Оркестрге лайықтап түсіру


Оркестрге лайықтап түсіру
Оркестрге лайықтап түсіру дегеніміздің өзі көп еңбек талап етілетін шығармашылық процесс. Шығарманы жұмыс жасау барысында музыкалық материалдарды партитура бетіне олардың аспаптық құралына дыбыс бояуының алмасып отыруына жеке топтарды бір-бірімен салыстырып көрсетуіне байланысты орналастырудың маңызы ерекше. Оркестрге лайықтап шығармаларға іріктеп алу кезінде сол шығарманы орындауға тиіс оркестр ұжымының ойнау шеберлігін де ескерген жөн.
Оркестрге лайықтап түсірудің қыры мен сырын жетік меңгеру үшін түсірушінің мыналарды білгені абзал:
а) Аспаптардың техникалық қасиеттерін (құлақ күйі) дыбыс аумағы ойнау тәсілдері олардың нотада жазылу тәртібі:
б) аккорд пен пассаждарды (виртуозды музыкалық шығармалардың үзіндісі) орындау мүмкіншіліктерін:
в) музыканың қарапайым теориясы мен гармонияны:
г) оркестрлік фигураны, яғни функцияның жеке элементтерін талдап қолдана білуді.
Оркестрге лайықтап түсіруде шығармада ойды фактураның бөлшектерін, интонациялық шешімдерін өзгертпеу, осы күйі беруі керек. Шығарманы тыңдағанда оркестрлік ұжымның орындаушылық деңгейін білген жөн. Аспапқа түсіруіш оркестр аспаптарының техникалық, динамикалық және тембрлік қасиеттерін білумен қатар әр аспаптың тембірін ойынша елестету үшін ішкі есту қабілетін дамытқан жөн. Оркестрге лайықтап түсіру барысында шығарманың ыңғайлы үндестігін тапқан жөн. Мүмкіндігінше кілттегі белгілерін азын таңдаған дұрыс.
Жұмыстың келесі кезеңі - аспаптық шығарманың оркестірлік жоспарын құру. Мұнда жеке аспаптар мен оркестр топтарының тембрлік және динамикалық тутти мен жеке дауыс эпизоттары сияқты оркестр әдістерді қолданған жөн.
Халық аспаптары оркестрі негізінен осы бес топтан құралады. Оркестр құрамындағы жоғарыда айтылған осы аспаптарға жекелей тоқтап, олардың өзіндік ерекшеліктері - құлақ бұрауы, дыбыс көлемі, регистрі, тембрі және оркестрдегі орны жайында сөз етеміз.
1 - ші кесте - Аспаптардың тепе теңдік көрсеткіші
Прима қобыз
1 сырнай
1
1
1 Плектрлі аспаптар
Пикколо-домбыра. Бұл-халық аспаптарының ішіндегі көлемі жағынан ең кіші, дыбысы өте жоғары, сым ішекті, медиатормен ойналатын музыкалық құрал. Пиккалоға үш ішек тағылады. Құлақ бұрауы квартаға (оң бұрау) түсіріледі.
Оркестр құрамындағы аспаптардың бірқатарының дыбысы жоғары естілгенімен, нотада бір октава төмен жазылады. Немесе керісінше болады. Мұндай аспаптар ауыспалы (транспонирующий) деп аталады. Сөз етіп отырған пикколо-домбыра осыған жатады. Оркестр құрамына кіретін аспаптардың қай-қайсысы болсын өзінің дыбыс бояуы жағынан үш регистрден тұрады.
Оркестрде осы үш аумақтың ортаңғы және жоғарғы регистрлерін пайдалану сапалы нәтиже береді. Бұл арада айта кететін жай - төменгі аумақта бастапқы үш дыбысты пайдаланудың қажеті жоқ. Бұл үш дыбысқа прима - домбыра көмектеседі.
Пикколо - домбыра оркестрдің ең жоғарғы дыбыс кеңістігін қамтиды. Музыкалық шығармалардың шарықтау шегін бейнелеген кезде өткір дыбысы арқылы оған ерекше бояу береді. Пикколо - домбырада тремоло, пиццикато, стаккато, легато, нон легато қағыстары қолданылады.
Прима - домбыра. Прима - домбыраның бұрауы: ми, ля, ре дыбыстары. Дыбысы екінші октаваға скрипка кілтінде жазылып, нотада жазылғанындай естіледі. Аспап дыбысының жалпы көлемі бірінші октаваның ми нотасынан үшінші октаваның ми нотасына дейінгі аралықты қамтиды. Прима - домбыра өзінің ұлттық формадағы түрін сақтаған, сым ішекті, өткір дауысты музыкалық аспап. Ол оркестрде дыбысы қоңырқай, жұмсақ шығатын тенор домбыра мен бас аспаптарға жарқын үн қосып, шығарманы жандандырып, құлпыртып отырады.
Прима - домбырада үш регистр де қолданылады (яғни, төменгі, ортаңғы және жоғарғы аумақтардағы дыбыстар толығымен пайдаланылады) . Прима - домбыраның пикколо - домбыраның қағыстарынан өзгешелігі жоқ. Тек ескерте кететін жай: прима - домбыраға оркестрде музыкалық шығарманың негізгі өзегі - әуен, шығарманың жанама тақырыптары (побочные темы) және қостаушылық немесе сүйемелдеушілік (аккомпанемент) жұмыстары жүктеледі. Қостаушылық әрекетінде примаға гармониялық аккордтар (қос дыбыстар) да беріліп отырылады. Прима - домбыра музыкалық шығармаларды орындауда оркестрде жан-жақты қызмет атқаратын белсенді аспаптардың бірі.
