Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ 6-апта
Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Қайроллаев. Ә. Ж.
Тексерген: Сабырбаева Р. Қ.
Семей 2015 ж
Жоспар:
- Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм.
- А. Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасын талдау.
- Е. Раушановтың « Ғайша - бибі»поэмасының құрылымдық ерекшелігі. Е. Раушановтың «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасының сипаты. «Қызық емес оқиға» атты поэмасының діни- мифологиялық сюжеті.
- Ақын Н. Айтұлының «Тоғыз тарау» поэмалар кітабына қысқаша талдау.
«Сүзгенің соңғы күндері» мен «Бір махаббат баяны» шығармаларымен толық танысқаныңда - олардың тамыры тереңге кеткен көркемдік-идеялық концепцияға құрылғанын байқайсың. Автор (Шәрбану Бейсенова) әртүрлі және әрқилы оқиғалардың, құбылыстардың заңды байланыстарын дәл көріп, адам өмірінің қозғаушы күшін өз позициясынан ашып, әлеуметтік құбылыстардың ортақ негіздерін зерттеген.
ХVІ ғасырда қазақ даласынан ханаралық қарым-қатынастың құралына айналып уыз жас Сүзге Сібірдің кексе тартқан көкшуланы Көшім ханға қатын үстіне ұзатылып кете барады. Аз уақыт тұрып, өзінің ақылымен қадірін асырған, бірақ перзент сүйіп үлгермеген Сүзге. Сібірді жаулаушы Ермак жасауылдарының шабуылынан Көшім хан шегіне қашып, оның екі ордасының біріне айналған «Сүзге турада» ханшайымдық етіп тұрып жатқан, асқан сұлулығымен аты шыққан Сүзге халқы үшін құрбан болар еді. Шығарма фабуласы осы ғана. Аз күндік оқиға. Ғұмырлық қасірет.
Шығармада Сүзгені соншалықты аяулы етіп тұрған - оның айналасындағы қарашасын қиын-қыстау сәтте тастай қашпай, солардың жолында құрбан болуы. Ол - Сүзгедейін әйелдің қасиетінен туған қасірет. Шынын айтқанда, кермеге келіп қалған жаудан сытылып шығып, ығысып кете баруға барша мүмкіндігі жетіп-ақ тұр. Алайда, ол өзінің жеке басын күйттемей, өзіне сенген, тіпті ханша деп тіршілік етіп жатқан Кіші Орданың қараша халқын қоршаған жаудан құтқарып, құтқару жолында айласын асырып, жанын тонатпай, тәнін қорлатпай, өзін солар үшін құрбан етуі - қасіретті өлімін қасиетті өр рухты өлімге айналдырып даңққа бөлеп тұр. Ол осы ақық өлімімен өзі өле-өлгенше төбесіне көтеріп өткен Көшім ханнан да биіктей түседі көз алдымызда. «Түйедей тас, түймедей асыл тас…» дегендей шап-шағын дүние, шып-шымыр туынды ойға орап жаратылыпты.
Аталған шығармалардың бас кейіпкерлері сюжеттің даму барысымен бірге алғашқыдағы типтік униформадан шыға бастайды. Олардың тұлғалық ерекшеліктері бірте-бірте бедерленеді. Мысалы, жап-жас Сүзге ханымның үлкен Ордадан қаймықпай, өзіне жеке сарай салдыра алуы. де осы жерденбастауалады. Сырт көзге «сарай салдырыпты» депайта салу әстеоңай. Жасханымдымұндайқам-, әрине, өзалдынабіртөбе. Автор бәрінтәптіштеп, ежіктепайтпағанымен, «қақсалханымдардың» , бас . Кішіханымұсақ-түйекмінезкөрсетпей, , , абыройынадақтүсірмей, үлкенордадан кете алуы - оныңақыл-. тез арадатілтабысып, оны - , басы ашық. Бас автор , .
Осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген Сүзге ханымнан бүгінгі күнгі замандасымыз Марғуаның адами болмыстарында, өмірге көзқарастарында, айналаны қабылдауларында ешқандай айырмашылық жоқ екендігін, қазақ әйелінің рухы азып-тозбай, уақыт сынынан абыроймен өтіп, болаттай берік, гүлдей нәзік қалпын сақтап қалғанын суреттейді. Автор олардың сезім әсерлерін, көңіл-күйлерін, күйініш-сүйініштерін тікелей суреттемей, болған жағдайларды кейіпкерлердің жоғарыда айта кеткеніміздей, іс-әрекеттері арқылы баяндаған. Екі бейненің де ұлттық сипат бедері анық ашылған. Тағы бір назар аударарлық нәрсе - автор олардың көркемдік, эстетикалық талғамдары да зор екендігіне көңіл бөлген. Мысалы, табиғат сұлулығы, туған жердің жүрекке ыстық келетіндігі туралы оларды толғандыратын суреттер әр жерде қылаң беріп, кейіпкердің жан дүниесін толықтырып отырады.
«Сүзге …» әдеби туынды райында әдемі пішім. Пішімге сай мағыналы мазмұн. Іші-сырты (пішімі мен мазмұны) бірдей үйлескен бүтін бітім. ХVІ ғасырда қазақ сахарасынан құдалық қана емес, құдандалық мақсатпен Сібірдің көкшуланы Көшім ханға жасау-жабдығымен ұзатылған, Сүйіндіктің мұңлық қызы - Сүзге оптимистік мұңға оранып, көп бояулы көркем образға айналып, арамызға бес ғасыр салып оралды. Сол жап-жас, сұлу қалпы. Отызға да жетпеген. Сол жас та болса ақылды қалпы. Қазақ әдебиетіндегі соңғы кездердің жемісі болып, психологиялық жан тебіренісімен туған соны бір образ - қаракөзайым Сүзге! Көзайым, ағайын, ендеше, көзайым!
А. Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесі де А. Алтайдың «Кентаврындай» фантастикалық антропологияға жатады. Автор бұл жерде құс мүсіндерін көркемдік деталь ретінде алып отырғанымен, артынша бірден символдық рәмізге айналдырады. Қаламгер анасы мен қызының басындағы көрер көзге көрінбейтін трагедиясының, қасіретінің жан дауасын адамзат санасынан тысқары жұмбақ - құстар әлемінен іздейді. Сюжет желісін де сол арнаға қарай бұрады.Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жаңаша қалыпта түрленткен ақын Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы құрылымы, көркемдік-эстетикалық құндылығы мен өзек еткен оқиғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерекше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэмасының даму деңгейі, көркемдік-эстетикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары - осы «Ғайша бибі» поэмасы. Мазмұндық, пішіндік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан танытқанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын айта кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше жағдайда ерекше әрекет, мінездерімен танылатын ерекше қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тән. Сондай-ақ, әдебиеттанушы Е. Тілешев «романтизм әдебиеті … лиро-эпикалық поэмалардың өркендеуіне алып келді» [1; 118], - деп атап көрсеткендей, әдістік тұрғыдан романтикалық туынды болып саналатын «Ғайша бибі» ұлттық әдебиетіміздегі поэма жанрының лиро-эпика деп аталатын саласының дүниесі. Ұлы ойшылдардың бірі Гегельдің романтикалық көркемөнердің негізгі стихиялық белгісі - лиризм деген тұжырымына сүйенсек [2; 243], ойымызды дәйектей түсеміз.
Ақынның айтпақ ойы, ұстанымы - адамдар арасындағы татулық пен адамдық ниет, ізгілік мәселесі екені осы тарауда айқын аңғартылған. Поэманың әлқиссасында аңғартылған ой кейінгі тарауларда барынша терең тарқатылады.
Қаған мен Ғайша қыз кешкен психологиялық ахуалдарды да ақын қапы жібермейді. Айтысқан жігіттің көздерінен бір гәпті аңдап қалған қырағы қыздың сезімталдығын, қыз бойындағы ерекше талантты, бөлекше болмысты таныған Қағанның ішкі халін ақын төмендегі жолдармен береді:
Бір гәпті қырағы қыз аңдап қалды,
Сол гәпте зіл-батпандай салмақ бар-ды.
Толқын-жұрт сазан-қызды алып кетті,
Қаба алмай, «қап, әттең» деп қармақ қалды.
Айтылар, баяндалар ойды бейнелеумен аңғартатын ақын осы шумақта біраз жайтты жеткізе алған. Ең әуелі қыздың қырағылығы мен сезімталдығы, қаумалаған көпшіліктің қызға деген қошеметі, сонан соң, Қаған жүрегінде бас көтерген тылсым сезім халі осындай тың көркемдік тәсілдермен беріледі. «Толқын-жұрт», «сазан-қыз» бейнелеулері оқиға ауқымына орайлас көркемдеу тәсілі болса, қаба алмай, қапыда қалған қармақ - Қағанның сезім-ықыласы. Ақынның көркемдеу тәсілінің өзі бір-бірін аша түсетін, бір-біріне желі болып тартылатын, мағынасы тығыз үйлесімдікті сақтайтын сөздерден түзілген. Толқын, сазан, қармақ - бір-біріне қатысты детальдар болса, осы детальдар тұтасып, белгілі бір оқиға мезетін бейнелеген. Шумақтар арасында кездесетін тұтастай жолды қайталау поэманың саздылығын, ырғақ үйлесімділігін әрлендіре түседі. Қаған сезімін аңғартатын «Қаба алмай «қап, әттең» деп қармақ қалды» деген жолды ақын екі мәрте еспе қайталау түрінде қолданады. Айтысты тамашалап отырған тыңдармандардың қалпы да бір-бір жолға сыйдырылған:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz