Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасын талдау


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. А. Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасын талдау. Е. Раушановтың « Ғайша - бибі»поэмасының құрылымдық ерекшелігі. Е. Раушановтың «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасының сипаты. Е. Раушановтың «Қызық емес оқиға» атты поэмасының діни- мифологиялық сюжеті. Ақын Н. Айтұлының «Тоғыз тарау» поэмалар кітабына қысқаша талдау.

Топ: Қ - 319 с

Орындыған: Калиева Назым

Тексерген: Сабырбаева Р. Қ


Семей 2015 ж

Жоспар:

  1. Ш. Бейсеноваың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм.
  2. Е. Раушановтың «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасының сипаты.
  3. Е. Раушановтың « Ғайша - бибі»поэмасының құрылымдық ерекшелігі.
  4. Ақын Н. Айтұлының «Тоғыз тарау» поэмалар кітабына қысқаша талдау.
  5. А. Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасын талдау.
  1. Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм.

Сүзге - ХVІ ғасырда өмір сүрген Сібір ханы Көшімнің әйелі… Әйелі бол­ғанда да бір мәліметте екінші әйелі, екінші бір мәліметте сегізінші әйелі. Сібірге іргесін беріп отырған қазақ байы - Сүйіндіктің қызы - Сүзге. Ібір-Сібір жұртын билеген, бір мәліметте арғы атасы хорезмдік, Көшім ханның бас бәйбішесі болса мейлі еді, бәлен­байыншы әйелі Сүзге ХVІ ғасырдан бүгінге аңыз болып жеткен, шежірешілердің жазбаларында хаттал­ған есім. Тіпті, өзіміздің қазақ әдебие­тінің тарихын түріктік ортақ алтын бастауға қарай сүйрелеумен өткен профессор Бейсембай Кенжебайұлының өзі: «Орыстың ХІХ ғасырда жасаған тобольдық жазушысы, атақты «Конек-Горбунек» деген поэманың авторы, П. П. Ершов баяғы Сібір ханы Көшім­нің әйелі Сүзге туралы поэма жазған екен. Сүзге ақылды, сұлу болыпты, ақын соны дәріптепті» (Б. Кенже­бай­ұлы. Күнделіктер. 1-ші дәптер, 35-бет. ) - деп сұқтана жазыпты күнделігіне.

ХVІ ғасырда қазақ даласынан хана­ралық қарым-қатынастың құралына ай­на­лып уыз жас Сүзге Сібірдің кексе тартқан көкшуланы Көшім ханға қа­тын үстіне ұзатылып кете барады. Аз уақыт тұрып, өзінің ақылымен қадірін асырған, бірақ перзент сүйіп үлгер­ме­ген Сүзге. Сібірді жаулаушы Ермак жасауылдарының шабуылынан Көшім хан шегіне қашып, оның екі орда­сы­ның біріне айналған «Сүзге турада» ханшайымдық етіп тұрып жатқан, ас­қан сұлулығымен аты шыққан Сүзге халқы үшін құрбан болар еді. Шы­ғарма фабуласы осы ғана. Аз күндік оқиға. Ғұмырлық қасірет.

Шығармада Сүзгені соншалықты аяулы етіп тұрған - оның айна­ла­сын­дағы қарашасын қиын-қыстау сәтте тас­тай қашпай, солардың жолында құр­бан болуы. Ол - Сүзгедейін әйелдің қасиетінен туған қасірет. Шынын айт­қанда, кермеге келіп қалған жаудан сытылып шығып, ығысып кете баруға барша мүмкіндігі жетіп-ақ тұр. Алайда, ол өзінің жеке басын күйттемей, өзіне сенген, тіпті ханша деп тіршілік етіп жатқан Кіші Орданың қараша халқын қоршаған жаудан құтқарып, құтқару жолында айласын асырып, жанын тонатпай, тәнін қорлатпай, өзін солар үшін құрбан етуі - қасіретті өлі­мін қасиетті өр рухты өлімге айнал­дырып даңққа бөлеп тұр. Ол осы ақық өлімімен өзі өле-өлгенше төбесіне кө­те­ріп өткен Көшім ханнан да биіктей түседі көз алдымызда. «Түйедей тас, түймедей асыл тас…» дегендей шап-шағын дүние, шып-шымыр туынды ой­ға орап жаратылыпты.

Шығарма көп желілі емес, бір желілі. Эпилог іспеттес қосымшаны есепке алма­сақ, Кіші орданы басқыншы жау­дың қор­шаған үрейлі сәтінен басталып Сүзге өлі­мімен аяқталады. Олай болса, шы­ғар­ма­ны - Сүзгенің жан байлығына құ­рылған хикаят десе де болады. Ол: «Сүзге ханым тұла бойын зіл басқандай еңсесін жаныш­қан азапты күйден ұзақты күнге еш серпіле алмай қойғаны» деп психологиялық ау­ыр күйден басталады. Ол сөйлемді «Аба­жадай сарай іші, міне, тапа-тал түсте күңгірт тартып, зілмауыр ауа ұйып қал­ған­дай» деп онан сайын ауырлата түседі.

Сүзге басындағы ахуалды енді бірде оның айналасы көңіл ауанымен былай береді: «Бұның қабағына кірбің ілінгелі нөкерлері де, қызметшілері де тайсақтап, бетіне тіке қарамай, жанарларын алып қаша береді».

Шығарма осындай психологиялық ал­­аң­даулы ауыр ахуалды берумен бастап өрістейді.

Әрі қарай Сүзгенің жан-әлемін жөр­гемдей түседі жазушы. Сүзгенің тағдыры шиыршық жіптей суыртпақталады кеп. Бірыңғай баяндауға ден қоймай, Сүзгенің көңіл-күйімен, ішкі жан бұлқынысымен сюжет өзара сабақтас өріледі. Бірде түс көруі, келесіде ішкі монолог, тағы бірде бір жанның екіге жарылып айтысуы (періштесі мен сайтаны) сипатында көрінеді. Оның жанын жегідей жеп бара жатқан Жалғыздық қысылтаяң сәтте оқ жы­лан­дай бас көтереді. Сүзгені жан қайғысы - Жалғыздық қинайды. Өзі де бай­қамаған. Ал шындығында Жалғыздық - Сүзгені бір сәт те тастап кетпепті, бейтарап қал­дырмапты бір сәт те. Жал­ғыз­дық­тың жа­нына тереңдей ұя салып алып, ажыра­мастай жандасып, тіпті мұң кеулеп тұрар жансерігіне айналғанын тек өзі білмеген. Сол, сол Жалғыздық әрдайым ішінен бұлқына бас көтереді. Жанындағы жара болып мазалайды Сүзгені.

Кейіп­кердің осындай ішкі дауысынан біз хан иесі басын өз басынан артық қадірлеген, оны дүйім жұрт­тың басы тұтып, өзін оның жолына құрбан етуге дайын Сүзге ханымды көреміз.

Бір желілі хикаятта Сүзгені осылайша сезім сергелдеңіне салып, іштей шар­пыс­тыру - табиғи қалыпты адам-пендеден табиғи бояумен жасалған көркем образ дәрежесіне көтеріп алып бара жатады.

Асылы, сюжет өрімінде кейіпкер пси­хо­логиясын орайын келтіріп ашу бар да, шығарманың бар болмысын психоло­гия­лық талдауға құратын шығарма бар. Шәр­бану мына қолымыздағы шығармасын бас­тан аяқ психологиялық талдауға құр­ған дер едік.

Сарайды жау қоршаған қиын сәттегі Сүзге психологиясы. Қатерді күту - қатерге берілу! Ел шетіне жау тигенде үлкен орданы алып ішкі аймаққа шегініп кеткен Хан иесінен пәрмен жоқ, пәрмен түгілі хабар жоқ шарасыз ханымның жаумен бетпе-бет келіп қиналып тұрған сә­тіндегі Жалғыздық психологиясын жазу­шы осылай береді. Сүзге психоло­гия­сын­дағы барынша шарықтап, психологиядан психикалық құбылысқа айналып бара жат­қан сәт те Сарай сыртындағы тегеурінді жау дүмпуі мен шарасыз күйдегі ханым тірелген тығырықты ситуация ара­сында табиғи көрінеді.

Кейіпкер жанын жазушылық талдау­дың аса бір шарықтап шырқап шыққан сәті ретінде Мұхаметқұлдың Сүзгені таяп келіп қалған жау қоршауынан алып шығып кету үшін келген сапарындағы Кіші Ордадағы жүздесуін айтар едік.

Шәрбану шығармасын оқып отырған­да әйел рухының мықтылығына қайран қаласың. Сүзгені қиын-қыстау ситуацияда шырылдатып ой ойпаңына түсіріп, одан рухын көтеріп алып шығып оны ең ақыры өзін бәленбайыншы тоқалдыққа алған Көшім ханнан да азаматтығы, халықтық ойы мықты әйел етіп тұлғалап отыр. Ол Көшім хан секілді ел-жұртын жауға тастай сала бой тасалап қашпады, қиын-қыстау сәтте өзінің сұңқар басын өлімге тігіп халқын құтқарды.

  1. Е. Раушановтың «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасының сипаты

Поэтикалық туындыларда тылсым құпияның, кіршіксіз рухтардың һәм періштелер мен құстардың мекені болған аспан әлемі халықтың тарихымен, тағдыр талайымен де тікелей байланыста. Оған мысал - Е. Раушановтың «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасы. «Ақ қашып, қызыл қуған» дүрбелең заманның бір оқиғасын арқау еткен бұл туындының мазмұны мифтік-аңыздық сипатта. Ақын кешегі күннің шындығы мен мифтік-аңыздық желіні қабыстырады. Бұл көркемдік тәсіл, асылы, халықтың рухани бітім- болмысын замана аясында тұтас сипатымен таныту мақсатынан туған ізденіс нәтижесі. Ұйқасы мен мазмұнының қиюласуында мін жоқ қара өлеңнің төгілген ырғағымен баяндалған оқиға халық қасіретін көз алдымызға әкеледі. Қазаққа бұйдаланып, бұл күнге боздап жеткен қара бура - қара өлеңге мұң шаққан ақынның өзі де халықпен бірге жасасып келе жатқан рухани бір тұлғаға айналған:

Қара өлең, сен де кәрі, мен де кәрі,

Мағлұм-дүр сырымыздың елге бәрі.

Дариға ай, не басталмақ, мен білмеймін,

Екеуміз опат болған жерден әрі.

Қара өлең, сен де ескірдің, мен де ескірдім,

Ескіріп, кебін кидік өлмес құлдың.

Бұл, бәлкім соңғы дастан біз жазатын

Бұл дәурен, енді айналып келмес құрбым.

Дастан-жырлардың дәстүрлі бастамасы тыңдарманға қарата сөз бастау болса, бұл поэма қара өлеңмен сырласудан басталған. Қара өлең - ұлттың жаны мен жүрегі, рухы. Лирикалық қаһарман бұл жерде ақын болмысының шеңберінен шығып, тұтастай ұлттық бейнеге айналған. «Мен де кәрі, сен де кәрі», «мен де ескірдім, сен де ескірдің» деген толғаныстар осыны айғақтайды. «Басынан неше түмен бұлт айналған заманның» зарын төге келе, ертегі айтып бермекке ниет еткен лирикалық қаһарманның әңгімесінің шешімі тосын.

Сонымен, бұл ертегі, яки хикая не туралы?

. . . Ысқырып, жылан орап керегені,

У тамып шаңырақтан төбедегі.

Көшті ауыл көтеріліп түн ішінде

Ақ орда адыра қап дөдегелі.

Желіде құлын қалды сона талап,

Желінбей сүр ет қалды шара табақ.

Деген бар иесіз үй - киесіз үй,

Ақ төбет сұғынды-ай бір ала тамақ.

Бейбіт тіршілігі астан кестен болып, ауылдың көтеріле көшкені осындай суреттермен берілген. Заманның зобалаңы «жыланның керегені орағаны», «шаңырақтан удың тамғаны» түрінде бейнеленген.

Екінші бөлімде қызыл әскер кеткен соң ауылға қайтып оралған адамдар төрт түлігі аман, шаңырақтары ойрандалмай орнында тұрғанын көріп бір таңданса, бассыз жатқан өлі денені көріп екі таңданады. Бітім-болмысы бөлек, ақ көйлекті кірпияз жан өлерінде қос қолымен төсін жауып, етегін қымтап алыпты. Оқиғаға тосыннан араласқан әруақ- кемпір үлкен идеялық жүк арқалаған символдық бейне. Сондықтан да автор оны ерекше қалыппен суреттеген.

Халық санасына сіңген киелі ұғымдардың ақ мая, ақ кемпір, ақ сүт, ақ қара бас аққу, топ қаз түрінде көркем символдық детальдар болып қызмет атқаруы бұл поэмаға мифопоэтикалық сипат дарытқан. Кие, қасиет - халық рухын сақтаушылар һәм қорғаушылар. Бұл ұғымның өзі жаратылыстың тылсым сырымен, Жаратушының құдыретімен сабақтасады. Қызыл әскердің оқыстан ажал табуынан да сескенбеген «айғыр топтың» көз алдында ақ мая тұра қалып сілкінгенде ақ қара бас қуға айналып сала береді. Кереметке ұласқан қанды түнде топ қазақ топ қазға айналып, аққуға ілесіп, шашырап, жаңа шығып келе жатқан күн астына қарай ұшып бара жатады . . . Мұндай мифтік құбылушылық желісі қазақ ертегілері мен аңыздарында көптеп ұшырасады. Дәстүрлі желі десе де болады. Аруаққа сыйынып, одан медеу сұраған ауылды сол аруақтар әлемінен келген ана құтқарып, аспан әлеміне көшіріп әкеткен. Бұ дұниеден о дүниеге өту де мифтік құбылыс түрінде түсіндірілетін көне аңыздар бар. Осындай дәстүрлі мифологиялық әңгімелердің поэтикалық суреттеулерге ұласып, көркемдік-идеялық жүк арқалауы көне дүниетаным туындатқан мифологиялық ойлаудың көркемдік ойлауға сабақтасып, пішіндік өзгерістермен рухани игілікке қызмет етуінің көрінісі. Аққу мен қаз - байырғы қалыптасқан наным-сенім бойынша киелі құстар санатында. Қазақ мифологиясында бұлар тотемдік құстар. Әдебиеттанушы Дж. Макльсон мифопоэтикалық танымдағы аққу бейнесі туралы мынадай түсініктеме береді: «Ақынның, әншінің, сондай-ақ асқақ поэзияның символы. Бұл символиканың негізі жанның( рухтың) аққу бейнесінде аспанды кезуі, қайта жаңғыру, кіршіксіз тазалық, кемелдік, тәкаппар жалғыздық, ерлік пен поэзияның әулилелік бастау-сипаты туралы таным-түсінікпен, сондай-ақ ажалмен байланысты» [1; 105]

Романның лирикалық әуені және мифтік-аңыздық сипаты бірден аңғарылады. Алғашқы сөздің өзі аспан әлеміндегі жұлдызға бағытталған. Бас кейіпкер «біздің заманымыздың қаһарманы» Еділ атты жас жігіт. Тілі мен стилі жағынан өзге романдардан табиғаты бөлек бұл туынды қазіргі әдебиеттегі жаңашылдықтың, шартты түрде алсақ, постмодернистік ағым көрінісінің бір мысалы. Романдағы Марина қазіргі өркениет заманының адамы. Махаббаттың қасіретін шегіп, шерленген қыздың тағдыр талайы бұралаң. Романдағы махаббат желісі Еркінбек-Марина-Еділ арасында өрбіген. Қазіргі психологиялық прозадағы сана ағымы тәсілі, психико-лирикалық шегіністер, ішкі монолог, диалогтар дерлік автордың жаңаша ізденісін танытады. Бұл көркемдік ізденістер романның толыққанды туынды болып тууында оң нәтижесін берген. Еділдің мынау жарық жалғаннан өзіне серік, сырлас етіп тапқаны аспандағы жалғыз, жарық жұлдыз. «Сен сөніп қалмашы, жарық жұлдыз» деген бала Еділдің жалбарынуы «жерде бір адамның ғұмыры үзілсе, аспанда бір жұлдыз сөнеді (ағып түседі) » делінетін діни-мифологиялық нанымның жаңғырығы. Тағдырын жұлдызбен байланыстырған бұл жас кейіпкердің психологиялық ахуалы, жан толқынысы, өмірлік мұраты жұлдызбен бейнеленген. Жұлдыз бен Еділ егіз бейне. Жұлдызбен тілдескен сәтінде «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасындағы оқиғаның мәні екінші бір қырынан танылып, Еділ-ана бейнесі тереңірек ашылған. Ана дүниедегі Еділ-ананың, Еділ әулетінің хал- жағдайын сол жұлдыз баяндап берген [122; 29-31] . Жұлдызға мекен болған аспан әлемінің қалпы, өзгеріс-құбылысы дерлік романның өн-бойына сіңісіп, маңызды көркемдік-символдық детальдарға айналған. Жұлдыз авторлық бейнелеуде кәдімгі адам кейпіне еніп, орталық кейіпкердің бірі болған. Ол тілдеседі, жылайды, ақыл айтады, сырласады, кейде үнсіз қалады.

Мифтік әңгіме Раушановтың көркемдік кеңістігінде басқаша түрленіп, авторлық ұстанымға сай көркемдеулермен өңделген. Аспан әлемінің тылсым сырымен сабақтас тағы бір сюжет - Қарой жұртына Меккенің көшіп келуі. Автор бұл оқиғаны 1922 жылғы Қаройды қара тұман жұтқаннан екі жыл бұрын болып еді деп, шындыққа жақындата түседі.

«Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасында құс болып ұшу желісі романда осылайша түрленеді. Екі аппақ итала қаз - киелі рухтың символы. Еділ ананың нұрдан жүкті болып, алтын айдарлы ұлды дүниеге әкелуі аңыздай баяндалса, Меккенің көшіп келуі мен Қаройдың қара тұманға жұтылу оқиғасы жас Еділдің әжесінің көрген шындығы болып баяндалады.

Біздің назар аударғанымыз - аспанмен байланысты сюжеттердің сол көркемдік-идеялық мәнге терең мағына үстей түскендігі. Және осы романдағы сюжеттің «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасымен үндестігі.

  1. Е. Раушановтың « Ғайша - бибі»поэмасының құрылымдық ерекшелігі

Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жа­ңаша қалыпта түрленткен ақын Есен­ғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы құрылымы, көркемдік-эстети­калық құндылығы мен өзек еткен оқи­ғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерек­ше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэ­масының даму деңгейі, көркемдік-эсте­тикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары - осы «Ғайша бибі» поэмасы.

Мазмұндық, пішін­дік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан та­ныт­қанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын ай­та кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше жағдайда ерекше әрекет, мінездерімен танылатын ерекше қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тән. Сондай-ақ, әдебиеттанушы Е. Тілешев «романтизм әдебиеті … лиро-эпикалық поэмалардың өркендеуіне алып келді» [1; 118], - деп атап көрсеткендей, әдістік тұрғыдан ро­ман­тикалық туынды болып саналатын «Ғай­ша бибі» ұлттық әдебиетіміздегі поэма жанрының лиро-эпика деп аталатын сала­сының дүниесі. Ұлы ойшылдардың бірі Гегельдің романтикалық көркемөнердің негізгі стихиялық белгісі - лиризм деген тұжырымына сүйенсек [2; 243], ойымыз­ды дәйектей түсеміз. Поэманың маз­мұн­дық-құрылымдық сипаты өте күрделі бол­ғандықтан, талдауды жекелеген бөлім­дер­ге ретпен жүргізгенді жөн көрдік.

Поэмада Талас жерін мекендеген ордалы жыланды қағанат халқы «жылан бауырына алтын басып ұйықтайды» деп, ордаларын ойрандап, өртейді. Тотемдік қағиданы бұзған, киеге қарсы қол көтерген адамды қарғыс ұрады деген көне сенім тарихты, танымды қастерлеу мақсатында да өзіндік рөл атқарады. «Жыландар жыры» тарауындағы қасірет шеккен лирикалық кейіп­кер дәрежесінде көрінген жыланның ішкі монологы - адамзат баласының адам­шылық атаулыдан алыстап, табиғаттан ал­шақ­тауының түбі үлкен қасірет боларын аңғартқандай.

Ғайша - бұрынғы-соңды қазақ поэмаларында кездеспеген тың бейне. Өйткені, оның дүниетанымы, адамдар, өмір жайлы ойы мүлде басқаша. Поэмада оқиғаны баяндап беруші ретінде көрініп отыратын автор орайлы тұста кейіпкер туралы қосымша түсініктемелер береді. «Ғайша кім еді?» деген сауалға автордың хабарлау түріндегі мәліметтері толық жауап береді де, ақын осы тұстан қайтадан ана-жыланның зарынан үзілген оқиғаға тыңдарман назарын аударуды жөн көреді. Ана-жыланның зарын жүрегімен естіген Ғайша қыздың толғанысы терең мәнді астарлы сипатымен көрінеді:
Қайда бастап барады қабарған күн,
Кімді сөгіп, кімді енді жамандармын.
Түмен жылан өлген жоқ, өртенген жоқ,
Түсіп кетті ішіне адамдардың.
Орда жылан, от қойсаң мекеніне,
Өліп жатып, тіріліп кетеді де,
Ой-пейіліне көшеді өлтіргеннің,
Бір де бірі қалмастан көтеріле.
Болмады ғой болмаспен белдескенің,
Жылан көшті жұртынан, сен
көшпедің.
Сыртың - адам болғанда ішің - жылан,
Не болады ертеңің, жерлестерім?

Поэманың «Майхана» деп аталатын тарауында дарақы думанның қалпы суреттеледі. Майханаға қарай ағылған жұртқа ілескен Қаған ондағы аласапыран думанды, айқай-шуды көреді.
Айғырды ақталаса - азбан болар,
Жігітті құмар алса - азған болар.
Азбан да, азған да бар осы топта,
Бұл топта өзіне көр қазған да бар.
…Бұлаңы лаң сынды түлкі қыздың,
Осы ма келешегі жұртымыздың.
«Көкте - күн, жерде - түркі»…
қайдам…қайдам,
Сықпыты мынау болса түркіміздің.

Бас қаһарман Ғайша еңбегіне «Жалқы мен жалпы» атты трактат қосуды жоспарлайды. Жалқы дегені - Әлем, жалпы дегені - Адамдар Аллаға құлшылық еткен Ғайшаның халін ақын сәтті детальдық оқиғалармен берген Поэмада екінші рет қайталанатын «Жыландар жыры» (дұрысында тарау аты ғана қайталанады) оқырманды қайтадан бастапқы оқиғаның жалғасына жетелейді. Алтын бауыр ана жылан өрттен алып, алысқа лақтырған екі жылан шаһарға оралып, жылан тілін түсінетін жалғыз жан (түн ішінде жарығы жанып тұрған жалғыз үйдің иесі) - Ғайшаға келіп жылайды. Бұл екі жыланның жылағаны фольклорлық поэтикаға сай, жыр тілімен берілген. Жыландар тілімен төгілген зар, адамзаттың табиғатқа әкелген зұлматы осы тұста айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм
Ш. Бейсенованың Сүзгенің соңғы күндері хикаятындағы лиризм мен психологизм. А. Кемелбайдың Қоңыр қаз шығармасын талдау. Е. Раушановтың Ғайша - бибі поэмасының құрылымдық ерекшелігі. Е. Раушановтың Аспанға көшіп кеткен ел поэмасының сипаты. Е. Раушановтың Қызық емес оқиға атты поэмасының діни- мифологиялық сюжеті. Ақын Н. Айтұлының Тоғыз тарау поэмалар кітабына қысқаша талдау
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша поэмасының» көркем тілі
Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, Ш.Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының көркемдік стилі, тіл айшығы
Қазақ əдебиетіндегі лирикалық проза
Мінез және лиризм
Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Көркем шығармадағы психологизм туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz