Микотоксикоздар және микотоксикоздар тудыратын аурулар



Микотоксикоздар
Марал микотоксикозы
Марал микотоксикоздарының қоздырғыштары
Fusarium туысының саңырауқұлақтары
Stachybotris
Dendrodochium toxicum
Penicillium туысының саңырауқұлақтары
Aspergillium, Penicillium саңырауқұлақтары
Dendrodochium toxicum және Fusarium
Микотоксикоздар – өнімдер мен жем-шөпте болатын саңырауқұлақ токсиндерімен туғызылатын тірі ағзалардың улануы. Фузарий (Fusarium, қат. Hypomycetales) тұқымдасының саңырауқұлақ токсинімен уланған ұннан жасалған нанды пайдалану асептикалық ангинаны, балалардың сүйек қалыптасуының бұзылуын, лейкопенияны, аграгулоцитозды, т.б. туғызады. Қатты жем-шөпте мекендеп, стахиботрис (Stachybotris, қат. Hypomycetales) саңырауқұлағы даму үрдісінде улы заттар түзеді. Олар жануарларға (жылқы, қой, шашқа) түскенде күрделі улану – стахиботриотоксикоздар туғызады. Мұнда оған тән ауыз, тамақтың кілегей қабаттарының некроздары, қан түзуші мүшелердің өзгеруі, сондай-ақ ішек-асқазан тракті жұмысының бұзылуы пайда болады. Мұндай жем-шөппен жұмыс істейтін адамдарда да ауру пайда болуы мүмкін. Аспергилл тұқымдасы саңырауқұлақтарының токсиндері паралич, парез, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелердің патологиялық өзгерістерін туғызады. Микотоксикоздар нашар жем-шөпте токсинді саңырауқұлақтарды табу арқылы анықталады, мұнда клиникалық және патологиялық белгілер еске алынады.
Марал микотоксикозы.
Марал шаруашылығы - ауыл шаруашылығында өз орны бар, аса маңызды сала. Бұғы мүйізі еліміздің Валюта қорын толықтыратын өнімдер қатарына жатқызылған. Себебі, әлемдік нарықта бұғы мүйізіне, одан жасалған өнімдерге деген сұраныс өте жоғары. Өкінішке қарай, біз сыртты қойып, өз ішіміздегі нарықтың өзін толық қанағаттандыра алмай отырмыз. Оның бірқатар себептері бар. Атап айтсақ, отандық
медицина саласы табиғи дәрі - пантының қуат-күшін өз деңгейінде бағалай алмай отыр. Сосын, марал - өте кірпияз, керемет жер талғайтын тағы. Ол ауасы таза, суы кәусар, шүйгін шөбі әр түрлі әрі нәрлі биік таулы
Пайдаланған әдебиет :
1 ) Токсикология Е. М. Қорабаев Алматы Дәуiр, 2011, 320 с. (ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы : Микотоксикоздар және микотоксикоздар тудыратын аурулар.

Орындаған : Сейтова Н.
Тобы : ВС - 403.
Тексерген : Нуркенова М.

Семей 2015 жыл
Микотоксикоздар - өнімдер мен жем-шөпте болатын саңырауқұлақ токсиндерімен туғызылатын тірі ағзалардың улануы. Фузарий (Fusarium, қат. Hypomycetales) тұқымдасының саңырауқұлақ токсинімен уланған ұннан жасалған нанды пайдалану асептикалық ангинаны, балалардың сүйек қалыптасуының бұзылуын, лейкопенияны, аграгулоцитозды, т.б. туғызады. Қатты жем-шөпте мекендеп, стахиботрис (Stachybotris, қат. Hypomycetales) саңырауқұлағы даму үрдісінде улы заттар түзеді. Олар жануарларға (жылқы, қой, шашқа) түскенде күрделі улану - стахиботриотоксикоздар туғызады. Мұнда оған тән ауыз, тамақтың кілегей қабаттарының некроздары, қан түзуші мүшелердің өзгеруі, сондай-ақ ішек-асқазан тракті жұмысының бұзылуы пайда болады. Мұндай жем-шөппен жұмыс істейтін адамдарда да ауру пайда болуы мүмкін. Аспергилл тұқымдасы саңырауқұлақтарының токсиндері паралич, парез, бауыр, бүйрек және басқа да мүшелердің патологиялық өзгерістерін туғызады. Микотоксикоздар нашар жем-шөпте токсинді саңырауқұлақтарды табу арқылы анықталады, мұнда клиникалық және патологиялық белгілер еске алынады.
Марал микотоксикозы.
Марал шаруашылығы - ауыл шаруашылығында өз орны бар, аса маңызды сала. Бұғы мүйізі еліміздің Валюта қорын толықтыратын өнімдер қатарына жатқызылған. Себебі, әлемдік нарықта бұғы мүйізіне, одан жасалған өнімдерге деген сұраныс өте жоғары. Өкінішке қарай, біз сыртты қойып, өз ішіміздегі нарықтың өзін толық қанағаттандыра алмай отырмыз. Оның бірқатар себептері бар. Атап айтсақ, отандық
медицина саласы табиғи дәрі - пантының қуат-күшін өз деңгейінде бағалай алмай отыр. Сосын, марал - өте кірпияз, керемет жер талғайтын тағы. Ол ауасы таза, суы кәусар, шүйгін шөбі әр түрлі әрі нәрлі биік таулы аймақтарды жайлайды. Егер жоғарыда айтылғандардың бірі жетіспесе, түз тағысының өсіп-өнуі қиын шаруаға айналып, бұл оның мүйізінен алынатын өнімге айтарлықтай әсер етеді. Қазақ жерінде Марал, негізінен, Алтай таулары мен Іле, Күнгей және Жоңғар Алатауы
өңірлерін мекендейді. Ғылымда олар Алтай және Жетісу бұғылары деп екіге
бөлінеді. Маралдың тарихи отаны Кенді Алтайдың Катонқарағай ауданы деп
есептеледі. Катонқарағай өңірінде марал шаруашылығы XIX ғасырдың 80-і жылдары дами бастаса, сәл кейінірек Берел, Пешті, Өрел, Ақсу, Жазаба, Бекалқа елді мекендерінде алғашқы Марал қоршаулары салына бастады. Бертініректе ондай марал қоршаулары (жергілікті халық саты - деп атайды) Зырян, Күршім, Марқакөл аудандарында да пайда болды. Аяғына енді-енді тұрып келе жатқан Марал шаруашылығы Ұлы Отан
соғысы жылдары таратылып, маралдар бостандыққа жіберілді. 1950 жылдары аталған шаруашылық қайта қолға алынып, 1984 жылғы 10 қаңтардағы Ауыл шаруашылығы министрлігінің №24 бұйрығымен қайта бекітіліп, бұл шаруашылықты әрі қарай дамыту туралы арнайы шешім қабылданды. Катон-Қарағай ауданында табиғи жағдайларда Асыл тұқымды бұғылар - маралдар өсіріледі. Марал өсіру бойынша, дүниежүзінде Жаңа Зеландия бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда Қытай, Канада, Ресей және Корея. Мамандардың айтуынша, Марал шаруашылығын мықтап қолға алса, марал өнімдерін саудалайтын 5 мемлекеттің біріне айналуға біздің мүмкіндігіміз зор. Шығыстағы Қатон-Қарағай ауданында 20 мың
маралдан қазір алты мыңы қалған. Қазіргі күрделі күрмеу Марал мүйізінің
арзандап кеткендігінен басталған. Нарық та жоқтың қасы. Бұл барлық Марал
шаруашылақтары үшін ортақ мәселе. Марал шаруашылығын түлету
қажет. Шипалық қасиеті жоғары болса да, панты өнімдерін шетелге шығаруға шама-шарқы келмейтін шаруашылықтар мемлекеттік қолдауға зәру бүгінде. Еліміздегі ең ақсап тұрған салаға көмек көрсетіліп, әлемдік нарықта бағасы арзандап кеткен Марал өнімдері мемлекеттік тапсырысқа енгізілсе құба-кұп еді. Шығыстың мақтанышына айналған марал шаруашылығын тығырықтан алып шығаруымыз
керек. Маралдар өз ағзасында көптеген пайдалы заттарды жинақтайды. Жануарлардың мүйізінде Адам ағзасына қажетті микроэлементтер мен аминоқышқылдардың жиналуы олардың тамақтану рационына тікелей байланысты. Ауыл шаруашылығы жануарларының улы микроскопиялық саңырауқұлақтармен зақымдалған жем-шөппен азықтануы себепті пайда болатын ауру түрлерін микотоксикоздар қатарына жатқызады. Микотоксикоздарды қоздыратын саңырауқұлақтар көбіне
жетілмегендер және қалталылар қатарына жатады.Диагноз қою
мақсатында лабароторияға микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін маяның зақымдалған бөлігінен сынама алынады.Сабанның әрқайсысы 20-30 грам мөлшерде болуы керек. Сабанды, пішен мен жемді
зерттеу үшін қарайған сабан бөліктері және күмән туғызған дән бөлшектерін
алады. Сондай-ақ зерттеуге маралдың нәжісі де алынады. Лабароториялық зерттеу комплексті әдіспен жүргізіледі.Комплексті зерттеулер жүргізу үшін микроскопия, таза культура алынып, биологиялық сынама қойылады.Жемдерді ылғалды ортада сақтау барысында маралдардың денсаулығына зиянды токсигенді саңырауқұлақтар: Stachybotrys
аНегпапз, Myrthecium roridum, Myrothecium Verrucaria түзілуі мүмкін. Көптеген саңырауқұлақтарға екінші метаболит түзу
қасиеті тән.Олар организмге енгенде әртүрлі клиникалық өзгерістерге әкеп
соғады, неврологиялық асқынулар байқалады. Микотоксиндер жемді кез келген кезеңде, яғни тасымалдау және сақтау барысында зақымдауы ықтимал. Ғалымдардың зерттеулерінің негізінде жемдер
микотоксиндермен барлық континенттерде зақымдалуы мүмкіндігі анықталған. Зерттеу негізіндегі мәліметтер бойынша микотоксикозға ауылшаруашылық малдары жиі шалдығады. 2250 ге жуық саңырауқұлақтардың түрі белгілі, олар 200 -дей токсигенді метоболит түзеді. ФАО ВОЗ - дың мәліметтеріне сүйенсек әлем бойынша
мал азықтарының 25% микотоксиндермен зақымдалады екен. Микотоксиндердің салдарынан көптеген экономикалық шығын келеді, яғни маралдар еріксіз сойылады, маралдардың өнім беруі төмендейді. Микотоксикоз ауруының тарауына әсер ететін
негізгі факторлар:
1. Азықтардың сапасыз болуы
2. Азық қоймаларында уақтылы залалсыздандыру шараларының жүргізілмеуі.
3. Күніне микотоксиндермен зақымдалған азықтан 10 гр. Мөлшерде жегеннің өзіненде маралдар микотоксикоз ауруына шалдығады.
Микотоксиндердің канцорогендік, мутагендік, тератогендік, эмбриотоксигендік, аллергендік және де организмнің инфекциялық, инвазиялық ауруларға резистенттілігің төмендету қасиеті тән болып
келеді. Микотоксиндер физикалық және химиялық әсерге өте тұрақты.
Микотоксиндердің барлығы да Адам және жануарлар организміне өте қауіпті.Микотоксикоз ауруының белгілері: нефрит, бүйрек каналдарының атрофиясы, бүйректе және ішектерде қан құйылу байқалады, гастроэнтерит, асқазан жарасы, терінің некрозы, түсік тастауы және т.б.
Микотоксикозды анықтау өте қиын, және де микотоксикозға шалдыққан маралдарды да емдеу қиын. Микотоксикозға күдіктенгенде ең бірінші азық құрамын тексереді. Азықтарға микологиялық және токсикологиялық зерттеулер жүргізіледі. Методикалық әдістерге сәйкес физико-химиялық анализдер жүргізіледі.
Маралдардың микотоксикозының алдын алу :
1. Микотоксигендердің өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай туғызу;
2. Агротехникалық шараларды уақтылы жүргізу керек; егінді уақтылы егіп, уақытында ору керек.
3. Егістерді арам шөптерден тазалау керек;
4. Қоймаларды және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы
Микотоксиздер
Микотоксикоздар туралы
Балауса саңырауқұлактарын сапасын сараптау және санитарлық бағалау
Зең саңырауқұлақтарымен зақымданған жемшөптермен улану
Эндогенді ластану
Пенициллотоксикоздың қоздырғыштары
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы
Охратоксикоз дегеніміз не және оның қоздырғыштары
Пәндер