Медициналық интроскопия (экг,хм,эхокг)


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Медициналық интроскопия (ЭКГ, ХМ, ЭхоКГ)

Орындаған: Тұржан А. С.

Кужанбаев Х. Т.

Қабылдаған: Бражанова А. К.

Қарағанды қаласы 2016 жыл

Медициналық интроскопия (ЭКГ, ХМ, ЭхоКГ)

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Медициналық интроскопияға түсінік
  3. Электрокардиография туралы жалпы түсінік
  4. Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ
  5. Эхокардиография

Медициналық биофизика заңдарын білу, адам ағзасында өтетін бірқатар физикалық, химиялық және биологиялық процестерді зерттеу үшін диагностика жасауға және емдеудің жаңа әдістерін меңгеруге мүмкіншілік береді. Қазіргі уақытта адамның көптеген ауруларына дер кезінде диагноз қою үшін және жалпы оларды анықтауда аспаптық әдіске көп көңіл бөледі. Анықтаудың қазіргі заманға лайық аспаптық әдісі адамның барлық мүшелері мен ұлпасындағы потологиялық жағдайларды, яғни аурудың өршуінің бастапқы кезеңін айқындауды немесе неғұрлым нақтырақ диагноз қоюға мүмкіндік береді. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық-диагностикалық деректерді объективті түсіндіру және емдеу шараларын дұрыс сезіну үшін қажет. Дәрігердің диагностикалық және емдеу тәсілі, көбінесе, құрал көмегімен алынатын деректерге тәуелді.

Медициналық интроскопия ( лат. intro - ішкі, ежелгі. -греч. σκοπέω - қараймын ) - медициналық диагностиканың бір тарауы. Адам ағзасын инвазивті емес зерттеумен айналысады. Физикалық әдістердің көмегімен ішкі құрылымдардың бейнесін алу. Атап айтқанда, мыналар пайдаланылады: дыбыс толқындары, әр түрлі толқын ұзындығындағы электромагниттік сәуле шығарулар, тұрақты және айнымалы электромагниттік өріс, шығаратын элементар бөлшектер.

Медициналық интроскопияның барлық әдістерін мынандай негізгі топтарға бөлуге болады:

  • Рентгенологиялық (рентген сәулесі, ангиография, компьтерлік томография)
  • Магнитті-резонанстық (МРТ)
  • Оптикалық (флюорография)
  • Радионуклидтік (позитрондық-эмиссиялық томография)
  • Ультрадыбыстық (УДЗ)

Медико - биологиялық ақпаратты алуға арналған қондырғыларға қойылатын басты талаптар:

  • алынатын ақпаратты қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау
  • ағзаға зиянсыз болуы
  • зарарсыздануға қолайлы және бірнеше рет қолданатындай болу керек
  • адам ағзасынан алынатын биопотенциалдардың және басқадай медико-биологиялық ақпараттардың пішініне ақаудың мейлінше аз болуы

Электрокардиография туралы жалпы түсінік.

ЭКГ - бұл жүрек жиырылуы кезіндегі дене беткейіндегі электр потенциалының әртүрлі өзгерістерінің графикалық көрінісі. Мүшелер мен тіндердің күйін биопотенциалдар өте дәл сипаттайды. Сондықтан биопотенциалдарды тіркеудің физиологиялық зерттеулер мен аурудың диагнозын қоюға маңызы өте зор. ЭКГ тіркеуін жүргізу медицинада ең жиі кездесетін іс шаралардың бірі. Кез келген тексеру ішіне кіретін қарапайым ғана ЭКГ түсірілімі арқасында жүрек қызметі және оның бар патологиялары жайлы мол ақпарат алуға болатынын кез келген адам біледі.

ЭКГ түсірілім алу келесідей тізбекті қадамдардан тұрады:

  1. Науқасты дұрыс кушеткаға (арқасына) жатқызу керек. Науқас белге дейін шешініп, аяқтарын киімнен босатуы қажет. Зерттеуді тамақтан соң 2 сағаттан кейін және де демалғаннан кейін 10-15 минут кейін бастаған жөн.
  2. Электродтарды орналастыру алдында пациент терісін контакт жерлерінде спиртпен сүрту керек (майдың болмауы керек) .
  3. Науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеудің уақыты мен күні жазу керек.
  4. Электродтар мен пациент терісінің аралығына ток өткізетін орта ретінде электродты гельдер, пасталар не сұйықтар қолданылады; физиологиялық немесе гипертонды ертіндімен, болмаса сумен дымқылданған марлядан жасалған төсеніштерді қолдануға болады.
  5. ЭКГ құралында тіркеу жылдамдығын қою (50 мм/с - 1 немесе 25 мм/с-1) (көп жағдайда дайын болады) .
  6. ЭКГ құралын калибровка жүргізу (стандартты калибрлік күштеме 1mV, 10 мм тең)
  7. Электродтарды қоятын жерлердің тері жабындары спиртпен өңделеді немесе арнайы гель жағылады
  8. Аяқ-қолдарына электродтарды дұрыс қою керек: Оң қол- қызыл түс Сол қол- сары түс Сол аяқ - жасыл түс Оң аяқ - қара түс
  9. Willson бойынша электродтарды науқас кеудесіне дұрыс қою керек:
  • VI - 4-ші қабырға аралық төстің оң жақ қырымен
  • V2 - 4-ші қабырға аралық төстің сол жақ қырымен
  • VЗ- V2 - V4 ортасына(сол жақ парастерналды сызығы бойымен 4 қабырға деңгейінде)
  • V4 - сол жақ ортаңғы бұғана сызығы арқылы 5-ші қабырға аралық
  • V5 - V4 горизонтальды деңгейімен сол жақтан алдыңғы қолтық сызығы
  • V6 - V4 және V5 горизонтальды деңгейімен сол жақтан ортаңғы қолтық сызығы
  1. ЭКГ жазу қалыпты тыныс жағдайында жазылады. Әрбір әкетулерде 4- тен кем емес РQRSТ жүрек циклдарын тіркеу қажет

Экг жазу қазақша

Картинки по запросу ЭКГ аппарат

ЭКГ аппарат

Қалыпты электрокардиограмма

қалпыты ЭКГ

  • P тісшесі 0, 07-0, 10 сек ұзақтығы. Амплитудасы 1, 5-2, 5 мм.
  • РQ интервалы ұзақтығы 0, 12-0, 20 сек
  • РQ сегменті изосызықтықта орналасқан
  • QRS кешенінің ұзақтығы - 0, 06-0, 10 сек.
  • ST сегменті изосызықта (±0, 5) орналасқан
  • Т тісшесінің ұзақтығы 0, 16-0, 24 сек
  • QT интервалының ұзақтығы 0, 16-0, 24 сек.

Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ

Холтерлік ЭКГ мониторлау 1961 жылы зерттеуші Norman J. Holter (Норман Дж. Холтер) атына аталған. Бұл 24 сағат бойы үздіксіз бірнеше тіркемеде ЭКГ жазатын функциональді диагностика әдісі. Ол үшін өзімен бірге жүретін тәулік бойы ЭКГ жазатын және жүректің жұмысы жайлы компьютерге ақпарат беретін кішкентай регистратор қолданылады.

Екі арналы ЭКГ 24 сағаттық кардиотіркеуішпен компьютердің жадына тіркеледі.

  • Дескритизация жиілігі 250 Гц;
  • Разряд бағалау саны 10

ЭКГ-ні тіркеу басында кардиотіркеуіштің күштемелік қуаты қамтамасыз етіледі.

  • Бірінші күні монитор орнатылады. Бұл арнайы дайындықты қажет етпейді және орнату үшін бар-жоғы 10мин. кетеді. Келесі күні монитор шешіліп, алынған мәліметтер талданылады.
  • Модуль және персональді компьютер арасындағы байланыс токсыз және жылдам. Құрылғы кішкентай көлемімен және жеңіл салмағымен науқасқа ешқандай ынғайсыздық тудырмайды. Құрылғы көлемі 5х8 см., салмағы50 г.
  • Қарсы көрсеткіштері және жас айырмашылығы жоқ.
  • Холтер 24 сағаттық ЭКГ-нің 2-ші, 3-ші тісшелеріндегі жазбаларын ішкі жадында сақтайды, аритмияның 11 түрін анықтай алады. Құрылғының қуат көзі өшіп тұрған жағдайда да алынған жазбалар жадында сақталады және бірнеше рет қайталап оқуға мүмкіндік береді.

Холтерлік мониторлау кезінде барлық науқастарға жалпы жағдайы мен шағымдарын, сипатын, физикалық жүктеме, дәрі-дәрмек қабылдау және ұйқы мен ояу кезіндегі жағдайларын белгілейтін күнделік беріледі. Күнделіктегі мәліметтер ЭКГ-дағы мәліметтермен салыстырылады.

Существующие показания для выполнения холтер-мониторинга

ЭКГ Холтерлік мониторингінің көрсеткіштері:

  1. Скрининг (миокардтың ишемиясын және жүрек ырғағының бұзылысын іздеу) . Еркектер 35-тен жоғары- 3 жылда 1 рет. Әйелдер 40-тан жоғары- 3 жылда 1 рет
  2. Барлық кардиологиялық науқастар жылына 1 рет.
  3. Антиаритмиялық емді бақылау (тағайындауға дейін және 1-2 аптадан кейін) .
  4. Антиишемиялық емді бақылау (емдеуге дейін және 3 аптадан кейін) .
  5. Қосарланған синдромдар мен жағдайы:
  • Қалқанша безі ауруы (тиреотоксикоз, АИТ)
  • Холестерин немесе үшглицеридтердің жоғары деңгейі
  • Жоспарланған жүктілік
  • Әр-түрлі мерзімдегі жүктілік (бір реттік)
  • Естен таңу жағдайы (кем дегенде 3 күн ЭКГХМ)
  • Қанда глюкозаның жоғарылауы (миокардтың ауырсынусыз ишемиясын іздеу)
  • Әр-түрлі анемиялар (тәждік емес миокард ишемиясы)
  • Ентігу
  • Кеуде тұсында ауырсыну синдромы 3 дәрежелі семіздік
  • Жоспарланған хирургиялық араласу
  • Түндегі апноэ
  • Созылмалы шаршау синдромы
  • Химиотерапияға дейін және кейін
  • Сәулелі емге дейін және кейін
  • Препараттарды тағайындау с синдромом «обкрадывания» (трентал, курантил және т. б. )
  1. Қауіпті мамандық иелері (жыл сайын) .
  • Ұшқыштар
  • Қоғамдық көлік жүргізушілері
  • Су сүңгуірлер
  • Крановщиктер
  • Альпинисттер
  • Авиадиспетчерлер
  1. Мамандандырылған спорт (жылына 2 рет) .

ЭКГ ХМ автоматты талдауында: ырғақ бұзылысы, әр-бір тіркемеде ST сегментінің ығысуы мен өзгерістерінің динамикасы, ырғақтың вариабельді көрсеткіштері анықталады. Бұл жүйе келесі ырғақ бұзылыстарын анықтай алады:

  • Қарыншалық және қарыншаүстілік экстрасистола;
  • Қарыншалық және қарыншаүстілік тахикардия пароксизмі;
  • Қарыншалық және қарыншаүстілік бигеменияны;
  • Қарыншалық және қарыншаүстілік тригеменияны;
  • Компенсаторлы үзілістер және қысқа уақытты асистолия белгілері;
  • Ретсіз ырғақ кезеңдері;
  • Жүрек өткізгіштігінің бұзылыстары: АВ блокада дәрежелері, ГШБ

Әдеттегі қарапайым ЭКГ мен Холтер бойынша ЭКГ мониторингінің айырмашылығы

Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ
Қарапайым ЭКГ
Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ: Холтер кезінде жүрек қызметін тіркеу 24 сағат бойы жүргізіледі, бұл уақыт аралығында науқастың шағымдарын туындатқан себептерді (брадикардия, тахикардия, аритмия) анықтауға мүмкіндік бар.
Қарапайым ЭКГ: ЭКГ кезінде жүрек қызметін тіркеу қысқа уақыт ішінде жазылады (30 сек)
Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ: Холтер науқастың күнделікті өмірдегі физикалық жүктеме кезіндегі миокардтағы бұзылыстарды көруге мүмкіндік береді.
Қарапайым ЭКГ: ЭКГ науқастың тыныш қалпында тіркеледі, бұл күнделікті өмірдегі физикалық жүктеме кезінде миокардтағы бұзылыстарды көруге мүмкіндік бермейді.
Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ: ЭКГ ХМ тіркеу қарапайым ЭКГ-да көрінбейтін науқастың күнделікті өмірінде болатын әр-түрлі жағдайларды тіркеуге мүмкіндік береді.
Қарапайым ЭКГ: ЭКГ жүректің тек қана сол мезеттегі қалпын анықтай алады.
Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ: Алынған мәлімет аритмия түрлері мен стенокардия ұстамасын, жүрек ырғағының бұзылысын, жүрек өткізгіштігін, миокард ишемиясының бар -жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
Қарапайым ЭКГ: Алынған мәлімет аритмия түрлері мен стенокардия ұстамасын, жүрек ырғағының бұзылысын, жүрек өткізгіштігін, миокард ишемиясының бар -жоғын анықтауға мүмкіндік бермейді. (ЕГЕР СОЛ МЕЗЕТТЕ БОЛМАСА)
Тәуліктік (Холтер) маниторингтік ЭКГ: Бұл әдіс тек нақты диагноз қойып, өмірге қауіпті аритмия, ишемияны анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүрек-қан тамыр ауруларын емдеу және жүргізілген емнің нәтижелігін жоғарылатуға да мүмкіндік береді.
Қарапайым ЭКГ: ЭКГ аппаратының артықшылығы, оның ыңғайлы болуында. Жедел-жәрдем, ауруханаларда 30 сек аралығында анықтау.

ЭКГ ХМ орнатуда науқасқа берілетін ескертпелер:

  • Суға, бассеин, душқа түсуге;
  • Электроқұрылғылармен жұмыс істеуге болмайды

ЭКГ ХМ орнатуға қарсы көрсеткіш:

  • Кеуде клеткасының күйіктері
  • Жарақаттар
  • Кеуде деформациялары

Эхокардиография (ЭхоКГ)

Эхокардиография (ЭхоКг) - бұл қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес, ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады.

C:\Users\Lenovo\Desktop\Logiq-7.jpeg
Эхокардиограф аппараты

Эхокардиография (ЭхоКг) мүмкіншілік береді:

  • Жүрек қуыстарының көлемдерін анықтауға
  • Жүрек клапандарының жағдайын және олардың қызметін бағалауға
  • Жүрек қабырғаларының қалыңдықтарын анықтауға
  • Жүрек қарыншаларының жиырылу мүмкіншіліктерін бағалауға
  • Жүректегі миокард инфарктінен кейінгі тыртықты өзгерістерді анықтауға
  • Жүрек ішіндегі қан қозғалысын бағалауға
  • Аорта және өкпе сабау артерияларын бағалауға
  • Перикардтың жағдайын бағалауға.

Эхокардиография (ЭхоКг) өткізуге көрсеткіштер:

  • Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) ;
  • Миокард инфарктісі (МИ) ; Артериальді гипертензия (АГ) ;
  • Туа біткен және жүре пайда болған жүрек қантамыр ақаулары;
  • Ревматизм;
  • Нейроциркуляторлы дистония, кардиалды және гипотоникалық типі;
  • Жүрек өткізгіштігінің және ырғағының бұзылыстары;
  • СЖЖ;
  • Жүректегі шуылдар;
  • Өткерілген ауыр формалы грипп және баспа;
  • Жүректегі ісіктер (миксома, рабдомиома, папиллярлы фиброэластома) ;
  • Кардиомиопатияларды анықтау
  • Миокардиттер диагностикасы
  • Жүрекке операция жасағаннан кейінгі жағдайды бағалау
  • Жүрек клапандарының орнына қойылған аппараттар жағдайын бағалау
  • Кез келген жағдайда қолдануға болады

Эхокардиография (ЭхоКг) қарсы көрсеткіштері:

  • Кеуде клеткасының күйіктері
  • Жарақаттар
  • Кеуде деформациялары

ЭхоКг түрлері:

Екі кесінділі ЭхоКг -жүрек көрінісі ұзыннан және қысқа ось бойында нақты уақытта жүргізеді. Жүрек қуыстарынң көлемін анықтауға, жүрек қабырғаларының қабырғаларын анықтауға, клапанды аппарат жағдайын бақылауға, клапан түбі құрылымдарын. Қарыншалардың жиырылу мүмкіншіліктерін, тромбтың немесе бөгде заттың қуыста болуын анықтауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық техниканы жіктеу
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Тұрақсыз стенокардия
Электрокардиографияның физикалық негіздері
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Әртүрлі жастағы дені сау балалардың жүрек-қантамыр жүйесін функциональды және құрал-саймандармен зерттеу әдістері
ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Жедел миокардиттер мен жүректің ревматикалық зақымдануының салыстырмалы диагнозы
Рентген сәулелерінің қолданылуы
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz