Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 МЕМЛЕКЕТ ОРГАНЫ . МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Мемлекет механизмінің түсінігі, құрылымдық элементтері ... ... ... ... . 6
1.2 Мемлекеттік орган түсінігі және өзіне тән белгілері ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Мемлекеттік орган қағидалары және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады. Мемлекеттің механизмі (аппараты) дегеніміз билік жургізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жузіне асыру ушін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Билік жалпы түрде субъектінің (инвидтердің, ұйымдардың, ұжымдардың) басқа субъектінің тәртібін (жеке адамның, ұжымның, ұйымның), еркін жеке пайдасына не басқаның назарына бағындыру қабілеттілігі. Билік құбылыс ретінде мынандай белгілермен сипатталады: Билік әлеуметтік құбылыс, яғни қоғамдық; Билік қоғамның барлық даму кезеңдеріндегі белгісі болып табылады (бөлінбейтін компоненттері ретінде). (Сондықтан сөз тіркестері «әлеуметтік билік», өзінің мазмұнына сай келмейді, себебі билік әр уақытта әлеуметтік). Билік қоғамның тұрақты қосағы, себебі қоғамның өзі күрделі ұйымдасқан жүйе (әлеуметтік организм), ол әруақытта басқаруды қажет етеді, яғни жүйені жөнді қызметке қаблетті жағдайда болуын қолдау процессін тәртіпке салу – қызмет істеу жағдайлары.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың өзектілігі. Елбасы өзінің Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Біз демократиялық реформалардың ары қарай жүзеге асу жолдарын қамтамасыз етеміз. Бұл реформалар абстрактылық теорияларды көшіруді емес, қазақстандық азаматтардың мүдделерін қолға ала отырып өзекті мәселелерді шешумен сипатталады.

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жылғы
2 Алексеев С. С. Проблемы теории государства и права. М., 1987.
3 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттың артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
4 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, 2008.
5 Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006 ж.
6 Конспект лекций по теории государства и права: Учебное пособие. Теория права. Ч. 1 / Федотов А.В., Веденеев Ю.А.. - М.; Изд-во ИНЭП, 2002.
7 Алексеев С.С. Философия права. М., 1998.
8 Венгеров А.Б. Теория государства и права Москва, 1996 г.
9 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2007 ж.
10 Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Қарағанды, 2007 ж.
11 Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Москва, 1995 г.
12 Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права. Алматы, 2009.
13 Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2007 ж.
14 Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва, 1998 ж.
15 Сапарғалиев Г., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р., Правовые проблемы унитаризма в Республики Казахстан Алматы ”Жеті жарғы“, 2000 г.
16 Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1 Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
1.1 Мемлекет механизмінің түсінігі, құрылымдық элементтері ... ... ... ... . 6
1.2 Мемлекеттік орган түсінігі және өзіне тән белгілері ... ... ... ... ... ... .. . 11
1.3 Мемлекеттік орган қағидалары және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . 26
Кіріспе
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады. Мемлекеттің механизмі (аппараты) дегеніміз билік жургізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жузіне асыру ушін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Билік жалпы түрде субъектінің (инвидтердің, ұйымдардың, ұжымдардың) басқа субъектінің тәртібін (жеке адамның, ұжымның, ұйымның), еркін жеке пайдасына не басқаның назарына бағындыру қабілеттілігі. Билік құбылыс ретінде мынандай белгілермен сипатталады: Билік әлеуметтік құбылыс, яғни қоғамдық; Билік қоғамның барлық даму кезеңдеріндегі белгісі болып табылады (бөлінбейтін компоненттері ретінде). (Сондықтан сөз тіркестері әлеуметтік билік, өзінің мазмұнына сай келмейді, себебі билік әр уақытта әлеуметтік). Билік қоғамның тұрақты қосағы, себебі қоғамның өзі күрделі ұйымдасқан жүйе (әлеуметтік организм), ол әруақытта басқаруды қажет етеді, яғни жүйені жөнді қызметке қаблетті жағдайда болуын қолдау процессін тәртіпке салу - қызмет істеу жағдайлары.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың өзектілігі. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға атты Жолдауында: Біз демократиялық реформалардың ары қарай жүзеге асу жолдарын қамтамасыз етеміз. Бұл реформалар абстрактылық теорияларды көшіруді емес, қазақстандық азаматтардың мүдделерін қолға ала отырып өзекті мәселелерді шешумен сипатталады. Саяси өзгерістерді орнатудың біз үшін негізгі мақсаты - бұл еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтай отырып, азаматтарымыздың түгел конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, қоғам мен мемлекетті басқарудағы тиімді жүйесін құратын, қазіргі уақыттағы биліктің демократиялық түріне бағыт алу болып есептеледі.
Мемлекетік биліктің нәтижесін тұтынушылар Қазақстандық азаматтардың талаптарын ескеріп, еліміздің Паламенті мен Үкіметінде модернизация үрдісін жүргізу - саяси жүйеміздің тежемелік әрі тепе-теңдік механизмі мен саяси тұрақтылықты сақтаудағы негізгі идеология болып табылатынын елбасымыз өз жолдауында атап өтті.
1991 жылы өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның бүкіл әлемге тәуелсіз, егеменді ел болып танылғанына он тоғыз жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде оны қоғамдық және мемлекеттік өмір салаларында үлкен өзгерістер болды. Осыған сәйкес еліміздің құқықтық, саяси, экономикалқ жүйелері де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта Ата Заңымыз белгілегендей Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру үстінде.
Қазіргі кезде көптеген отандық және шетелдік мемлекеттанушылардың еңбектері президенттік, атқарушы және парламентаризм институтын зерттеуге арналатындығы бірден көзге түсуде. Соның ішінде Қазақстан Республикасы билік институттарының қалыптасуы мен дамуы, оның қызметінің белгілі бір бағыттары келесі қазақстандық ғалымдардың саяси құқықтық саласындағы теориялық зерттеулерінің объектісі ретінде анықталады: С.К. Амандықов, А.Т.Ащеулов, М.Т.Баймаханов, Ж.И.Байшеева, С.З.Зиманов, В.А.Ким, О.К. Қопабаев, Е.К.Кубеев, В.В.Маманов, В.А.Малиновский, А.А.Матюхин, Э.Б.Мухамеджанов, К.Д.Мухамедшин, С.Н.Самалдықова, А.А.Черняков және тағы да басқалар.
1 Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі
1.1 Мемлекет механизмінің түсінігі, құрылымдық элементтері
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған бай - ланысты қоғамда мемлекеттің арнайы механизмі қалыптасады. Механизмдердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің механизмі (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі. Оларды комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған мемлекеттік кұрылымдардың барлығын бірнеше түрге бөлуге болады. Олардың ішінде мемлекеттік механизмнің маңызды буынын құрайтын мемлекет органдарының шоқтығы бөлек. Оның басқа бір буыны болып биліктің айырықша ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдары (армия, полиция, түрме, барлау және контрбарлау) табылады. Мемлекеттік құрылымның үшінші бір түріне келетін болсақ (бұл жерде мемлекеттік шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және баска ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар айтылып отыр), ол мемлекеттің механизміне тікелей кірмейді, тек жанап қана өтеді.
Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және прак - тика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынастары туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір бірімен өте жақын және көп жағдайда бір-біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат мемлекет механизмінің мемлекеттік қыз - мет принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да мемлекеттік аппаратқа, мысалы жергілікті өкілді органдар, қызметші болып табылмайтын депутаттық қызметі үшін мемлекеттен ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте тұра, жергілікті өкілді органдар, күмән жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай-ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдарының жүйесі. Мемлекет механизміне орасан зор роль берілген. Ол іс жүзінде мемлекеттік билікті жүзеге асыруға міндетті.

ҚР Президентінің Қазақстан-2050 Стратегиялық бағдарламасында аппаратты жақсарту және оның тиімділігін арттырудың жеті принциптері белгіленген:
1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Мемлекет механизмі - мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Заң ғылымында мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат түсініктері кейде синонимдер ретінде қолданылады, Дегенмен де, мемлекеттік аппарат - басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал мемлекет механизмі түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын материалдық қосымшалары (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықта (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады.
Мемлекет механизмінің маңызды белгілері:
- ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелінген жиынтығын, жүйесін көрсетеді. Мемлекет механизміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса президент, атқару органдары (үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкиматтар), сот органдары, прокурорлық және өзге де қадағалау органдары, милиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың біртұтас жүйесін кұрайды;
- оның біртұтастығы ортақ мақсаттар мен міндеттер аркылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды;
- мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші, кұралы болып табылады.
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқардағы заңдар мен құқықтық механизмдерінің қолданылуы шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субьектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Ммелекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т. б. байланысты қызмет.

Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болуы. Бір организмнің (мемлекеттің) бір бөлігі болып отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршілік-тынысын қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері ке - рек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.
Сөйтсе де, мұндай бірлік әр түрлі мемлекеттік органдардың функцияларын араластыру мүмкіндігін білдірмейді. Ол олар - дың арасындағы құзыретті тиімді бөлісуді жоққа шығармайды, болжайды. Мемлекет механизмінің әрбір буыны өзіне тиісті салада еңбекке айқын шек қою мен бөлудің негізінде қайталаушылыққа жол бермей, нәтижесінде мемлекет алға қойған ортақ міндеттерді мемлекет қызметінің түрлі субъектілерінің күшімен орындап шығуды қамтамасыз ететіндей әрекет етуі тиіс.
Мемлекет механизмінің ішкі бірлігі туралы ережені талдап, түсіндіре келіп, биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз тармақтарының (заң шығару, аткару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір бірінен оқшауланған әр түрлі нақтылы міндеттерге акцент жасайды, және түрлі істермен айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын пайдаланады. Бұл факт билікті бөлу теориясында (Д.Локк, Ш.Л.Монтескье, Т.Джефферсон және т.б.) негізделген. Барлық биліктің бір органда немесе бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет механизмінің үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін келтіре отырып, билікті бөлу теориясы:
1) олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауының қажеттілігін;
2) бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол бермеуді;
3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Бұл теория қазір күннен-күнге кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен принциптерін әлемнің көптеген елдері конституциямен бекітіп берді.
Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Бұл құрылымға мыналар кіреді:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіліктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т. б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлкеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекет механизмінің құрылымы мынандай элементтерден тұрады:
1) Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын атқару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылықта болады. Мемлекеттік органдардың ерекшелігі сонда, олар мемлекеттік - биліктік өкілеттіліктерге, яғни мемлекет күшімен, жалпыға міндетті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға парламент, президент, үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар жатады;
2) мемлекеттік ұйымдар, оны басқаша, мемлекет механизмінің материалдық қосымшалары деуге де болады, олар мемлекеттің қорғау әрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштерді, милицияны, салық полициясын және т.б. жатқызуға болады;
3) мемлекеттік мекемелер - мемлекет механизмінің биліктік өкілеттіліктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік, мәдени, тәрбиелеу-білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет қызметін атқару бойынша практикалық әрекетті тікелей жүзеге асыратын бөлігі. Оның қатарынан кітапханаларды, ауруханаларды, пошта, телеграф, ғылыми-зерттеу институттарын, мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орындарын, театрларды және т.б. көруге болады;
4) мемлекеттік кәсіпорындар - бұлар да әкімшілігін есепке алмағанда биліктік өкілеттіліктері болмайтын, шаруашылық-экономикалық әрекетті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрлі жұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін көптеген қызмет көрсететін мемлекет механизмінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалар және т.б. жатады;
5) мемлекеттік қызметкерлер - басқарумен арнаулы түрде айналысатын мамандар;
6) ұйымдастырушылық және қаржылық құралдар, мемлекет аппаратының әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбүрлеу күштері.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлкеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субьектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6) кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;
7) алқалық пен жалғызіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлкеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
1.2 Мемлекеттік орган түсінігі және өзіне тән белгілері
Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.
Мемлекет органының өзіне тән ерекше белгілері болады:
- мемлекетік органдар мемлекет механизмінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік ағзаның өзіндік арнаулы орнымен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;
- мемлекет атынан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді;
- мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер (конституция, заңдар және заңға бағынышты актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді;
- әрбір мемлекеттік орган тек өзіне тән міндеттер мен функцияларды атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);
- мақсат ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе және өзгелерден) тұрады;
- органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база (құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары және т.б.) мен қаржылық құралдар (банктегі есеп шоты, қажетті қаржы қорлары т.б.) берілген;
- мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртебеге ие болады, онда берілген мемлекеттік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады;
- мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті болады. Құзірет - ұйымның заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе лауазымды тұлғаға мемлекеттік, яки қоғамға маңызды міндеттер мен тиісті қызметтерді тиісті дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;
- мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тәсілмен: а нормативті актілер (жалпы сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; ә құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; б нақты - ұйымдастырушылық әрекеттер жолымен жүзеге асырады;
- мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;
- мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта әрекет етеді.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар; 2) Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомствалар, жергілікті басқару органдары, әкімдер; 3) Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттарына карай мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: заң шығарушы, өкілетті органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарға органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын жұмысқа кіріседі.
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады. Оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайланған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республиканың үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы Наурыздың 4-дегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы белгіленген: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 1 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласынна басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілетін соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери (әскердің, құрамалардың, гарнизондардың) соттары болады.
Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық, қылмыстық әскери алқалары құрайды. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құрауға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Құқық қорғау органдары. Прокуратура мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтараның және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі бірыңғай қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура органдарының жүйесін Республиканың Бас Прокуроры басқарады, ол өзіне бағынышты орталық аппарат пен облыстық прокуратуралардан, республикалық мәні бар қалалар прокуратурасынан және Республика астанасынының прокуратурасынан, облыстық, аудандық, қалалық, әрі соған теңестірілген әскери өзге де мамандандырылған прокуратуралардан тұрады. Бас Прокурорды Сенаттың келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Оның құзыреті: Конституцияның заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады. Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Республиканың Конституциясы мен заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды және заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау жалпы және ерекше қадағалауға бөлінеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шығарған актілері Қазақстан Республикасының Конститциясына, заңдарына Президенттің жарлықтарына, Министрлер Кабинетінің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды және лауазымды адамдар мен азаматтардың дәлме-дәл және бірдей орындауын қадағалайды. Бұдан басқа прокурорлық қадағалау анықтама және алдын ала тергеу органдарының заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өткізеді. Соттарда іс қаралған кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау өткізеді. Ұсталғандарды отырғызатын жерлерде заңның сақталуын қадағалау прокурорлық құзыреттің тағы бір түрі.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғарғы тұрған прокурорларға және ҚР Бас прокурорында бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас жүйесін құрайды. ОЛ өзінің қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Заңда белгіленген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz