Балалар ойынының түрлері.Шығармашылық және ережелі ойындар.Сюжеттік рөлдік ойындар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Педагогика - психология кафедрасы

СРО№5, 6, 7

Тақырыбы:

Орындаған: Жуаспаева А.

Тексерген: Кулмышева Н. А

Семей 2015 ж

Жоспар:

1. Балалар оынынң түрлері

2. Шығармашылық және ережелі ойындар

3. Сюжеттік рөлдік ойындар

ХІХ ғасыр алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасының проблемасына назар аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог Г. С Винаградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды қалыптастыру мақсатында қолданылатын дағдылар мен тәсілдерідің, білім мен іскерліктің жиынтығы деп сипатталады.

Г. С Винаградовтың пікірі бойынша - жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында халықтың көзқарасын қолданатын құралдары халық педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасы халықтың өмірлік тәжірбиесі.

Халық педагогикасы - бұл ұлттық қазына, кең өрісі ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев т. б. педагогикалық ой - пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғалымдары.

Бұл демакрат - ағартушылардың еңбектері, халықтың әдет - ғұрыптары, салт - дәстүрлері, мақал - мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды.

Халық педагогикасын дамытуда қазақтың асқан ақыны, педагог М. Жұмабаев үлкен үлес қосқан. Ол бала тәрбиесі жөнінде көп өлеңдерінде (Бесік жыры, «Ана» т. б. ) өзінің терең педагогикалық ойларын ортаға салды. «Балалық шақ әлемінде өмірді қызықты өткізу, білім алуға тырыс, білімді адам ел басшысы және мейірімді, көптеген көреген азаматы бол» деп тілегін білдіреді.

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттық парызы боды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірбиесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірбиесі сынынан өткен әдетілік, сыпайлылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай рөл атқаратының көресетді.

Халық педагогикасының құрамды бөліктері - қазақстың ұлттық ойындары, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп т. б. ерте заманнан бастап, жасөспірімдердің ой - өрісін, зеректігін дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде қолданып келді.

Білім беру ғылымдар жүйесін білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т. б. қасиеттеррін қалыптастыру. Адамның күшімен, қабілетін дамыту үрдісі.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын үрдіс.

«Дала қоңырауы» аталып отырған қазақстың тұңғыш ағартушы - тәлімгері, ғалым әрі этнограф - публицист Ы. Алтынсарин өзінің «Қазақ хресторматиясы» атты оқулығының сөз басында - қазақ халқы «азбаған, талап тілегі біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайтын ой - пікірі еркін халық» екенін айта келіп, « … оның келешегі үшін сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрету ккерек болып отыр» - деген. Бұл ойын жүзеге асыруда қазақ балаларына мектептер ашты. «мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық ұлтымыз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде». Ы. Алтынсариннің халықтық педагогика тағылымдарын мектеп өміріне түбегейлі енгізуде жетекші құрал ретінде қызмет атқарған «Қазақ хрестоматиясы» оқулығында бала біліміне, бала тәрбиесінің сан түріне нұсқау беретін әңгімелер енгізген. («Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бір уыс мақта», және т. б. ) оқушыларға осы әңгімелерді оқыта отырып еңбек сүйгіштіккке, ұйымшылдыққа, жомарттылыққа және т. б. тәрбиелеген.

Халық педагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланып информатика

сабағында «Ақпарат түрлері», «Компьютер құрылғылары», «Paint графикалық редактор» тақырыптарын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, нақыл, тыйым сөздермен ертегілерді ұтымды пайдалануға болады. Сонымен қатар, қазақ халқының мақал - мәтелдері жас ұрпақты, ата - ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған.

В. А Сухомлиский « …ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады, оятады» - дей келіп былай жазды: «Ойынсыз ақыл-ойындардың қалыпты дамуы жоқ және жай болуы мүмкін емес, ойын дүниеге ашылған үлкен жарық дүние сияқты іспеттес. Ол арқылы балаланың рухани байлығы жасақтас өмір байланысып айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білуге құмарлықпен еліктейтін маздап жанар оты».

Қазақтың халық ойындары - мәдени мұралардың бірі болап саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойындар екі топқа бөлінеді: шығармашылық және ережелі ойындар. Егер бірінші топ ойындарында бала өз ойынап шығарын ойнаса, екінші топ ойындары: дидактикалық және баланың ойлау дағдысын қабілетін бағытталған түрлеріне бөлінеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ұлттық ойындарды сабақта сергіту минуттарында «Бес саусақ», «Жылдам айт» үй тапсырмасын сұрағанда, сабақты бекіту, қайталау сабақтарында «Ақсүйек», «Сиқырлы сандық» «Найза ату», «Асық» ойындары байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, шапшаңдыққа баулиды.