Альт домбыра. Бұл - өзінің көлемі жағынан примаға қарағанда үлкендеу, сым ішекті, медиатормен ойналатын қоңыр үнді аспап. Өзіне тән штрихтар ішінде негізінен тремоло қағысы қолданылады. Тремоло арқылы әндете шыққан қоңыр үн жүрекке жылы құлаққа жағымды естіліп, симфониялық оркестрдегі валторна аспабын еске салады. Альт аспабында да үш сым ішек бар. Ол прима - домбыра тәрізді ми, ля, ре дыбыстарына бұралады. Альт аспабының дыбысы партитурада негізінен альт кілтінде жазылады. Бірақ тәжірибеде көбіне скрипка кілтінде жазылып жүр. Альт домбыра да ауыспалы аспаптар қатарына жатады. Өйткені бұл аспаптың дыбысы нотада естілуінен бір октава төмен жазылады.
Альт аспабының тағы бір ерекшелігі - оркестрде прима-домбыраныңтөменгі дыбыстарына немесе бас-домбыраның жоғарғы дыбыстарына көмектесіп отырады. Қағысы жағынан прима-домбырадан айырмашылығы жоқ. Оркестрде негізгі әуенді орындаумен қатар сүйемелдеушілік міндетін де атқарады.
Тенор - домбыра. Бұл өзіміздің күнделікті өмірде қолданылып жүрген қос ішекті домбыра. Енді бұл аспаптың оркестрдегі алатын орны мен атқаратын міндетіне келейік. Тенор домбыра квартаға, яғни кіші октаваның ре, соль дыбыстарына, сондай-ақ, квинтаға, да бұралады. Бірақ, дыбысы скрипка кілтінде жазылады. Сондықтан, тенор-домбыра да ауыспалы аспаптар тобына кіреді. Жоғарыда айтылған аспаптар сияқты тенор-домбыра да үш дыбыс аумағынан құралады төменгі аумақ, ортаңғы аумақ, жоғарғы аумақ.
Тенор-домбырада сан алуан, қағыстар кездеседі. Солардың ішінде оркестрде ең көп қолданылатын түрлері:
а) батыс қазақстан дәстүріндегі күйлерде кездесетін қағыс, яғни қос ішекті сұқ қолдың сыртымен төмен, бас бармақтың сыртымен жоғары ерсілі-қарсылы қағу;
б) шертпе күйлердегі жеке ішекте кездесетін қағыс, яғни шынашақтан бастап төрт саусақтың сыртымен төмен қарай даралап, сұқ қолдың іш жағымен жоғары қарай ерсілі - қарсылы қағу;
в) пиццикато қағысы жеке ішекті ерсілі-қарсылы сұқ қолмен және бас бармақпен төмен қарай орындалады;
г) тремоло қағысы ішекті бірінші саусақпен ерсілі-қарсылы өте тез қағу арқылы орындалады. Тремоло жеке ішекте де, қос ішекте де қолданылады.
Оркестрде музыкалық шығармалардың қандай түрін болса да орындауда тенор домбыраның алатын орны ерекше. Мысалы, симфониялық оркестрдегі тромбон, валторна және кларнет аспаптарының дыбыс бояуы халық аспаптары оркестрінде тенор-домбыраға жүктеледі. Атап айтқанда, М. Глинканың «Вальс - фантазиясы» М. Мусоргскийдің «Сорочин жәрмеңкесі» операсынан «Гопак» биі, П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінен «Вальс» тәрізді шығармаларды орындағанда тенор-домбыра жоғарыда аталған аспаптардың қызметін атқарады.
Егер тенор домбыраға оркестрде сүйемелдеушілік қызмет жүктелсе, мына жағдайларға міндетті түрде көңіл бөлген шарт:
а) бірінші, екінші тенор партияларын оркестрге түсіргенде бір дыбыс аумағынан аралары тар интервалдар бермеу керек. Өйткені мұндай интервалдар оркестрдің жалпы дыбыс күшін төмендетеді.
ә) жеке ішектерде, әсіресе, төменгі дыбыс аумақтарынан даралап берілген дыбыстар да оркестрдің үнін әлсіретеді.
Бас және контрабас домбыралар. Бұл екі аспап оркестрде музыкалық шығарманың гармониялық дыбыстарын жүргізеді және оның ырғақтық ұстамдылығын сақтайды. Бас-домбыраға кейде жеке тақырыптар да беріледі. Бас-домбыра керекті жағдайда альт партияларына да көмектесіп отырады. Негізінен, бұл екі аспап ішектерінің жуандығына және пернелерінің орналасуына байланысты аса күрделі партияларды орындай алмайтындығын ескерген жөн. Екеуінің де дыбыстары бас (фа) кілтінде жазылады. Бас- домбыраның төменгі дыбыстары әлсіз естілетін болғандықтан, бұған контрабас - домбыраның жоғарғы регистрі қатысып отырады.
Бас және контрабас аспаптары арнайы жасалған қатты былғары медиатормен ойналады. Қағыстардың негізгі түрлері бұл екі аспапта да қолданылады. Оркестрдің қалған құрамы басқа аспаптар тобымен толықтырылады.
2 Тілді аспаптар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz