Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті.

Тақырыбы: Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастары. Симбиоз, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм, вирогения, мутуализм, паразитизм, комменсализм.

Орындаған: Жумабекова. А

Тексерген: Омарбеков. Е. О.

Топ: БЛ-309

Семей 2015ж.

Сұрақтар.

1. Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы.

2. Симбиоз.

3. Комменсализм

4. Метабиоз.

5. Сателлизм

6. Синергизм.

7. Антогонизм.

8. Вирогения.

9. Мутуализм.

10. Паразитизм.

1. Микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы.

Табиғатта ешқандай шекара жоқ, онда бәрі де бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді болып келеді. Тіршілік иелері тұрақты экологиялық жүйеге-биоценоздарға біріктірілген. Олардың әрқайсысы үшін популяцияның түрлік және сандық қатынасы, құрылым, өзара қатынас және басқа да белгілер тән. Әр түрлі ценоздардың ішінде табиғатта микробиоценоздар - микроорганизмдердің қауымдастығы үлкен орын алады. Олардың және басқа тірі организмдердің арасында алуан түрлі өзара қатынастар бар. Бұл қатынастар симбиоз, комменсализм, метабиоз, сателлизм, синергизм, антогонизм және тағы басқа түрлерде байқалынады.

2. Симбиоз.

Симбиоз (грекше symbіosіs - бірігіп тіршілік ету) - екі түрге жататын организмдердің ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде өзара пайдалы тіршілік етуі. Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А. Де Бари (1831 - 88) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады. Симбиоздың бірнеше түрі бар. Факультативті түрі - организмдер бір-бірімен симбиоз құрғанымен, әрқайсысының жеке тіршілік ете алуы. Мыс., үйеңкі ағашы қарағай мен балқарағайдың жақсы өсуіне әсер етеді. Облигатты түрі - симбиоз құрған екі организмнің бір-бірінсіз тіршілік ете алмауы. Мыс., бірі болмаса, екіншісі тіршілік ете алмайтын саңырауқұлақ пен балдыр симбиозы - қына. Мұнда балдыр саңырауқұлақты фотосинтез процесінде түзілетін органик. заттармен қамтамасыз етіп, өзі одан минералды заттар, су алады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер түйнек бактерияларымен (Rhіzobіun) бірлесіп тіршілік етеді. Бактериялар атмосферадан азотты сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз еткенде, олар мол өнім береді. Сондықтан бұршақ тұқымдастары басқа өсімдіктерге қарағанда азотты қоректік затқа мұқтаж болмайды. Симбиоз жануарлар арасында да жиі кездеседі. Мыс., тақуа шаян актиниямен, термиттер мен құмырсқалар қоңыздармен симбиозды тіршілік етеді. Жалпы симбиозды тіршілік ететін организмдердің бір-біріне деген қарым-қатынасын ескере отырып, симбиоздың бірнеше типі жіктеледі.

Саңырауқұлақ пен ағаштың симбиозды тіршілігі.

3. Комменсализм.

Микробтардың басқа организмдермен бірігіп өмір сүруінің түрі. Бұл жағдайда бір организм өзіне қоректік зат ретінде басқа организмді немесе оның бөлетін заттарын пайдаланады. Комменсалдарға асқорыту және тыныс алу жолдарында, теріде тіршілік ететін жануарлардың қалыпты микрофлорасы, сондай-ақ өсімдіктердің эпифиттік микробтары жатады.

4. Метабиоз.

Микробтың бір түрі екіншісінің өмір сүру барысында түзілетін өнімдерді пайдаланып, олардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады (аммонификаторлар мен нитрификаторлардың, целлюлоза ыдыратушы және азот бекітуші бактериялардың бірігіп тіршілік етуі. ) Нитрификаторлар шіру микробтарының тіршілік теу барысында бөлетін өнімдерін аммиакка дейін тотықтырады, ал азотобактер клетчатка ыдырағанда түзілетін органикалық қышқылдарды қоректік зат ретінде пайдаланады.

5. Сателлизм.

Бір микроорганизмдерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілген өнімдері екінші микроорганизмнің өсуін ынталандырып, оған серіктес болуы. Азотобактериялар бөлетін витаминдер және басқа биологиялық белсенді заттар органикалық фосфорды бейорганикалық түрлендіретін микробтардың өсуіне қолайлы жағдай тудырады. Ал бұл өз кезегінде жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуын қамтамасыз етеді. Дәл осындай әсерді В тобының витаминдерін өндіретін ашытқылар басқа микробтарға тигізе алады.

6. Синергизм.

Әртүрлі микробтық ассоциацияларға жататын түрлерде байқалатын, нәтижесінде соңғы өнімнің мөлшері көбейетін(Вас мусоіdes пен азотобактерияларды бірге өсіргенде өсімдіктердің өсуін қолдайтын - гетероауксин көбейеді. ) бірдей физиологиялық процесс.

7. Антогонизм.

Антогонизм - бір микробтың өнімі екінші микробтың тіршілік етуіне кері әсерін тигізетін қарама-қайшы қарым-қатынас. Шіру микробтары бір ортада сүт қышқылды бактериялармен өмір сүре алмайды, өйткені сүт қышқылы рН-ты төмендетіп алкофильдік микроорганизмдердің өсун тежейді. Сүрлем дайындау, ашыту, сүт қышқылды өнімдерд дайындау мен сақтау процестері осыған негізделген. Микробтардың арасындағы антогонизм табиғатта кеңінен таралған. Адам микроорганизмдердің осы қасиетін әртүрлі аурулардың қоздырғыштарымен күресте пайдаланады.

8. Вирогения.

Қожайын - жасушаны лизогендейтін фаг ұтсамды фаг деп аталады. Лизогения кезінде бактерия профаг жағдайында болып, бактериялдық жасуша өлмейді. Профаг - бактерия хромосомасымен біріккен вирус геномы. Профагтың вирулентті фагтың геномынан айырмашылығы - оның бактерияның ДНК бөлшегі ретінде өндіріліп, онымен бір уақытта репликациялануында.

9. Мутуализм.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
Микроорганизмдерге сыртқы орта факторларының әсері
Микроорганизмдерге химиялық және физикалық факторлардың әсері
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Бактерия
Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
«Фитоценоз. Фитоценоздың құрамы, құрылымы»
Көк – жасыл балдырлар туралы ақпарат
Симбиоздық және антибиоздық қатынастардың пайда болуы мен эволюциясы
Симбиоз еркін тіршілік ететін организмдсрдің бірге тіршілік етулерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz