Үлбір туралы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялар факультеті
«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
Пән:Былғары мен үлбір тауартануы
Аралақ бақылау
Орындаған:Камзанова А. Е
Топ:ТК-223
Тексерген:Бауыржанова А. З
Семей қ. 2015ж
Жоспар:
1. Үлбір туралы
2. Үлбірді пайдалану
3. Эксплуатацияда болған үлбір бұйымдарында кездесетін ақаулар.
Үлбір - жануарлардың жүнді жабыны. Үлбірдің жүннен айырмашылығы, оған тек кеміргіштердің (құндыз) және төбет тұқымдастарының (қанжырлар), жылқы тектес және қоянтектес, мысықтектес - сілеусін, қабылан және т. б. жануарлардың жүнді жбынын жатқызамыз.
Үлбірдің негізгі мақсаты- төменгі температура және ылғалдан қорғау. Жануарлардың кейбір түрлерінің жыл мезгіліне байланысты үлбір түсін өзгерту қабілеті дамыған. Адамдар ежелден табиғи үлбірден жасалған киімдерді суықтан, жаңбырдан және қардан қорғану үшін қолданған.
Орта ғасырларда үлбір костюмнің маңызды бөлігі болып саналатын. Және үлбір көрінісі мен сословие дәрежесі арасында ашық тәуелділік байқалған. Жоғарғы аристократтық сословиелер сусардың, ақкістің үлбірін киімдік үлбір ретінде оранған. Орта буын адамдары құндыздың, қоянның, кәмшаттың және түлкінің үлбірін оранды. Сол уақыттарда орман іші әртүрлі аңдарға толы болатын, сондықтан оларды аулау тіптен оңай болған. Үлбір үлкен сұранысқа ие болды және тері кәсібі мен саудасы керемет дәрежеге жетіп жақсарды.
Уақыт өте келе түкті жабынды жануарлар сиіле берді, үлбір өндірісіне дағдарыс бет бұра бастады. Бірақ ХХ ғасырдың басында Солтүстік Америка елтірі өндірісін дамытуды қолға алды. Осылайша, елтірі өндірісін дамытудағы сауда өнеркәсібін жасады, енді үлбір әлде-қайда қолжетімді болды. Бұрын үлбірдің бағасында тек көріктігі мен беріктігі көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар оны аулаудағы қиындықтар ескерілген, сол себепті болар, оған ұқыптылықпен қараған. Үлбір бұйымдары қайта тігілді, жөнлеуге жіберілді, бір сөзбен айтқанда тозығы жеткенше киілді.
ХХ ғасырда елтірі шаруашылығының дамуымен және өмірдің шартының жақсаруы нәтижесінде еуропа қалаларында үлбірдің бағасы оның жылыту қабілетіне байланысты болмады. Енді үлбір "өндірісі" әдеттегі жағдайға айналған кезде, үлбірдің әртүрлі топтарына сән әлемін қалыптастыру мумкіндігі туды. Үлбірдің өндіруші-фирмалары үлбірдің сән үлгілерін құрастыруды өз қолдарына алды. Бұрын елтірі саудасында басты орынды иеленген мемлекеттер әдетте тойтарыс бере алмайтын үлкен бәсекемен соқтығысты.
Заманауи жоғарғы технологиялар және ғылыми ашылымдар үлбірді танымастай өзгертті. Оны жұлымдады, күйдірді, бұрамдады, өзге маталармен тіркестірді, тастардан бедерлер жасады және т. б. Енді үлбірге бұрынғыдай нәзіктікпен қарамады.
Қазір үлбірді алуан-алуан мақсаттарда пайдаланады -жиһазды құрастырады, киімді аксессуарлар, сөмкені және аяқ киімді жасайды. Жаңа технологиялар үлбірді жеңілдетіп және жұмсартып, оның құрылымы мен фактурасын өзгертіп қана қоймай, киімнің конструкциялауы жолын ауыстырды, үлбір киімінің фасоны мен түсін өзгертті. Мезгілден мезгілге тек үлбірдің көріністеріне деген сән ғана өзгеріп қоймай, онымен бірге сәндеудің әдіс-айлалары, жапсырмалары және өзара сәйкестігі өзгереді.
Үлбірді пайдалану. Ежелден адам үлбірді түрлі бұйымдар жасауда, негізінен киім өндірісі үшін пайдаланылады. Мұндай киімдер суық және аса суық климатты ауа райы аудандарында өмір сүретін адамдар үшін маңызды және өте қолайлы. Ежелден еліміздің табысындағы және сатудағы негізгі қайнар көзі - үлбір. Бір уақытта кейбір аудандарда үлбір тіпті ақшаның алмастырушысы болып табылды.
Үлбір бұйымдарын модельдеуде үлбір шалафабрикатының қасиетін ескеру қажет. Үлбір шалафабрикатын мақсаты бойынша үш топқа бөліп қарастыруға болады:
- әйелдер киімі(айрықша ауырларынан басқа барлық түрлері) үшін;
- ерлер киімі(құндыз, мысық, ондатр, пыжиқ, қаракөл, үлбір елтірісі, көжек, кәмшат, опоек) үшін;
- балалар киімі(көжек, елтірі) үшін.
Осы топтағы үлбір бұйымдарының өндірістік және эксплуатациялау кезінде пайда болатын ақауларын анықтау үшін және тон бұйымдарының сапасын тексеру әдістерін меңгеру мақсатында мен үлбір бұйымдарын өндіретін «Vaskania» фирмасына барып, зерттеулер жүргіздім.
«Vaskania» фирмасының негізі 1998 жылы қаланған. Олар бұйымның тігісімен шұғылданады және басты көңіл бөлетін креативті үлбірлер: бұлғын, сілеусін, қаракөл, шиншилла, норка үлбірлері. Табиғи үлбірден басқа көріктік пен сүйкімділіктің көрсеткіші болып табылатын былғарыдан және дублендық үлбірден бұйымдар жасаумен айналысады.
Үлбір бұйымдарын кең етіп тігу шарт. Ұзын талшықты үлбір жартылай фабрикатының жүнді жабынының бағыты жағарыдан төмен қарай бағытталады, ал қырқылғандыкы керісінше. Алдыңғы сөрешіктің үстіне төменгісіне қарағанда қара қоңыр түсті үлбір терілері пайдаланылады, себебі жогарыдан түсетін жарықтың әсерінен үлбір ашық түсті болып корінеді. Киімдер ансамблін құруда үлбір жартылай фабрикатын киімнің жеке элементтері өзара үйлесетіндей етіп сәйкестендіреді.
Үлбір бұйымдарын өндіруде болатын ақаулар:
- ұзына бойындағы және қйылысушы жіптердің сәйкес келмеуі;
- жүнді жабынының сапасы бойынша қате таңдау жасау;
- пішу бұйымдарында терінің дұрыс орналаспауы;
- бояудың бір теріден екіншісіне біркелкі өтпеуі, жамаулардың қате таңдалуы, терілердің көлемі мен қалыңдығы жағынан сәйкес келмеуі;
- жүнді жабыны жағынан тегістердің байқалып, көрініп тұруы;
- тігіске жүн талшықтарының байланып қалуы
- тігінділердің бос қалуы;
- тігістердің жиырылуы;
- бұйымдардың қатарласпауы;
- жүнді жабынының ластануы және т. б.
Мұндай жолмен пайда болған ақауларды жұмысшы топ автоматтандырылған машиналардың көмегінсіз, қол еңбегінің арқасында қалпына келтіреді.
Эксплуатацияда болған үлбір бұйымдарында кездесетін ақаулар. Үлбір бұйымдарында өндірістік және эксплуатация кезінде пайда болған ақаулар кездесуі мүмкін.
Зерттеу барысында анықталған өндірістік ақаулардың түрлері:
Бұйымды дайындау барысында туындайтын және пайда болатын ақаулар:
Әдетте, үлбір тонын таңдаған кезде туындайтын сұрақ: бұл заттың сапасы қандай? Сатушы мен тұтынушы арасында қалай бірмәндік болып көрінгенмен түсініспеушіліктер қалыптасуы әбден мүмкін, себебі үбір тонының қалыпты салыстырмалы көрсеткіштері жоқ, сол себепті мұндай жағдайда жақсы сапаға деген әркімнің көз қарасы әр түрлі.
Сапаның бірден-бір объективті параметрі - оның беріктілігі, қалғаны абстрактылы-субъективті ортаға жатады: біреулер үшін сапаның мәні- өндіруші ел, ал өзгелер үшін сапа - әйгілі марка және сәнді дизайн, ал үшінші біреулер үшін үлбір, өңделуі және тігілуі, төртінші біреулер үшін сапа - төзімділік ұзақтығы.
Үлбір шикізатының бағасы жүнді жабынының қалыңығымен, оның биіктігімен, жұмсақтығымен және жарқылдауымен анықталады . Ең құнды үлбір болып норка немесе бұлғын саналады. Норканың сапалы болуы, оның "қалыңдығы" және тігістің қиюының сапасынан ажыратылады. Ең арзан норка - жаңғақ түстес, яғни ашық қоңырдан кейін қара-қоныр болады. Кейін - түрлі-түрлі сары, алтын түстес-балдан ашық- шырынды кәріптасқа дейін, ал бағалысы қара, сұр және көгілдір түсті норка.
Келесі бағалау санатында - былайша айтқанда - "турмалин"(сарғылтым боздақтар және қоңыр ұзын талшықар, бұлар қызықты буалдыр нәтижені жасайды) және ақ үлбір(анда-санда сұр талшықтармен) . Қазіргі уақыттағы ең қымбаты - "қара жауһар" норкасы, көк немесе күлгін құйындысы бар норка. Әлі де шешім қабылдамаған тұтынушыға жай қарадан ажырата білу қиынға түседі. Мұнымен бірге шеберлер-жамаушылар шеберленіп алғандары соншалықты, арзан үлбірді жамауларын білдірмей сапалы бояп, бір қарағаннан ажырата алмай қалатындай етіп жасайды. Бірінші әдіс: үлбірдің жүнді жабынын түбін ашып былғары түсін көру. егер шикізат әртүрлі бояу процесстеріне душар болмаса, былғарысының түсі ақ болып қалуы керек.
Бұйымның қызметінің мерзімі үлбірдің беріктілігіне тікелей тәуелді болады. Кәмшаттың үлбірі ең ұзақ мерзімді. Мұндай үлбірден жасалған тон барлығы 20 мезгіл қызмет етеді, өзен құндызынан - 18, теңіз мысығы - 15-17, норка - 10, сусар, көгілдір ақтүлкінің және қаракөлдің - 7, түлкі, су тышқандар - 5, тиін - 4, көжек - 2 мезгіл.
Тонның және өзге де үлбір бұйымдарының сапасы үлбірдің қажалуға қарсы қабілеттілігіне тікелей тәуелді болады. Қажалуға қарсы қабілеттілігі жоғары үлбір тез тақырланбайды, түсін жоғалтпайды, қажалмайды, былайша айтқанда мүндай үлбір жаңбырға да, қарға да, тіпті сыгылуға да төзімді.
Үлбірдің сапасын бағалауда мыналар ескеріледі: тығызтық, биіктік, бояуының беріктігі, жұмсақтық пен жүнді жабының түсі, жұмсақтық, созылмалылық және былғары тканінің созылмалылық беріктілігі, ақаулар көрсеткіші. Үлбір сапасының маңызды көрсеткіші төмендегі кестеде көрсетілгендей оның беріктілігінде. Камшат елтірісі максималды беріктікке ие (жөнделгенге дейін 20 мезгіл мезгіл 100 балл)
Дегенмен, бұл жай ғана көрсеткіштер, себебі кейбір әйел адамдар өздерінің қаракөл тондарын жылдар бойы киіп, кейін өзге біреулерге, немерелеріне сыйлап жатады. Жылу сақтағыштық қасиеті бойынша үлбірді мынадай кезекке топтастырамыз: ақтүлкі, бұғы, жанаттектес, төбет, түлкі, қасқыр, қоян, сусар, қаракөл, норка, бұлғын. Сонымен қатар тон тым жеңіл болмауы керек. Былғарының салмағын жеңілдету үшін мамандар оны созады, осының нәтижесінде былғары тканінің қалыңдығы төмендейді, ақырында тон суық болады. Дайын өнімнің салмағы үлбір талшығының ұзындығына, теріні өңдеу сапасына және жылытқыш матаның мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары жылытқыш маталар не мүлдем қолданылмайды немесе тек кеуде мен арқа тұсында ғана. Мұндағы ескеретін жайт еркек тұқымдас жануарлардың терілерінен тігілген тондар ұрғашы тұқымдастарының терілеріне қарағанда жылы болады. Тонның сапасы үлбірді өңдеудегі және тігудегі сапаларға тікелей тәуелді болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz