Трассаны нивелирлеу туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Трассаны нивелирлеу.
Орындаған: Искаков А. М.
Тексерген: Аубакирова С. М.
Тобы: ГК - 213
Семей 2015 ж
Трассаны нивелирлеу
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және : олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-ақ бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады.
Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлеуді қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді.
Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (1-сурет) нүктелерінің дәл ортасындағы С нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау осін горизонталь жағдайына келтіреді де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды. Бүдан кейін 3 және П есептеулерін алады, олар нысаналау сәулесінен А және В нүктелеріне дейінгі кесінділер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мына формула бойынша есептеліп шығарылады:
Һ=3-П.
Егер «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П артық болса (3>П), онда салыстырмалы биіктік һ оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни В нүктесі А нүктесінен төмен орналасады.
1-сурет
Трассаны нивелирлеу барысында жол осінен әрбір 2 км арқылы тысқары салынатын, сондай-ақ барлық жасанды ғимараттарда, биіктігі 5 м артық ойықтар мен үйінділерде реперлердің биіктігін және орташа және үлкен көпірде екі реперден анықтайды. Нивелирлеумен жол осіне шығару пункттарын байластырады.
Трассаны бекіту барысында шығару журналын жүргізеді, онда шығару таңбаларының орналасу сұлбасының суретін салады, белгілерді, шығару бағыттарын және трасса осіндегі сәйкес таңбаларға дейінгі ара қашықтықтарды жазады.
Жер төсемін тұрғызу үшін оның көлденең кескінін трассаның тура учаскелерінде - әрбір 50 м, қисық учаскелерінде әрбір 20 м сирек емес көлденең бейінді бөлуді орындайды. Сонымен бірге онда жобалық және жұмыстық белгілер көрсетілген, бойлық кескінді, жергілікті жердің 1/10 кем көлденең еңісті учаскелері үшін жер төсемінің қалыпты көлденең кескіндерін және үлкен еңісті учаскелер үшін жеке көлденең кескіндерін пайдаланады. Бойлық және көлденең кескіндерді пайдаланып, жазылған кескін - ведомость құрастырады, онда әрбір бөлінетін көлденең кескін үшін кескіннің нүктелері арасындағы көлденең ара қашықтықтар және олардың жобалық және жұмыстық белгілері жазылған.
Үйінді мен ойықты бөлу. Жер төсемінің көлденең кескінін бөлу үшін жергілікті жерде Л осьтік нүктесін бекітеді және одан екі жаққа қарай үйінді-нің табанына дейін (ойықтың шеттеріне дейін) ара қашықтьықтар қалдырады. Бұл ара қашықтықтарды жобалық көлденең кескіндерден және олар бойынша құрастырылған жазылған кескіндерден алады немесе мына формулалар бойынша есептейді.
«Плюс» таңбасы - үйіндінің тау үстіндегі еңісінің және ойықтың тау астын-дағы еңісінің шетіне дейінгі ара қашықтықтарды, «минус» таңбасы қарама-қарсы бағыттар үшін ара қашықтықтарды есептеу үшін қызмет атқарады.
Көлденең ара қашықтықтардың орнына көрсетілген жағдайларда көлбеу ара қашықтықтарды есептеуге және қалдыруға болады.
Егер жергілікті жердің көлденең еңісі бір түрлі болмаса, онда жол осінен қалыпты кескінге сәйкес келетін, көлденең ара қашықтықтарды қалдыру керек. Үйіндінің тау үстіндегі еңісі және ойықтың тау астындағы еңісі үшін формулада «плюс» таңбасын және есептелген қалдықты ішінде, яғни О нүктесі жағына қарай қалдырады, ал үйіндінің тау астындағы еңісі және ойықтың тау үстіндегі еңісі үшін «минус» таңбасын алады және қалдықты сыртта қалдырады.
Жер төсемін бөлу кезінде ара қашықтықтарды қалдыруды және биік айырымдарды өлшеуді ватерпас әдісін қолданып, нивелирлік үш метрлі рейкалармен орындайды.
Үйінді табанының шетін немесе ойықтың төбесін білдеретін нүктелерді ғимарат шекараларын сызып, әктас атызымен немесе жолағымен қосады. Биік емес үйіндіні тұрғызған кезде оның биіктігін осьтік нүктелерде орнатылатын биіктіктермен, ал еңістердің бағыттарын еңістіктермен белгілейді. Биік үйінді түрғызған кезде оны бөлуді трассаның шығару таңбаларынан өлшеумен бірнеше рет қайталайды, ал биіктіктерді үйінді төбесіндегі жобалық белгіге жақындаған кезде орнатады. Ойықты бөлу үшін оның осі мен шекараларын белгілейді. Еңістердің тіктігін көрсету үшін еңістіктерді орнатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz