Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлар
Орындаған: Ахметжанова А. С
Аграрлық факультеті. ОЗ-407 топ
Тексерген: Қуантқан Б. Қ
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар
I. Кіріспе
1. Экономикалық жүйе ұғымы және даму кезеңдері
II. Негізгі бөлім
2. Экономикалық жүйенің дамуына әсер етуші жағдайлар немесе факторлар
3. Қазақстандағы экономикалық жүйенің даму алғышарттары
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Экономикалық жүйе ұғымы және даму кезеңдері
Экономикалық жүйе - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгейтүрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады.
Даму кезеңдері
І. Формациялық көзқарастар тек маркстік теорияға тән. Маркс үш тармақты классификацияның іргетасын қалады.
Ежелгі (көне замандағы) формацияға - алғашқы қауымдық қоғам мен азиаттық өндіріс әдісі жатады. Бұлардың ішіндегі ең тартымдысы- азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізін- ұжымдық меншік арқылы жерге иелік ететін және үй шаруашылықтарында өнеркәсібі қалыптасқан, егіншілікпен айналатын қауым құрайды, бұл оларға нарыкқа бармай- ақ патриархалды шарушылық шеңберінде өздеріне қажет игіліктерді өндіріп, қажеттіктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндіктер жасады. Табиғатты кеңінен түбегейлі меңгеру және елдің қорғаныс қабілетін күшейту үшін, өзара экономикалық оқшауланған қауымдардың мүмкіншіліктерін біріктіру қажеттігінен, өз қолдарына әскери және экономикалық биліктерді жинақтаған, патшалы (деспоттық) мемлекеттер пайда болды: олар жерді өз меншіктеріне айналдырып, рента мен қосымша құнды және т. б. иемденді.
Өндіріс әдісі дегеніміз- өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың сипатын қоғамда үстемдік етуші өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасы анықтайды. Мұнда материалдық өндірістің даму деңгейіне баса назар аударылады, бір сатыдан екінші сатыға ұласатын - жекелеген, әрбір жүйенің тұрақсыз болуы, ондағы өндіріс тиімділігінің дәрежесіне байланысты болады.
II. Өркениетті көзқарастар - өркениеттің (цивилизацияның) сатылап алмасуына негізделген адамзат тарихын біртұтас алып зерттейді. «Цивилизация» - латын сөзі civillis- «азаматтық, қоғамдық» деген мағына береді. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен ауқымын (мысалы, ежелгі, азиаттық, еуропалық) анықтау үшін пайдаланылады. Өркениетті көзқарастар жалпы адамзат проблемаларының өзара байланысы мен тәуелсіздігінің күшейе түсу фактілеріне, бүкіл адамзаттың ортақ мұраларына, яғни оларды- ұлттық, таптық мүдделерден жоғары бағалауға негізделеді. Бұл теория өз дамуының алғашқы баспалдақтарындағы міндеті- жүйені құрайтын белгілерді іздестіру болып табылады. Кейбір экономистер осыған орай еңбек өнімділігін арттырудың жаңа белестері ретінде өркениеттік революцияларды зерттеуді ұсынады. Ауылшаруашылығында алғашқы рет өркениет революциясы болды (ол 6- 8 мың жыл бұрын болған) . Бұдан кейін өнеркәсіпте болды (ол 20 ғ. ортасынан басталады) . Ол халықты адам қажеттіктеріне қызмет көрсететін сфераларға (сауда, қызмет көрсету, білім беру, ғылым, мәдениет, басқару және т. б) ауыстырады. Сонымен қатар өркениетті көзқарастармен шектен тыс әуестенсе, егер түрлі елдер мен аймақтардың өз ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескермей, оларды жалпы схемамен бағаласа, онда оның кемшілігі.
III. Қоғамдық индустрияның даму деңгейіне байланысты классификациялау негізінде үш экономикалық жүйе сараланады: индустриялы, постиндустриялы, неоиндустриялы (ақпараттық қоғам) .
IV. Өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасына және шаруашылықты басқару тәсілдеріне қарай жіктеу негізінде экономикалық жүйенің төрт типі сараланады: дәстүрлі, нарықты, аралас, әкімшіл- әміршіл.
Дәстүрлі экономика- тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
Әкімшілік - әміршілдік экономика . Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық - жоспарлы реттеуімен алмастырылады».
Еркін бәсекелестік нарықтық экономика- ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін ғана көздейді». Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады.
Аралас экономика
қазіргі нарықтық экономикаға ұқсас. Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады»-деген.
2. Экономикалық жүйенің дамуына әсер етуші жағдайлар немесе факторлар
Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше факторларды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
-шарушылық шешімдерін қабылдау жөнінде елде қалыптасқан шаралар жүйесі;
- меншік құрылымы;
- ақпараттар мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ету механизмі;
- мақсаттарды белгілеу мен еңбек етуге жұмылдыру механизмі.
-мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
-адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т. б. ) ;
-елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
-өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
-әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
-табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует) ;
-технологиялық аяның жай-күйі;
-ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
-қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Бұл факторлар шаруашылық, әкімшілдік, ақпараттық сияқты үш құрылымның төңірегінде топтасады.
Шаруашылық құрылым деп- шектеулі ресурстарды пайдалануға байланысты материалдық-техникалық база элементтерінің өзара әрекеттесуін айтады.
Әкімшілдік (ұйымдық құрылым) деп- шектеулі ресурстарды басқару жөніндегі шаруашылық құрылымдарының жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен оларға тән заңды құқықтық ережелердің жиынтығын айтады.
Ақпараттық құрылым деп- жоғарыда айтылған құрылымдардың қызметтері туралы дәлелді мәліметтерді жинақтау мен таратуды айтады.
Бұл құрылымдар меншік формасына байланысты-патриархалды, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т. б. укладтарды құрайды. Жекелеген елде бір мезгілде бұл укладтардың бірнешеуі қатар өмір сүруі мүмкін. Осындай жағдай экономикалық жүйенің қайшылықтарымен құбылмалы қозғалыстарын өмірге әкеледі. Сонымен, егер елде национализация мен қоғамдастыру процестері жүзеге асырылса, онда мемлекеттік меншік күшейеді. Керісінше, жеке меншікке негізделген укладтар алдыңғы сатта болса, онда орталықтан басқару әлсірейді, яғни бұл кезде қоғамдастырудан жекешелендірудің ықпалы зор болады.
Адами капитал - жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, олардың еңбегінің жемісі болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын кетеретін білім, біліктіліқ ілім, тәжірибе нысаныңда адамдарға салынатын капитал. Адами капитал заттық (жеке) капиталдан: сатылмауымен, сатылып алынбаушылығымен, тек қана адам капиталы жасаған қызметтер ғана сатылатындығымен дараланады. Адам капиталын иеленуші оның қожайыны да бола алады. Адам капиталын құру үшін материалдық қаражат жеткіліксіз, осы капиталды иеленушінің еңбегі, сонымен қатар отбасы мен қоғамның рухани және мәдени салымдары қажет.
3. Қазақстандағы экономикалық жүйенің даму алғышарттары
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан экономикалық жүйенің даму алғышарттарын келесі түрлерге бөліп қарастыруға болады:
1. 1992 - 1994 жылдары - Ырықтандыру (либерализация) жүргізілді, нарықтық катынастың заңдық негізі жасалды.
2. 1995 - 1999 жылдары - Өндірістік секторды жетілдіру (өнеркәcіптерді тәртіпке салу, банкроттық, жекешелендіру, демонополизация) экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бюджеттік жүйедегі заң, ұлттық банк, салық пен міндетті төлем, құнды қағаздар нарығы және т. б. туралы заңдар қабылданды; зейнетақы жүйесіндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен білім беру саласындағы реформалар ел дамуының алғышарты есепті «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. 1998-1999 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстандық экономикаға да кері әсерін тигізді. Бірақ Үкімет пен Ұлттық Банктің ұстанған қатаң ақшалай-несиелі және салықтық бюджет саясаты отандық өндірушілерді көтеруде, Қазақстанның қаржылық жағдайын және сыртқы экономикалық қызметін жақсартуға қажетті жағдай жасап берді. 1999 жылы жалпы ішкі өнім 1998 жылға Қарағанда 2, 7%-ға өсті. Құнсыздануы, теңгенің айырбас құны мемлекеттік бюджеттегі келеңсіз сипатқа ие болды.
3. 2000- 2006 жылдары - Қазақстан экономикасында сатылы даму байқалып, қаржылы сектор одан әрі нығая түсуде. Осы уақытқа дейін елдің үлттық жөне экономикалық қауіпсіздігіне қатысты стратегиялар қабылданып, ұлттық қор мен Даму банкі құрылды. Одан баска ипотекалық несиелеу туралы, сақтандыру қызметі, салық кодексі, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде заңдар қабылданды. Халықтың төлем қабілеттілігі қайта қалпына келтірілді. Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады. Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?) Кім үшін өндіру керек?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz