Өзіндік құн, өзіндік құнды анықтау



• Өзіндік құн тралы түсінік;
• Тауар құнын белгілеу;
• Құн түрлері;
• Тауар бағасын белгілеу
Кәсіпорынның логистикалық жүйесінде шығындар өндірісті материалды-техникалық (шикізатпен, материалдармен, энергиямен, құрал- жабдықтармен және т.б.) қамтамасыз ету шығындары, өнім өндірісіне қатысты тікелей шығындар және өнім сату процесіне қатысты шығындар (оның ішінде, өндірістік емес шығындар, дайын өнімді қоймалау мен тасымалдауға кететін шығындар, өнімді сатуға байланысты процестердің құжаттарын толтыру шығындары және т.б. шығындар болып үшке бөлінеді. Мұндай топтастыру материалды - тауарлы ағымдар мен нақты ақша (қаржы) қозғалысын жеке-жеке қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл шығындарға тікелей материалды, техникалық және еңбек ресурстарына жұмсалатын шығындармен катар өнімді әзірлеуге, өндіріс процесіне қызмет етуге, материалды, техникалық және қаржылық ағымдарды ұйымдастыру мен басқаруға кететін ағымдық шығындар да кіреді.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіру мен сатуға кеткен ағымдық және жеке шығындарының (аса қажетті шығындар) ақшалай түрдегі көрінісі, әрі құнның бір бөлігі болып табылады. Басқаша айтқанда, өнімнің өзіндік құны өнім өндіру мен сатуда қолданылатын шикізат, материал, жанар-жағар май, энергия, негізгі қор жәнееңбекшығындарының құндық бағамынан құралады. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорын экономикасының ең маңызды сапалық көрсеткіші ретінде қызмет атқарады. Себебі, баға, пайда, шаруашылық есеп кірісі, қорлану (жинақ) және тұтыну қорлары, дивиденттер оның дәрежесіне тәуелді болып келеді. Өнімнің өзіндік құны бірқатар ерекшеліктеріне қарай келесідей топтарға жіктеледі. 224 Шығындардың жұмсалу дәрежесіне қарай өнімнің өзіндік құны технологиялық, цехтық және зауыттық болып үшке бөлінеді. Біртұтас логистикалық жүйедегі ішкі өндірістік шығындарды жоспарлаудың нысаны болып табылатын өнімнің технологиялық өзіндік құнына өнім өндіруге қатысты барлық шығындар кіреді (негізгі материалдар, меншікті және сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бұйымдар, жұмысшылардың еңбек ақысы және құрал-жабдықтарды қолдану мен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыңдар). Технологиялық өзіндік құн мен цехтық шығындар өнімнің цехтық өзіндік құнын құрайды, бұл да ішкі зауыттық жоспарлаудың нысаны болып табылады. Жалпы кәсіпорындағы цехтық шығындардың жиынтығы логистикалық жүйенің барлық сатылары мен қосалқы жүйелеріндегі цехтік шығындардан құралады (жабдықтау, өндіру және сату жұмыстарын ұйымдастыру және басқару, ғимараттар мен құрылыстарды, қоймаларды, кірме жолдарды, зауыт ішіндегі көліктерді күтіп ұстау және қызмет көрсету шығындары және т.б.).

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Ресубликасы ғылым және білім министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өзіндік құн, өзіндік құнды анықтау

Пәні: Картогофо-геодезиялық өлшемдер экономикасы, оны ұйымдастыру

Орындаған: Мұхамедиярова Т.Д.
ГК-213
Тексерген: Нуралина К.Т.

Семей
2015

Мазмұны:

• Өзіндік құн тралы түсінік;

• Тауар құнын белгілеу;

• Құн түрлері;

• Тауар бағасын белгілеу

Кәсіпорынның логистикалық жүйесінде шығындар өндірісті материалды-
техникалық (шикізатпен, материалдармен, энергиямен, құрал- жабдықтармен
және т.б.) қамтамасыз ету шығындары, өнім өндірісіне қатысты тікелей
шығындар және өнім сату процесіне қатысты шығындар (оның ішінде, өндірістік
емес шығындар, дайын өнімді қоймалау мен тасымалдауға кететін шығындар,
өнімді сатуға байланысты процестердің құжаттарын толтыру шығындары және
т.б. шығындар болып үшке бөлінеді. Мұндай топтастыру материалды - тауарлы
ағымдар мен нақты ақша (қаржы) қозғалысын жеке-жеке қарастыруға мүмкіндік
береді. Бұл шығындарға тікелей материалды, техникалық және еңбек
ресурстарына жұмсалатын шығындармен катар өнімді әзірлеуге, өндіріс
процесіне қызмет етуге, материалды, техникалық және қаржылық ағымдарды
ұйымдастыру мен басқаруға кететін ағымдық шығындар да кіреді.

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіру мен сатуға кеткен
ағымдық және жеке шығындарының (аса қажетті шығындар) ақшалай түрдегі
көрінісі, әрі құнның бір бөлігі болып табылады. Басқаша айтқанда, өнімнің
өзіндік құны өнім өндіру мен сатуда қолданылатын шикізат, материал, жанар-
жағар май, энергия, негізгі қор жәнееңбекшығындарының құндық бағамынан
құралады. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорын экономикасының ең маңызды сапалық
көрсеткіші ретінде қызмет атқарады. Себебі, баға, пайда, шаруашылық есеп
кірісі, қорлану (жинақ) және тұтыну қорлары, дивиденттер оның дәрежесіне
тәуелді болып келеді. Өнімнің өзіндік құны бірқатар ерекшеліктеріне қарай
келесідей топтарға жіктеледі. 224 Шығындардың жұмсалу дәрежесіне қарай
өнімнің өзіндік құны технологиялық, цехтық және зауыттық болып үшке
бөлінеді. Біртұтас логистикалық жүйедегі ішкі өндірістік шығындарды
жоспарлаудың нысаны болып табылатын өнімнің технологиялық өзіндік құнына
өнім өндіруге қатысты барлық шығындар кіреді (негізгі материалдар, меншікті
және сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бұйымдар, жұмысшылардың
еңбек ақысы және құрал-жабдықтарды қолдану мен қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығыңдар). Технологиялық өзіндік құн мен цехтық шығындар өнімнің цехтық
өзіндік құнын құрайды, бұл да ішкі зауыттық жоспарлаудың нысаны болып
табылады. Жалпы кәсіпорындағы цехтық шығындардың жиынтығы логистикалық
жүйенің барлық сатылары мен қосалқы жүйелеріндегі цехтік шығындардан
құралады (жабдықтау, өндіру және сату жұмыстарын ұйымдастыру және басқару,
ғимараттар мен құрылыстарды, қоймаларды, кірме жолдарды, зауыт ішіндегі
көліктерді күтіп ұстау және қызмет көрсету шығындары және т.б.).

Сондай-ақ, іс-жүзінде, өнімнің өзіндік құны бір тектес өнімнің (мысалы,
электр энергиясы) прейскурантты бағасын анықтау мақсатында салалық өзіндік
құн және табиғи шарттар мен тұтынушылардың қашықтығына қарай аймақтық
өзіндік құн (мысалы, Кузбаста көмір өндірудің орташа өзіндік құны және
т.б.) болып та екіге бөлінеді. Шығындар экономикалық сипаты бойынша
өндірістік (жиынтық технологиялық, цехтық және жалпы зауыттық шығындар)
және толық (коммерциялық) өзіндік құн деп бөлінеді. Өнімнің коммерциялық
өзіндік құны толық өзіндік құн мен өнімді сатуға жұмсалатын өндірістен тыс
шығындарды (құжаттарды толтыру, тиеу-түсіру, тасымалдау және т.б.) қамтиды.
Өнім көлемі мен қолданылу (жоспарлау, есептеу, талдау, экономикалық
негіздеу) мақсатына қатысты басқа да белгілеріне қарай өзіндік құнды
бірнеше топтарға бөліп қарастырады. Іс-жүзінде, жалпы өнім көлемінің бір
сомға шаққандағы шығыны, тауарлар мен өткізілген өнім көлемінің бір сомға
шаққандағы шығыны, салыстырмалы өнім Пірлігінің 225 өзіндік құны секілді
көрсеткіштер де қолданылады. Жалпы өнім көлемінің өзіндік құны шығындар
жоспарындағы шығындарға, ал өнім бірлігінің өзіндік құны калькуляция
шығынына жатады. Қалыптастыру әдісі бойынша өзіндік құнды (шығын нормасы
(мөлшері) мен нормативтеріне қарай) жоспарлы өзіндік құн, (бағаны белгілеу
және резервтерді қолдануды есепке ала отырып) есеп айырысу өзіндік құны
және (жоспарлау объектісі ретінде қаралмайтын барлық шығын түрлері мен
жарамсыздықтарды есепке ала отырып) есеп беру өзіндік құны деп жіктеуге
болады.

Өнімнің өзіндік құньн зауыт ішінде жоспарлау - ресурстар мен резервтерді
барынша тиімді әрі толық қолдана отырып, үдемелі норма мен нормативтер
бойынша жоғары сапалы өнімді өндіруге (нарык шарттарын есепке ала отырып)
және сатуға (нарықтағы сұранысқа сай) жұмсалған шығындардың шегін анықтау
болып табылады. Зауыт іші жоспарлаудың негізін мынадай көрсеткіштер жүйесі
құрайды: өндіріс шығындары сметасы, бір тектес бұйымдардың жекелеген
түрлерінің өзіндік құны, бір тектес бұйымдардың өзіндік құнын төмендету,
көп номенклатуралы тауар өнімінің бір сомға шаккандағы шығыны, тауар
өнімінің бір сомға шаккандағы шығынын азайту, толық өзіндік құн
(барлықтауар өніміне қатысты шығыңдар). Осы көрсеткіштер жүйесі 4 бөлімнен
тұратын өнімнің өзіндік құнының жоспарын дайындауға мүмкіндік береді: І-
Бөлім.Өндіріс шығындары сметасы. II-Бөлім. Жоспарлы калькуляция. III-
Бөлім.Бір тектес өнімдерде өзіндік құнды төмендету жөнінде тапсырма. IV-
Бөлім. Өнімнің өзіндікқұнын төмендету шаралары.

Мемлекеттің ұлттық табысы қосымша өнім (өнімді сатудан түскен пайда) мен
айналымнан түскен салықтан (қосымша құн салығы) тұрады. Өнімді сатудан
түскен пайда - бұл кәсіпорынның өнімді сатудан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының жіктелуі
Жалпы өндірістік шығындар
Абзорпшен-костинг
Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құның калькуляциясының нормативтік әдістері
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу
Өзндік құн есеп-қисабы және құнның ірілендірілген нормативтері
Өндіріс шығындары туралы
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Пәндер