Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру


Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру

Бейбіт уақытында барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.

Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Уақытша көшіру шаралары:

  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндіістік прингцип бойынша;
  • халықты көшіру - аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
  • көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.

Бытыраңқы орналастыру -соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.

1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;

2. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

3. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

4. халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

5. көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

6. стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

7. халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

8. жерасты құрылғаларын, жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;

9. Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

10. қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.

Алкогализм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері

Жеке адамның да, қоғамның да, ең басты байлығы - денсаулық екені белгілі. Сондықтан да, денсаулық мәселесі, оған деген қамқорлық, жауапкершілік еш уақытта да күн тәртібінен түскен емес.

Бірінші байлық -денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтында да сыңайлымыз.

Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз.

Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дерітке шалдығып санымызды соғамыз.

«Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз -тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жан бізді жас күнімізден билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық көңіл айтып тұрса сенбедік».

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады. Жас ұрпақтың дені сау болуына күнделікті күн тәртібінің де ықпалы зор.

Әр оқушы өзінің күн тәртібін дұрыс пайдалана отырып, оған жоспар құра білу керек. Мектебіміздің салтына айналған «Қара жорға» ұлттық би дәстүрімен таңғы жаттығуымызды бастаймыз. «Қара жорға» биін оқушылар бар ынта -ықыласымен билейді. Бұл биді игеріп алғандары соншалықты, бір- бірімен жарыса билейді. Сондықтан да адам өзін сергітіп көңілін көтеріп, денсаулығы жақсы болу үшін би билеуде денсаулыққа өте пайдалы.

«Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі» - деп тегін айтпаған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кемуі салдарынан қимылдың кемуі гиподинамия/ дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің -шылым шегу, ішімдік пайдалану, нашақорлық көп таралуы. Егеменді еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. .

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ .

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп, әрқашан жаман ойдан аулақ болып. Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», елімізде өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің денсаулықтары мықты, келешегі зор болу үшін қолымыздан келетін барлық жақсы, игі істерімізді аямауымыз керек.

Ішімдікке дағдылану - алкоголизм деп аталатын психологиялық сырқаттың алғышарттарының бірі. Бұл дерт біздің ұлтымызға жат еді. Осы күндері өкінішке орай жиі кездестіріп қалып жатамыз. Жуырда Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының мамандары журналистер алдында ресми мәлімдеме жасады. Келтірілген деректер жаға ұстатады. Алькогольді ішімдік ішуден біздің еліміз алдыда келеді! Еліміз сыраны тұтыну көрсеткіші бойынша әлемде 8-ші, ал Азияда тіпті алғашқы орынға шығыпты.

Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9, 4, ал жасөспірімдердің - 21, 3, ересектердің 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. 2007 жылғы орталықтың зерттеулері бойынша Қазақстан халқының 35, 6 пайызы алкогольді ішімдіктерге бейім. Оның үстіне республикамызда ішімдікке әуестенушілер қатары күн санап жасарып барады. Айналымдағы ащы судың көлемі де арта түскен.

Ішімдік ішуден алдыңғы орындарға іліккен елімізде әр адам басына шаққанда, орташа 31 литр сыра, 12 литр арақтан келеді екен. Арақ ішу жағынан проценттік көрсеткіш бойынша тіпті Ресейді де басып озыппыз. Әрі ең сорақысы сол, бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсіп келеді.

Тек соңғы үш жылдың өзінде ғана, жергілікті наркодиспансерлерде ем қабылдаушы маскүнемдердің саны 10 есеге артқан. Тағы бір тың дерек, өкініштісі, ішімдік ішуден қаракөз жасөпірімдер де әке-шешелерінен қалысар емес.

Қызметкерлерді жеке, ұжымдық қорғану құралдарымен,
санитарлық-гигиеналық үй-жайлармен, құрылғылармен
және емдеу-профилактикалық құралдармен
қамтамасыз ету ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы11) тармағына және 20-бабы1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қызметкерлерді жеке, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен және емдеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз етудің тәртібін белгілейді, сондай-ақ өмір мен денсаулыққа зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен байланысты өзге қызметті атқаруы кезінде олармен қамтамасыз етуге және қызметкерлердің осы құралдарды қолдануына қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Ереже жеке кәсіпкерлерге, жалдану шарты негізінде еңбек міндеттерін тұрақты немесе уақытша атқаратын, қызметі өмір мен денсаулыққа зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) факторлардың әсер етуімен байланысты жеке тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға (бұдан әрі - жұмыс беруші) қолданылады.

3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті (аса қауіпті) өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар;
2) ұжымдық қорғану құралдары - екі және одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
3) санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар - гигиеналық, коммуналдық және тұрмыстық мақсаттарда ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау, жуынатын орын, дәретхана және өзге де құрылғылар;
4) емдеу-профилактикалық құралдар - жуғыш заттар, қызметкер денесінің ашық жерлерін (қолдарын, бетін) химиялық өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған кремдер мен пасталар және өзге де зарарсыздандырғыш заттар.

2. Жеке, ұжымдық қорғану құралдарымен,
санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен
және емдеу-профилактикалық құралдармен
қамтамасыз етудің тәртібі

4. Қызметкерлерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жеке, ұжымдық қорғану құралдарымен және емдеу-профилактикалық құралдармен өз есебінен қамтамасыз етуді жұмыс берушілер жүзеге асырады.

5. Жеке қорғану құралдарының тізбесі жеке және (немесе) ұжымдық шарттармен айқындалады. Жеке қорғану құралдары қызметкерлерді жұмысқа қабылдау не оны басқа жұмысқа ауыстыру кезінде немесе осы құралдарды пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты берілуі тиіс.

6. Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбемен белгіленеді және олар қызметкерге нақты берілген күнінен бастап есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты қорғау әдістері
Эвакуация шараларын жүргізудегі негізгі ережелер
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары
«Медициналық апат» бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары
Эвакуация, көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері
Өрт қауіпсіздігі жоспары
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері
Жедел медициналық көмек
Төтенше жағдайда қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz