Емдік өсімдік түрлері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімАлтын тамыртаралуы, қолданылуыАдыраспан жалпы сипаттама. Көкек жанаргүліемдік қасиеті. Ақ - Тауқалақайжалпы сипаттама. Ашық құндызшөп
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы “ Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады, ” “Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында” деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин НонШындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.
Емдік шөптер-үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп, тұр”. “Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік” “Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек…”Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден-жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан. Мәдени өсімдіктерден-капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т. б.

Алтын тамыр немесе Қызғылт семізот (лат. Rhodiola rosea ) - ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл - тек алтын тамырға ғана тән қасиет.

Таралуы

Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде, өзен аңғарлары мен жағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлімінен Альпі белдеуіне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударлық шіліктер құрайды.

Сипаты [

Тамырдан биіктігі 50 см-ге дейін жететін бірнеше түзу сабақтар өсіп шығады, бірақ бұтақтары болмайды.

Өте тығыз әрі кезектесіп қалың орналасқан етті, сопақша жапырақтары бар. Кейде жапырақтарының шеттерінде майда әрі сирек тістері болады.

Сары түсті гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып тұрады.

Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шілдеде тұқым бере бастайды.

Тұқымынан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді.

Қазақстанда Жетісу Алатауының, Алтай тауының биік белдеулерінде, тасты беткейлерде, су жағасындағы шабындықтарда өседі. )

Химиялық құрамы

Тамырының құрамында көмірсулар, органиқалық қышқылдар, иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа да белсенді әсер ететін заттар бар.

Емдік қасиеті

Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол әсіресе қытай медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған.

Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде 1931 жылы совет ғалымы Г. В. Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты.

Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми медицинада қолданылып, аз уақыттың ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды.

Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар.

Қолданылуы

Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабылетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде пайдаланады.

Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.

Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.

Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары алтын тамырдың дәрілік қасиеттері маралшөп тамырының дәрілік қасиетінен анағұрлым күштірек екенін көрсетті. Алтын тамырдың табиғи ареалы жылдан-жылға азайып барады. Қазіргі кезде Алматы, Алтай ботаникалық бақтарында қолдан жерсіндірілуде. Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғаңдықтан Қазақстанның"Қызыл кітабына" енгізілген

Адыраспан

. Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтималҚазақстанда адыраспанның бір - ақ түрі өседі. Ол - кәдімгі адыраспа.
Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м - ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.
Сабағының ұзындығы 30-80 см, жалаңаш жасыл түсті. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген, етті өсімдік.
Гүлі ақ және сары түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы бекітілген.
Тостағаншасы - бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1, 5 - 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр, ұзындығы 3 - 4 мм, . үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр, шілде айында гүлдейді, шілде - тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі бұтақтарында 150 - ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.
Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзге үсік болғанда аяқталады.
Өсімдікті дайындау. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы және тамыры пайдаланылады. Өсімдіктің шөбін гүлдеген кезде дайындайды, тамырдан жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде темір шатыр астына көлеңкеге және ауа өтіп тұратын жерге кептіріледі. Сақтау мерзімі 2 жыл.
Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық жақсы ауа өтіп тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.
Өсімдіктің химиялық құрамы. Адыраспанның тұқымында 3, 5 - 6 % алкалойд, 60% гармалин, 30% гармин және аз мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивазицинон . Шөбінің құрамында 1, 5-3% алкалоид, 60%пеганин және вазицинон бар. Және де аз мөлшерде :пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылды.
Көп мөлшерде алкалоидты заттар бар, хиназалин мен индол. Тамырында 1, 7 - 3, 3 %, сабағында - 0, 23- 3, 57%, жапырағында- 1, 07- 4, 96%, гүлінде - 2, 82%, жемісінде 1, 08%, тұқымында2, 38- 4, 59%.
Жас өсімдіктің тамырында алкалоидт зат 2 есе көп болады. Өсімдік өскен сайын жер асты бөліміндегі апкалоидты заттың мөлшері азаяды. Алкалоидты затты таза күйінде алу үшін бұл жағдайды ескеру керек.
Тұқымында болғыш зат және 14, 25 % майлы май болады.
Сақталу жолы: шикізатты салмағы 20 кг- нан аспайтын қапқа салады. Сақтау мерзімі 2 жыл.
Өсімдіктің фармакологиялық құрамы. Адыраспан дәрісі ( препарат) қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын, тер шығаратын, ішек құрттарын өлтіру үшін, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин және пеганин алкалоидын паркинсонизм, сал, қояншық ауруларын емдеу үшін қолданады. Гармин мен пеганиннің әсері қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазанның, жүректің жұмысын баяулатады. Гармин препаратын көп мөлшерде қабылдаса безгек ауруына шалдығады. Пеганин гарминге қарағанда күштірек.
Дәрілік құрамы. Пеганин гидрохлорид, дезоксинпегонина гидрохлорид (таблетка және укол ретінде қолданады. ) . Тұнба.
Өсімдіктің медицинада қолданылуы. Тұнба ретінде ішкі мүшелерге суық тигенде, малярия, лихорадка, мерез ауруларына пайдаланады, ал шөптің ваннасы буын ауруына және қышыма мен тері ауруларына қолданылады. Шөптің тұнбасымен ірі қара малдардың қотырын мал дәрігерлері емдеген. Әсіресе ботаның қотырын. Шөптің қайнатпасын невростении және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ал қызыл иек ауырғанда шөптің қайнатпасымен ауызды шаяды. Ауғаныстанда адыраспан түтінімен сал ауруларын емдейді, ал жапырағынан ісікке таңатын булама жасайды. Тұқымның қайнатпасымен демікпені емдейді. Зәр қуалайтын қасиеті бар. Үндістанда жақында ғана адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде және аборт жасау үшін қолданады. Адыраспаннан жасалған гормалин алкалоиды әсері жағынан банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол энцефалиттің шығуы салдарынан болған ауруды және жүйке жүйесінің бір қатар басқа да ауруларын емдегенде жақсы нәтиже береді. Бұл гармалин алкалоидын қолданғанда қан қысымын жоғарылатады, тыныс алуын жиілетеді, жүректің, ішектің, жатырдың бұлшықетін демадырады.

Көкек жанаргүлі (лат. Silene flos-cuculi ) - қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

Биіктігі 90 см-ге жуық.

Сабағын төмен қараған қысқа түк басқан.

Сопақша келген жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, екі жағында да аздаған түктері бар.

Гүлдері қызыл, бұтақтарының ұштарында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары қысқа, тостағаншасы қоңырау секілді, үстіңгі жағында үш бұрышты өткір тістері бар.

Маусым-шілде айларында гүлдейді. Ылғалды жерлерде, батпақтардың шеттерінде, орман ішіндегі алаңдарда, жоңышқалы шабындықтардың арасында кездеседі.

Емдік қасиеті

Дәрілік мақсат үшін көкек жанаргүлінің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады.

Халық арасында бұл өсімдікті сары ауруға, бронх қабынуына, ревматизмге қарсы қолданады.

Жатырдан және басқа органдардан қан кеткен жағдайларда ем үшін пайдаланады.

Сыртқы жараларды жуады және қышыманы емдейді.

Іріңді жараларға компресс ретінде сыртынан таңып байлап қоюға болады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Ішуге: өсімдіктің 20 грамын 200 мл қайнап тұрған суға салып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Дененің сыртына жағуға да осындай тұнба жасайды, ол үшін өсімдіктің 10 грамын ғана алады.

Спиртті тұнба: 25 грамм өсімдікті 10 мл спиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, күніне 20-40 тамшыдан 3 рет ішеді.

Ақ - Тауқалақай - биіктегі жарты мерірге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік . Сабақтары төртқырлы, ұзын, түзу, іші қуыс, ұшжағы сүйір, жұмыртқа тәрізді, шеттері ара түсті. Оның жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, күйдіргіш қалақайдың жапрақтарына ұқсайды, бірақ олардай күйдіргіш емес. Гүлдері екі ерінді, ақ немесе ақ сары түсті . 8-9 дан топталып жапырақтарының арасындағы қуыстарға орналасқан. Гүл тостағаншасы бес қалақшадан тұрады, олар гүл жапрақшаларынан ұзындау болып келеді. Жемісі кішкене 4 жаңғақшадан тұрады. Май айынан бастап күзге дейін гүлдейді . Өзен жағаларында, бұталар арасында, далалы аймақтардағы шабындықтарда, орман ішінде, үйлердің маңайында өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тек лудерін ғана жиып алады да, көленкеде кептіреді. Кейде жапрағын да жинайды. Құрамында эфир майлары, флаводар, алкалойдтар, гистминдер, холин және илік, қоймалжынң заттар бар. Халық медицинасында ақ тақалақай қан толқтататын күшті дәрі ретінде қоданады. Гүлдерінің сөлін алып пайдаланса, аса тимді болады. жатырға әсер етеді. Әйелдердердің ақ етеккірі келген кезде ақ тауқала- қай шөбінен жасайтын тұмбамен емдейді. Жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда гүдерінен тұмбалар өте жақсы жәрдем береді. Үш түсті шегір гүлдің шөбін, бүлдір- геннің жапрағын, ақ тауқалақайдың гүлін теңдей алып, тұнба жасап қан азайған- дықты, бүрек және тамақ ауруларын емдейді. Қолдану тәсілі. Тұнбаны былай жасайды. өсімдіктің 60 грамм гүлін немесе шөбін 3 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 стаканнан 3 рет ішеді

Ашық құндызшөп - ерте көктемде жапырықтары жайылғанға дейін гүлдеп үлгіретін, көп жылдық, щөп текетес өсімдік. Тамыры қоңыр түсті тік өседі. Сабағы 45-см-ге дейін жетеді, өн бойында жібек сықылды жұмсақ түктері, сабағының ортасына таман сабақты қоршай ораналасқан бір топ тілімделген жапрақтары бар. Түп жағында жапырақтарының сағатары ұзын, саусақ сықылды 2-3 салалы. Гүлдері жеке-жеке орнасқан, ірі, ақшыл көк немесе ақшыл қызыл түсті. Апрельмай айларында гүлдейді. Ормандардың, бұталардың арасында, ашық жерлерде өседі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жерге түскен бөлігін пайдаланамыз. Ашық құндызшөпті орыс тілінде “сон трава” (ұйқы шөп) деп те атайды, ол халық арасында :ашық құндызшөптің тамырын жалаған жануарлар ұйқыға кетеді мыс деген ұғымға байланысты болса керек. Кейде мұны срытқы ұқсастығына қарап “жабайы қызғалдақ” деп те атайды. Өсімдіктің құрамына протоанемин, анемонин, антониндер бар. Ашық құндызшөптің тұнабсы микробтарды, грибоктарды жояды. Сондықтан оны іріңді жараларды және терінің грибоктармен зақаымданған жерлерін емдеу үшін пайдаланады. Өсімдіктің тұнбасы туберкулез, жөтелді, бронх қабынуын, ұрғашы жануарлардың жыныстық ауруларын емдеу үшін қолданылады. Халық медицинасында ашық құндызшөпті ұйықтататын және жүйкені тыныштандыратын дәрі ретінде пайдаланылады. Ревматизмге ұшырағанда буындары осы өсімдіктің спиртті ерітінділері жағып емдейді. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: Өсімдіктің 1 шай қасығын 1стакан салқын суға салып, 1 тәулік қояды да сүзіп салады. Осы тұнбаны тері тері ауруларын емдеу үшін дене сыртына жағады. Өсімдікті өте аз мөлшермен ішеді, себебі ашық құндызшөп улы, сондықтан оны дәрігердің бақылауынсыз пайдалануға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Алоэның емдік қасиеттеріне шолу
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер
Жеміс-жидек түрлері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz