Египетте мемлекетінің пайда болуы



Ніл алқабының табиғат жағдайлары. Египетті ежелгі заманда "Қара жер" деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан.
Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.
Қазіргіге карағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.
Нілдің тасуы. Орталық Африкадағы тауларда қардың еруінен және нөсер әсерінен жазға қарай Ніл тасып, арнасынан шығып, өзен аңғарын түгел дерлік су басады. Ал қараша айында су қайтып, өзен өзінің арнасына түседі. Қатты аққан су жер бетінің қыртыстарын, өсімдік шірінділері мен лай-батпақтарды шайып өтеді.
Аңғардағы топырақ тек суға ғана қанығып қоймай, сонымен бірге оның бетін тұнба басады. Дегенмен, Нілдің кемерінен асып-тасуы бұл алқапты дүние жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Египет жерінің топырағы су жайылып, тартылған соң жұмсақ та, ылғалды болды. Сондықтан да оны ағаш тесемен де, соқамен де өңдей беруге болатын.
Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті. Египет адам тұруға жарамсыз дерлік жерден б. з. б. IV мыңжылдықта-ақ халық тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы зор болды.
Алғашқы мемлекеттер. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуы өнімнің өсуін және артық азық-түліктің пайда болуын тудырды. Артық

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЕГИПЕТТЕ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Ніл алқабының табиғат жағдайлары. Египетті ежелгі заманда "Қара жер"
деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан.
Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы
-қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын
өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен
солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне
құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға
бөлінеді.
Қазіргіге карағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе
құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан,
ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.
Нілдің тасуы. Орталық Африкадағы тауларда қардың еруінен және нөсер
әсерінен жазға қарай Ніл тасып, арнасынан шығып, өзен аңғарын түгел дерлік
су басады. Ал қараша айында су қайтып, өзен өзінің арнасына түседі. Қатты
аққан су жер бетінің қыртыстарын, өсімдік шірінділері мен лай-батпақтарды
шайып өтеді.
Аңғардағы топырақ тек суға ғана қанығып қоймай, сонымен бірге оның
бетін тұнба басады. Дегенмен, Нілдің кемерінен асып-тасуы бұл алқапты дүние
жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Египет жерінің топырағы су жайылып,
тартылған соң жұмсақ та, ылғалды болды. Сондықтан да оны ағаш тесемен де,
соқамен де өңдей беруге болатын.
Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті. Египет адам тұруға жарамсыз дерлік
жерден б. з. б. IV мыңжылдықта-ақ халық тығыз қоныстанған елге айналды.
Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы зор болды.
Алғашқы мемлекеттер. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуы өнімнің
өсуін және артық азық-түліктің пайда болуын тудырды. Артық өнімнің пайда
болуы тайпа көсемдерін байыта түсті. Енді тайпа көсемдері халықтан алған
байлықты өзінің қасында бақылаушылар, сақшылар және жауынгерлер ұстау үшін
пайдаланды. Сақшылар мен жауынгерлердің саны артқан сайын көсемдердің
билігі де күшейе түсті. Осылайша, көсемдер бірте-бірте өз тайпаларының
әміршісіне айналып, барлық мәселені өзі шешкен.
Сөйтіп, ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылар пайда болды. Осыған
байланысты құл иеленушілік құрылыс қалыптасты. Құл иеленушілік құрылыстың
қалыптасуы нәтижесінде б. з. б. IV мыңжылдықта Египетте шағын мемлекеттер
пайда болды. Олардың саны қырыққа дейін жетті. Мұндай мемлекеттердің
қарамағында әскерлері, күзетшілері, жендеттері және түрмелері бар патша
билігі орнады. Бұл мемлекеттер бір-бірімен жиі соғысып тұрды. Осындай
соғыстардың нәтижесінде жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттердің иеліктерін
тартып алып отырды. Тайпа әміршілерінің кейбіреулері өздерін патша деп
атады. Ақырында Ніл аңғарында екі ірі мемлекет пайда болды. Патшалардың
біреуі Египеттің солтүстігін - өзеннің төменгі сағасын - атырауын
бағындырса, ал екіншісі елдің оңтүстік аңғарын бағындырды. Оңтүстік
Египеттің патшасы басына биік ақ тәж кисе, ал солтүстіктің патшасы қызыл
түсті тәж киген. Екі патша да бүкіл Египет жерін дара билеуге ұмтылды.
Сондықтан екі патшалықтың арасында кескілескен ұрыстар жиі жүргізілді.
Өзара бәсекелескен екі мемлекеттің арасындағы күрес өте қатты, ауыр және
ұзаққа созылды.
Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы. Б. з. б. 3000 жылдары
оңтүстік патшалығының патшасы солтүстік патшалығын жеңіп, атырауды басып
алды. Сөйтіп, Ніл шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейінгі бүкіл Египетті
біріктірген қуатты мемлекет құрылды. Енді оңтүстік Египеттің патшасы
қосарлы ақ және қызыл түсті тәж киді. Біртұтас Египеттің патшалары -
перғауындар (фараондар) деп аталды.
Деректерде Египетті ең алғаш біріктіруші патша Менес (Мина) перғауын
делінеді. Атырау мен аңғардың түйіскен жеріне үлкен бекініс салынды. Ол
бекіністі "Ақ дуал" деп атаған. Кейін сол бекіністе Египет мемлекетінің
алғашқы астанасы салынды. Ол - Мемфис қаласы еді. Бүкіл Египетті бір
мемлекетке біріктірудің нәтижесінде оның сыртқы жағдайы жақсарып, басқа
елдермен байланысы ұлғая түскен. Сөйтіп, күшті әскері бар, бір орталыққа
бағынған мемлекет қалыптасты. Қуатты патшалықтың әскерлері бірте-бірте
Египеттен тыс елдерге - шығыста Синай түбегіне, ал оңтүстікте Нубияға
шапқыншылық жорықтар жасай бастады.
Египет біртұтас мемлекетке бірікеннен кейін ішкі және сыртқы сауданың
өркендеуіне жол ашылды. Бір жүйеге келтірілген суландыру құрылыстары
салынды.
Қуатты, бір орталыққа бағынған мемлекеттің нәтижесінде жазу біржола
қалыптасып, ғылыми білімдер мен сәулет және құрылыс өнері дамыды.
Б. з. б. II мыңжылдықта Египетте құл иеленушілік құрылыс біржолата
қалыптасып, нығая түскен. Египет сол кездегі дүниедегі ең бай, әрі қуатты
елге айналды.

Ежелгі египеттегі еңбекшілердің жағдайы
Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы. Шаруашылықтың, қолөнердің,
сауданың дамуы, басқыншылық соғыстар құлдық пен мүліктік жіктелудің одан
әрі ұлғаюын тудырды. Соғыс жорықтары мен сауда кездерінде қолға түскен әр
түрлі байлықтар: малдар, құлдар, әшекей бұйымдары, жер және баска да
олжалар халық арасында бірдей, тең бөлінбеген. Түскен олжа мен байлықтың
басым көпшілігі перғауынның және құл иеленуші ақсүйектердің қолдарына
жиналды. Сонымен бірге құл иеленуші шонжарлар патша сыйлықтарының арқасында
байи түскен. Перғауындарға жақын әкімдер құнарлы ірі қоныстарға ие болған.
Қарапайым халықтың жағдайы күннен күнге төмендей бастаған. Көпшілігі соғыс
жорықтарынан мүгедек болып оралған, сондықтан олар ешбір еңбекке жарамсыз
болды. Соның нәтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл
мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер еткен. Яғни, Ежелгі
Египетте бай және кедей адамдар тобы бөлінді. Ежелгі Египеттегі
еңбекшілерге құлдар, шаруалар, қолөнершілер және тау-кен жұмысшылары жатты.
Құлдардың еңбек жағдайы. Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-
мүлкін, бағалы дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.
Египеттіктер тұтқындарды "тірі өліктер" деп атап, оларды құлға айналдырды.
Құлдар ең ауыр жұмыстарды атқарған. Олар егіс даласында, құрылыста,
шеберханаларда еңбек етті. Үлкен храмдар мен перғауындардың зираттарын
салған. Құлдар таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген. Сонымен
бірге құл иеленушілердің, шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін
егіп, шөбін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәмлүктер билігі дәуіріндегі Египет (ХІ – ХV ғғ.)
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Ежелгі мемлекетер тарихы
Египет
Египет мемлекеті және құқығы
Ежелгі Египет мемлекеті мен құқығы
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Египеттің туризмі туралы ақпарат
Ежелгі дүние тарихы пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Пәндер