Халық педагогика элементтерін тек информатика пәнінде емес басқада пәндер арасында қолдануға болады және сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік - тәрбиелік жұмыстарда да қолданылады. Оқушылардың ұлттық рухта тәрбиеленуіне мол мүмкіндік береді. Қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларымен тереңдетіп таныстыру, ұлттық ойындары арқылы эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушыларды Ұлттық патриотизмге, Отанын сүюге, салт - дәстүрлерді білуге, олардың маңыздылығын түсінуге, пән сабақтарына қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушыларға халық педагогикасының элементтерін қолдана отырып, ақпараттық - технологиялар түрлерін үйренуге деген ынтасын қалыптастыру, ал үлгерімі жақсы оқушылардың білім - біліктілігін жоғарлату. Жас ұрпақ - біздің келешегіміз және халық педагогика элементтерін күнделікті сабақ барысында, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануда оқушылар бойында өз халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарын, ауыз әдебиттерін ұмыт қылмауы. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.

Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі - ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын - өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында:

1) Өзін еркін сезінеді.

2) Ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.

3) Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:

1) адамдар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.

2) жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.

3) бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.

4) кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады. Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.

Ойынға басшылық жасау кезінде бұйыруға болмайды. Егер мұғалім баланың эмоциясына, қиялына әсер ету арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, онда баланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі.

Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда әр мұғалім өзінің әдісін оқушының психологиялық және физиологиялық дамуын ескере отырып іске асырады. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойын үстінде ауызекі сөйлесу барысында түсінеді. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Күнделікті өмірдегі қиындықтың бірі күтпеген жағдайлардағы адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдайға тап келген адамның дұрыс шешім жасай алмауы жиі кездеседі.

Осындай жағдайларды яғни, сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету балалардың бойындағы жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып шешуге үйренеді.

Сюжеттік-рөлдік ойындарды сабақ үстінде де, үзілісте де, бос уақытта да, өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз.

Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, толық меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.

Сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету үшін, оқушылардың оған толық қатысуы үшін сыныпты 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлген жөн. Топтар бір ойынды кезек-кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары көрермен болып отырады. Содан соң бүкіл сынып болып әрекеттерді талқылауға болады.

Алғашқы кезде балаларды белгілі әңгіме, ертегі немесе мысалды сахналауға үйрету оңай болады. Кейіннен олар мұны меңгеріп болған соң, олардың өз шығармаларын ойнап көрулеріне болады. Мысалы, «Сүйіспеншілік» ойынын алайық.

Мұғалім бағыттаушы сөзді таңдап айтады. Ойынға қатысушылар соған мәндес сөзді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Мысалы, сен әдемісің, сен бүгін сүйкімдісің!

«Құнды қасиеттер» ойыны.

Музыка ойнайды. Балалар шеңбер құрып отырады. Күні бұрын даярланып қойған парақтарға құнды қасиеттер жазылады. Бала соның мағынасын аша білу керек.

«Пантомима» ойыны.

Балалар топтарға бөлінеді. Әр топқа, мысалы: достық, қамқорлық, сыйластық, сүйіспеншілік деген секілді тақырыптар беріледі. Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді. Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастырады.

Спорт, ойындар, серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталастар, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелер, театрланған сабақтар - осының бәрі рухани-адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі.

Еліміз білімді, ақылды жастармен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те мол. Өмір талабының әсерімен өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мақсаттары, тәсілдері анықталады. Біздің республикамызда әлеуметтік, экономикалық, білімділік өсу адамдардың санасының өзгеруін қажет етеді. Олар білім мазмұнын қайта құрылуын және оны білім жүйесі арқылы жүзеге асыруын талап етеді. Білім стандартының негізгі қағидалары: «Білім туралы заңы», 2005-2010 жылдарға арналған ҚР-ның білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын және оқыту процесінің гуманизациялық бағыттарын анықтап көрсетеді.

Осының барлығы оқушының шығармашылық қабілеттерін ашуын және тәрбиеленушінің жеке басына тән психологиялық ерекшелігін қадағалауын талап етеді. Біздің, яғни ұстаздардың алдында азаматтарды тәрбиелеу және отанымыздың интеллектуалды потенциялын сақтап қалу ғана емес, оны мүмкіндігінше одан әрі өркендету міндеті тұр. Сонымен қатар педагог үнемі ізденіп, өз шеберлігін жетілдіріп, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіріп отыру қажет. Сабақта оқушылар тек жаңа материалды оқып, есте сақтап қана қоймай, өмірдің түрлі бағалы тәжірибесінен үйреніп, әлемдік зерттеу ақпараттарымен танысып, солармен біте қайнасып, бағалай білуге үйренсе ұстаз еңбегінің зая кетпегені деп білеміз. Әр ұстаз өз сабағының қызықты да тартымды болғанын қалайды, бұл үшін өз пәнін жақсы білу жеткіліксіз, ұстаз жақсы әңгімешіл болуы қажет.

Оқушылардың күнделікті оқу материалын қабілдауын қызықты да, тартымды ететін, олардың шығармашылық ізденісін шыңдай түсетін, оқу үрдісінің бірден-бір тиімді тәсілі - ойын технологиясы болып табылады.

Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоциональды және тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи дұрыс тәсіл. Ойын кезінде бала өзінің нақты өмір тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының оқиғаға деген ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады.

Ойын - шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог Д. Б. Элкониннің айтқанын еске алсақ: «Ойын - баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйретеді».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық және ережелі ойындар. Балалар ойынының жіктелуі
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Ойын технологиясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру
Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары
Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары. Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz