Сапа жүйесін енгізу және сертификаттау



Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.
Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі - көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі. Мысалы, Еуропалық Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты 11 директиваның жетеуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді.Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Стандарттау және биотехнология кафедрасы

СРО

Сапа жүйесін енгізу және сертификаттау

Орындаған: Серікбекова А.Е.

Топ: СМ 213

Тексерген: Толеубекова С.С

Семей 2015

Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО
9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны
қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде
қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа
жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік
деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы
1,5-2,0 есе өседі.
Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары,
бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің
бірі - көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа
жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі . Мысалы, Еуропалық
Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты
11 директиваның жетеуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің
шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу
және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа
жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі
ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда
сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде
бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде
мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері
бар кәсіпорындарға береді.Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де
байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын
азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту,
өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру.
Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа
жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін
қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-
та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл
жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының
Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін
қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001жылғы мамырда
Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық
Сапа бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді
сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы
көзделген. Қазақстан Республикасыны ң мемлекеттік сертификаттау жүйесінде
көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау
жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ
3.15.1-98 стандартында белгіленген. Сапа жүйесін және
өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
• өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
• өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға
техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру;
• сыртқа шығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш
берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын
қанағаттандыру;
• дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік
қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
• сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын
растау.
Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен
белгіленген Қазақстан Республикасын ың мемлекеттік сертификаттау жүйесінде
тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді
сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді. Сапа жүйелері мен өндірістерді
сертифиқаттау жөніндегі жұмыстарды бас сарапшы-аудитор басқаратын
сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Сапа жүйелерін
сертификаттау мына қағидаларға негізделген:
• еріктілікке;
• құқықтылыққа өтуіне;
• бағалаудың әділдігіне;
• бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне;
Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы
сәйкестік сертификаттарымен расталады. ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес
олар ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің
мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады. Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде
талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым-
арыз беруіне болады. Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:
1. Сапа жүйесін алдын ала бағалау;
2. Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау;
3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Сапа жүйесінің аудиті
Сапа менеджменті жүйесі
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Сапа жүйесін (сж) сертификаттаудың негізгі этаптары: C; құжаттарын алдын-ала бағалау, кәсіпорындағы C; элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру, сертификаттау туралы шешім қабылдау
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Пәндер