Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы негізінде)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы негізінде)

Орындаған: Слямғазы Марал

Тексерген: Секей Жанбота Секейқызы

СЕМЕЙ

2015

Бунақ - өлең тармағының (жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза. Өлеңнің әр тармағы екі, үш, төрт буынды Бунақтарға бөлінеді.

Мысалы, он бір буынды тармақ үш Бунақтан құралады: Қан-со-нар-да // бүр-кіт-ші // шы-ға-да(а) ң-ға (Абай) . Сондай-ақ, жеті буынды тармақ екі Бунақтан, бұдан аз буынды тармақтар бір Бунақтан тұрады. Бунаққа жіктелу түркі тілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс.

Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.

“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты - әуезе, лириканы - толғау, драманы - айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика) . Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш - бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме - бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел - бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата - бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр - бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.

Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкетуге де қайран қаласыз.

Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.

Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі - “Әдебиет танытқыш”.

Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызылорда қаласында баспа бетін көрген «Әдебиет танытқышын» айтуға болады. Бүгінде бұл оқулық әдебиетті қазақша танытатын бірден бір классикалық мұраға айналды. Оқулық дейтін себебіміз, автор, әрбір ұғымды түсінікті баяндай отырып, «нұсқалықты қараңыз» деп ескертіп отырады. Бұдан, «Әдебиет танытқышты» Ахмет Байтұрсынұлы оқулық және нұсқалық (хрестоматия) түрінде екі кітап етіп, білім беру жүйесіне оңтайлап, арнайы жазғандығы мәлім болады. Бүгінде оқулықпен қауышқанымызбен, нұсқалық әзірге табылмай отыр.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің ғана емес әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы екендігі өткен ғасыр басында-ақ мойындалды. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған баяндамасында Мұхтар Әуезов: “Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды”, - деп көрсетеді.
Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған.
Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін ондаған әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән ғылыми анықтамасын берген. Ол дегеніміз - ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқындаумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы: “Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз - өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады”, - дейді “Әдебиет танытқыш” еңбегінде ұлт ұстазы.

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке , / 11 буын/ /а /

Өз әдін өзі білген адам көп пе ? / 11 / / а / қара өлең ұйқасы

Мақтанып, бәрін де өзім айттым дейді , / 12 / / б /

Біреудің шылауында жүріп текке . /11 / /а /

Ұйқас түрі - қара өлең

Буын саны -11-12

Бунақ саны - 3

Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни, әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін бағамдаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың -шумақтан, шумақтың - тармақтан, тармақтың - бунақтан, ал бунақтың - буыннан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымдардың микрожүйесінің өзіндік табиғатын ашқан.
Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішкі байланысы мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалауда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. “Әдебиет танытқыштан” мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіре беруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары
«Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы).»
Ахмет Байтұрсынов әдебиет әлемінде
Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы
Әдебиет танытқыш кітабы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz