Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық дамыту жолдарын, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген. [1] Егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ екендігі анық, демек бүгінгі заман талабына сай жастарға сапалы білім берудің, ғылымды дамытудың талаптары күшейе түсуде. Білім беру ұғымының өзі өзгеріп, кеңейіп, толығуда. Жеке тұлғаны дамытудың жаңа тұжырымдамасы білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір адамның нақты мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Мұның өзі білім мазмұнын тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға бағыттайды. Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түрлілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А. Көшімбаев. [2]
Елімізде білім беру жүйесін жаңаша қалыптастырып оны бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ұластыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Білім беруді дамытудың бағдарламасы, тұжырымдамасы, әр түрлі қаулы-қарарлар, т. б. ағымдық іс-шаралардың барлығының мақсаты білімді де білікті тұлға тәрбиелеу болып табылады. Әсіресе, дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, жаңа мазмұнда ғылыми және сан сапалы білім беру бағдарламаларын жасауда, шетелдің тәжірибесін оқу тәсілдері мен түрлері саласында пайдаланудың маңызы арта түсті. Халықаралық білім беру кеңістігіне ену біздің білім беру жөніндегі жүйеміздің дәрежесін арттыруға игі ықпалын тигізері сөзсіз. Елімізде отандық білім беру жүйесін дүниежүзілік стандарттар деңгейіне көтеру бағытында әр түрлі іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Білім беру мазмұнын ізгілендіру қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысымен сәйкестендірілуде. Білім беру оқушы дүниетанымының, болмыс мәдениетінің, жалпы дамуының тетігі ретінде қолдануға бағытталуда.
Мақсаты: Білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері насихатталуы керек. Сол себепті қазақстандық әдіскер ғалым еңбегінің құндылығын ашу зерттеу мақсатына айналды.
Міндеттері:
- Т. Жұмажанованың ғылыми зерттеулерін саралап, ғылыми құндылығын талдау;
- Т. Жұмажанованың ғылыми-әдістемелік еңбектеріндегі инновациялық технологиялардың өзектілігін дәйектеу;
- Т. Жұмажанованың ғылыми зерттеулерін басқа әдіскер ғалымдардың еңбектерімен салыстыра отырып, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің озық технологияларын анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін барлық қажетті жағдайларды жасау күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Өркениетті елдер қатарынан көріну бүгінгі таңда әр мемлекеттің берік те сапалы біліміне сай болуында екендігі айқын. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты. Білім беру парадигмасы өзгеріп, жаңа мазмұны пайда болуда.
Өзіндік мақсаты айқын оқу мен өмірді ұштастыра білетін, кәсіби шеберлігі жоғары, білікті маман дайындау бүгінгі заман талабы. Жаңа ғасырдың саналы жастарының берік білімі мен біліктілігін арттырудың тиімді жолдарын қарастыруда зерттеуші ғалым-әдіскерлер ұстаздар, қоғамдық ұйымдар, ата-аналар т. б. қызығушылық туғызып, айрықша мән беруде. Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму жолдары болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту проблемаларының мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ. Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан ғалым-әдіскерлеріміздің ой-пікірлеріне әділ баға беру қажеттігі туындайды. Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып, әдістемелік ойдың бірте-бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиеті оқыту пәні ретінде мектеп бағдарламасына еңгізу, әдеби білімнің мазмұнын айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес. Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім мазмұның айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 августе қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы» қаулысы осыған сәйкес Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы республикада халық ағарту ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау, оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жуйесін, яғни пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын белгілеу оңайға түскен жоқ. [3]
Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек, одан бергі ғылыми жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның теориясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылын қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойынымызды тұжырымдай келе айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, ол қоғамтану пәнінің құрамына енгізіліп отыр. Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің мектепте пән болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі қызметін атқарды. «Қазақстанда он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ балалары үшін мемлекет құзырына қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам 1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан қазақ мектебі ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н. И. Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегімен оқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған Ы. Алтынсарин тартылды. Ы. Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты. Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда мектептің білім жүйесі мынадай еді:
1. Орта оқу мекемелері - ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық училищелер, мұғалімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық беретін мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері-мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшердік мектеп және қолөнер мектебі.
Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді. 1898 жылға қарай 730 бастауыш мектеп, оның ішінде 262 діни мектеп болған. Оларда бүкіл Қазақстан территориясындағы мектеп жасындағы балалардың барлық санының 93, 9% қамтылған, ал оның ішінде қазақ ұлты балаларын атап көрсетсе, бұл көрсеткіш ұлғая түседі», - дейді Т. Тәжібаев. [35. 56]
Т. Тәжібаевтың монографиялық зерттеуінен бұл деректерді келтіру себебіміз, біріншіден, қазақ балаларының саны ол мектептерде өте аз болғанын, екінші, аталған мектептерде оқу орыс тілінде (негізінен) жүргізілгеніне және қазақ балаларын орысша бастапқы сауаттылыққа яғни тілмаштық іске жарайтындай деңгейіне бағытталып жүргізілгеніне көңіл аудару еді. Оларда жалпы білім беру, соның ішінде математика, табиғаттану ілімдері қарастырылған. Бұл мектептерде орыс тілінде оқып жазу, арифметика дағдылары, діни оқу сияқты пәндер оқытылған, оның оқу-материалдық базасы нашар, қаржыландыруы өте қанағаттанғысыз жағдайда болған, ол оқыту деңгейінің тіптен нашарлығын 1882 жылы Түркістан өлкесіне халық училищелерінің бас инспекторы Забелиннің «Басқа ұлттарға білім беру ісінің дамуы мен нәтижесінің шектентыс төмендегі сатыда тұрғанына менің көзім жетті», -деп жазғанымен сипаттауға болады. Ал ішкі Орда халық училищелерінің инспекторы Н. Леванов мектептерде оқу құралдарының жоқтығын жаза келіп, балалар орысша оқып, жазуды өте нашар меңгергенін және толық сауаттылықты, белгілі дәрежеде дамыту туралы бұл мектептерде сөз қозғау да мүмкін еместігін айтады.
Міне, отар елдердегі халыққа білім берудің осындай жағдайында, бодандық шектеушіліктің соншалықты саяси және рухани төзгісіз жағдайында қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулық «Қырғыз хрестоматиясы» (Қазақ хрестоматиясын) жазып, баспадан шығарып, оны мектеп тәжірибесіне енгізуі Ы. Алтынсарин тарапынан тарихи бастама болды, бұл қазақ әдебиеті үлгілерін мектепте оқытудың алғашқы қадамы еді. Ы. Алтынсарин тұңғыш қазақ оқулығын неге хрестоматия түрінде жазуды таңдап алған деген сұрақ тууы мүмкін. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей педагогтары арасында пәнді оқытудың негізгі мақсаты- мектептен алып шығатын ақпараттар беру емес, жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда, ойлау, сөйлеу, жұмыс қабілеті, тәртіптілік дағдыларын бірінші кезекке машықтандыру деген пікір үстем болды. Ол пікірді ұстанушылардың ой-ниеті кейін тез ұмытылады немесе өмірде тіптен пайдаланылмайды, ал логикалық бойлау, жаңа жағдайларға тез бейімдей білу, сөйлеу және жазу, жұмыс істей білу іскерліктері барлық жерлерде керек болады, олар әрі әрқашан ұмыт болмайды- деп түсінген. Сол себептен де мектепте жалпы дағдаларға айрықша мән беріліп, оқу құралдары негізінен хрестоматиялық сипатта жасалынған болатын.
ХХ ғасырдың бас кезінде бастауыш училищелері (мектептері) үшін құрастырылған әдеби оқулықтардың хрестоматиялық түрде болғанын осындай үстем педагогикалық идеяның ықпалы деп түсінуге болады. Сонымен қатар бұл оқулық бастауыш оқу сатысыны арналған еді.
Ы. Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Николаев уездерінде уездік екі кластық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ балалары оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, қаратоғай болыстарында да осындай мектептер 1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебі ашылған. Ы. Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің жұмысына дұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да болды. Өзінің бір хатында «оларға» (мектеп жастарына) адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын», - деп жазды Ыбырай. [4]
Ы. Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатымен жаңа мектептерді қаншама көп ашқанымен, бүкіл қазақ балаларын толық қамти алмайтынына көзі жетіп, жаңа оқулықсыз бұл мектептерде де күткен нәтижелерге қол жетпейтінін байқады. Олар үшін ендігі жерде оқулық жасауға кірісіп, 1876-1879 жылдары бұл мақсатына да жетіп, 1879 жылы Орынборда «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы атты оқулық жазып, баспадан шығарады. Қазақтың алғашқы оқулығы шыққан қарсаңда Қазақстанда қазақ тілінде оқулықтың болмағанынан Ы. Алтынсариннің өз жазғаны да хабардар етеді. Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда, дүниелі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз»- деп жазды ол.
Ұлы ағартушының халқының сауатсыздығы үшін күйзеле отырып перзенттік сезімінен туған, үлкен өкінішпен айтылған бұл сөз, оның оқулық жазуына түрткі болған еді. Мұндағы мақсаты туралы ол тағы да былай деп жазды: «Бұл кітапты құрастырғанда мен біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы болу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап болу жағын көздедім». Хрестоматия орыс әрпімен басылып шықты. Ол туралы: «бұл шығарған кітабіміз көздеген мақсатпен сәйкес болып, орыстың ғылыми кітаптарын пайдалана білуге тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық»- деп жазды автордың өзі. Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиеті үлгілерін енгізіп алғаш жазған қазақ оқулығының дүниеге келу себебінің өзі біріншіден, қазақ балалары үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан туған еді. Ы. Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмағанын жоғарыда келтірген едік. Ондағы мақсат қазақша әдеби оқулық жазуға қоғамдық сұраныстың болмағанын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы. Алтыгсарин екі бірдей маңызды, қажетті тарихи бастама жасады:
а) қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза, қазақ мектептерін ашты;
ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы оқулық жасап шығарды.
Ы. Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген болатын. «Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз тілінде шығара беру керек», деп жазды Ы. Алтынсарин.
«Қазақ хрестоматиясы» қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай, Ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып, бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұлғасуымен ұштасты.
«Қазақ хрестоматиясы» кейін біраз қысқартылып 1889, 1896, 1899 жылдары «Махтуба» деген атпен, араб алфавитімен басылды. «Махтуба» арабша «хаттар» деген мағынада 1906 жылы А. Васильев редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен қайта жарияланды. Кітаптың құрылымы жөнінде «Сөз басында» Ы. Алтынсарин былай деп жазды: Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай тақырыптарға бөлінеді:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе, М. Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
2. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгіелер.
3. Қазақ ақындарының ең жақсы өлең жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы. Алтынсарин оқулығында балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат етпеген, ол кітапты басқа әдебиет үлгілерімен де қамтамасыз еткен
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына педагог мәртебесі туралы бөлім енгізіледі. Мемлекет бұдан былайғы уақытта педагогтарға ерекше мәртебе беріп, олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Сондай-ақ жаңа заңда инновациялық университеттер, зерттеу университеттері т. б. сияқты ұғымдар көрсетілді. Халықаралық талаптарға сай университеттердің иновациялық инфроқұрылымы қалыптасуда. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін
Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерін саралай отырып, бүгінгі оқытуда жас өспірімдерден күтілетін нәтиже негізгі құзіреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады. Құзіреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Мәселен, проблеменың шешімін табу қүзіреттілігі:
- түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға;
- өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға;
- түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;
- қойылған міндетті орындауға, технология таңдай білуге мүмкіндік туғызады, т. б.
Оқытудың техникалық құралдарының басқа түрлеріне қарағанда компьютерлік оқыту жүйелері өзінің интерактивтілігімен ерекшелінеді.
Демек, компьютерлік оқыту жүйелері студенттің (оқушының) сұрағына, әр түрлі тапсырмаларды орындау әрекетіне жылдам жауап беруге, нақтылау, дәлелдеу, тұжырым жасау үшін сұрақтар қоя білуге, хабарламалар жасауға, студент (оқушы) үшін нақты керекті ақпаратты бірден тауып беруге қабілетті.
Шетелдік және отандық тәжірибелер компьютердің оқыту үрдісінде тиімді құрал бола алатындығын көрсетіп отыр, алайда гуманитарлық пәндер үшін компьютерлердің оқыту үрдісін оңтайлы етудегі барлық мүмкіндіктері толық зерттеліп, жүйеленген дей алмаймыз. Мәселен, әдеби білім беру үшін білім алушының танымдық қызметін дұрыс басқара білу, түрткі туғызып, көркем туындыға деген қызығушылықтарын қалыптастырып, белсенділікке жетелеу, жағымды эмоциональды әсерді қамтамасыз ету, білім алушының оқу материалын меңгеру қарқыны мен жеке-даралық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Сондай-ақ оқу материалдарын көрнекі түрде ұсыну, түрлі ақпараттарды алу және талдау; мәтіндерді меңгеруге байланысты танымдық қызметті ұйымдастыру; өз бетінше білім алу, түрлі мақсаттарға сәйкес жүргізілетін әр түрлі әдеби тапсырма-жаттығулар құрастыру, білімді өздігінен меңгеруге, өзіне деген сенімділігін арттыруға, әр түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс жол тауып, шешім қабылдайтындай қажетті іскерліктерін қалыптастыруға бағыттау керек.
- Қазақ әдебиетін оқыту әдістерінің кезеңдері
Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей Ресейдің отаршылық саясатының әсері. 19 ғ. екінші жартысындағы Троицк, Торғай, Орда, Ырғыз, Қазанда, Перовскіде орыс-қазақ мектептерінің ашылуы. 1876 жылы Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н. И. Ильминскийдің ұсынысымен Ы. Алтынсариннің орыс алфавитімен ауылдық мектептер ашуы. И. Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері, медреселік білім беру жүйесі, оның прогресшіл жақтары. Жалпы білім беруде дін сабақтарымен бірге басқа пәндердің орын алуы; Ана тілінің үздіксіз оқу мәселесінің көрсетілуі, оқу құралдарын жасауға бағытталуы: XX ғасырдың басында Қазақстанда мектеп қажетін өтеудегі оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалардың хрестоматиялық оқулықтар түрінде берілуі: Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби - білім негіздері казақ баспасөзі «Айқап» журналы «Қазақ газеттерінде » көрініс табуы. [5]
XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері:
1. Ерлер мен әйелдер гимназиялары, училищелер, мүғалімдер семинариялары.
2. Қалалық училищелер, приход училищелер, ауылдық-болыстық мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері - мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшерлік және қолөнер мектебі. Ы. Алтынсариннің, қазақ хрестоматиясының қазақ әдсбиеті пәнінің атасы әдебиеттк оқулық жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағалануы; казақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш енгізуі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz