ҚР жұмыссыздық себептері мен формалары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Орындаған: Мейрамова Мадина
Тексерген: Қуантқан Биболат
Семей 2015ж
Жоспары:
I. Кіріспе бөлім.
Жұмыссыздық туралы түсінік
II. Негізгі бөлім.
- Жұмыссыздықпен күрес жолдары
- Жұмыс күші
- Жұмыссыздық салдары
- Жұмыссыздықтың түрлері:
- Жұмыссыздық - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
- Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың қаңтарында 5%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
III. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық - қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық - елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.
Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық - елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық - кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық - барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы - ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0, 2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.
Жұмыс күші
Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері. Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне пайыздық қатынасын есептеп шығару керек.
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздардың саны ÷ Жұмыс күшінің мөлшері.
Жұмыссыздық проблемасы тіпті дамыған елдердің өзінде өткір, зәру тұрады, мысалы мына елдерде 1985 жылдан 1990жылға дейінгі аралықта жұмыссыздық деңгейі былайша түзілген: АҚШ-та 5, 3-тен 7, 2%-ға дейін Канадада 7, 5-тен 10, 5%-ға дейін Жапонияда 2, 1-ден 2, 9%-ға дейін Францияда 9, 4-тен 10, 7%-ға дейін Ұлыбританияда 6, 4-тен 11, 2%-ға дейін.
Жұмыссыздықпен күрес жолдары
тапсырма биржаларында және жұмыспен қамту қызметтерінің
басқа да түрлері құру
жаңа жұмыс орындарын құру
оқыту мен жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау
қылмысқа қарсы күрес
мінез-құлық тұрақтандыру саясаты
мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру
мұндай журналистер, экономистер, дизайнерлер, құрылысшылар және басқа сарапшылар кейбір профильдер, табу үшін арнайы орындарын құру
Жұмыссыздық салдары
Жұмыссыздықтың салдарықандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.
• Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді. Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.
• Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы. Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.
• Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.
• Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.
Жұмыссыздықтың түрлері:
° Уақытша жұмыссыздық. 'Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.
° Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандыөтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді. Мұндай жағдайда жұмыссыз қалған адамдардың жаңа жағдайға бейімделе білуі, еңбек нарғында сол сәтте сұранымға ие жаңа мамандық алуға құлшыныс таныта білуі маңызды.
° Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
° Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.
Қазақстан Республикасының Перзиденті Н. Назарбаевтың халыққа ұсынған биылғы Жолдауында «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құрған жағдайда және еңбекке қабілетті халықты мемлекеттің экономикасына тартуға бағытталған жағдайда ғана тиімді болады» делінген.
Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек ресурстарын басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің бірі болып саналады.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы - адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әр аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшуге, экономикалық реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне амалсыздан душар болып отыр. Жете дамымаған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік проблемалар, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипаттала бастады. Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың экономикалық және қаржылық тетіктерінің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың (қағтығыстың), кедейліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.
Жұмыссыздық - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.
Жұмыспен қамтудың негізгі басымдықтарының бірі - жаңа жұмыс орындарын ашу.
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі - еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан - ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді.
Қазіргі күнгі басты мәселе не? Ол - жұмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz