Қазақ тіліндегі төрт түлік малға байланысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты



Қазақ тіл білімі ғылымында тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға бөліп, оларды әр түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Кез-келген тілдік құбылыстың, соның ішінде тұрақты тіркестердің табиғатын оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты да қарастырған дұрыс секілді.
Жалпы орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып, бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркестер дейтініміз белгілі. Осы тұрақты тіркестердің тақырыптарына үңілетін болсақ, алуан түрлі. Сол тақырыптардың ішіндегі төрт түлікке қатысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамаларына тоқталсақ. Қазақ тілі этнолингвистикасы жайында А.Т.Қайдар: «Этнолингвистика»- этностың инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы[4,15б],- деп нақты, әрі тұжырымды анықтама береді. Жан-жануарлар атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді этнолингвистика тұрғысынан зерттеу, яғни олардың материалдық мазмұнын, тілдік табиғатын, халықтың өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани-мәдени өмірі, әдет-ғұрпы негізінде сипаттау болып саналады. Жан-жануарларға соның ішінде, төрт түлікке байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестеріне үңілмес бұрын, төрт түлік ұғымына көңіл бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қосып, «төрт түлік
Қолданылған әдебиеттер:

1. «Төрт түлік төресі кім?», Қайнар баспасы, А.,1990ж.
2. «Ер қанаты», Қайнар А., 1987ж.
3. І.Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік», Ғылым А.,1977
4. Ә.Қайдаров «Этнолингвистика негізі» А.,1998ж.
5. Қазақ әдебиеті газеті № 11, 18.03.2005ж.
6. «Қазақ ертегілері», Жазушы, А.,2002ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТӨРТ ТҮЛІК МАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰРАҚТЫ
ТІРКЕСТЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Қазақ тіл білімі ғылымында тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға
бөліп, оларды әр түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Кез-келген
тілдік құбылыстың, соның ішінде тұрақты тіркестердің табиғатын оның тілдік
заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына,
салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты да қарастырған дұрыс секілді.
Жалпы орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі
тұтасып, бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде
қолданылатын тіркесті тұрақты тіркестер дейтініміз белгілі. Осы тұрақты
тіркестердің тақырыптарына үңілетін болсақ, алуан түрлі. Сол тақырыптардың
ішіндегі төрт түлікке қатысты қолданылатын тұрақты тіркестердің
этнолингвистикалық сипаттамаларына тоқталсақ. Қазақ тілі этнолингвистикасы
жайында А.Т.Қайдар: Этнолингвистика- этностың инсандық болмысынан
туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар
бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға,
әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-
жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына
байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы[4,15б],-
деп нақты, әрі тұжырымды анықтама береді. Жан-жануарлар атауларынан
қалыптасқан тұрақты тіркестерді этнолингвистика тұрғысынан зерттеу, яғни
олардың материалдық мазмұнын, тілдік табиғатын, халықтың өзіндік
дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани-мәдени өмірі, әдет-ғұрпы негізінде
сипаттау болып саналады. Жан-жануарларға соның ішінде, төрт түлікке
байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестеріне үңілмес бұрын, төрт түлік
ұғымына көңіл бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қосып, төрт түлік
мал деп ата-бабаларымыз атап кеткен. Бұлардың сақтаушы иесі бар деп
ұғынып, оларды Ойсылқара, Қамбарата, Зеңгібаба, Шопаната, Шекшеката деп
атаған. Атаулардың ертедегі қалыптасқан ұғымдық мағынасы өте кең. Бұл
атаулар ұлтымыздың тарихымен тікелей қатысты, ұлт болып қалыптасудан көп
ілгері ру, тайпамен сабақтас жатқан атаулар. Төрт түлік малды оның иесі,
киесі бар деп нанып, оларға жалбарынатын, киелі ақ нар, киелі ақ боз
айғыр, киелі көк бұқа, киелі көк қошқар деп ат қою салты болған. Малымның
құты деп, еркек малдан белгілі бір айғырды, бура немесе лөкті, қошқарды
қастерлеген де салт болған.
Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де,
азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін Ойсылқара
деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан түйе деген мағынаны білдіреді.
Атаудың қойылуы сипаттамалы түске ие. Ол басқа түлік атауларына мүлде
ұқсамайтын өзіндік ерекшелікпен қалыптасқан. Формалық тұлғалануы жағынан
ой+сыл+қара деген толық мағыналы үш сөздің кірігуінен жасалған. Махмұд
Қашқаридың Түркі тілдер сөздігіне жүгінер болсақ, ой ат- қара торы ат.
Осындағы ой деген сөз көне түркі тілінде қара деген мағынаны
білдіретіндігін аңғаруға болады. Сыл- зіл, сүлей, сіл деген сөз ертеде
жеке дара қолданысқа ие болған, тамағы аз деген мағынаны білдіретін сөз.
Қара- бұл сөзді Шоқан Уәлиханов зерттей келіп, қара сөзі ертеде
қасиетті деген мағына береді,- дейді. Сонда ой+сыл+қара (ойсылқара) деген
көне түркі тілінен қазіргі қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ қасиетті,
тамақты аз жейтін хайуан деген мағынаны білдіреді. Мұны қысқартып
қасиетті хайуан деп те атауға болады. Шынында, жылқы, сиырға қарағанда
түйе тамаққа да, шөлге де шыдамды хайуан. Халқымыз түйенің ауыр мінезін-
тыныштықтың, бейбіт тірліктің қалпына балап, оның мінезінде көрініп қалар
жеңілдікті жамандыққа жорып, түйе ойнақтаса, жұт болар,- деп бағалаған.
Күштілікті – нар жолында жүк қалмас, сұлулықты- бота көзді боз жігіт,
бота көзді ару ,- деп суреттеген.
Тұрақты тіркестерде ақ түйенің қарны жарылды деген қарық болып
қалды мағынасында қолданылады. Мәселен, Сол күннен бастап Итбай ауылында ақ
түйенің қарны жарылды (С.Мұқанов). Ал Сөзі түйеден түскендей деген тіркес
дөрекі, ерсі сөйлейтін адамға байланысты айтылады. Айтар болсақ: Жаманның
сөзі түйеден түскендей болады (Мақал). Түйе үстінен ит қапты деген
фразеологизмде икемсіз, епсіз кісі деген мағына бар. Мысал келтірер болсақ:
Күн жаумай су болып, түйе үстінен ит қапқан келеңсіз жігіт мұңын
айтты(Т.Ахтанов). Сондай-ақ Биені бүгімен, түйені түгімен жұту тұрақты
сөз тіркесі- жебір, жемқор, парақор мағынасында жұмсалады. Мәселен:
Ыдысысың параның, түйені түгімен, биені жұтсаң бүгімен, қақалмай бір-ақ
толғайтын(Д.Бабатайұлы).
Төрт түлік малдың ішінде қай халықтың болса да құрмет тұтатындарының
бірі- жылқы малы. М.Қашқаридың Түркі тілдер сөздігінде жылқы дегенді
іріқара деп түсіндірген. Осыған қарағанда, жылқы деген сөз ертеде іріқара
деген мағынаны білдірсе керек. Бірақ қазіргі қазақ тілінде іріқара деген-
түйе, жылқы, сиыр сияқты ұзын сирақты үй хайуандарының жалпылама атауы. Ал
жылқы сөзінің мағынасы өте айқын, ол іріқараның ішінде жылқы түлігін ғана
меңзейді. Қамбарата міне, осы жылқы түлігінің өте ертеден келе жатқан
символдық атауы. Қамбар(қам+бар) деген екі бөліктен құралған. Қам-
шаман(шаман діні) деген мағынаны білдіреді.Сонда қамбарата тіркесі- шаман
дінінің атасы деген мағынада болуы мүмкін. Бірақ қалай да бұл сөзде
әлмисақтық, тотемдік танымның образы, түсі айқын тұлғаланғаны анық..
Қамбарата ұлтымызда Жылқышыата деп те аталып жүр. Оның себебі
Қамбарата атауын жылқы үйірінің айғыры деп түсінгендіктен болса керек.
Жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен- топырақ,
су, от, және желден(ауадан) жаралды десек, түйе- сордан, жылқы- желден,
сиыр- судан, қой- ауадан жаратылған деп төрт түлікті әр түрлі нәрсенің
символы. Ел ішінде жаһанды кезіп жүрген пәлжала иесі - ібіліс, жын-
шайтаннан, жәдігөй сияқты қаскөйлер лаңынан тек жылқы ғана құтқара алады
деген түсінік қалыптасқан. Қазақ ұлты жылқыны ежелден киелі, өте таза,
хайуан деп есептейді. Сойған жылқының басын аяқ астына тастамайды. Оны
міндетті түрде биікке (үйдің төбесіне, дуалдың үстіне,талдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктердің этнотанымдық сипаты
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Қазақ тіліндегі итке қатысты атаулардың мағыналық табиғаты
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Киелі жануарлар атаулары
Пәндер