы. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Мұқан Төлебаевтың әкесі Төлебай Өскембаев 1861 жылы дүниеге келіп, 1933 жылы қайтыс болады. Кедей отбасынан шыққан, қарапайым жер шаруашылығымен айналысқан. Төлебай ақылды, мейірімді, көпшіл мінезді. Оған ақыл-кеңес сұрап келгендердің бәріне оның есігі ашық көңілі жарқын. Осы Мұқан Төлебаевқа да әкесінен дарыған. Композитордың анасы - Тәжібала Ақшалқызы 1882 жылы дүниеге келіп, 1972 жылы қайтыс болады. Ғұмыры қиындыққа толы бірақ, бақытты өмір сүрген. Ол көпбалалы отбасында Ақшал Тасысбековтың қарамағында өскен. Жастайынан әнге құмар, өлең шығарып, ән жазып өседі. Мұқан анасына өте жақын болды. Ол анасының әнін тыңдағанды ұнататын. Анасы Тәжібаладан оған музыкалық дарын берілген. Ағасы Апырбай Әуелбаев 1881 жылы дүниеге келіп, 1934 жылы қайтыс болады. Мұқан Төлебаевтың әншілік өміріне маңызды рөл атқарды. Ол алты жасар Мұқанды домбырада ойнауға үйтертті. Апырбай жас композиторды өзімен бірге ойын-тойға ертіп жүрді. Мұқан ән мен күйді шаршамай тыңдауға дайын еді. 1933 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматы педагогикалық училищесінде оқиды. Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. 1934 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл Қазақстандық 1-слетіне қатысып, әнші ретінде көзге түседі. Москва консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына 1936 жлы оқуға түседі. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін 1942-1944 жылдары атқарады. Москва консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) 1951 жылы бітіріп шығады. 1942 жылы КСРО Композиторлар одағының мүшесі. 1948 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі. 1956-1960 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы. Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық - эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады. М. Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. М. Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады. Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады. М. Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.

Мұқан Төлебаевтың шығармашылығы

Мұқан Төлебаевтың музыкамен айналысуы 1938 жылдан басталды. 1941 жыл мен 1946 жылдардың арасында ол композиторлық творчествоға бүтіндей бет бұрып, профессионал музыка қайраткері ретінде көзге түседі. Осы кақыттың ішінде композитор түрлі жанрда еңбек етіп, көлемі жағынан да, формасы жағынан да әртүрлі музыкалық шығармалар жазды. Бұл жылдар композитор скрипка мен фортепиано үшін шағын пьесалар, әндер мен романстар жазумен бірге күрделі ірі формадағы симфониялық шығармалар да тудырады. Алайда, композитордың осы кездегі шығармаларының ішінде оның Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазған әндер мен романстары басқа музыкалық шығармаларынан басымырақ тұрады. Мұқан Төлебаевтың соғыс жылдарында жазған «Жорық», «Соқ барабан», «Комсомол», «Жеңіс», «Таня туралы» әндері совет адамдарының сол бір қаһарлы күндердегі патриоттық ерлік істерін, оладың Отанға деген шексіз махаббатын, жауға деген өшпенділігін, ыза-кегін мелодиялық көркем тілмен шынайы бейнелеген сәтті шығармалар болатын.

Мұқан твочествосында ән жанры соғыстан соңғы жылдарда да кең өріс алды. Композитор өзінің әндерінде советік дәуірден бақыт тапқан қазақ халқының бүгінгі бейнесін жыр етуді алдына мақсат етіп қояды. Дәулетіне әулеті сай колхозды ауыл, кең байтақ қазақ даласын өмір қуанышына бөлеп жатқан қарапайым еңбек адамдары, социалистік елімізді жеңістен-жеңіске жеткізіп, коммунизмге бастап бара жатқан туысқан Коммунистік партия, Ұлы Отан - міне осы тақырыптар Төлебаевтың вокальдық творчествосының арқауы болды. Төлебаев өзінің «Отан», «Партия туралы ән» атты шығармаларында Отанды, партияны салтанатты асқақ мелодиямен жыр етсе, «Амудария туралы баллада», «Жылқышы әні», «Қойшы әні» атты шығармаларында еңбек адамдарының ерлік істерін суреттейді, «Жастар вальсі», «Дала әні», «Ақ мақта» сияқты шығармаларында бақытты өмірді, жастық шақты, еліміздің ұл-қызын даңққа бөленген еңбек процессін музыкалық шешен тілмен сөз етеді.

Мұқан Төлебаев қазақ музыкасындағы жаңа жанр - романс жанрына қазақ композиторларының ішінде бірінші болып қалам тартқан композитор. Және осы жанр біздің музыкалық мәдениетіміздегі әлі игерілмей жатқан «тыңы» болса да, композитор сәтті қадам жасады. Оның 1941-1942 жылдары жазған «Тос, мен, тос», «Кестелі орамал», «Ой», «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» тағы басқа романстары өзінің лирикалық көңіл-күйіне, жан сезіміне толы әсем мелодиялық мазмұнды әуенімен тыңдаушысына ой салатын, жұрттың ынталана тыңдап, тебірене айтатын халық арасына кеңінен тарап, мол өріс алған музыкалық қөркем шығармалар.

Ал Төлебаевтың опера жанрындағы еңбегін әңгіме етсек, оның творчествосының шоқтығы болып табылатын «Біржан-Сара» операсы өнер саласында тек қазақ кеңес музыкалық мәдениетінде ғана емес, Одақ көлеміндегі елеулі көрініс екенін айтуға тура келеді. «Біржан-Сара» операсының шын шебердің қолынан шыққан нақышты ой-өрнегіндей мәнерлі де, сазды-әуенді де әсерлі музыкасында халықтық үн, халақтық әуен лебі айқын сезіліп тұрады.

Коммунизм шыңына қарай өтіп бара жатқан Ұлы Отанымыздың әрбір алып адымын, коммунистік құрлысты, совет адамдарының еңбектегі теңдесі жоқ ерлік істерін, жалпы бүгінгі таңдағы советтік шындықты көркем әдебиет пен искусствоның шығармаларында шынайы суреттеу - жазушыларымыз бен композиторларымыздың, драматургтеріміз бен суретшілеріміздің алдында тұрған айбынды міндет. М. Төлебаевтың бұл саладығы үлкен табысы оның соңғы кездегі жазған «Коммунизм оттары» атты кантатасы. Бұл шығарманың негізгі идесы, тақырыбы социалистік дәуір тудырған жаңа өмірдің қожасы - жатқан кеңес халқының ерлік істерін жыр ету.

Кантатадағы басты герой халық пен ақын. Олардың ой-арманы, тілегі ниеті бір. Кантата шексіз-шетсіз көк теңідей көсіліп жатқан кең байтақ қазақ даласының табиғатын бейнелейтін кең шолымды оркестірлік кіріспеден басталады да, Иса Байзақовтың ақандақ шабытпен төгілте жөнелтетін «Желдірмесіне» ұласады. Композитордың «Желдірмені» таңдап. Алуы кездейсоқ емес.

Ақын, жыршылар қашаннан-ақ той-думанның, ойын тойдың, халық мерекесінің көркі, елдің қалаулысы болған. Осы дәстүрді Мұқан кантатада орынды қолданады.

Мұқан Төлебаев өзінің таңдаулы шығармаларында музыкадағы ұлттық форманың қиын да, күрделі де проблемалық мәселелерін шешуде нәтижелі еңбек етіп, өзін бұл салада терең ойлы, ізденгін, жаңашыл композитор ретінде көрсетті.

1958 жылы желтоқсан айында Москвада өткен Қазақ әдебиеті өнерінің онкүндігінде Мұқан Төлебаевтың творчествосы ерекше көзге түсті. Композитордың онкүндікте көрсетілген «Біржан-Сара» операсын, Москваның Чайковский атындағы Менмлекеттік консерваториясының үлкен залында орындаған «Коммунизм оттары» атты кантатасын музыкаға қояр талабы мен талғамы үлкен астана жұртшылығы, көрнекті музыка мамандары жоғары бағалады.

Үкімет пен партия Мұқан Төлебаевтың қазақ совет музыкалық өнері саласындағы еңбегін аса жоғары бағалыды. КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1959 жылғы 3 қаңтарындағы Указы бойынша Қазақ КСР көркем өнерінің бір топ қызметкерлерімен бірге Мұқан Төлебаевқа КСРО Халық әртісі деген құрметті атақ берілді.

Көрнекті музыка қайраткері Мұқан Төлебаев жақында Қазақ КСР Жоғарғы Советінің депутаттығына екінші рет сайланды.

Музыкалық өнердің талай қиын бұрылыс, өткелдері мен тосқауылдарынан абыройлы өткен үлкен дарын иесі Мұқан Төлебаев қазір өнер өрінен орын алды. («Коммунизм таңы» 9 мамыр, 1959 жыл )

Мұқан Төлебаев - музыка өнеріміздің көгінен ерте сөнген өзгеше жұлдыз еді. Ол - күн сайын боратып жазып, шығармаларының санына мәз болған «суреткерлдердің» санатына қосылмайтын композитор. Мұқан аз жазып кетті, аз айтқанының өзі көп.

Орыс музыкасының тарихында А. П. Бородиннің алар орны ерекше, ал сан жағынан қарасақ, композитордың музыкалақ шығармалары соншалық көп те емес. «Князь Игор» операсы мен санамалы камералық, симфониялық шығармалар ғана екен. Осыған қарамастан А. П. Бородин - есімі әлемге әйгілі орыс классиктерінің бірі болып саналады. Әділіне көшсек, Мұқан Төлебаевты совет музыкасындағы нақ осындай суреткер деп айтуға болар еді. Шындығында ол - профессионалдық музыка өнерінің ірге тасын қаласқан композиторларымыздың бірі ғана емес, қазақ кеңес музыкасының классигі.

Мұны кезейсоқ жағдай емес, табиғи нәрсе деп қарауымыз керек. өйткені, жас шағынан-ақ халықтың ән-күй творчествосының мөлдірінен еркін сусындап, оның сиқырлы сырын жүрек түпкірімен тебірене сезінген Мұқан халық муызыкасының тағдырын ерекше түсінеді. Мұның үстіне болашақ композитордың анасы Тәжібала әнші болған. Ойын-той, думандарда, шілдеханаларда әншілік өнерімен көпшілікті тамсандырған. Бала Мұқанға, әрине, бұл жағдай ерекше әсер етеді. Ол анасы сияқты өнерпаз болуға талпынады. Қурайдан өзі сыбызғы жасап тартады. Бұл уақытта Мұқан алты-ақ жаста екен. Бертін келе Мұқан домбыра тартып, ән айтады, жеңіл-желпі айтысқа да түседі. Бірақ үй ішінің бас көтерері өзі болған соң небары 6 сыныптық білімімен қызмет істеуге тура келеді. Ол өзінің туған кохозы «Үлгіде» (Талдықорған облысы, бұрынғы Бөрлітөбе ауданы) есепші болады. Сөйтсе де талапты жас ойын-сауықтан қол үзбейді. Табиғи талант өнерге тарта береді.

1935 жылы Мұқан Төлебаев Бөрлітөбе аудандық жұмысшы театрын ұйымдастырады. Театр артистерінің күшімен берілген концерттерде домбырамен ән шырқап, жұртшылық құрметіне бөленеді. Спектакльдерге қатысып, театрдың беделді артистерінің бірі ретінде танылады.

Мұқан 1936 жылы халық таланттарының Алматыда өткен республикалық екінші байқауына қатысады. Халық әндерін сазына келтіре шырқаған Мұқанның әншілік өнері жюри мүшелерінің назарын бірден аударады. Байқауда ерекше дарын талантымен көрінген Мұқан Төлебаев бірер жылдан соң Москва консерваториясының композиторлар дайындайтын бөліміне ауысады. Алғашында кеңес музыкасының белгілі шеберлерінің бірі Р. М. Глиэрден композициядан сабақ алады, кейін консерваторияны Н. Я. Мясковскийдің класы бойынша бітіріп шығады.

Мұқан Төлебаевтың музыка өнеріне деген талғамын, оның суреткерлік ерекшелігін айтқанда естен шығармас өзгеше бір жай бар. Ол - болашақ композитордың туған халқының ұшан-теңіз ән-күй творчествосын ана сүтіндей бойына сіңіруі, содан емін-еркін сусындауы, халақтың музыкалық «университетінің курстарын» толық меңгеріп барып, профессионалдық музыка өнері жолына түсуі. Дәстүрді шеберлікпен шендестіре білген ойшыл суреткер. Сондықтан да оның творчествосы ғасырлар бойы жасаған халықтың қолтума ән-күйлеріндей-ақ жұртшылық жүрегіне жол тауып, рухани қазынамызға зор үлес болып қосылды.

Халақтың ән-күй творчествосына тән сыршыл әуен, терең тебіреністі ой, асқақ арман, міне, осының бәрі Мұқанның 40-шы жылдардың басында өзінің соңғы кезінде жазған тырнақалды әні «Кешкі көктемнен» бастап өмірінің соңғы кезінде жазған, бірақ аяқтай алмай кеткен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» операсының фрагметтеріне дейін үзілмейді. Композитордың қай шығармасында да халық музыкасына тән шалқыған қазақ даласындай кең тынысты эпостық әуен, позиторлық өнердің техникасын толық меңгерген М. Төлебаевтың жалаң профессионализмге берілмей, қашан да халықтық дәстүрден жалықпай үйренгенін көрсетсе керек.

1940 жылдардың өзінде-ақ Мұқан Төлебаев өз ойы, өз үні бар дарын иесі ретінде жарқ етті. Әсіресе, ән-романстары («Тос, мені тос», «Кестелі орамал», «Жеңіс», «Таня туралы ән», «Комсомол», «Соқ барабан» т. б. ) музыкалық тілінің байлығымен, нәзік лирикасымен Мұқан талантын сол кезде-ақ жұртшылыққа танытқан. Бұл тұста жазған шығармалары алапат соғыс кезіндегі кеңес адамдарының ерлік ісін, Отанға деген шексіз махаббатын, жауға деген шексіз өшпенділігі мен ыза-кегін мелодиялық әсерлі оймен жеткізген туындылар еді. Композитор соғыс жылдарында жазған романстарында солдат сағынышын лирикалық мұңды үнге бөлейді. Алайда, мұны қар жастанып, мұз төсенген, оқ пен оттың ортасында өмір кешкен адамның торығуы деп түсінбеуіміз керек, қайта бұл халқымыздың жеңіске деген сенімі, музыкадағы оптимистік өршіл ойы.

Кеңес халқының жасампаздық ұлы істері мен кең байтақ Отанымыздың бүгінгі көріністері туралы өзекті ойларын композитор соғыстан кейінгі шығармаларында да одан әрі дамыта түсті. М. Төлебаевтың «Отан», «Партия туралы ән», «Амудария туралы баллада», «Жылқышы әні», «Ақ мақта», «Шахтер жыры» т. б. нақ осындай ойдан туған шығармалар. Төрт дауысқа жазылған «Қырман жырында» тенор, сопрано, альт, бас дауыстар - егін орағы кезінде үн қосқан колхоз жастарының думанды үніндей, қызу еңбек үстіндегі адамның қимылына сай өткір екпінде, кейде алма-кезек, кейде қосыла шырқайды.

Мұқан Төлебаев романс жанрының да асқан шебері еді. Соғыс жылдарында романстарын бастап, «Көктем», «Май кеші», «Көп кезіп кең даланы араладым», «Келші, сәулем», «Мен сүйем» сияқты шығармаларында асқақ сезімді, лирикалақ тебіреністі жыр етеді, кей-кейде терең философиялық толғаныс та байқалады.

Композитор тврочествосының шоқтығы - «Біржан-Сара» операсы. Операның шын шебердің қолынан шыққан нақышты ою-өрнегіндей әуенді де әсерлі, лирикалы да ойшыл музыкасында халық музыкасы рухында сазды әуен көктемнің хош иісті самалындай тыңдаушы сезімін еркелетеді. Көңіл күйің, қиял ойың өзгеше бір әдемілік әлемін кезіп кетеді. Бір сөзбен айтқанда композитор «Біржан-Сара» операсында Біржан сынды сегіз қырлы өнер адамының өмірін, шер-мұңын, күрес-тартысын, жарық дүниені, жарқын болашақты аңсаған оның асыл арманын азаматтық ар-ожданымен, үлкен жауапкершілікпен, шебер суреткерлікпен жыр етті. «Біржан-Сара» операсын - қазақ музыкасының ғана емес, бүкіл кеңес музыка мәдениетіндегі классикалық туынды деп батыл айта аламыз.

Мұқан Төлебаев творчествосындағы кесек туындылардың бірі - 1951 жылы жазған «Коммунизм оттары» атты кантатасы. Небәрі он екі-ақ минут жүретін осы шығармада композитор халқымыздың революциядан бұрынғы қайғы-мұңға толы өмір көріністерін де, бүгінгі кеңестік шындықты да қатар суреттей отырып, комунистік қоғам құрлымындағы кеңес халқының тамашы жетістіктерінің салтанатын, оның ұлы идеяларын жыр етті.

Музыкалық творчествоның нетүрлі қиын бұрылыс өткелдерінен, қырқа кезеңінен қысылмай өткен асқан талант иесі Мұқан Төлебаев суреткерлік өнерінің толысқан, кемелденген шағында қайтыс болды. «Талантты композитор, көрнекті қоғам қайраткері, сирек кездесетін үлкен жанды, парасатты ойдың адамы, аз сөзді бірақ өз ойын нақпа-нақ айтатын тамаша әңгімешіл, міне, творчестволық жиындар мен достық әңгіме үстінде Мұқан Төлебаевты бір көрген адамның өзі-ақ оны қашан да осылайша есте сақтайды» - деп жазды «Советская музыка» журналы ол қайтыс болғанда.

Бұл халқымыздың Мұқан Төлебаев сынды үлкен жүректі суреткер ұлына берілген әділ баға . Оның өмірі мен творчествосы соңғы буын композиторларымызға тамаша үлгі, үлкен өнер мектебі болса, музыкалық мұрасы халқымыздың рухани мұрасына айналып отыр. Сондықтан оның есімі де, өнері де өмірлі. («Мәдениет және тұрмыс» №3, наурыз, 1970 жыл)

ІІ ТАРАУ. МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВТЫҢ «БІРЖАН-САРА» ОПЕРАСЫ

«Біржан-Сара» операсы

Қазақ әдебиеті мен музыкасының тарихынан құрметті орын алған халық композиторы, атақты ақын Біржан әлеуметтік әділетсіздікке, үстем таптың озбырлығына қарсы наразылық білдірген бұқара халықтың еркіндікті аңсаған арманына өз өнерінің өршіл үнін қосып, ел еркесі «Сал Біржан» атанған қарапайым халық қалаулысы еді. Жақында ғана жаңартылып, сахнаға қайта қойылған Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы тыңдаушыларға халық композиторы туралы нақ осындай ой тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет пен сынның биік белесі
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылар
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Ғажап ғұмыр
Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР ТУРАЛЫ
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)
Роза Үмбетқызы - қазақ опера өнерінің майталманы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz