Жаңа дәрілік өсімдіктер



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Фармацияда ботаника пәнінің маңызы.
2) Дәрілік өсімдіктер тарихы.
3) Жаңа дәрілік заттарды табу әдістері мен жолдары.
4) Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамыр сабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көп салалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты кездесетіндігін, өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын, шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтіргендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтін проблемадарды толық қамтиды деп айтуға болмайды.
1) М.Қожабеков, Г.Қожабекова «Дәрілік өсімдіктер» Алматы. Қазақстан. 1982 ж.
2) Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, Ж.А.Қадишаева «Фармакогнозия» Оқулық. Шымкент. 2011 ж.
3) С.Х.Субханбердин«Дертке дауа, жанға шипа» Алматы 2004ж.
4) Ә.Іскендіров «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Алматы. Қазақстан, 1982 ж.
5) Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, «Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы» Шымкент 2011 ж.
6) Ә.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы 2005 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

Ветеринариялық клиникалық медицина кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Жаңа дәрілік өсімдіктер

Орындаған: Айдын Айдана ВМ-304
Тексерген: Шолпанқұлова Аяулым-в.ғ.м ассистент
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Фармацияда ботаника пәнінің маңызы.
2) Дәрілік өсімдіктер тарихы.
3) Жаңа дәрілік заттарды табу әдістері мен жолдары.
4) Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамыр сабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көп салалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты кездесетіндігін, өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын, шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтіргендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтін проблемадарды толық қамтиды деп айтуға болмайды.
Ботаника ғылымының биология, ауыл шаруашылығы және фармация салаларымен де байланысы зор. Фармация - дәрі-дәрмек жасауға пайдаланылатын шикізаттар туралы ғылым. Қазіргі кездегі шығарылатын дәрі-дәрмектің 30%-ы арнайы дайындалған өсімдік шикізатынан жасалады. Ал, кейбір нақтылы ауруларды емдеуге арналған препараттарды алатын болсақ, мысалы: бүйрек, жүрек ауруларын, бауыр және ас қорыту жолдарының ауруларын, ішек құрттарына қарсы қолданатын, қақырық түсіретін т.б. өсімдіктерден жасалған дәрі- дәрмектің мөлшері 75-80%-ға дейін жетеді.
Дәрілік өсімдіктер тарихы
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынауәрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрліөсімдіктердіадам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қайбөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Жаңа дәрілік заттарды табу әдістері мен жолдары
Дәрілік өсімдіктер дамуының қазіргі кездегі сатысында зерттеудің бағытын жаңа әсерлі де маңызды дәрілік түрлерді зерттеу мен табуға бағыттау керек.
Ғалымдардың зерттеулерінде бірнеше әдістер қолданылады.
1. Халық медицинасының тәжірибесін кеңінен зерттеу.Қазіргі ғылыми медицинада қолданылып жүрген барлық өсімдіктер дерлік халық медицинасынан алынғандар. Халық медицинасында қолданылып жүрген өсімдіктерге ерекше мән берудің жаңа болашағы бар өсімдіктерді іздеуде әсері зор. Халық медицинасының өсімдіктерін зерттеудің алғашқы сатыларына жататындар: а) арнайы немесе жолай экспедицияларды пайдаланып (этнографиялық) халықтан сұрастыру, өсімдіктер жайында білетіндермен танысу, үлгілерін алу арқылы мәліметтер жинау; б) әдеби мәліметтер жинау үшін корреспонденттік жүйе ұйымдастыру. Алдымен зерттелінетін өсімдіктің емдік көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп білу керек. Егер алғашқы фармакологиялық (немесе биологиялық) зерттеу мәліметтердің дұрыстығын растайтын болса, онда ары қарай өсімдікке фармакогностикалық (ең алдымен фитохимиялық), технологиялық (жеке қосылыстарды бөліп қарау немесе препарат қосылыстарын табу), фармакологиялық (табылған препараттардың негізінде терең зерттеу) ең соңынан клиникалық зерттеулер жүргізіледі.
2. Ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді терең зерттеу. Осындай қазіргі ғылыми деңгейдежүргізілген жәнеөсімдіктің химиялық құрамы туралы түсінікті тереңірек дамытатын зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген өсімдіктердің қолдану аймақтарын өзгертіп отырады. Бұл қадамға ғалымдарды халық медицинасының мәліметтері итермелейді, бұл өсімдіктер өз кезінде ғылыми медицинада қолданылған бертін келе ұмыт бола бастаған болуы мүмкін. Мысалы, МФ II (1871) сүйелшөп шөбі, авран шөбі, мелиса жапырақтары мен қара қарақат жапырақтары және сабыншөптің тамырлары ресми түрде қолданылған. Қазіргі кезде олардың көбісі Мемлекеттік реестрге қайта енгізілді.
3. Филогенетикалық әдіс.Бұрыннан белгілі болғандайботаникалық жағынан туыстас өсімдіктер химиялық құрамы жөнінен ұқсас болады да ұқсас фармакологиялық әсер көрсетеді. Бұндай биологиялық заңдылықтар жаңа дәрілік өсімдікті іздеудегі жұмыстарды мақсатты әрекеттерге бағыттап, еңбекті нәтижелі етуге көмектеседі. Отандық ғалымдар өсімдіктерді зерттеу барысында өсімдіктердің систематикалық жағдайы мен олардың химиялық құрамы арасындағы байланыстар мәселесіне көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл мәселелерді зерттеу барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Мұнда хемотоксономиялық заңдылықтардан басқа өсімдіктердің биохимиялық белгілері мен филогенетикалық қатынастары арасындағы толық параллелизмнің болмауы көрініс табады. Бұдан басқа химиялық конвергенция құбылысы, яғни филогенетикалық байланысы жоқ әртүрлі топ өсімдіктерінде ұқсас заттардың болуы да байқалады. Көптеген шикізат көздерінде күннен күнге өсіп отырған қажеттіліктердің артуы ресми түрге енгізілген кейбір өсімдіктерді ғана дайындаумен шектелуге байланысты болып отыр. Мұндай амалдар дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына кедергі жасайды. Филогенетикалық әдісті пайдаланып жақын туыстарды зерттей отыра өсімдік шикізаттарының түр құрамын кеңейте түсу керек. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерінің түр құрамын кеңейтуге мүмкіндік беретін экспериментальдық мәліметтер бар, мысалыға жалынгүл түрлерін, сасықшөп, шәйқурай, термопсис, жөке және басқа да түрлерді. Әсіресе, Орта Азиядағы мемлекеттер мен Қазақстанда, Қиыр Шығыс флорасында қабылданған дәрілік өсімдіктер өспейтін, ал оған жақын түрлер өсетін елдерде бұл мәселелер маңызды орын алады.
4. Елеу әдісі.Бұл әдіс белгілі бір ауданда немесе жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді жаппай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктердің классификациясы
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер )
Дәрілік өсімдіктердің жекелеген бөліктерін жинау
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Итмұрын
Пәндер