Иммундық жүйенің патологиясы



Кіріспе
Иммундық жүйенің патологиясы
1. Бактерияларға қарсы иммунитет
2. Иммунитеттің бактериалық инфекциялар кезіндегі ерекшеліктері
3. Вирустарға қарсы иммунитет
4. Вирустарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Иммундық жүйе бұзылуының екі түрі әйгілі: а)иммундық жауап механизімінің көрсеткіштерінде бір, немесе бірнеше ақаулық байқалса оны иммунды тапшылық , не иммунды дефицит деп атайды; б) иммунды механизімнің шеттен тыс белсенділігінің себебінен аллергиялық, не аутоиммундық аурулар дамуы. Аталған түрлерге қосымша ерекше орналасқан иммундыпроли феративті сырқаттар болуы мүмкін
Иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптері мен механизмі
Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады. Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады. Өзінің іс атқаратын факторларының (иммундыреагенттер) кірісуімен жасушалық және де гуморалдық реакциялар жүру арқылы антигенді бейтараптап, залалсыздандырып ағзадан тыс шығарады. Иммундық жүйенің антигендерді заладансыздандыру ісі бейспецификалық факторлармен толықтырылып, ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.

Бактерияларға қарсы иммунитет бактерияларға және олар бөлетін уытқа (уытты иммунитет) қарсы бағытталған.Бактериялар және олар болетін уыттар антибактериялы және антиуытты антиденелермен бейтарапталады. Бактерия (антигендер)-антиденелер кешені комплементті белсендіріп, оның компоненттері антидененің Fc-фрагментіне қосылып, грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының сыртқы мембранасын бұзатын мембранашабуылдаушы кешен түзеді. Бактериялардың жасуша қабырғасының пептидогликаны лизоциммен бұзылады. Антиденелер және комплемент (С3b) бактерияларды бүркеп алады да фагоцитозды күшейтетін басқанәруыздармен (С-реактивті нәруызбен,фибриногенмен,байланыстырушы лектинмен, сарысулық амилоидпен) бірге опсониндердің рөлін атқарып, оларды фагоциттердің Fc- және С3b-рецепторларына жабыстырады.
Антибактериялық иммунитеттің негізгі механизмі фагоцитоз болып табылады. Фагоциттер хемоаттрактанттарға: микробтардың қосындылары, комлементтің белсенген компоненттері (С5а, С3а) және цитокиндерге жауап ретінде фагоцитоз объектісіне бағытталып, жылжиды Сілемейлі қабықтардың бактерияларға қарсы қорғанысы секреторлық А Іg-дерімен жүзеге асады, олар бактериялармен әрекеттесіп, эпителиоциттерде олардың адгезиясына кедергі жасайды.
1. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (255-260б).
2. Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(125-127б).
3. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж.(200-205б).
4. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша-қазақша-
орысша ветеринария сөздігі» Алматы 2005ж. (245 б).
5. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (255 б).
6. «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(170б).
7. Ж.Бердімұратов "Ірі қара аурулары" Алматы Қайнар 1976 ж.(60 б).
8. Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж. (100б).
9. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (66 б).
10. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., т.б. «Ағылшынша-қазақша- орысша ветеринария сөздігі». - Алматы, 2005, (23 б).
11. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том. Астана, 2004.(225 б)
12. А.Д.Третьякова, М. Колос «Ветеринарное законодательство». 1988г.(46б)
13. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (149 б).
14. Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред. А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж. ( 115 б)
15. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие.
Л. Колос, 1981г.(25 б)

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары.
Кіріспе
Иммундық жүйенің патологиясы
1. Бактерияларға қарсы иммунитет
2. Иммунитеттің бактериалық инфекциялар кезіндегі ерекшеліктері
3. Вирустарға қарсы иммунитет
4. Вирустарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Иммундық жүйенің патологиясы
Иммундық жүйе бұзылуының екі түрі әйгілі: а)иммундық жауап механизімінің көрсеткіштерінде бір, немесе бірнеше ақаулық байқалса оны иммунды тапшылық , не иммунды дефицит деп атайды; б) иммунды механизімнің шеттен тыс белсенділігінің себебінен аллергиялық, не аутоиммундық аурулар дамуы. Аталған түрлерге қосымша ерекше орналасқан иммундыпроли феративті сырқаттар болуы мүмкін
Иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптері мен механизмі
Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады. Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады. Өзінің іс атқаратын факторларының (иммундыреагенттер) кірісуімен жасушалық және де гуморалдық реакциялар жүру арқылы антигенді бейтараптап, залалсыздандырып ағзадан тыс шығарады. Иммундық жүйенің антигендерді заладансыздандыру ісі бейспецификалық факторлармен толықтырылып, ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.

Бактерияларға қарсы иммунитет бактерияларға және олар бөлетін уытқа (уытты иммунитет) қарсы бағытталған.Бактериялар және олар болетін уыттар антибактериялы және антиуытты антиденелермен бейтарапталады. Бактерия (антигендер)-антиденелер кешені комплементті белсендіріп, оның компоненттері антидененің Fc-фрагментіне қосылып, грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының сыртқы мембранасын бұзатын мембранашабуылдаушы кешен түзеді. Бактериялардың жасуша қабырғасының пептидогликаны лизоциммен бұзылады. Антиденелер және комплемент (С3b) бактерияларды бүркеп алады да фагоцитозды күшейтетін басқанәруыздармен (С-реактивті нәруызбен,фибриногенмен,байланыстыр ушы лектинмен, сарысулық амилоидпен) бірге опсониндердің рөлін атқарып, оларды фагоциттердің Fc- және С3b-рецепторларына жабыстырады.
Антибактериялық иммунитеттің негізгі механизмі фагоцитоз болып табылады. Фагоциттер хемоаттрактанттарға: микробтардың қосындылары, комлементтің белсенген компоненттері (С5а, С3а) және цитокиндерге жауап ретінде фагоцитоз объектісіне бағытталып, жылжиды Сілемейлі қабықтардың бактерияларға қарсы қорғанысы секреторлық А Іg-дерімен жүзеге асады, олар бактериялармен әрекеттесіп, эпителиоциттерде олардың адгезиясына кедергі жасайды.

Иммунитеттің бактериалық инфекциялар кезіндегі ерекшеліктері
Бактериялдық иммунитет көбінесе микробтардың патогендіқ касиеттерімен байланысты. Соған сәйкес иммунитет антибактериялық (бактерия жасушасының құрылысы мен функциясына қарсы) және антитоксикалық ( ақуызды токсиндерге қарсы) болып бөлінеді.
Антибактериялық қорғаныстың негізгі факторлары антидене мен фагоциттер. Антиденелер бактерияның биологиялық белсенді молекулаларын бейтараптап, оларды маркерлеп, антиденетәуелді бактериолизді демеп, фагоцитозға қатысады.
Фагоцитоз және антиденеге төзімді бактерияларға (микобактериалар, бруцеллалар, салмонеллалар т.б.) қарсы белсендірілген макрофагтар және табиғи киллерлер күреседі. Бірақ, ондай аурулар созылмалы түрге айналып олардың аллергиялық көрністері қатарласып жүруі мүмкін. Аталған факторлардан басқа қорғанысқа бейспецификалық факторлар да үлесін қосады (лизоцим, жедел фазаның ақуыздары).
Спецификалық антибактериалдық иммунитеттің қуат деңгейін серологиялық реакциялармен және тері -аллергиялық сынамалар қою әдісімен анықтауға болады.
Антитоксикалық иммунитетте басты рөлді антиденелер атқарады.
Қансарысуындағы ингибиторлар вирустың бөлшектерімен байланысып, оларды бейтараптап нысана-жасуша мемебранасына адсорбциялануына кедергі жасайды.
. Вирустарға қарсы иммунитет
Макроорганизмдегі қорғаныштық иммундық жауап вирусспецификалық антигендерге дамиды. Антигендерге структуралы және структуралы емес вирус белоктары және олардың нуклеин қышқылдарымен көмірсутегімен және липидтер комплекстері жатады. Вирусты антигендер беткейлік немесе түрлі спецификалық және тереңдегі немесе топты спецификалық болып бөлінеді. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері мен нейраминидазалары түрлі спецификалық антигендерге жатады, ал нуклеокапсидтер - топты спецификалыққа, ЖИТС вирусының беткейлік антигендері др120 және др41 белоктарымен, сондай-ақ Т4 рецептордың структуралық компоненттерімен көрсетілген. Ал, тереңдік антигендер ішкі белоктық қабатындағы р12 және р24 белоктарымен көрсетілген.
Иммундық жауаптың күші мен ерекшелігі көбінесе түрлі-спецификалық антигендердің қасиетімен байланысты. Мысалы: тұмау вирусының гемагглютининдері бір жағынан нейтралдайтын антиденелердің синтезіне себеп болады, екінші жағынан олар цитотоксикалық Т-лимфоцит үшін зақымдалған клетканың бетіндегі нысана ретінде саналады.
Вирустарға қарсы иммунитет гуморальды және клеткалы иммундық жауаптан, сондай-ақ спецификалық емес қорғаныш факторлардан құралады. Вирусты инфекцияларда гуморальдық иммунитет вирус нейтралдаушы антиденелер пайда болуымен байқалады. Қандағы антиденелердің мөлшері көптеген вирустық инфекцияның резистенттілігінің көрсеткіші немесе иммундық қорғаныштық қаншалықты жоғары екендігінің көрсеткіші болып бағаланады (қызылша, полимиелит, эпидемиялық паротит инфекциялары). Ұтымдылығы төмендегі көрсетілген себептерге байланысты:
А) антиденелер вирустардың рецепторларымен байланысады және осы байланыс арқылы сезімтал клетка рецепторларына вирустардың адсорбциялануын тоқтатады:
Б) антиденелердің липопротеидті қабаты бар вирус бөлшектерімен комплементтердің қатысуына әрекеттесуі және вирустардың ыдырауына әкеп соқтырады:
В) вирустық бөлшектердің IgC қатарына жататын антиденелермен қосылуы олардың мононуклеарлы клеткаларымен және полиморфты лейкоциттермен фагоцитозына әкеп соғады. IgC, М кластарына жататын вируснейтралдаушы антиденелер қанның сарысуында ұтымды, ал Ig А класына жататын антиденелер - шырышты қабатта тиімді.
Г) антиденелер вирустық бөлшектердің нейтралдауынан басқа жойылуымен аггрегациясына мүмкіндік береді.
Иммундық қорғаныштың клеткалық формасы вирусты инфекцияларда басты орын алады. Зақымданған клетканың қабығына вирустар өздерінің белоктарын орналастырады, сонан соң зақымданған клеткалар иммундық қорғаныштық клеткалық механизмі туғызатын ыдырау процесіне сезімтал келеді.
Осылардың ішіндегі маңыздысы цитотоксикалық Т-лимфоциттердің индукциясы (Т-киллер). Олар вирустық антиегндерді клетка антигенінің комплексінің арасынан ажыратылады және зақымдалған клетканы, вирусты бөлшектеп бірге ыдыратады.
Спецификалық емес вирустардан қорғаушы факторға интерферондардың индукциясы жатады. Интерферондар - макроорганизм клеткаларында түзілетін белоктар. Интерферондардың 3 класы бар: лейкоцитарлы - альфа-интерферон, фибробластта түзілетін - бета-интерферон, және интерферондар лейкоциттерде түзілетін - гамма-интерферон. Интерферондардың синтезінің индукциясы әртүрлі факторлардың - интерферондардың - әсеріне байланысты. Олардың біріншісі болып вирусты инфекция, әсіресе РНҚ құрамды вирустар жатады. Интерферон клеткалық рибосомалардағы вирус спецификалық белоктардың трансляциясына әсер етеді, оларды тежейді. Интерферонның талғамдылығы вирустың иесіне байланысты. Интерферон клетка бетіндегі рецепторлармен талғамды әрекеттеседі. Мысалы: тышқанның интерфероны адам ағзасы үшін оншалықты пайдалы емес. Ал кейде интерферон басқаша әрекеттесуі мүмкін. Мысалы: адам интерфероны өгіздің клеткасын, өгіз интерферонына қарағанда жақсы қорғайды. Интерферон спецификалық емес, ол вирустардың көп түрінде тиімді қолданылады. Вирустарға қарсы спецификалық емес факторлардың арасында макрофагтардың және комплементтің рольдері маңызды. Макрофагтар вирус спецификалық антиегндерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Аутоиммундық аурулар
Ұрықтың даму сатылары
Иммундық жүйеге байланысты патологиялар
Гуморальді иммунотапшылықтар
Тұқым қуалаушылық факторы
ІСІКТІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЫҚПАЛДАР
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Адамның иммундық тапшылық вирусын қоздыратын инфекция туралы жалпы түсінік
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Пәндер