Ісіктердің жіктелуі



Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Ісіктердің жіктелуі
2. Ісіктің жедел түрлері
3. Ісіктердің клиникалық белгілер
4. Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.
5. Ісіктердің этиологиясы
6. Ісіктің түрлері.
7. Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері (жеке ағзаға тән ісіктер).
8. Мезенхималық ісіктер
9. Нейроэктодермалық ісіктер.
10. Қан жасаушы және лимфоидты тіндер ісіктері
11. Ісік өсуінен сақтандыру және оны емдеу тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.
Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады.
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.
1.Малдың паталогиялық физиологиясы
«ана тілі» 1992 Қажабенов З.Қ,Өтенов Ә.М
2.Б.Т.Толысбаев,К.Бияшев «микробиология және имунология» Алматы 2008ж
3.www.google.kz ,www.wikipedia.ru
4.Пауков В. С., Хитров Н. К 1989 потология
5.А. П. Костин, Ф. А. Мещеряков, А. А. Сысоев Физиология сельскохозяйственных животных:учебник для ветеринар. и зоотехн. фак. с.-х. вузов 1974
6.С. И. Лютинский Патологическая физиология животных:учебник для вузов [для спец. "Ветеринария"]2005

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Ісіктердің жіктелуі
2. Ісіктің жедел түрлері
3. Ісіктердің клиникалық белгілер
4. Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.
5. Ісіктердің этиологиясы
6. Ісіктің түрлері.
7. Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері (жеке ағзаға тән ісіктер).
8. Мезенхималық ісіктер
9. Нейроэктодермалық ісіктер.
10. Қан жасаушы және лимфоидты тіндер ісіктері
11. Ісік өсуінен сақтандыру және оны емдеу тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.
Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады.
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.

Негізгі бөлім

Ісіктердің жіктелуі

Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.
Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері -- фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.
Саркома - топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады.
Ісікті емдеуінің жалпы негіздері
Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.
Оперативтік тәсіл - ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс салынады.
Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу. Операция жара кезінде алынып жатқан ісік, ісіктен көбею торшаларының түспеуін қадағалайды.
Сәулелі терапия - қолдану негізі рентген сәулелері, сонымен қатар радий немесе жасанды радиоактивті заттар - изотоптар. Сәулелі радиация ісік клеткаларының өміршеңдігін бұзып және организмнің жалпы әсерін оның реактивтілігін өзгертеді [1].
Химиотерапия - қатерлі ісіктің дәрі - дәрмектеп емдеу әдісі. Біздің елімізде синтезделінген препараттар эмбихин, новэмбихин, докан, омаин, сарколизин тағы басқа преператтар қолданылады.
Гармонотерапия - гармондармен емдеу. Организмге үлкен дозада гармон енгізу, онда гармональды өзгерістер туғызып, ісіктердің өсуін тежейді. Ветеринария саласында гармонотерапия етек алған жоқ.
Ісіктің аралас емі - ауру малға емдеудің бірнеше тәсілін қолданып емдеуін айтамыз. Көбінесе келесі аралас емінің мына түрлері қолданылады: хирургиялық және сәулелік, хирургия және химиотерапия, хирургия жене гормональды. Жоғарыда аталған әдісінде мына препараттар қолданылады: новокаиннің 0,25% немесе 0,5% ерітіндісін 1 мл дозада, келойдоз және фибром ем үшін, фибролизин немесе 15% тиозинолиннің ерітіндісі қолданылады.
Ісік кезіндегі болжам. Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.

Ісіктің жедел түрлері

Фиброма - дәнекер тоқымаларының талшықтарынан құралған. Негізіне жұмсақ және қатты фиброма деп екіге бөлінеді. Жануарларда көп жағдайда қатты фиброма, қатты тығыз концистенциялы және ірі кедір - бұдырлы немесе тегіс беткейлі фиброма кездеседі. Фиброманың жілік беті сіңірге ұқсас. Жұмсақ фибромалар негізгі борпылдақ дәнекер тоқымасынан тұрады. Олар сыртынан жұқа тері мен қапталып жіңішке ғана түтікше мен денеге жабысып тұрады.
Кілегей астылық аумаққа дамыған фиброманы полиптер, тыртықты тоқымадан пайда болған фибромаларды келлойдтар деп атайды. Егер де бірнеше ағзаны бір уақытта көптеген фиброма зақымданса оны фиброматоз деп атайды [2].
Липома - майлы тоқыма түрінде дамыған ісік олардың паринхимасының негізін май торшалары, стромасын дәнекер тоқымасы құрайды. Олардың сыртындағы капсуласы кәдімгі май торшалардан гөрі анық білінеді. Олардың тығыздығы жұмсақ.
Липома көп жағдайда иттерде, жылқыларда, ірі қара малдарда байқалады. Олар тері астылық клеткаларда немесе кілегей астылық торшаларда орналасады.
Рак - беткейлік немесе безді эпителиде дамиды. Ісік дәнекер тоқымалы стромадан және паренхимадан, оның негізін эпителиальды клеткалар құрайды ағзалардан тұрады. Рак тоқымалар мен ағзаларда дамып эпитиальды тоқымаларын зақымдайды, сонымен қатар теріде, желінде, және ауыз қуысында, лимфа түйінде, көз аумақтарында да пайда болады.
Макроскопиялық қөрінісіне қарағанда рак тығыз, кедір - бұдырлы немесе жұмсақ тығыздығы бар матастаздануға және ыдырауға қабілеті бар жаңа пайда болған өсіндіге ұқсайды.
Қатерлі ісіктер - капсулалары болмайды, жылдам дамиды, көрші ұлпаларға жайылады. Қатерлі ісіктер тоқымалардың ыдырап ойылымды жаралар пайда болады немесе лимфа немесе қан арқылы ісік торшаларының тарап, жаңа ісіктердің яғни метастаздардың пайда болуы тән. Организмде қатерлі ісіктер пайда болуы зат алмасуды бұзып, жалпы әлсіздікпен малдың азуына әкеліп соғады. Қатерлі ісікті ойғаннан кейін көп жағдайда рецидив дамиды.
Қатерлі жаңадан пайда болған ісіктерге жататындар: рак - эпителиясы шығу тегі бар ісік, саркома, дәнекер тоқымадан пайда болатындар.
Ісіктердің клиникалық белгілері

Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зеттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады [7].
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады

Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)- тұтас ағзаның жүйкелік - эндокриндік реттеулеріне бағынбай,өз бетінше дербес өсетін,құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақ-тықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалар-дың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.
Ісіктер тек адамдарға ғана емес хайуанаттар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде кездеседі. Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде екінші орында тұр. Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жолдарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе. Ісіктерді зерттеумен онкология ғылымы шұғылданады.

Ісіктің морфологиялық көріністері мен
құрылысы. Өсу ерекшеліктері.

Ісік қай тіннің негізінде өсуіне байланысты әр түрлі түзіліске ие. Ісік ағза қуысына қарай немесе терінің сыртында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе,оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді-кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Бас сүйегінің ішінде ісіктер көп үлкеймей-ақ ауыр клиникалық өзгерістерге соқтырса, қарын қуысындaғы ісіктер шексіз өсе беруі мүмкін. Мысалы, жатыр фибромио-масының 70 килограмға дейін жеткені белгілі, ал аналық безде 129,5 килограмдық кистома табылған. Рак негізінен ақшыл түсті болса, саркоманың түсі балық етіне ұқсас ақшыл-қызыл болады, ал май тінінің ісігі сары түске боялады.
Ісік құрамында паренхима (ұлпа) басым болса ол жұмсақ, ал стромасы көп болса қатты болады. Барлық ісіктерді гистологиялық құрылысына, клиникалық көріністеріне қарап қатерсіз, қатерлі ісіктер деп бөледі.
Қатерсіз ісіктер әдетте ұзақ уақыт өседі және ағзаны аса қатты өзгерістерге ұшыратпайды. Оларға негізінен тіндік атипизм тән. Тіндік атипизмге ісік құрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бұзылуы, строманы түзуші дәнекер талшықтарының, жүйке талшықтарының әр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналасуы, қан тамырларының бір жерде көп, екінші жерде аз болуы және т.б. кіреді. Бірақ клеткалар түзілісінде өзгеріс болмайды. Қатерсіз ісіктер айналасындағы тінге бойламай, оларды ығыстыра (экспансивті) өседі, олардың құрылысы өзі дамыған ағзаның құрылы-сына сәйкес болады, яғни гомологиялық ісіктер қатарына жатады. Метастаз бермейді, хирургиялық жолмен алып тастағанда кейбір сирек жағдайда болмаса қайта өспейді. Қатерсіз ісіктер өте үлкейіп кеткенде ғана жанындағы ағзаларды басып механикалық тұрғыдан олардың қызметін бұзады.
Қатерлі ісіктерге клеткалық атипизм тән. Оларды түзуші клеткалар өзі өсіп шыққан ағза не тін клеткаларынан өзгеше болып гетерологиялық ісіктер қатарына жатады. Қатерлі ісіктер тез өсіп-өнетіндіктен олардың арасында митоз құбылысы көп кездеседі, кейде ісік клеткаларының 10 пaйызы митоз күйінде болады, олардың ішінде патологиялық митоздардың саны көбейеді (хромосома-лардың шашылып немесе бөлшектеніп кетуі, хромосомалар арасында көпірлердің пайда болуы, көп полюсті митоздар, үш топты метафаза және т.б.). Кейбір клеткаларда хромосома саны 200-300-ге жетеді.
Жалпы айтқанда, ісік клеткалары өсіп-өнуі мен дамып жетілуі бойынша, құрылысы мен қасиеттері,атқаратын қызметтері бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларынан алшақтанып ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды ісік өсуінің атипиясы (грек.,а-жоқ,болмау; typos-түр,пішін) дейді.
Ісіктің бірнеше:
-өсіп-өну атипиясын;
-морфологиялық атипиясын;
-биохимиялық атипиясын;
-антигендік атипиясын;
-функциялық атипиясын;
-физикалық-химиялық атипиясын-ажыратады.
Ісіктердің өсіп-өну атипиясына олардың өсу дербестілігі және тіршілігін жоғалтпай,ұдайы шексіз өсіп-өнуі жатады.
Ісік өсуінің дербестілігі. Ісік ісікке айналған бір жасушаның ғана қарқынды бөлініп көбеюі нәтижесінде дамиды және өған қажетті заттарды қаннан сорып алады. Өйткені ісік жасушаларының өсіп-өнуі өзін-өзі реттейтін жолмен болады. Ісік өсуі жасушалардың бөлініп көбеюін қадағалайтын нәруыздардың артып кетуінен немесе оны тежейтін нәруыздардың жетіспеушілігінен дамиды. Бұл нәруыздар ісік жасушаларына өсу факторы болып есптеледі. Осыдан ісік жасуша-лары өз беттерінше ұдайы бөлініп көбейе береді. Ісік жасушалары, қалыпты жүйкелік-эндокриндік және паракриндік реттеу жолдарына бағынбай, өз беттерінше ырықсыз өседі. Осындай жағдайды ісік өсуінің дербестілігі дейді.
Морфологиялық атипия тіндік және жасушалық болып ажыратылады.
Тіндік атипия - деп тіндік құрылымдардың қалыпты арақатынасының бұзылуын айтады.
Жасушалық атипия - ісік жасушаларының құрылымы мен пішіні және көлемі бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларының алшақтанып, ерекшеленуін айтады.
Биохимиялық атипия - деп ісік тінінде зат алмасуларының қалыптыдан ауытқып ерекшеленуін айтады. Ісік клеткаларында тотықтану процесінен көрі гликолиз (яғни ашу, іру) басым,себебі олар өсіп-өну үшін оттегін көп қажет етпейді,сондықтан оттегімен қамтамасыз ететін жүйенің көмегінсіз-ақ өсе береді.
Антигендік атипия деп организмде қалыпты жағдайда кездеспейтін тек ісікке тән,не ісікті тудыратын вирустарға, канцерогендерге тән, не эмбрион кезінде ғана ұшырайтын антигендердің қанда пайда болуын айтады. Мысалы, тек эмбрион кезінде пайда болатын фетопротеин ақуызының ауру адам қанында табылуы бауыр рагын, кейде еркек жыныс безі рагын уақытылы анықтауға жәрдем береді. Антигендік күрденелену антигендік дивергенция және реверсия түрлерінде байқалады. Антигендік дивергенсия - деп ісік жасушасында орналасқан тіннен басқа тіндердің антигендері өндірілуін айтады.Антигендік реверсия - ісік жасушаларымен ұрықтық антигендердің өндірілуін айтады.
Функциялық атипия - Ісік орналасқан ағзаның немесе тіннің атқаратын қызметін:
- жоғалтады немесе төмендетеді; мәселен, асқазан обыры оның сөл шығаруын азайтады, лейкоз кезінде лейкоциттер фагоцитоздық қызмет атқармайды;
- арттырады; мәселен, аденома кездерінде эндокриндік бездердің гормон шығару қызметі артып, гиперфункция дамиды;
- орналасқан тін жасушаларына тән емес қызмет атқарады; мәселен, бронхогендік обыр аденогипофиздің гормондарын, сүт безінің обыры тиреоидтық гормондарды өндіре бастайды.
Физикалық-химиялық атипия - Ісік жасушаларында судың калий иондарының мөлшері жоғарылайды да, кальций, магний иондары азаяды.

Ісіктердің этиологиясы.

Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар әлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. Ракты тексеруші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының 80-90 пайызы қоршаған ортада таралған әртүрлі (химиялық, физикалық және биологиялық) ықпалдардың әсеріне байланысты.
Химиялық канцерогенез. 1775 жылы Англияда Персивал Потт мұржа тазалайтындардың обырын хабарлады: бала күнінен көп жылдар түтін шығатын мұржаларды тазалайтын адамдардың ұма терісінде, санының және құрсақ терілерінде обыр ісігі пайда болатыны байқалған. Бұл обырдың себебі пештің күйесі болады деген пікір айтылды. Осыдан кейін көп зерттеушілер обыр ісігін жануарлардың терісіне тас көмір қара майын жағу арқылы тәжірибеде алуға кірісті. Тек 1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива мен Ишикава осы жолмен қоянның құлағында тері обырын алды. Осыдан бастап химиялық канцерогенезді жүйелі түрде зерттеу басталды. Артынан әртүрлі химиялық заттардың әсерлерінен ісіктің басқа түрлері де дамитыны белгілі болды.Көптеген кәсіптік рактар да әртүрлі химиялық заттардың әсерінен дамиды. Мысалы, хош иісті аминдерге жататын анилин,бензидин, 2-нафтиламинмен жұмыс істейтін адамдардың көпшілігінде 5 жылдан кейін қуық рагы пайда болады. Ренгенологтарда, басқа дәрігерлерге қарағанда тері рагы 8 есе жиі ұшырайды. Этилнитроздық аминдер бүйрктің, жүйке жүйесінің рагына, диэтилнитроздық аминдер - бауыр рагына соқтырады.
Шеккен шылымның түтінінде, арақ-шарап құрамында канцерогендік заттар бар. Шылым шегетін адамдарда шылым шекпейтіндерге қарағанда өкпе рагы 10 есе жиі ұшырайды. Сонымен қатар ауыз қуысы,жұтқыншақ, көмей рактары да 3-9 есе көбейеді. Маскүнемдерде сау адамдарға қарағанда қылтамақ 170есе, көмей рагы 10 есе көп кездеседі.
Ана ағзасындағы химиялық заттар бала жолдасы арқылы өтіп өсіп келе жатқан ұрыққа канцерогендік әсер ету мүмкін. Трансплаценталық канцерогенез 30-шы жылдары Америкада жүктілікті сақтау үшін кеңінен қолданылған диэтилстильбестрол гормоны кейінірек жас қыздар мен әйелдер қанының қатерлі ісігінің дамуына себеп болғандығы анықталған. Жалпы 5 жасқа дейінгі балаларда кездесетін ісіктердің (нефробластома, гепатобластома, лейкоз, остеогендік саркома және т.б.) көбі осы жолмен туындайды. Эндокрин бездерінің көптеген ауруларында ағзадағы гормондар тепе-теңдігі бұзылып олар әсіресе стероидтар мен эстерогендер, нысана - ағзаларға канцерогендік әсер етеді.
Осы аталған химиялық заттардан басқа, әртүрлі физикалық факторлар да ісіктің туындауына себеп болады. Бұларға әртүрлі иондағыш сәулелердің түрлері және ультракүлгін сәулелер жатады. Иондағыш сәулелердің барлық түрлері канцерогендік әсер ете алады. 1895 жылы рентген сәулелері ашылғаннан кейін 1909 жылы ең алғаш радиацияның ісік туындату мүмкіншіліктері туралы пікір айтылды. Ренгенологтарда тері обыры мен сүйек саркомасы дамуының мүмкінші-ліктері байқалды. Адамдарда рентген сәулелерімен жалпы сәулелендірудің нәтижесінде ісік пен лейкоздардың дамуы жиілейді. Хиросима, Нагасаки қалаларында 1945 жылы АҚШ атом бомбасын жарғаннан кейін, Семей полиго-нында 1949 жылдан бастап атом бомбпсын сынаулардан соң бұл аймақтардың тұрғындарының арасында лейкоз дерті мен ісіктер жиі кездесетін болды. Ультра-күлгін сәулелер әсерінде тері рагы мен меланома дамиды.
Биологиялық канцерогенез. 1908-1911 жылдары Америка ғалымы Раус тауық саркомасының жасушасыз сүзіндісін сау тауықтарға енгізу арқылы осы ісіктің дамитынын көрсетті. 1933 жылы Шоуп қоянға ісіктен алынған осындай сүзіндіні енгізіп,онда папиломма ісігін алды. Вирустардың әсерінен адамда Т-жасушалы лейкоз т.б. дамиды. Ересек адамдарда Т-жасушалық лимфолейкоз вирустың ықпалынан туындайды. Адамда кездесетін герпесвирустар (герпес-ұшық) ДНҚ-онковирустарға жатады. Олардың ішінде Энштейн - Барр
вирусы сау адамдардың жұтқыншақ - көмейлерінің шайындысында жиі кездеседі.
Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:
- бірінші сатысында жасуша ішіне еніп,онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;
- екінші сатысында өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;
- үшінші сатысында онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады.

Ісік өсуіне әкелетін қауіп-қатерлі ықпалдар.
Осы ықпалдармен қатар ісік дамуына әкелетін көптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға:
зиянды әдеттер:
- темекі шегу;
- маскүнемдік;
- насыбай ату;
тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу,ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т.б.)
- қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
Ісіктің пайда болуы немесе болмауы көпшілік жағдайда ағзаның, ең алдымен реттеуші жүйелерінің жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен өте тығыз байланысты. Ісік дамуында иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.

Ісіктердің пайда болуындағы иммундық жүйенің рөлі.

Әдетте қатерлі ісік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда: қарттарда, иммунодепрессивтік препараттар қабылданған ауруларда көп ұшырайды. Канцерогендік заттар да иммундық жүйе қызметін басып тастайды.
Көптеген ісік жасушаларының антигендік құрамы қалыпты жасушаларға өте жақын,сондықтан ісік дамуының алғашқы кезеңінде ағзада ісікке қарсы бағытталған күшті иммундық реакция байқалмайды. Тек антигендік ерекшелігі жақсы дамыған ісіктер пайда болғанда ғана иммунды жүйенің белсенді қарсылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Патологиялық физиология» «Өспелер»
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Стресс.Этиологиясы,жіктелуі,кезеңдері, даму механизмі және патогенезі
Қатерлі ісік эпидемиялогиясы
Жануарларда ісіктердің патологиялық морфологиялық өзгерістері
Ісіктер.Сипаттамасы және жіктелуі
Домбығу этиологиясы турлері даму механизімі. Стресстің анықтамасы, кезеңдері, жіктелуі даму механизмі
Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
Домбығу және стресс
Ісіктердің жіктелуі жөнінде
Пәндер