Шығармашылық және ережелі ойындар. Балалар ойынының жіктелуі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультет

СРО № 5, 6, 7

Тақырыбы: « Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рөлдік ойындары»

Орындаған: Агысова М. Б

Топ: П-403у

Тексерген: Кулмышева. Н. А

Семей 2015 ж

Шығармашылық және ережелі ойындар.

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың шығармашылығын халықтың мәдени мұрасы, соның ішінде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі - халық ертегісі арқылы қалыптастыру жаңа қоғамның сұранысынан, үкімет талабынан туындап отыр.

Психологиялық-педагогикалық еңбектерде «шығармашылық» ұғымына берілген түсініктерді жүйеге келтіру шығармашылық түсінігі мазмұнын жан-жақты анықтап, мән-мағынасына терең бойлап, бұл түсінікті одан әрі дамыта түсуге негіз болады.

Бұл сатылар зерттеуде балалардың қазақ халық ертегілеріне шығармашылығын қалыптастырудың жүйесі ретінде қарастырылады

Шығармашылық адам өмірінде алатын орнына қарай мынадай функцияларды атқарады:

а) дүниетанымдық,

ә) қозғаушы,

б) реттеуші,

в) таңдаушы,

г) жасампаздық.

Бұл функциялар мектепалды даярлық тобы балаларының жан-жақты дамуындағы шығармашылықтың мүмкіндіктерін өзара байланыстырып, сабақтастырады.

Шығармашылықтың психологиялық құрамы: эмоционалдық, интеллектуалдық және еріктік процестерінің бірігуінен, яки компоненттерден тұрады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау мектепалды даярлық тобы балаларының жас кезеңі, психологиялық ерекшеліктері қазақ халық ертегілерін танып-білуде өте қолайлы екендігін дәлелдейді және шығармашылықты қалыптастыруда мүмкіндігінің жоғары екендігін айғақтайды. Қазақ халық ертегілері мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылығын қалыптастырудың жетекші құралы. Өйткені оларда халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқы, қазақ халқының ең жақсы қасиеттері - еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен ортаға, табиғатқа жөне т. б. деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Олар балаларға білім береді, тәрбиелейді, дамытады.

Шығармашылық балаларды қазақ халық ертегілеріне жеке тұлғалық эмоционалдық көзқарасқа бағыттай отырып, дүниетанымды, адами сенімді қалыптастырады, бала тұлғасының дамуына ықпал етеді.

Жалпы ертегілер арқылы балалардың ой өрісін дамыту арқылы сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың заттардың бейнелеп көлемін, сызық түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді. Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады. Мысалы, атап айтқанда, қонжық көлемі сопақ, қисық сызықтар арқылы кірістіруге, мысық көлемін жарты дөңгелек, кішкентай үшбұрыштар арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Қазақ халық ертегілері - мектепалды даярлық тобы балаларының шығармашылығын қалыптастырудың тиімді құралы болып саналады. Ертегілерде халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі, тұрмыс қарекеті, салт-дәстүрі, тағылым тұтар өнегесі көрініс тапқан. Ертегілердің мүмкіндігі жоғары: өйткені олар балалардың асыл адами қасиеттерін, эстетикалық талғамын, қалыптастырады, эмоционалдық сезімін дамытып, дүниетанымын жетілдіреді.

Ал, балалардың шығармашылығын оятуда ертегінің рөлін жақсы білу керек, оны үйрететін - ересектер. Ертегі шындығын ұғып-білуге ұмтылудың бір көрінісі - балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек ертегі туралы ғана емес, айналасындағы әлеуметтік көріністерден хабардар болғысы келеді. Олар ересектерден өз сұрақтарына жауап күтеді. Осыдан келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі туындайды.

Шығармашылық бірден пайда болмай, біртіндеп қалыптасуына орай қарапайымнан күрделі іске, төменнен жоғары сатыдағы нәрсеге қарай дами түседі. Баланың шығармашылығы сатылап өсе келе, ортаның ықпалымен және тәрбие ісінде дамып, іске асады. Баланың өсіп, дамуына ересектердің ықпалы күшті әсер етеді. Бала ересектердің ісіне еліктейді, оны өзіне өнеге тұтады.

Қазақ халық ертегілеріне балалардың шығармашылығы оқу және тәрбиелеу барысында қалыптасады:

а) тәрбиешілердің ертегіні әңгімелеуі арқылы;

б) ертегіні эмоционалдық әсермен қабылдауға байланысты.

Халық ертегілерін әңгімелеу барысында мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:

- ертегілерді әңгімелеу алдындағы дайындық жұмысы. Ертегіні әңгімелеуден бұрын алдын-ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Дайындық әңгіме оқиғасын оқылатын ертегіге байланысты болуы керек.

Дайындық әңгіменің ұзақтығы ертегінің ауыр-жеңілдігіне байланысты. Сонымен ертегіні оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларға таныстыратын ертегінің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, ертегінің мазмұнына қызықтыру мақсатында жүргізіледі. Бұл айтылғандардан шығаратын қорытынды - дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты - балаларға ертегіні толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу

Ертегі тыңдауда эмоциялық сезім баланың ойын, қиялын, көңіл күйін бағыттаушылық және реттеушілік роль атқарады. Балалардың эмоциялық сезімін қалыптастыру үшін:

-ертегі мазмұнын балалармен бірге талдау;

-сюжеттік-рольдік, дидактикалық ойындар ұйымдастыру;

-тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау;

-ертегілерді балалардың жас және дара ерекшелігін ескере отырып талдау қажет.

Келешекте мектепалды даярлық тобы балаларының қазақ халқының ауызекі шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыру; қазақ халық ертегілеріне мектепалды даярлық тобы балаларының танымдық көзқарасын дамыту; қазақ халық ертегілері арқылы мектепалды даярлық тобы балаларының көркемдік шығармашылығын қалыптастыру және т. б. проблемалар дербес зерттеуді қажет етеді.

Сюжеттік-рөлдік ойын» ұғымының мазмұны, оның балалар ойыны құрылымындағы орны

Ойын - мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің жетекші түрі сюжеттік-рөлдік ойындар. Сюжеттік-рөлдік ойындар мектеп жа- сына дейінгі балаларға тән ойындардың негізгі қорын құрайды. Оның құрамына құрылыс-конструктивтік, театрландырылған және басқа да ойындардың элементтері кіруі мүмкін. Психолог Д. Б. Эльконин сюжеттік-рөлдік ойындарға мынадай анықтама береді: «Рөлдік, немесе мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылдық ойыны деп аталатын ойын дамыған түрде балалар өздеріне үлкендердің ролін (функциясын) алатын және жалпы түрде ар- найы жасалған ойын жағдайында үлкендердің әрекетін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайталау әрекеті». Л. С. Выготский сюжеттік-рөлдік ойындардың негізі жорамал не- месе ойша елестету жағдаяттары, онда бала өзіне үлкеннің ролін ала- ды да, өзі жасаған ойын жағдайында ойын амалдарын орындайды деп көрсетті. Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі - балаларды қоршаған әлемдегі заттар, адамдар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері.

А. В. Запорожец былай деп көрсетті: «Ойын, ертегі сияқты, бала күнделікті әсер шеңберінен шығып, адамзат ұмтылысының және ерлік істерінің неғұрлым кең әлеміне ене отырып, оны өзі бейнелейтін адамдардың санасы мен сезіміне кіруге үйретеді». Ойын мектеп жасына дейінгі баланың өмірінде маңызды орын алады және баланың өзіндік іс-әрекетінің басым түрі болып саналады. Сюжеттік-рөлдік ойындарда амалдарды түсіну, адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағдарлау, кооперацияның алғашқы дағдылары да- миды (А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, Л. А. Венгер, А. П. Усова) . Еркін сюжеттік ойын - мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық ойын, ойында бала іштей еркіндіктің субъективтік сезімін, өзіне бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді, ал мұндай әсер мектеп жасына дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің басқа түрлерінде бола бермейді. Сюжеттік ойын баладан нақты «өнім» талап етпейді. Онда бәрі «солай сияқты» болады. Бала үлкендердің кез келген ісін табысты істей алады, кез келген ситуацияға кіре де алады, «қалаған оқиғасын» басынан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоционалды рең береді. Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі - балаларды қоршаған орта. Сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың ұйымдастырылған және өзіндік іс-әрекетінің әр түрлеріне қосылады және оларды дамыту мен тәрбиелеуде басты маңызы бар.

Мектепке дейінгі кезеңде сюжеттік-рөлдік ойындардың ерешеліктері. Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі маңызы

Сюжеттік-рөлдік ойындардың оларға қатысушылардың өз беттілігін, шығармашылдығын бейнелейтін өзіндік ерекшеліктері бо- лады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың басты ерекшелігі, зерттеушілердің пікірінше, оларды балалардың өздері жасайды, ойын әрекеті жарқын бейнеленген өз беттілік және шығармашылдық сипатта болады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың өзі жасаушылық сипаты, Д. Б. Элькониннің пікірінше, « . . . балалар ойын тақырыбын өздері таңдайды, оны дамыту жолын өздері анықтайды, рөлдерді қалай ашу керек екендігін, ойынды қалай қыздыратындығын және т. с. с. шешеді». Басқаша айтқанда, сюжеттік-рөлдік ойында балалар құбылыстардың, қатынастардың белсенді және өзгеше түрде қайталап көрсетеді. 133 Оның өзгешелігі балалардың қабылдау ерекшеліктерімен, қандай да бір фактілер мен құбылыстарды саналы түрде түсінуімен, тәжірибенің және тікелей сезімнің бар немесе жоқ болуымен байланысты. К. Д. Ушинский сюжеттік-рөлдік ойындарда ең бастысы сол, бала өзі орындайтын рөлге өз көзқарасын, түсінігін, оқиғаға өзінің қатысын нақтылы түрде көрсетеді деп атап көрсеткен. Сюжеттік-рөлдік ойындардың шығармашылдық сипаты сол, онда іске асырылатын ой бар, оны орындау баланың өзін қоршаған дүние жөніндегі әсерін көрсете білу қабілетін дамытумен түйіндес бола- ды. Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойын әрекетінің негізгі мынадай белгілері тән: эмоционалдық қанықтылық, қызығушылық, өз беттілік, белсенділік, шығармашылдық, жарысушылық, кооперация. Сюжеттік-рөлдік ойындар сипатына қарай - бейнелеуші іс-әрекет, бірақ алынған білімді, әсерді бала түрлендіріп, тұлғалық сипат беріп және өзінің жеке тәжірибесін қосып, өз ой елегінен өткізеді. Сюжеттік-рөлдік ойындар ойын әрекетінің жетекші түрі екендігін айта келіп, оның мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі маңызын атап өту қажет. Сюжеттік-рөлдік ойындардың дамытушылық маңызы әр алуан. Ойында бала өзін қоршаған әлемді таниды, ойлау операциялары, сезімі, еркі жетіледі, құрбыларымен өзара қарым-қатынасы қалыптасады, өзін- өзі бағалауы мен өзіндік санасы орнығады.

Ойынның педагогикалық маңызы жөнінде Р. И. Жуковская, Н. К. Крупская, С. И. Карпова, А. С. Макаренко, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин және басқа педагогтар мен психологтар жазды. Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев және Д. Б. Эльконин сюжеттік- рөлдік ойынның психикалық дамудағы маңызын ашып берді. Олар сюжеттік-рөлдік ойында тұлғаның мотивациялық-сұраныстық саласы дамиды: балада мазмұнына қарай іс-әрекеттің жаңа мотиві туындайды (үлкен болғысы келеді және солардың міндеттерін орындағысы келеді), үлкендердің қарым-қатынас жүйесінде өз орнының шектеулі екендігін түсінеді және солардай болу талабы пайда болады. Сюжеттік-рөлдік ойында мотивтердің жаңа психикалық формасы пайда болады (тікелей қалау түріндегі мотивтен қоғамдық көзқарас түріндегі мотивтерге көшу) деп көрсетті. Психологтардың (Л. А. Венгер, В. В. Давыдов, Я. Л. Коломинский, С. Л. Новоселова, Д. Б. Эльконин және т. б. ) зерттеулері сюжеттік- рөлдік ойындарда сананың символикалық (таңбалық) функциясы қалыптасады, ол нақты заттардың орнына олардың орынбасарларын 134 пайдаланудан тұрады деген тұжырым жасайды. Сыртқы, нақтылы орынбасарларды пайдалану ішкі, бейнелік орынбасарларды пайдалану- мен ауысады, ал бұл баланың барлық психикалық процестерін қайта құрады, оған ойша шынайы өмірдегі заттар мен құбылыстар туралы түсінігін қалыптастыруға, оларды әр алуан ойлау міндеттерін шешуде қолдануға мүмкіндік туғызады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары. Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар
Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны
Ойын технологиясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру
Халық ойындар теориясы мен проблемасының педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі
Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz