Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері



Қай ел болсын , оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні өндіріс құрал жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынатары болып табылады
Ендігі бұл тараудағы басты мәселе меншіқтің мәні және сипаты туралы.Жалпы, меншік дегеніміз не? Міне , осы сұраққа жауап іздеу қажет.
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен , қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табылады.Оның өз даму тарихы бар.Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық,кәсіпкерлік әрекеттері , мақсатты қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты.Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы және оны жиі сезіне отырып , ол туралы белгілі бір деректер алып отырады.Күрделігі оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны .Бұл қарым қатынастар әлеуметтік экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым қатынастары.
Күнделікті тәжірибеде меншік қатынастарының экономикалық мазмұны мен оның құқықтық мазмұны арасындағы айырмашылықтарды ажырата білу қажет.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : а/иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
б/материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.
в/ материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді.
1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы
2. Я.Әубәкіров,К.Нәрібаев,М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы, 1998ж, 349 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университет

СӨЖ
Тапсырма: 1)Меншік ұғымы,түрлері және меншік қатынастарының дамуы
2)Экономикалық жүйелер ,ұғымы,типтері және салыстырмалы сипаттамасы
3)Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері
4)Ақша жүйесінің даму кезеңдері
5)Бәсеке модельдері,жетілген және жетілмеген бәсеке сипаттамасы

Орындаған:Таласпаева М.Б
Группа:ПХ-415
Тексерген: Габдуллина Л.Б

Семей2015
Қай ел болсын , оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні өндіріс құрал жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынатары болып табылады
Ендігі бұл тараудағы басты мәселе меншіқтің мәні және сипаты туралы.Жалпы, меншік дегеніміз не? Міне , осы сұраққа жауап іздеу қажет.
Меншік ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен , қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табылады.Оның өз даму тарихы бар.Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық,кәсіпкерлік әрекеттері , мақсатты қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты.Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы және оны жиі сезіне отырып , ол туралы белгілі бір деректер алып отырады.Күрделігі оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны .Бұл қарым қатынастар әлеуметтік экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым қатынастары.
Күнделікті тәжірибеде меншік қатынастарының экономикалық мазмұны мен оның құқықтық мазмұны арасындағы айырмашылықтарды ажырата білу қажет.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : аиемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
бматериалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.
в материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: "адам адам" қарым қАтынастарын бейнелейді.
Сонымен қатар, меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктермен де сипатталады:
аекі жұп категорияларының өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету;
әжекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы ;
бөндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі ;
в табыстарды уйлестіру тәсілі
гсубъектілік обектілік талдау
1. Иемдену деген қандай да бір қатынас субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес , субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбІр тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдерін сипаттайды. Бұл жағдайда , бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады.
Меншіктің басты формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс олардың ортақ игілігі болып табылады.
Ұжымдық меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының
бірлестіктерінің , қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.
Жеке меншік жеке адамдарының өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы. Оның өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген екі түрі бар.
Өз еңбегіне негізделген жеке меншіктің субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер және басқа адамдар. Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады.
Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке меншік өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді. Сөйтіп, негізгі өндіріс құрал жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседі де, қоғамның басқа мүшелері бұл игіліктерден сырт қалады. Міне, тап осы жағдайда теңсіздік пайда болады: қоғам топтарға қоғамдық топтарға бөлініп, олардың бір тобы өндіріс құрал жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады.
Жекешелендіру баршаға берілген тең мүмкіндік.
Жекшелендіру нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі. Оның мағынасы кең. Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеп, өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық бастамасына жол ашу, жеке сеторларды дамыту саясатын жүргізу дегенге саяды.Бір сөзбен айтқанда
экономиканы мемлект иелігінен алу. Бұл жердегі басты міндет меншікті әркімге жеке жеке таратып беру емес,ол жаңа нағыз меншік иелерін қалыптастыру, экономиканың нарық арналарына көшуін қамтамасыз ету. Жекешелендіру бағдарламасы сайып келгенде өндіріс көлемінің ұлғаюына, материалдық құндылықтардың молаюына, республиканы мекендейтін барлық халықтардың әл ауқатының жақсаруына қол жеткізетін болуға тиіс.
Елбасының темірдей ерік жігері мен табандылығы, оның істің жағдайын божап, алдын ала жұмыс бастау қабілеті ғана. Қазақстанда меншіктің ұлан ғайыр реформасын қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Еліміздегі ахуал оңтайлы бола қоймаған 1991жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғарғы Кеңеске "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы " заңды енгізіп, оның қабылдануына қол жеткізді.
Жекешелендіру меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру :
азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан ;
кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығаратын бөлімшелерін;
кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін; акционерлік қоғамдардың серіктестіктердің капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін пай, акциялар ;
Жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін пай, акциялар меншікке алуын білдіреді .
Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.[1]
Меншік Құқығы:
1. Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
2. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.
Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
1. Иелену хақысы - меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
2. Пайдалану хақысы - мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
3. Билік ету хақысы - құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.

Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.
Экономикалық жүйе -- бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
-- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
-- меншік құрылымы;
-- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
-- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:
Шаруашылық құрылымы -- бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым -- лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Бір елде бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.
Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық.
I. Формациялық көзқарас -- Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.
Алғашқы (архаистік) құрылыс -- алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген шығыстық қауым.
Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ сүруінің себебі -- суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.
Азиаттық өндіріс әдісінің мәселесі соңғы екі жүз жыл бойы пікірталасты тақырып болып қалуда.
Екінші ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады.
Үшіншісі -- жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің пікірі бойынша, коммунизм дәуірі оңшыл гуманизм дәуіріне дейін өсуі керек деп тұжырымдайды.
Өндірістік қатынас жүйесі өзімен бірге саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастар мен институттарды көрсететін базис қондырмасы ретінде қатысады.
Өндірісті бірліктегі тәсілі мен қондырмасымен өзара әрекеті қоғамдық-экономикалық формацияны құрайды. Адамзат дамуының тарихи жүрісі өзімен бірге қоғамдағы формацияның жүйелі ауысымын көрсетеді: алғашқы-қауым, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік.
Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді. Қатынастар сипаты өндіріс құралдарына меншіктің үстем формасы арқылы анықталады. Әр жүйенің материалдық өндірісінің даму деңгейі тұрақсыздығына көңіл бөлінеді. Бұлар ерте ме, кеш пе әйтеуір өндіріс тиімділігінің деңгейі анағұрлым жоғары болатын келесі жүйеге ауысуы тиіс.
Формациялық теорияның негізгі жағдайлары:
Табиғи-тарихи үрдіс қоғамдық-тарихи формациялардың бірізділікті ауысымы түрінде дамиды;
Материалдық өмірдің рухани өмірді ығыстыруы;
Өндірістік қатынастар қоғамның базисі болып табылады, құрылғы базиске қарағанда туынды сипатқа ие болады;
Класстар қоғамның негізгі бірлігі және тарих субъектісі болып, ал класстар арасындағы күрес - класстардың өзара әрекеттесуінің басты формасы болып табылады.
Формациялық теория негізгі іс жүзіндегі философиялық түсінудің үлкен салымы болып табылды. Соның көмегімен адамзат тарихы оқиғаның аралас жиынтығы ретінде емес, оның ішкі даму заңдарымен қисынды жүйесі түрінде алдымызда жатыр. Сонымен бірге бұл теория кемшіліктер ретінің күшіне қоғамдық дамудың жан-жақты теориясы ретінде танысуы мүмкін.
Бұл, өзінің дамуында барлық жақтар мен халықтардың міндетті түрде бес арқылы формациядан өтуі туралы бекітуге қатысты, сондай-ақ өндіріс құралдарының меншік иесі мен меншіктік емес қатынастың арасында антогонистикалық сипаттамаға шектен тыс акцентіне қатысты.
Формациялық әдіс тарихи дамудың түсінігін жеңілдікке және бұзылған ұғымға апарады, оны төменнен жоғарғы саты бойынша қоғамның өтуін бір мәнді түрде көрсетеді. Әр қоғамдық-экономикалық формациялық болып өткенімен салыстырғанда сапалы дамудың жоғарылау сатысына ұсынылады. Сондықтан К. Маркстің коммунистік формациясы қоғам дамуының жоғарғы сатысы өркениеттік әдіс өндірістік-экономикалық фокторлармен емес, барлық материалдық және рухани мәдениет элементтерінің жиынтығымен қоғамдық дамудың түрлі кезеңдердің бөлінуін басшылыққа алады. Сондықтан ол үшін қоғамдық байлық емес, адам дамуының акцентіне тән.
II. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын біртұтас планетарлық тарих ретінде зерттеуді ұсынады. Өркениет сөзі латынның цивилис азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық).
Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.
Бұл теория өз дамуының бастапқы сатысында тұр. Оның басты мәселесі жүйені құрушы белгілерді іздеу. Кейбір авторлар осындай белгілер ретінде еңбек өнімділігін жаңа сатыға көтеретін өркениет төңкерістерін қарастыруды ұсынады.
Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды (шамамен 6-8 мың жылдар бұрын). Келесісі -- өнеркәсіп төңкерісі (300 жыл бұрынғы). Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады (XX ғасырдың орта шені). Ол халықты адамның қажеттіліктерін өтеу сферасына (сауда, қызметтер, көлік білім, ғылым, мәдениет, басқару және т.б.) бейімдейді.
Кез-келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады.
Экономикалық жүйелер - экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:. Ашықтылық дәрежесі бойынша:
Жабық экономикалық жүйе - бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.
Ашық экономикалық жүйе - бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
Меншік қатынастары бойынша:
Дәстүрлі экономикалық жүйе - ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге
негізделеді;
- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы;
- техникалық прогресстің шектелуі;
- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы;
- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе - орталықтанды-рылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс құрал-жабдықарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;
- экономиканы орталықтан жоспарлау;
- өндірушілердің монополиялануы;
- ресурстардың орталықтандырылған қоры.
- ынталандырудың нарықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік ұғымы,түрлері мен формалары, ҚР-ғы меншіктік қатынастардың дамуы
Экономикалық жүйелер туралы
ҚР меншік қатынасы
Меншік ұғымы, түрлері
Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы
Экономика негіздері қызметтері
Дәрістер тезисі
Меншік ұғымы. Экономикалық жүйе. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Ақша жүйесінің даму кезеңдері. Бәсеке және оның модельдері
Экономикалық теорияның пәні бойынша дәрістер
Пәндер