Инвестициялық жобаның шешім қабылдау тәсілдері және жүзеге асыру құрылымы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
ОӨЖ
Тақырыбы : Инвестициялық жобаның шешім қабылдау тәсілдері және жүзеге асыру құрылымы
ОРЫНДАҒАН : Теміртасова И. Т.
ТОП : ФН-207
ТЕКСЕРГЕН : Нурмадиева Г. Д.
Семей қаласы
2015 жыл
КІРІСПЕ
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.
Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты - жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу.
Осыдан келіп, бақылау жұмысының негізгі міндеттері туындайды:
- Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру;
- Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау;
- Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау;
- Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету
- Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау.
1. Инвестициялық шешімдер қабылдау
Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан тағы басқалардан тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларда көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:
- Күрделі инвестиция;
- Инвестициялық сфера;
- Қаржы капиталын пайдалану сферасы;
- Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтерінде де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы, айналым сферасындағы айналым қорларынан тұрады.
Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе -инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі.
Бұл жерде:
- ақшаның келешектегі құны;
- пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
- ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны;
- дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды, келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабелділік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланылады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын-ала дайындауды талап етеді.
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған моделінің логикасын макроэкономикалық деңгейде де қолдануға болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегі кестеде көрсетілген.
2 кесте - Инвестицияны стратегилық жоспарлау
Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен қатар «шектеушілер» түрінде көрініп тұр. Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған (бюджеттік) қорлар есебінен жүргізіледі, ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға жұмсалған өз қаржыларының есебінен толтырылады
Қазақствнда соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.
Енді қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу көрсеткішін талдайық.
3 кесте -Қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу
Күрделіқұрылысқа инвестициялар, барлығы
Бюджеттік қаржылар
Соның ішінде:
Республикалық бюджеттің
Жергілікті бюджеттің
Бюджеттен тыс қаржылардың есебінен
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары
Жеке құрылыс салушылар
Шет ел инвестициялары.
100, 0
38, 9
…
…
…
59, 5
1, 7
…
100, 0
5, 0
3, 5
1, 1
0, 4
92, 3
1, 2
1, 5
100, 0
10, 0
3, 2
6, 8
…
49, 4
2, 0
38, 6
Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеу шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рөл атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек, олардың үлесі 2010 жылға 1, 5 % -тен 2014 жылы 38, 6%-ке дейін өскен. Шетел инвестицияларында жетекші орындарды АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сияқты елдер алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарлатуға ұйымдастырушылық - құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық тағы басқа кедергі болуы мүмкін.
Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметті тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды. Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы басшылыққа алу - яғни инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен, тікелей инвестициялар мен инвестициялық несие берудің қолайлы жағдайларымен, жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі.
Шетел инвестицияларды тартудың тағы бір негізгі қағидасы -ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықарлық тәжірибеде көрсеткендей, біржақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады, нәтижесінде екі жақта ұтылып қалуы мүмкін.
Шетелдің инвестициялық қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады. Осыған байланысты, экономика салаларының негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас. Практика көрсеткендей, олардың барлығы дерлік инвестициялық жағдайларын сақтап және біздің мүдделерімізді, әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп отырған жөн. Және де, шетелдік инвесторлар негізінен өнеркәсіптің өндіруші салаларына көңіл бөлуде, ол республика халық шаруашылығы құрылымының біржақты дамуын сақтайды, әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады. Сондықтан, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға дайын сапалы өнімдер шығару негізінде, елдің экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату және импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы тиіс. Түптеп келгенде, республика аумағын шетелдерде экологиялық таза өндірістерді ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың даму полигонына айналдырмау керек.
Маңызды қағидалардың инвестициялық келісімдері мен инвестициялық жобалардың ашық - жариялық негізде болуы. Инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштері жене жүзеге асыру механизмдері келісуші жақтарға алдын-ала белгілі болуы шарт. Және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануы тиіс. Бұл жерде сөз мемлекеттік құпияны құрайтын нысандар туралы болып отырған жоқ. Егер қағидалар инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса, шетелдік инвестицияларды тарту формалары нақты жағдайды ескере отырып, оладың қолайлысын таңдап алу қажет. Тікелей инвестициялау - шетел инвестицияларын тартудың тиімді және нәтижелі түрі болып есептеледі. Ол адресітілігімен және өндірістік сфераға бағытталумен ерекшеленеді. Ол халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық интеграция үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді, біріккен кәсіпорындар құру негізінде екіжақты интелектуалдық потенциялын өзара байытады. Қабылдаушы елдер жаңа құрылыс, болмаса жекешелендіру негізінде шетелдік кәсіпорын құру - осы фирманың бір түрі. Бірақ, шетелдік инвестицияларды тартудың бұл формасы халық шаруашылығының аумақтық, салалық құрылымының тиімді өзгерту, оның шикізаттық бағытын жою және экономика мен өнеркәсіптің негізгі саласын техникалық қайта жарықтандыру үшін қолданылуы тиіс.
Соңғы кездері, өндіргіш қондырғыларды және экологиялық таза технологияларды жалға алу лизингтік операциялар, жекелеген жұмыс түрлерін атқару жөнінде келісім жасау сияқты халықаралық экономикалық қатынастардың аса күрделі емес формасы да қолданылуы. Бұндай лизингтік келісімдер қабылдаушы жақ үшін экономикалық және әлеуметтік пайда ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық үрдісті жеделдетуге мүмкіндік береді.
Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып табылады, бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер, елдің өз несие қорымен салыстырғанда 2-3 есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Шетелдік инвестицияларды тартудың келесі бір формасы- концессиялық келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі, концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелері, жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайларыжәне тағы басқа көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісім-шартын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық тәуелсіздігінен айрылу қауіпі туындайды.
Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей, мемлекеттің инвестициялық жобаларды бағалауы ғана емес, сонымен бірге, шетелдік инвестицияларды тарту формаларын таңдауы да стратегиялық мақсаттар мен жоспарлардың шеңберінде жатыр.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.
Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
- саланың пісіп - жетілуі;
- кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген.
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:
- стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
- егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:
- Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
- Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі - маркетингтің жеткілікті болмауында.
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:
- Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?
- Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арсындағы балансты ойластырама?
- Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?
4. Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?
- Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz