Инвестициялық қызмет. Портфельді инвестициялаудың негіздері



Инвестициялар деп - өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Кафедра: Қаржы

Тақырыбы: Инвестициялық қызмет. Портфельді инвестициялаудың негіздері.

Инвестициялар деп - өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты –
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың
жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табысының
қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған
инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады.
Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген
критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және
нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар.
Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де
жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады.
Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі болып.
Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп
рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер
және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша
табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық құнынан
төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар,
әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу
жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға
қарапайым жолымен қолына береді.
- Атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету
үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы
қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың
орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
- Ордерлік бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның
бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп –
индоссаментеке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы
қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық
етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың
негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл
кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер
жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге
құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай
жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік, муниципалдық
және корпоративтік болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен ерекшеленеді және олар қор
биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық
және нарықтық емес етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз – қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі – бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр
түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін
қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына
салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық
тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың
акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын
біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр
тараптандыру принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық портфел деп
аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Портфельдік инвестициялардың теориялық негіздері
Қазақстанның сақтандыру компаниялары инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ПОРТФЕЛІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
Портфельдік инвестициялардың мәні және түрлері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Қазақстандағы инвестициялық саясат
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
Институционалды инвесторлардың мәні жане олардың қызымет ету механизмдері
Дамудың салалық инвестициялық стратегиясы
Пәндер