Сельсиндер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨОЖ
Пән: Қолданбалы электроника
Тақырыбы: Сельсиндер
Орындаған : Толепбеков Д. Д
Топ: ТФ-319
Тексерген: Секербаева А. Б
Семей 2015
Мазмұны1 Сельсиндер туралы жалпы мағлұматтар3
2 Сельсиндердің кемшіліктері6
3 Сельсиндердің қазіргі кездегі пайдалануы7
Пайдаланылған әдебиеттер8
1 Сельсиндер туралы жалпы мағлұматтарАқпаратты өлшеу жүйелерде сельсин деп аталатын, өлшемі үлкен емес индукциялық машиналарды пайдалынады. Сельсиндер тоқ алу(токо съема) сипаттамасына байланысты түйіспелі және түйіспесіз болып бөлінеді.
Түйіспелі сельсиндер айнымалы тоқ электр машиналарға ұқсас және нақтыполюсті үйлестірілген немесе фазалық роторы бар үйлестірілген машиналар типі бойынша құрастырылып жасалуы мүмкін. Түйіспелі сельсиндердің бірінші ретті тізбегінің функциясын оның айнымалы тоқ тізбегіне қосылған бірфазалық қоздырғыш орамы атқарады. Қоздыру орамы роторда немесе сол сияқты статорда да орналасуы мүмкін. Сельсиннің екінші ретті тізбегі роторда немесе сол сияқты статорда да орналасқан үшфазалық үйлестіргіш орамы болып табылады. Роторда орналасқан орамның ұштары екі немесе үш тоқалғыш сақиналар мен щеткалардан тұратын коллекторге шығарылады. . Бірфазалық орамы қорек көзіне қосқанда сельсиннің магнитөткізгішінде пульсациялық магнит тоғы пайда болады. Қоздыру орамының ағынының әсерінен екінші ретті фазаларда орамдарда шамасы статорлық және роторлық орамдардың өзара орналасуына тәуелді болатын эқк дәлденеді. Фазалық орамлардың сәйкес магнит осінің бағыты қоздырғыш магнит ағынының бағытымен бағыттас болғанда, бұл орамдарда шамасы бойынша максималды эқк дәлденеді. Егер де фазалық орамның осі ағын әсерінің бағытына перпендикуляр болса, онда эқк нольге тең. Сельсин роторының әрбір толық айналымында әр фазалық орамда эқк- тің өзгерісінің толық циклі өтеді. Әдетте сельсиннің магнит тізбегін екінші ретті орамдағы дәлденген эқк- і орамның бірінші ретті және екінші ретті тізбектердің алдыңғы осьтерінің арасындағы бұрыштардың косинусына пропорционал болатындай етіп жасайды. Түйіспелі сельсиндердің құрылымдарының бір- бірінен қоздырғыш және синхрондау орамдарының өзара орналасуымен және магнит тізбегінің құрылғысымен ерекшеленетін бірнеше типтері бар. Статорында бірфазалық қоздырғыш орамы бар және роторында үшфазалық синхрондау орамы бар сельсиндер кеңінен қолданылады. Бұл топтағы сельсиндердің статорының анық көрсетілген полюстері бар қоздыру орамы бар. Ротордың шеңбермен бірқалыпты бөлінген, үшфазалық синхрондау орамы арттырылған ойықтары бар. Роторлы орамның ұштары роторда орналастырылған үш түйіспелі сақиналарға шығарылған. Сақиналар бойынша қозғалмайтын щеткалар сырғанайды. Сырғанайтын түйіспелердің бар болуы берілген типті сельсиндердің кемшіліктерінің қатарын анықтайды. Бұл кемшіліктерден түйіспесіз сельсиндер біршама босатылған.
Түйіспесіз сельсиндер түйіспелілер сияқты айнымалы тоққа қосылатын бірфазалық қоздыру орамы мен үшфазалық синхрондау орамы бар. Бірқалыпты бөлінген ойықтары бар статорда үшфазалық синхрондау орамы арттырылған. Бірфазалық қоздыру орамы қосымша магнитөткізгіштің элементтері мен статор арасында орналасқан жалпақ орауыштар түрінде жасалған. Түйіспесіз сельсиннің роторының орауыштары жоқ және білікке орнатылған екі г-түрлі жинақталған магнитөткізгіштерден тұрады. Жинақталған магнитөткізгіштер бір- бірімен магнитті емес материялдан жасалған төсемдермен бөлінген. Осылайша, түйіспесіз сельсиндердің екі орамы да қозғалмайды және статорда орналасқан. Бірінше ретті және екінші ретті тізбектердің орамдарының арасындағы индукциялық байланыс сельсин- ротордың қозғалмалы бөлігі арқылы жүзеге асады. Кернеу көзіне қосылған қоздыру орамлары ротор, статор, сыртқы магнитөткізгіш (сельсин тұрқысы) арқылы өтетін магнит ағынын тудырады. Қарапайым сельсиндерден басқа статорда сол сияқты роторда да үшфазалық орамдардан жасалынатын дифференциалды сельсиндер де қолданылады. Дифференциалды сельсиндер бір-бірімен механикалық байланыспаған біліктердің бұрыштық орын ауыстыруының алгебралық суммасын табу үшін қолданылады. Сельсиндердің негізгі қасиеті болып сельсин-бергіштің роторының белгілі бір бұрышқа бұрылуы кезінде сельсин- қабылдағыштағы үшфазалық орам тудыратын магнит ағынының векторының сол бұрышқа бұрылуы табылады. Осы сельсиндердің қашықтыққа берілісте немесе бұрыштық орын ауыстыруларды өлшеуде қолданатын құрылғы ретінде қолданылуына мүмкіндік береді.
Сельсиндер көрсеткіштік режімде (в индикаторным режиме) көрсеткіштік режімдегі сельсиндер өлшеуіш техника және автоматика құрылымдарында кеңінен қолданылатын синхронды беріліс жүйесін (сж) құрайды. Егер құрылымдық жасалуы бірдей екі сельсинді алсақ және олардың бірфазалық орамдарын кеңістікте 120 градус бұрышпен орналасқан және жұлдыз болып байланысқан айнымалы тоқ көзіне, екінші ретті үшфазалық орамдарды бір- бірімен қоссақ қарапайым сжб- ті аламыз. Бірфазалық айнымалы тоқ әр сельсиннің магнит тізбегінде екінші ретті орамдарда электрқозғалтқаш күшті индукциялайтын пульсациялық тоқты туғызады. Бергіштің роторлары мен сельсин-бергіштің әр фазасындағы эқк- ті қабылдағыштың бірдей орналасуында сельсин- қабылдағыштың әр фазасындағы сәйкес эқк теңгеріледі немесе екінші ретті тізбекте тоқ жоқ болады. Бергіштің роторын бұрғанда сәйкес орамдардағы эқк роторлар статордың орамдарының осіне қарағанда бірдей болып орналаспағандықтан, шамалары бойынша әр түрлі болады. Бұл жағдайда сәйкес орамдардағы эқк тең болмайды. Және де тізбектерде теңестіруші тоқ ағады. Екінші ретті орамның қорытқы ампер- орамдарының қоздыру ағынымен өзара әсерлері с-б және с-қ біліктерінде синхрондаушы моментті тудырады. Егер с-қ роторы тежелген болса, онда пайда болған синхрондаушы момент оны бергіш роторымен бірдей күйге келтіруге тырысады. С-б роторының тоқтаусыз айналуында с-қ роторы сол жылдамдықпен айналады. Практика жүзінде, с-қ роторының осінде жүктеме мен үйлестіргіштің бар болуынан ығысу белгілі бір қателікпен жүзеге асады. Сбж келесі негізгі көрсеткіштерді сипаттайды: мст деп қабылдағыш білігінің синфазалық орналасуынан бұрышқа бұрылуы кезінде пайда болатын моментті түсінеміз. Сельсиндердің негізгі қасиетіне байланысты статикалық синхрондаушы момент.
500-600 айн/м үлкен емес жылдамдығында сбж- ның негізгі көрсеткіші болып қабылдағыш роторы бергіш ротордың артынан еретін дәлдік болып табылады. Дәлдікті бағалау үшін сельсин қабылдағыштың осіндегі үйкелісті жеңу үшін жеткілікті синхрондаушы момент туатын үйлесімсіз qст бастапқы бұрышын алған қолайлы статикалық режімдегі қателікті көбінесе экспериментальді түрде анықтайды. . Бергіш үшін бірінші класс дәлдікті сельсин қолданылады. Бергіш роторын бір айналым шегінде бірқалыпты шкала бойынша бірдей бұрыштарға бұрады. Зерттелетін сельсиннің көрсеткіштерін де осындай шкала бойынша есептейді. Бергіш пен зерттелетін сельсиннің көрсеткіштерінің айырымы болып бергішті екі бағытта айналдыру барысында алынатын максимал қателіктердің орта жиынтығы табылады. Берілістің дәлдігіне қорек көзінің кернеуінің тербелісі әсер етеді.
Сбж-ның жұмысының дәлдігіне берілістің ұзақтығы әсер етеді. Берілістің ұзақтығын көбейтсек беріліс және қабылдағыш сельсиндерінің қоздыру орамдарында кернеу әр түрлі болады (бір көзден қоректену кезінде) . Сондықтан, олар тудыратын пульсациялық ағындар әр түрлі болады. Осының салдарынан, роторлардың синфаздық қалпында қосымша қателік тудыратын теңгеруші тоқтар ағады. Бұл қателік үшін сельсиндердің қоздыру орамдарындағы ағындарды теңестіру керек. Осы мақсатта сельсиннің жоғарғы кернеуі бар қоздыру орамдары мен сельсиндердің ағындарын теңестіретін қосымша кедергіні тізбектей қосады. Берілістің ұзақтығын үлкейту үшін сельсин-қабылдағыштың синхрондаушы моментін азайтады. Бұл меншікті моменттің шамасы сельсиндердің синхрондау орамасының толық кедергісі мен оларды байланыстыратын сымдарға кері пропорционал екендігімен түсіндіріледі.
Трансформаторлық режімдегі сельсиндер үлкен моменттермен жүктелген атқарғыш аспаптарға қозғалысты беру үшін бақылау жүйесі қолданылады. Трансформаторлық режімдегі сельсиндер бақылау жүйелерінде үйлесімсіздікті өлшеу үшін қолданылады. Трансформаторлық режімдегі сельсиндердің принциптік сұлбасы 3- суретте көрсетілген. Берілген сұлбаның көрсеткіштіктен (индикатор) айырмашылығы- сельсин- қабылдағыштың бірфазалық қоздыру орамы кернеу көзіне қосылмайды, шығыс болып табылады және күшейткіш құрылғысының кірісіне қосылған. Сельсин- қабылдағыш трансформатор сияқты жұмыс істейді. Сельсин- бергіштің айнымалы тоқтың кедергісінің көзіне қосылған бірінші ретті орамы бергіштің екінші ретті орамсында эқк- ті келтіретін пульстік ағынды тудырады. Әр фазаның эқк- і сельсин- бергіштің екінші ретті орамының қоздыру орамына қатысты орналасуымен анықталады. Бұл эқк-тер сельсиндердің екінші ретті тізбектерінде сельсин- қабылдағыштың бірфазалық орамында эқк-ті индукциялайтын тоқтарды тудырады.
Трансформаторлық режимде жұмыс істейтін сельсиндердің құрылымына сәйкес параметрлері максималды әсерлік кернеу umax = 50 - 100 В болатындай болады.
2 Сельсиндердің кемшіліктеріСельсиндер бір және үш фазалы болып екіге бөлінеді. Сәйкесінше үш фазалы сельсиндер қуаты үлкен жүйелерде қолданылады. Құрылысы бойынша олар әдетте фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштар секілді жасалады. Бір фазалы сельсиндерде қоздыру орамдары бір фазалы, ал синхрондаушы орамдары жұлдызша схемасымен жалғанған, фазалары бір- бірінен кеңістікте 120° ығысып орнапасатын үш фазалы орам тәрізді жасалады. Бұл фазалық орамдар арқылы өтетін токтар уақыт бойынша бірдей фазаларға тең болатынын ескеру қажет. Ротор орамдарынан ток тек
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz