Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану



Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
• Отын-энергетикалық қорлар.
• Минералдық қорлар.
• Климаттық қорлар.
• Су қорлары.
• Топырақ-өсімдік қорлары.
• Жануарлар дүниесінің қорлары.
Табиғи қорларды тиімді пайдалану.
Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.
1. А.К.Бродский “Жалпы экологияның қысқаша курсы”, Алматы, 2010ж ,(41-44 б,)
2. Г.С.Оспанова Г.Т.Бозшатаева,”Экология” Алматы ,Экономика 2002ж, (18-26 б)
3. Ф.Қ.Иштева,Л.Г.Костарева,Ш.С.Набидоллина,Ж.Е.Молдағалиева“Экология “ оқу құралы,(49-65 б.)
4. Н.Түменбаева “Қоршаған ортаны бақылау “Практикум 2-басылым, (15-34 б.)

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану 2.Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3.Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Тексерген :Мурзалимова.А.К.
Орындаған : Қыдыралинова.М.Н
Топ:ВС-403

СЕМЕЙ,2015ж
1.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын - табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары - басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы - заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
* Отын-энергетикалық қорлар.
* Минералдық қорлар.
* Климаттық қорлар.
* Су қорлары.
* Топырақ-өсімдік қорлары.
* Жануарлар дүниесінің қорлары.
Табиғи қорларды тиімді пайдалану.
Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.
Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросферажәне атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.
Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.

2.Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез - құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.
Тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ - ның толыққанды мүшесі Қазақстан үшін дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5% болған.
Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының бiркелкi болмауымен сипатталды.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құраған.
Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. Ал Қытайда мысалы, бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адамнан келеді.
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда ұлттың қартаюы мен гендерлік баланс (гендерлік асимметрия) сияқты айтулы демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда. Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Үндістан елінің халқы 2010 жылғы жүргізілген халық санағының мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жылда 181 млн. адамға жетіп, жалпы саны 1,21 млрд - тан артқан. Сөйтіп Қытай елінен небары 120 миллион адамға аз болып отыр. Сонымен қатар бұл елде де қыз балалардың дүниеге келуінің соңғы 50 жылда тұрақты төмендеуі байқалады. Үндістан елінің үкіметін де, Қытай еліндегідей бұл демографиялық мәселе қатты алаңдатып отыр. Екі елдегі бұл проблеманың негізі дәстүрлі түрде әрір отбасында ұл баланың болуы себеп болып отырғанын мамандар алға тартады.
Сонымен Қытай мен Үндістан елдері халықатрының санының артып отырғаны белгілі. Үкіметтердің халық санын төмендету бойынша жасап отырған әрекеттері гендерлік тұрақсыздыққа әкеліп тіреп отыр. Бұдан әрі де қыз балалрдың өмірге келуі төмендей берсе, демографиялық дағдарыс өте үлкен даулы мәселеге алып келуі әбден мүмкін.
АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.
Ал, дамыған Германиядағы демографиялық ахуал өзгеше және де көңіл аударарлық. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық саны азаюда, оның себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады.
Германия статистика ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі балалары жоқ. Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен қатар бала туу төмендеп кетті. Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1,3 құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан асатын болады.
Ұлттың қартаюы, халық санының аздығы елдің экономикалық әл-ауқатына қатер төндіреді. Халық санының төмендеуі экономикалық инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің болмауына әкеледі. Тұтынушылық құны жоғары тауарлар өндірісі мен жалпы өндіріс өсімі халықтың тұтынушылық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты қиындыққа тап болады.
Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифметикалық жас -- небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстанның демографиялық өсуі жылына 1,2 пайызды құрап отыр дейді сарапшылар, яғни жан басына шаққанда халықтың өсімі 250 мың адамға шақ келеді
Сонымен қатар Орталық Азияның өзге елдерінде мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан секілді елдерде демографиялық өсу өте қарқынды жүруде. Сонымен демографиялық проблемаларды шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне байланысты болады. Билік көп жағдайда бала тууда материалдық ынталандыруды жөн санайды, алайда нәтижелері әрқалай болып жатады.
Уақыт өте келе жоғарыд аталған мелмекеттерде алғашқы қатарда болып азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін көрінеді. Демограф, ғалым М.Тәтімов қандай қарқынды өсім болса да қазақстандықтар үшін жоғарыдағыдай елдерде туындауы мүмкін мәселелер орын алмайтындығына сенімді екенін айтады.
Еліміздің 93 млн. гектардан артық ауылшаруашылығына тиесілі жердің бар екенін ескерсек, агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуында оның өте зор әлеуетінің бар екенін және елдің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне оң әсер ететінін, алдағы уақытта тіпті импортқа шығуын айқындайды.
Ауылшаруашылығын дамыту бүгінгі таңда еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан мемлекет тарапынан қолдау шаралары қолға алынып жатыр және индустриалды-инновациялық даму жолында еліміздің экономикасы біршама жетістіктерге жетіп отырғаны болашақта халықтың қаладан ауылға ауысуына, бұл сонымен бірге Қазақстан халқы санының артуына ықпал жасайды деп күтілуде.

Азық-түлік мәселесі.

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2010 жылғы Жолдауында Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Табиғи қорларды бағалау
Кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайданудың теориялық негіздері
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
Негізгі қорды талдау
КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Пәндер