Аңдар биологиясы туралы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аңдар биологиясы.

Орындаған: Есркенова А. Б

Тобы: Бл-209

Тексерген: Тугамбаева С. М

«Семей-2015»

Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) - жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы.

Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т. б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр - шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.

Бұғы шаруашылығы - бұғы өсірумен айналысатын шаруашылықтың бір саласы. Бұғы (марал, теңбіл бұғы) мүйізінен дәрі жасалады, сондай-ақ еті, терісі пайдаланылады. Солтүстік Бұғы шаруашылығы (солтүстік бұғыларды өсіреді) және панталық Бұғы шаруашылығы (теңбіл бұғылар, марал, изюбрь өсіріледі) болып бөлінеді. Солтүстік Бұғы шаруашылығы Ресейде, Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Канадада, АҚШ-та (Аляска), ал панталық Бұғы шаруашылығы Ресейдің Алтай, Красноярск, Приморье өлкелерінде, Қытайда, Кореяда, Моңғолияда, Қазақстанда дамыған. Қазақстанда бұғылар 19 ғасырдың басынан қолда өсіріледі. Қатонқарағай ауданында 8 бұғы өсіретін шаруашылық ұйымдастырылған. Онда 11300 марал өсіріледі (1999) . Мұндағы бұғылар жазда арнайы темір сыммен қоршалған кең алқаптарға жайылады, қыста қыстауларда бағылады. Жас төлге арналып жеке қора салынады. Қыс кезінде бұғылар әр түрлі жемшөп (сүрлем, концентраттармен) қоректендіріледі. Мүйізі жылына 1 рет кесіледі. Әр бұғыдан 6 - 7 кг-ға дейін мүйіз алынады. Ол арнайы әдіспен қайнатылып кептіріледі. 14 - 16 жастан аспаған маралдың мүйізі өте жоғары бағаланады. Бұғының әлі сүйектенбеген, ішіндегі қаны жас мүйіздерінен өте құнды пантокрин дәрісі алынады. Қазақстанда «Ақсу» акцион. қоғамы, «Ақсу-ДЭЕН» бірлескен кәсіпорны пантокрин дәрісін жасап, экспортқа шығарады.

Бұғы мүйізі (панты) - өсіп келе жатқан бұғы мүйізіне адамзаттың аса қызығуы әлде қашаннан басталған, оның құрамында ерте кезеннен бастап адамдар тарапынан бағаланған және дәрігерлік тәжірибеде нәтижелі дәрі, оның ішінде өте жақсы белгілі пантокринді пайдаланған. Бұл зат жүрек-тамырлар жүйесіне және ішек - асқазан жұмыстарына жақсы әсерін тигізеді, шаршаудың дәрежесін төмендетеді, ағзаның жалпы жайын жоғарылатады, әр түрлі дене және асқазан жараларының жазылуын тездетеді. Жыныстық қабілетті жоғарылатады. Бұғылар мүйізінің негізінен емдік қасиеті - оның құрамында еркек жыныс гормондарының бар екендігі. Экспортқа шығарылатын өнім.

Елік (лат. Capreolus pygargus) - бұғы тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.

Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған. [2]

Қазақстанда Сібір түр тармағы (C. c. pygargus) кездеседі. Дене тұрқы 120 - 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 - 100 см, салмағы 30 - 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз - мамырда толық жетіліп, қараша - желтоқсанда түсетін 3 - 5 ашалы мүйізі (25 - 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. ЕлікТалас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Оңтүстік Алтайда кездеседі.

Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде - тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 - 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 - 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 - 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар.

Paozikun530.jpg

Жануарлардың жылыстауы (Миграция животных; лат. migratio - коныс аудару, кошу) - жануарлардың бір мекендеу орнынан басқасына "тура және кері" бағытта жүйелі, тұрақты орын ауыстыруы. Бұл тіршілік ету орнындағы жағдайлардың өзгеруіне немесе олардың даму цикліне байланысты болады. Кезеңдік көші-қон (жыл құстары, теңіз мысықтарының кезеңдік жылыстауы) немесе кезендік емес көші-қон (азық жетіспеуіне байланысты жылыстау) деп ажыратылады. Олар енжар (теңіз ағыстарымен әкетілетін дернәсіл, уылдырықтар, ересек дарақтар) және белсенді (шегірткелердің ұшуы, жыл құстары) болады. Көші- қонның азықтык (қорек іздеуде), қыстайтын (түйетабан едәуір жылы, терең суда топтанады, мүндай "қыстайтын шүңқырда" табан, көксерке, жайын, т. б. суық кезенді өткізеді) түрлері де бар. Енжар көші-қонға тұщы су жыланбалықтарын мысалға келтіруге болады. Олар тіршілігін Саргасс теңізінің тереңінде бастайды. Жас жыланбалықтардың дерносілдері Гольфстрим ағысының жылы суымен Солтүстік Американың шыгыс жағалауына 1 жылда, ал Еуропа жағалауына 3 жылда жетеді. Жағалауға жеткен соң, жапырақтәрізді жартылай мөлдір дернәсілдер жас жылан- балық болып өседі. Содан соң өзен бастауларына көтеріліп, ересек жыланбалыққа айналады. Ұргашылары 4-8 (еркегі 7 жыл) жылда теңізге кетеді. Саргасс теңізіне уылдырығын салып, содан соң өледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүлдірген нематодасы
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
Гепардтардың биологиялық ерекшелігі
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Қызанақ көшеттерін өсіру
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы”
Картоп дақылын өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz