Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы



Жоспар
1. Жалпы ережелер
2. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
3. Кәсіпкерлік туралы заң
4. Заңсыз кәсіпкерлік
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.жеке кәсіпкерлік туралы заң
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар.Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
инновациялық қызмет - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жаңа өнiм өндiру немесе өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын жақсартып, шығынын азайту, оны өндiру әдiстерiн жетiлдiру мақсатымен ғылыми бiлiм мен жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған қызметi;
шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, шағын кәсiпкерлiктi материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен коммерциялық негiзде қамтамасыз етуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе пайдаланылатын ұйымдар кешенi;
ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгу шараларын табыс табу мақсатымен ұйымдастырып, өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет; <*>
шоу-бизнес - эстрадалық ойын-сауық қойылымдар, сахналық көрiнiстер ұйымдастыру;
венчурлiк фирмалар - ғылымды көп қажет ететiн прогресшiл технологиялар мен өнiмдердi әзiрлеу мен игерудi жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектiлерi;
шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар.
2-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер
1. “Кәсіпкерлік негіздері” Сәбден О.2009 Алматы
2. “Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру” Елшібаев
3. “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Үмбет Алиев

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң

Орындаған:Кабдулгапбар М.Т
Тексерген:Есенбекова З.Ж
Топ:ЛД-311

Семей 2015ж
Жоспар
1. Жалпы ережелер
2. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
3. Кәсіпкерлік туралы заң
4. Заңсызкәсіпкерлік

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.жеке кәсіпкерлік туралы заң
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар.Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
инновациялық қызмет - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жаңа өнiм өндiру немесе өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын жақсартып, шығынын азайту, оны өндiру әдiстерiн жетiлдiру мақсатымен ғылыми бiлiм мен жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған қызметi;
шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, шағын кәсiпкерлiктi материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен коммерциялық негiзде қамтамасыз етуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе пайдаланылатын ұйымдар кешенi;
ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгу шараларын табыс табу мақсатымен ұйымдастырып, өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет; *
шоу-бизнес - эстрадалық ойын-сауық қойылымдар, сахналық көрiнiстер ұйымдастыру;
венчурлiк фирмалар - ғылымды көп қажет ететiн прогресшiл технологиялар мен өнiмдердi әзiрлеу мен игерудi жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектiлерi;
шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар.
2-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
1. Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы құны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге асырады.
3. Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
толық серiктестiк;
коммандиттiк серiктестiк;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны барлық қызметкерлердi, оның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере отырып анықталады. *
5. Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi бойынша жатқызылады.
6. Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 проценттен аспауға тиiс.
7. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және:
есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан, платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа);
ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласындағы қызметтi;
банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) қызметтi;
бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды.*
8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелерден асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктерден айырылады.
2-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектiсi болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық - құқықтық азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық - құқықтық нысанда ғана құрыла алады.
Жеке кәсіпкерлік субъектiлерi шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
Мыналарды:
- есiрткi заттарының психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
- акцизделетін өнімді өндіруді немесе көтерме сатуды;
- астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
- лотереялар өткізуді;
- ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
- мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын
өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
- радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты
қызметті;
- банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің
қызметінен басқа);
- аудиторлық қызметті;
- бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып таныла алмайды.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектiнiң филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып, айқындалады.
Заңды тұлға құрмаған жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын немесе жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субьектілері жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың
негiзгi принциптерi
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi
бағыттары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу; *
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді.
6-бап.Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
2. Мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларға жекелеген жобаларды енгiзу туралы дербес ұсыныс жасауға хақылы.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.
7-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске
асыру
1. Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органы: *
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiрiп отырады;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Үкiметке табыс етедi;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін хабардар етеді;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк, салалық бағдарламалар аясында осы қызметтi қаржыландыру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялармен бiрлесе отырып:
1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекiтедi;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы есептерiн тыңдайды;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдары:
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк бағдарламаларды қамтамасыз етеді және олардың сапалы іске асырылуы мен орындалуына жауап береді; *
технопарктер желiсiн, лизингтiк орталықтарды, шағын инновациялық қызмет орталықтарын, венчурлiк фирмаларды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектiлерiн құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ғимараттарды, құрылыстарды, өндiрiстiк үй-жайларды және коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiктi жеңiлдiкпен беру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті органына жергілікті жерлерде бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есептерді және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен байланысты өзге де ақпаратты табыс етеді.*
3. Табиғи монополия субъектiлерi саладағы бәсекенi дамыту стратегиясын қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, өндiрiс саласына шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау мәселелерi көзделетiн бағдарламалар әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi бөлшектеудi жүзеге асырады.
7-1-бап.Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту туралы ақпарат
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жолдары
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару және шағын бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Пәндер