Қазақстан таулары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тексерген: Сәрсембенова О. Ж.
Орындаған: Төлегенова Г. Т.
Семей 2015ж
Таулар - жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі, Карпат) көтерілімдер болып келеді.
Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына, жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т. б. ) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник. аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник. Таулар - қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар - неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар - жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. Таулар бедерінің негізгі элементтері - шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, өзен аңғарлары. Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың негізгі геогр. заңдылығы - ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. Тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 - 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең биік тау - Хантәңірі (6995 м) . [1]
Қазақстан таулары туралы деректер
11 желтоқсан - Халықаралық тау күні қарсаңында Қазақстан жеріндегі ең үлкен, танымал таулар туралы біршама деректерді бере кетуді жөн көріп отырмыз.
Сарыарқа - Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі - 500-600 м. Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары - Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп атайды.
Мұғалжар - аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі - Үлкен Боқтыбай тауы (657 м) . Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады. Тас тізбегінен оңтүстікке қарай Үлкен борсық құмды шөлі жалғасады. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Маңғыстау таулары - Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы - 117, Ақтаудың ұзындығы - 70 шақырым. Бәрі де жыралар, сайлар, аңғарлар, жартастармен бөлшектелген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі - Қаратау-Бесшоқы (556 м) .
Таулардың оңтүстік бөлігінде Батыр аталатын ойпат бар. Бұл - Қазақстанның ең төмен нүктесі. Аталған ойпат әлем бойынша Израильдегі Өлі Теңізден (- 395 м), Қытайдағы Тұрфан шұңқырынан (-154 м), Африкадағы Ассаль өзенінен (-150 м), Египеттегі Каттара ойпатынан (-133) кейін бесінші орында тұр.
Алтай - Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі. Шекарасы Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған. Қазақстанға оның тек оңтүстік-батыс аймағы ғана енеді. Оңтүстік шекарасы - Қара Ертіс өзенінің бассейні және Зайсан көлі, батысы - Қалба жотасы. Жер бедеріне байланысты қазақстандық Алтай үш аумаққа бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.
Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Географиялық орны[өңдеу]Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемелекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай - Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы - Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің, Алтай аймағы) .
Алтайдың өзіне тән географиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т. б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Ақтау (Мұзтау) (4056 м) . Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т. б. ) . Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына ұзын, кейде кең дала деп аталатын тектоникалық тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т. б. ) . Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.
Геологиялық құрылысы мен кен байлықтары[өңдеу]Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Моңғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты жәнежанартаутекті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка ауылдары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бүл құрылымдық процесс орталық Алтайдаордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоникалық козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т. б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.
Климаты[өңдеу]Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27-30 ° С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16 ° С. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-27, 6 ° С) . Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20 ° С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14-16 ° С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40 ° С-қа дейін) . Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм) . Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Өзен-көлдері мен мұздықтары[өңдеу] ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz