Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Білім беру мақсаттары



Жоспар:
1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңына қысқаша шолу.
2. Білім беру туралы заңнң міндеттері мен мақсаттары.
3. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты.
1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. Заңға қол қойылған күн: Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚРЗ.
Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.
Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім
Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. Алматы, 1999.
2. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ« — ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы.
3. Ныязбекова К.С., п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті,
РЖА-ның профессоры «ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ» ғылыми мақаласы.
4. Талғат Әминов «Қазіргі білім берудегі кейбір интеграциялық процестер туралы» мақала. © e-history.kz сайтынан алынған
http://e-history.kz/kz/contents/view/2127
© e-history.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.
Білім беру мақсаттары.

Орындаған: ФИ-311 тобының студенті
Рашкенова Айнұр
Тексерген: Жумашбекова С. К.

Семей
2015

Жоспар:
1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңына қысқаша шолу.
2. Білім беру туралы заңнң міндеттері мен мақсаттары.
3. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты.

1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы -- республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. Заңға қол қойылған күн: Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚРЗ.
Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.
Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ол республикадағы жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң білім беру жүйесі ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.
Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.
Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтар дың бірі - педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы бірде-бір сөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. Заңның осы бөлігінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті жеке бап түрінде беріліп отыр. Елбасы білім жүйесіне айрықша назар аударуымен қатар, білім саласын дамыту мен реформалауға қатысты көптеген шаралар оның бастамасымен, тікелей басшылығымен жүзеге асырылып отырғандықтан, осылай болуы орынды да.
2. Ал енді заң қандай міндеттерді атқарады деген ге келсек, жаңа қабылданған ҚР-ның Білім туралы Заңы мынадай міндеттерді шешуге:
1)әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);
2)педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;
3)сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;
4)басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
ҚР-ның Білім туралы Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті:
- білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
- оқыту технологиясын жетілдіру;
- білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.
Заңның жаңа редакциясының тағы бір үлкен ерекшелігі - Білім беру құрылымының халықара лық білім сыныптамасы стандарттарына сәйкестендірілуі. Яғни, нақтырақ айтқанда, сөз болып отырған заңда Білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы Халықаралық білім сыныптамасы стандарттарының (ХБСС - 1997) білім беру бағдарламалары сыныптамасы ның өлшемдеріне сәйкестендірілді.
Бұрынғы заңда - 4 деңгей (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім) болса, жаңа заң - 7 деңгейден (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізіл ді) тұрады.
Білім беру мазмұнының өзі жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларын ғана емес, сондай-ақ білім берудің арнаулы, арнайыландырылған оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің оқу бағдарламалары мен ересектерге арналған бағдарламалардың да жүзеге асырылуын қарастырады.
Осылайша білім берудің парадигмасы өмір бойына алған білімнен қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге бүкіл өмір бойы білім алуға дейін өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың жаңа тәсілдері енгізіледі.
Атап айтуды қажет ететін тағы бір жаңалық - заңнамалық деңгейде 12 жылдық орта бі лімге көшу қаматамасыз етілді. 2008 жылдан бастап 12 жылдық оқыту жүзеге асырылады. Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол:
- бастауыш білім - 4 жыл, 1- 4-сыныптар аралығы;
- негізгі орта білім - 6 жыл, 5 -10-сыныптар аралығы;
- жалпы орта білім - 2 жыл, 11-12-сыныптар аралығы.
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен,
білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып жəне үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана бі ле тін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
3. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -- бəсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс -- оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау -- əр оқытушының борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін, барлық шəкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы -- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: бəсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Қазіргі білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мəдениет адамына бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру -- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Адамға оқып-үйрену ең алдымен өмір сүру үшін қажет дегендей оқыту процесін интеграциялау, осыған сəйкес оқу бағдармаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының білім туралы заңы туралы ақпарат
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
Жергілікті бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру
Білім беру жүйесі
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп заңнамасы
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
Пәндер